СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 16.07.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бейнелеу өнері

Нажмите, чтобы узнать подробности

сурет салу даярлық сыныбына. сурет салу және бояу жолдары

Просмотр содержимого документа
«Бейнелеу өнері»

3.09.2015ж

Сурет салу

Тақырыбы: Түстер әлемі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: бояулармен, оларға тән қасиеттермен таныстыру; қылқаламмен дұрыс жұмыс істеу, бояу тақтаны дұрыс пайдалану дағдыларына баулу; сурет салуға құштарлықтарын арттыру; сызықтар, сүйкей жағу ұғымдарын түсіндіру.

Қажетті құралдар мен материалдар:

Бояу қарындашпен орындалған суреттер; қағаз, бояу тақта, тұрлі қылқаламдар, гуашь, акварель бояу, су құйылған ыдыс, қол орамал.

балалар үшін: қағаз, жұмыс дөптері, жай және түрлі - түсті қарындаштар, акварель бояу, гуашь, қылқаламдар, су құйылған ыдыс, қол орамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: Балаларға ерте кезде адамдардың суретті жерге, тастарға салғандығы туралы айту. Оларда құралдар, бояулар болмаған, бертін келе бояу ретінде саз балшықты жағып, тастарға сурет салып көрген. Кейінірек шөптің бояуы шығатынын байқап, оларды бояу орнына қолданды.

Қылқаламның орнына саусақтарымен жұмыс жасаған. Сосын құстың қанатын пайдаланды. Қарындаш жоқ болғандықтан, бор немесе қорғасынмен сызды. Кейінірек түрлі түсті қарындашты, акварель бояуларды алуан түрлі тұс беретін қоспалар қосып, дайындай бастады.

Сурет, сиқырлы бояулар туралы өлеңдер оқып беріп, балалардың сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Әртүрлі материалдармен сурет салу тәсілдерін көрсетіп, қылқаламмен, қарындашпен дұрыс жұмыс жасау ережесін түсіндіру.

2.Өзіндік жұмыс: балалар акварель бояу, гуашь, түрлі түсті қарындаштардың қасиетін анықтау үшін өз беттерінше тәжірибе жасап көреді. Балалар бояулардың қасиеттерін анықтайды: акварель бояу ағады, тез ериді, мөлдір; гуашь қалың жағылады, қою; түрлі түсті қарындаштар жұмсақ, ашық түсті, сызық түрінде түседі.

3.Түсіндіру: жұмыстың орындалу барысын түсіндіру. Балалар жұмыс дәптерлерінде сызықтар мен геометриялық материалдарды түрлі бояулармен (акварель, гуашь, түрлі түсті қарындаштар) орындап жаттығады.

Сергіту сәті (музыкамен)

Балалардың жұмыстарын қадағалап, іс-әрекет барысында қиналған балаларға көмек қолын созып, бағыт-бағдар беріп отыру керек.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Орындалған, аяқталған жұмыстарды бағалап, талдау жасауды балалармен бірге жүргізу. Талдау барысында ең жақсы, сапалы орындалған суреттерді үлгі ретінде тақтаға іліп, балалардың еңбектерін бағалау, мадақтау.









10.09.2015ж

Сурет салу

Тақырыбы: Кемпірқосақтың суретін саламыз.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды кемпірқосақтың жеті түсін ажырата білу; кемпірқосақтың түстерінің орналасу ретімен таныстыру; акварель бояулармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; композиция құра білуге үйрету.

Қажетті құралдар мен материалдар:

Кемпірқосақтың суреті; қағаз, акварель бояу, қылқалам, су құйылған ыдыс, қол орамал.

балалар үшін: қағаз, акварель бояу, қылқалам, су, қол орамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: Балаларға жұмыс орындарын қалай дайындау керектігін түсіндіру. Су құйылған ыдыс, бояу, қылқалам мен қол орамалдардың қайда тұру керектігін көрсету. Жұмыс дәптерін ыңғайлап орналастырады.

