Просмотр содержимого документа
«Бесқарағай ауданына 90 жыл»
Бесқарағай ауданына 90 жыл
Бесқарағай нар тұлғаңнан айналдым,
Көз тартып түзіле өскен орманың.
Баурайыңнан қоңыр самал есетін,
Алқабың бар елім егін егетін.
Орманың бар, ағаштарың сырласқан,
90 жыл бұл мен білетін бір дастан!
Құмыңды ыстық әнге қосып жырлаған,
Бесқарағай халқым үшін-бір арман.
Күнгейіңе түсіп күннің шуағы
90 жыл бүгінде елің қуанды!
Бесқарағай тектілердің мекені,
Үлкен,кіші бәрі бұны біледі.
Жүрегімде тұнған ар, жылуым мың,
Елін туған жырлайтын бір қызыңмын.
Биік болсын тұғыры ауданымның,
Қадіріңе барлығы жете білсін!
Ж.Ш.Исина
Н.Баймұратов атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Қарағайлы ауылы