Балаларға кемпірқосақтың суретін көрсетіп, қайдан, қашан көргендерін естеріне түсіріп, әңгімелеп берулерін сұрау. Балаларды әңгімеге тарта отырып, кемпірқосақтың қашан, қалай пайда болатыны жөнінде сұрақтарға жауап алады. Кемпірқосақтың суретін зейін сала қарап, оның түстерін орналасу ретімен айтып берулерін сұрау. Кемпірқосақтың түстері: қызыл, қызыл сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін. Балалар кемпірқосақтың түстерін ретімен қайталап айт

Балаларға кемпірқосақтың суретін салуға тапсырма беріледі. Алдымен салатын суреттің мазмұнын анықтап алу: күн, кемпірқосақ, бұлт және т.б. Алдымен суретті салмас бұрын, кемпірқосақтың суреті альбом бетіне тігінен немесе көлденеңінен орналасатындығын анықтап алады. Балалар парақты көлденеңінен пайдаланса, көріністі толық сыйдыра алатындықтарын байқайды.

2.Түсіндіру:суретті салу жолдарын көрсете отырып түсіндіру:

Алдымен жай қарындашпен көкжиек сызығын - алаңқайды сызып аламыз.

Қағаздың жоғарғы бөлігіне күн мен бұлттарды саламыз.

Содан соң кемпірқосақ түстерін бірден қылқаламмен акварель бояумен доға түрінде салып шығамыз.

Алаңқайды, күн мен бұлттарды бояймыз.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып алайық.

3.Өзіндік жұмыс: Балалар кемпірқосақтың суретін салады.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Сабақ соңында балалардың салған суреттерінен шағын көрме ұйымдастыру, жұмыстарды балаларды қатыстыра отырып талқылау, бағалау.

Балалар кемпірқосақ түстерінің ретін тағы бір рет естеріне түсіреді.



20.09.2016 ж

Сурет салу

Тақырыбы: Менің доптарым.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: гуашьпен сурет салу дағдыларын қалыптастыру; дөңгелек затты - доптың суретін салуды үйрету; шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялдарын дамыту; байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру; шыдамдылыққа, төзімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қажетті құралдар мен материалдар:

Әртүрлі доптар, қағаз, жұмыс дәптері, жай Қарындаш, гуашь, қылқалам, су құйылған ыдыс, қол орамалдар.

балалар үшін: қағаз, гуашь, қылқаламдар, су құйылған ыдыс, қол орамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: Балалардың жұмыс орны, материалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.

2. Доп туралы жұмбақ жасырады, жұмбақтың дұрыс шешімін тапқаннан кейін, балаларға доп туралы өлең - тақпақтар айтқызу. Олардан қандай ойын түрлерін білетіндігі сұралады. Осы ойындардың қайсысында доп қолданылатыны анықталады.

3.Ойын: балалардың қолдарына әртүрлі доп беріп, «Түрлі доптар» дидактикалық ойынын ойнату. Балалар қолындағы доптың түсін, көлемін айтады, келесі бала өзінің қолындағы допқа сипаттама береді. Осылайша доптардың көлемі,түсін айтып, олардың әртүрлі болатынын айқындайды.

4. Өзіндік жұмыс: сабақта доптың суретін салатындықтарын хабарлау. Жұмыс дәптерінен, сурет салу кезеңдерінің орындалу ретімен таныстыру. Сурет салу ретін мұғалім балаларға өзі түсіндіре отырып көрсетіп береді.

Гуашьты аздаған мөлшерін алып, палитрада сумен араластырамыз. Содан соң бояуды қылқаламды керегінше аламыз.

Қағаз бетінде доптың контурын бірден қылқаламмен дөңгелете жүргіземіз.

Контурдың ішін бояймыз.

Әртүрлі өлшемдегі доптардың суретін салып, әртүрлі тұспен бояймыз.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Сабақ соңында балалардың жұмысын бірге талқылап, кеңес беру. Сабақтың қорытындысы шығарылады.





24.09.2015ж

Сурет салу

Тақырыбы: Қанқыз.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: сәндік - сұлба бейнелеудің орындалу тәсілін үйрету; шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру; бақылағыштығын, қиялын дамыту.

Қажетті құралдар мен материалдар:


Қанқызының суреті салынған үлгі; қағаз, жай қарындаш, түрлі - түсті қарындаштар.

Балалар үшін: қағаз, жай және түрлі - түсті қарындаштар.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру


Балаларға қанқыз туралы жұмбақ жасырады. Жұмбақтың жауабын тапқаннан кейін, оның фотосуретін көрсетіп, ол туралы қысқаша мәлімет береді. Балалардың назарын оның денесінің пішініне, басы мен аяқтарының орналасуына, түсіне аударады. Содан соң қаңқыздың салынған суретінің үлгісін көрсетіп, балалардан фотосуретімен салыстыруды сұрайды. Балалардың айтқанын қорытындылай келе педагог фотосуреттегі кескіні шы- найы берілгендігін, ал салынған суретте суретші өзінің қиялымен толықтырғандығын айтады.

Сергіту сәті (музыка бойынша қимыл келтіру)

Ары қарай сурет салу тәсілімен таныстыра отырып, жұмыстың орындалу ретімен таныстырады:

Денесін дөңгелек немесе жарты дөңгелек түрінде белгілеп көрсетеміз.

Басын дөңгелектеп саламыз.

Басынан көз, мұрын, ауыз, мұртшаларының орнын белгілейміз.

Үш жұп аяқтың суретін бір-біріне қарама-қарсы саламыз.

Денесіне дақтарының суретін саламыз.

Қанқыздың суретін бояймыз.

«Көңілді қанқыз» саусақ ойыны. Балалар саусақтарымен жорғалап жүрген, ұшып жүрген қанқыздың қимылын салады.

Балаларға суретті өздерінің қиялымен толықтыруға, мысалы, шөп, гүл, жапырақтар салуға болатынын айтады.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Балалар салған суреттерден шағын көрме ұйымдастыру. Балалар көрмені тамашалап, өз пікірлерін білдіреді.







1.10.2015ж

Сурет салу

Тақырыбы: Шөл даладағы түйе.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: акварель бояумен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру; «жылы түстер» туралы түсініктерін қалыптастыру; композиция құрастыра білуге үйрету.

Қажетті құралдар мен материалдар:

Шөл дала көрінісінің фотосы немесе салынған суреті, жылы түстер көрсетілген карточкалар, қағаз, жай қарындаш, акварель бояу, қылқалам, су құйылған ыдыс, қол орамал.

балалар үшін: жұмыс дәптері, жай қарындаш, акварель бояу, қылқалам, су құйылған ыдыс, қол орамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Сабақтың басында педагог кемпірқосақ түстерінің орналасу ретін естеріне түсірулерін сұрайды, тағы қандай түстерді білетінін анықтайды. Түстердің жылы және суық болып бөлінетіні жайлы түсінік беріледі. Жылы түстер - оттың және күннің түсі, оған сары, қызыл сары, қызыл тұс жатады.

Балалардан жылы түстерді қайдан көруге болатындығын сұрайды. Балалар кешкі алаудан, күннің батуынан, шөл даладан көретіндіктерін айтады. Шөл даланың суретін көрсетіп, ол жерден қандай жылы түстерді көріп тұрғандарын сұрайды (сары, қызыл сары, қызыл).

Ары қарай педагог суретті салу ретімен таныстырып, қылқаламмен, бояумен жұмыс істеу тәсілдерін еске түсіреді. Жұмыс дәптерінде берілген сурет салу кезеңдеріне балалардың назарын аударып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Сергіту сәті (қимыл қайталау)

Жай қарындашпен шағыл құм мен күнді белгілеу.

Суретті аспаннан бастап, тек жылы түстерді қолдана отырып, ретімен бояу.

Шөл даланың көрінісін балалар өз қалауынша толықтыруларына да болады.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Жақсы салынған суреттерден шағын көрме ұйымдастырып, жұмыстарын бағалау, мадақтау.













Тақырыбы: Күннің батуы.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: түстердің ерекшеліктері жайлы ұғымдарын кеңейту; «жылы түстер» палитрасының реңктерін кеңейту; «түстердің біртіндеп біртіндеп өзгеруі» тәсілін қолданып үйрену; көріністі бейнелеуде көңіл күйді бере білу.

Қажетті құралдар мен материалдар:

Кешкі көріністі бейнелейтін иллюстрациялар, фотосуреттер; жұмыс дәптері, жай қарындаш, акварель бояу, қылқалам, су құйылған ыдыс, қол орамал.

балалар үшін: жұмыс дәптері, жай қарындаш, акварель бояу, қылқалам, су құйылған ыдыс, қол орамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.


Балаларға кешкі көрініс бейнеленген суреттерді, фотосуреттерді көрсетіп, әңгімелеседі. Балалардан батып бара жатқан күннің көрінісін бейнелеу үшін қандай тұс қолданылғандығы сұралады. Ал фотодан күн батып бара жатқан тұстан қандай түс көріп тұрғанын айтады. Балалардың сөзін мұғалім толықтыра отырып, жаңа түстердің атауын айтады (сап- сары, алқызыл, күлгін, т.б.)

Содан соң педагог «түстердің біртіндеп өзгеруі» тәсілін көрсетеді. Сондай-ақ жұмыс дәптерінде көрсетілген суретті орындау кезеңдеріне назарларын аударып, өзі салыну жолын көрсетеді.

  1. Қағаздың төменгі бөлігіне таудың нобайын жай қарындашпен белгілейміз.

  2. Тауды қою көк түспен бояймыз.

  3. Суретті аздап кептіреміз.

  4. Күннің батып бара жатқан көрінісін бірден суға молырақ батырылған қылқаламмен саламыз. Бояулардың бірі-біріне ағып қосылуына мүмкіндік береміз.

  5. Күнді қылқаламның көмегімен сары бояумен белгілеп, сәулелерін ретімен қызыл сары, қызыл, қызғылт, қанық қызыл, күлгін, т.б. түстерге біртіндеп өзгеруіне жағдай жасау.

Педагог сурет салу барысында жаңа өтілген тәсілді естеріне салып отырады.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Сабақ соңында оқушылардың салған суреттерін талдау жұмысы жүргізіледі. Сабақ қорытындыланады.


















8.10.2015ж

Сурет салу

Тақырыбы: Теңіздегі кит.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды акварель бояуымен жұмыс істеу дағдыларын жалғастыру. Суық түстермен таныстыру - көк, көгілдір,сиякөк, қаракөк т.б. Балаларға түстерді сезіндіре отырып, әрбір түстің көңіл күйге өсер ететінін түсіндіру.

Қажетті құралдар мен материалдар:

Теңіз бейнеленген суреттер мен фотосуреттер, суық тұспен боялған қағаз қиындылары, қағаз, акварель бояу, Қылқалам, су құйылған ыдыс, қол орамал.

балалар үшін: жұмыс дәптері, акварель бояу, қылқалам, су құйылған ыдыс, қол орамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Теңіз бетінің суреттері бейнеленген суреттер мен картиналарда фотокөрме ұйымдастыру. Суреттің мазмұны бойынша әңгімелесе отырып, Қазақстандағы теңіздер, олардың қайда орналасқаны туралы әңгіме жүргізіледі. Балалар теңіздің қандай түстермен бейнеленгенін, ол түстердің суық түске жататынын айтады. Теңіз бетін бейнелеу үшін неге суық түстер алынатынын балалар өз бетінше түсіндіріп көреді. Өткен сабақта сурет салу үшін қандай жылы түстер қолданғандарын естеріне түсіреді. Түстер спектрімен жұмыс жүргізіледі.

Қағаз бетіне қылқаламмен дұрыс жұмыс істеу тәсілін көрсетіп, жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.

Жай қарындашпен көкжиек сызығын, күнді белгілейміз.

Тек суың түстерді қолдана отырып, аспаннан бастап, ретімен суретті бояймыз.

Педагог оқушылар жұмыс дәптеріндегі суретті аяқтағаннан кейін өз қалауынша композиция құруына, суретті толықтыруларына болатынын айтады.

Сергіту сәті:Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

1,2,3 қарлығаш боп ұшамыз.

Қоян шықты далаға,

Жан-жағына қарады.

Жүгірді, секірді.

Орнына келіп отыршы.


Жұмыс жасау барысында қиналып, орындай алмай отырған балаларға педагог көмектеседі.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Орындалған суреттерден шағын көрме ұйымдастыру. Жұмыстарды балаларға талдау жасату, орындалған жұмыстар бағаланады.






15.10.2015ж

Сурет салу

Тақырыбы: Көңілді балалар.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: сурет салу дағдыларын дамыту; геометриялық фигураларды (сопақша мен дөңгелек) пайдалана отырып, адамның бейнесін салуды үйрету; дене мүшелерінің пропорциясы туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.

Қажетті құралдар мен материалдар:

Адамның дене мүшелері толық түсірілген фото - сурет, жай және түрлі түсті қарындаштар, қағаз.

балалар үшін: жұмыс дәптері, жай жөне түрлі түсті қарындаштар.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Балаларға адам денесі толық көрсетілген фотосуретті көрсетіп, сурет салғанда дене мүшелерінің пропорциясын, яғни екі жағындағы дене мүшелерінің өлшемінің бірдей болуын сақтау керектігі туралы мағлұмат береді. Балалардан денесімен салыстырғанда басының және аяқ-қолының өлшемі қандай екеніне назарларын аударуды сұрау. Ары қарай көңілді балақайды салу үшін, геометриялық фигуралардың көмектесетінін айтады. Дөңгелек жөне сопақшалардың көмегімен адам денесінің контурын сызып алу өте жеңіл болады, содан соң ұсақ бөлшектері салынады.

Педагог дайын жұмыстың үлгісін көрсете отырып, ары қарай салу кезеңдерін жеке-жеке өзі салып көрсетеді.

Үлкен сопақша, яғни денесін саламыз.

Үлкен сопақшаның үстіне кішкентай сопақшаны көлденеңінен саламыз, ол мойны болады. Одан соң мойынның үстіне дөңгелек басын саламыз.

Созылған сопақшалардың көмегімен қолын, аяғын саламыз.

Ұсақ бөлшектерін саламыз.

Киімнің орнын белгілейміз.

Бетіне көзін, құлағын, мұрнын, аузын саламыз.

Түрлі түсті қарындаштың көмегімен бояп, әрлеу жұмыстарын жалғастыру.

Сергіту сәті:

Біз аяқпен топылдаймыз,

Біз қолмен шапалақтаймыз.

Баспен біз шайқаймыз

Қолымызды көтереміз

Одан кейін ақырын

Орнымызда жүгіреміз.

Педагог балалардың сурет салу жұмысын үнемі қадағалап отырады, суреттің орындалу ретінің дұрыстығын тексереді.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Оқу іс-әрекет соңында балалардан салған суреттерін бір-біріне көрсетіп, талдауларын және достарының еңбектерін бағалап, жақсы салынған суреттерді үлгі етіп тақтаға өздерінің ілулерін сұрау.

Педагог барлық балаларға мадақтау сөздерін айтып қуантады.


















9-сабақ. Тақырыбы: Жұлдызгүл.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды негізгі түстермен таныстыру; негізгі түстерді араластыру арқылы қосымша түстерді қалай шығаруға болатынын түсіндіру; шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту.

Қажетті құралдар мен материалдар:

Нарғызгүлдің суреті салынған картина, бір шоқ тірі гүл, акварель бояу, қылқалам, қағаз,су, қол орамал.

балалар үшін: жұмыс дәптері, акварель бояу, қылқалам, су, Қол орамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Гүл туралы өлең оңып, гүлдің әдемілігі, сұлулығы, айналасына сөн беріп көріктендіріп тұратыны туралы әңгіме жүргізу. Гүлдердің хош иісі бөлменің ауасын әрлендіріп, адамдарға жағымды әсер етеді. Картинадағы әсем гүлдер мен гүл шоғына балалардың назарын аудару. Балалардан нарғызгүлдің түстерін ажыратуды сұрау. Балалардың жауабын қорытындылай келе, қызғылт, сия көк, ашың күлгін, қошқыл қызыл сияқты түстер тұс реңктері деп аталатынын айту. Кейбір түстерді алу үшін негізгі түстерді араластыру арқылы шығарып алуға болатындығы түсіндіріледі. Мысалы, негізгі түсті аң тұспен араластырса, ашың түсті реңк шығады, ал егер қара тұспен араластырса, күңгірт түске айналады.

«Түстер еліне саяхат» ойынын ойнату.

Мақсаты: жылы жөне суың түстерді естеріне түсіру; өздеріне ұнайтын түсті таңдауға ерік беру.

Балаларды жұмыс дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретімен, суретті салу, қажетті түсті шығарып алу тәсілімен таныстыру.

Түс реңкін шығарып алу үшін қажетті түстерді палитрада араластыру.

Гүлдің сабағын саламыз.

Сабақтың үстінен ортасын сары түспен белгілейміз.

Гүл күлтелерінің орнын крест түрінде белгілеп, таңдап алынған реңктерді пайдаланып, гүлдің суретін саламыз. Содан соң толықтырып, бояп шығамыз.

Балалардың жұмысын қадағалап бақылайды. Көмек керек балаларға кеңес беріп, көмектеседі.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Жұмыс соңында балалардың суретінен шағын көрме ұйымдастырып, балалардан кімнің суреті әдемі, таза салынғаны жайында сұрау.



















































Тексерілді:

25.10.2016ж

Бейнелеу өнері

Тақырыбы: Ағаштардың суретін саламыз.

Мақсаты: балаларды ағашты акварель бояумен салуға үйрету; жіңішке қылқаламмен сурет салу тәсілін меңгерту; саусақ икемділіктерін арттыру; табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту; қамқорлық көрсетуге баулу.

Қажетті құралдар мен материалдар:

Күзгі бақ бейнеленген сурет, акварель бояу, қағаз, қылқалам, су, қол орамал.

балалар үшін: жұмыс дөптері, қағаз, акварель бояу, қылқалам, су, қол орамал.

Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларға жыл мезгілі жайлы өлең шумақтарын оқып, олардан өлең не жайында айтылғанын, мағынасын сұрау.

Күзгі бақтың суретін көрсетіп, күзгі табиғаттың әдемілігі туралы әңгіме жүргізіледі. Балалардан ағаштың пішініне сипаттама беруді сұрау. Ағаштардың діні жуан болады, бұтақтары жоғары қарай өседі. Жапырақтары күзде сары алтындай түске боялады, жер бетін басып қалады.

Қағаз бетінде әртүрлі ағаштарды - емен, үйеңкі, аққайыңды, т.б. салып көрсетеді. Құрылысындағы айырмашылықты түсіндіреді (діңінің жуан не жіңішке болуы, өсу бағытының, бұтақтарының пішінінің әртүрлілігі).

Ары қарай балаларды жұмыс дәптеріндегі сурет салу ретімен таныстыру, жұмысты орындау тәсілдерін түсіндіру. Әр бала өз жұмыс дөптерлерін алып, суретті салуға отырады. Жұмыс барысында балалардың қағаз бетіндегі кеңістікті бағдарлай білуін қадағалау.

Ағаштың діңінің пішінін келтіре отырып, қылқаламмен белгілеу.

Ағаштың бұтағының иірімдерін келтіре отырып, жіңішке қылқаламмен салып шығамыз.

Күзгі жапырақтардың түсін таңдап алып, оларды ұшар басына қарай бөлек-бөлек жағындылар түрінде бірден бояумен салу.

Сурет салуда қиналып отырған балаларға оңай әдіс-тәсілдермен салу жолын көрсету. Суретін өз ой-қиялымен толықтыруларына болатынын айту.

«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту.

Көрнекілік: Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері.

Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?»

Сабақты қорыту.

Барлық балалардың суреттерін бағалап, талдау жасау. Сурет салуда жіберілген кемшіліктерге тоқталу.











29.10.2015 ж

Бейнелеу өнері

Тақырыбы: Күз.

Сабақтың мақсаты: балалардың күзгі баққа саяхатқа барғанда табиғаттан алған әсерлерін, көрген көріністерін суретте көрсете білу дағдыларын қалыптастыру; суретке мазмұн бере отырып, композиция құрастыра білуге баулу; жұмыс үстінде өзін дұрыс ұстай білуге, тиянақтылық, тазалық сақтауға дағдыландыру; қылқаламмен дұрыс жұмыс жасау тәсілдерін үйрету.

Қажетті құралдар мен материалдар:

Күзгі бақтың көрінісі бейнеленген картиналар, гуашь, қылқалам, су, қол орамал т.б.

балалар үшін: жұмыс дәптері, гуашь, қылқалам, су, қол орамал.

Ұйымдастыру кезеңі.

Күз көрінісі, күзгі бақ бейнеленген картиналардан шағын көрме ұйымдастырып, оқушылардың ол суреттерді тамашалап қарауына мүмкіндік туғызу. Содан соң оңушылармен күз көрінісінің ерекшеліктерін талқылай отырып, күз туралы өлеңдер оқу. Өлеңнің мазмұнын сурет мазмұнымен салыстыру. Балалардан өздері көріп, тамашалаған саябақты көз алдарына елестетіп, оның көрінісін сурет арқылы бейнелеуге тапсырма беру.

Ары қарай педагог суретті орындау кезеңдерін көрсетіп, осы үлгі негізінде өз беттерінше салуды сұрайды.

Көкжиек сызығын жай қарындашпен белгілеу.

Ағаштарды салу. Сурет салғанда ағаш діңінің төменгі жағынан бастап, жоғарыға қарай салу керек. Ағаш діңінің төменгі бөлігі жуандау, ал жоғарылаған сайын ақырындап жіңішкере береді.

Жапырақтар мен шөпті «күзгі түстермен» - сары, қызыл, қызыл сары, қоңыр бояулармен бояу керек. Жұмыс кезінде діңі, жапырағын салудың әртүрлі тәсілдерін пайдалануға болады.

Балалар жұмыс дәптерлерін алып, берілген жұмыстың салыну ретімен танысып, өздерінің қалауы бойынша суретті толықтырып салады.

Балалардың жұмыстарын қарап, бақылайды, көмектеседі.

«Бұл киімдерді қай мезгілде киеді?» дидактикалық ойыны

Мақсаты:

Балаларға жыл мезгілдерін ажыратуға, қандай киімдер киетінін баяндауға, сөздік қорын молайта отырып, ой-өрісін дамыту.

Ойын барысы: суреттегі киімдерді қай мезгілдерде киген дұрыс, соны атату.

Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында жақсы салынған суреттерді таңдап алып, тақтаға іліп, үлгі етіп көрсетіп, орындалу ретін сұрау.




11.11.2015ж

Сурет салу

Тақырыбы: Себеттегі алма.

Сабақтың мақсаты: балаларды бір-бірін қалқалап тұрған заттардың суретін дұрыс бере білуге үйрету; суреттің композициясын құра білуге үйрету; шығармашылық ойлау қабілеттері мен бейнелей білу мүмкіндіктерін дамыту; балалардың сурет салуға деген қызығушылығын арттыру.

Қажетті құралдар мен материалдар:

Алма бақтағы жиын-терін жұмыстары бейнеленген сурет, алманың муляжы немесе нағыз алмалар; себет, қағаз, түрлі түсті қарындаштар.

балалар үшін: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларға «Алма жинау» мазмұнды - рөлдік ойынын ойнатады. Ойынды балалар бірігіп, ұжым болып ойнайды. Алма жинаған кездегі қимыл-қозғалыстарға мән берулерін ескерту.

Содан соң алмасы бар себетті жұмыс үстеліне қойып, бірнеше алманы себеттен шығарып қояды. Балалардан жасалған натюрмортқа мұқият қарап, алмалардың себеттің ішінде, үстелдің үстінде қалай орналасқанына назарларын аударуды сұрайды. Педагог балалардың басты назарын алмалардың бір-бірін қалқалап тұрғанына, себеттегі алмалардың кейбір бөлігі көрінбей тұрғанына аударады.

Алма толы себетті қалай салу керектігін өзі көрсете отырып түсіндіреді.

Жай қарындашпен себетті белгілеу.

Көрінбей тұрған алмаларды есепке ала отырып, бір-бірін қалқалап тұрған себеттен жартылай көрініп тұрған алмаларды белгілеп алу.

Суретті түрлі түсті қарындаштармен бояу.

Балалар жұмыс дәптеріндегі суреттің салыну ретімен танысқаннан кейін, жұмысты өз беттерінше орындайды.

Балалардың жұмыстарын қарайды, көмек қажет балаларға бағыт беріп отырады.

Сабақты қорытындылау.

Оқу іс-әрекет соңында балалар жұмыстарын қарап шығып, жақсы салынған суреттерден көрме ұйымдастыру. Балаларға достарының суреттерінің ішінде кімнің суреті жақсы салынғандарын анықтау тапсырылады.

Бағалау, талдау жұмыстары.










17.11.2014ж

Бейнелеу өнері

Тақырыбы: Күзгі жаңбыр.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға табиғаттағы көңіл күйді түстер арқылы сезе білуге үйрету;«суық түстерді» пайдалана отырып, күзгі жаңбырды бейнелей алу; аралас техникада жұмыс істей алу дағдыларын жетілдіру; ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар мен материалдар:

Жаңбырлы күз бейнеленген картиналар мен фотосуреттер, қағаз, балауыз бор, акварель бояу, қылқалам, су, қолорамал.

балалар үшін: жұмыс дәптері, балауыз бор, акварель бояу, қылқалам, су, қолорамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Педагог балаларға жаңбыр жайында жұмбақ жасырады. Балалардың дұрыс жауабынан соң, жылдың осы кейбір мезгілінде жаңбырдың көп жауатыны әрбір жыл мезгілінің өзіндік табиғи ерекшелігі, өзіндік әсемдігі бар екенін түсіндіру. Педагог күзгі жаңбырды бейнелейтін картиналар мен фотосуреттерді көрсете отырып, күзгі жаңбырға сипаттама беріп, басқа мезгілдердегі жаңбырдан ерекшелігін айтуды сұрайды. Балалардың пікірін қорытындылайды. Жаңбырды бейнелеу үшін суық түстер пайдаланатынын балалар өздері айта алуы тиіс. Аспандағы бұлттарды қара сұр тұспен, жауып жатқан жаңбыр тамшыларын сұр тұспен, суды қою көк тұспен бояйды. Бояу реңктерін шығару үшін негізгі түске қосымша түсті қосып араластыру арқылы өздеріне қажетті түсті жасайды.

Педагог сурет салу барысын қағазда көрсетеді жөне балалардың назарын аралас техникамен жұмыс істеу тәсіліне аударады.

Жай қарындашпен көкжиек сызығын белгілеп аламыз.

Ақ балауыз бормен аспанда бұлттың шеткі сызығын және жаңбыр тамшыларын, жерде көлшіктердің шеткі сызығын сызып аламыз.

Акварель бояуды палитрада араластырып алып, керекті түсті таңдап алып, аспаннан бастап суретті бояп шығамыз. Балауыз бордың артықшылығы - су өткізбейтіндігінде. Жаңбыр тамшылары, бұлт пен көлшіктің шеткі сызықтары қағаз бетінде ақ сызық күйінде қалады. Бұл бізге сурет қызықты жөне әдемі шығу үшін, түсті толықтыруға немесе түсін әлсіздендіруге мүмкіндік береді.

Балаларды жұмыс дәптеріндегі суретті салу ретімен таныстырып, жұмыс жасауға бағыт беру. Алдымен педагог өзі орындап, үлгі ретінде көрсетеді.

Жұмыс барысын түсінгеннен кейін балалар өздері сурет салуға кіріседі.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Педагог балалар еңбектерін қарап шығып, жақсы салынған суреттерге лайықты бағасын береді.








14-сабақ. Тақырыбы: Мерекелік отшашу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды граттаж «тырналау» техникасымен таныстыру; граттаж техникасы арқылы мерекелік отшашу сәулелерін бейнелеуді көрсету; шығармашылық қабілет терін арттыру.

Қажетті құралдар мен материалдар:

Мерекелік отшашу бейнеленген фотосурет немесе картина, жұмыс дәптері, майлы немесе балауыз бор, тушь, су, қылқалам, тіс шұқитын шилер, қолорамал.

балалар үшін: майлы немесе балауыз бор, тушь, су, қылқалам, тіс шұқитын шилер.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Педагог балаларға мерекелік отшашу туралы өлең жолдарын оқып беріп, балалармен мазмұнын талқылайды. Отшашудың көрінісі бейнеленген картиналар мен фотосуреттердің мазмұнымен де жұмыс істелінеді. Балалар өздерінің көргендерін де еске түсіріп, әңгімелейді. Балалар жауабынан кейін, педагог олардың айтқандарын қорытындылайды.

Педагог отшашу граттаж тәсілімен салынатындығын хабарлап, бұл тәсілдің өте шыдамдылық пен ұқыптылықты қажет ететінін айтады. Содан соң тапсырманың орындалу ретін түсіндіреді.

Қағаз бетін толығымен майлы немесе балауыз бормен жақсылап, бір тегіс жабу. Штрих сызықтар білінбеу керек.

Боялған қағаз бетінің үстін қара тушьпен жабу.

Қағаз бетін кептіру.

Тіс шұқитын шимен тырналап, отшашудың суретін келтіру.

Жұмыс дәптерлеріне назар аударып, суреттің орындалу ретін қарап, балалар отшашуды бейнелейді.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Педагог балалардың орындаған жұмыстарын қарап шығып, жақсы, сапалы орындалған суреттерді үлгі ретінде барлығына көрсетіп, бағалайды.

































































26.11.2015ж

Бейнелеу өнері

Тақырыбы: Құстар.


Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға құстарды бейнелеп салуды, жануарлардың бірнешеуін қатар салып, сюжетті композиция құрастыра білуді үйрету; бақылағыштығын, қиялын дамыту; шығармашылық қабілеттерін ояту.

Қажетті құралдар мен материалдар:

Құстар бейнеленген суреттер, қағаз, гуашь, қылқалам, қарындаш, су, қолорамал т.б.

балалар үшін: гуашь, қылқаламдар, қарындаштар, су, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Құстар туралы жұмбақтар жасырады.

Балалардың дұрыс жауабынан кейін педагог өз жерімізде кездесетін құстардың фотосуретін немесе салынған суретін көрсетіп, құстардың түрлері, қандай пайда әкелетіні жөнінде әңгімелеседі. Олардың дене құрылысына сипаттама беріп, оның денесі, басы, қанаты, құйрығының пішініне назарларын аударады. Олар жайында өлең, жұмбақтар айтуларына болады.

Бүгін құстардың суретін салатындықтарын айту. Жұмыс дәптеріндегі құстардың суретін салу ретімен таныстырып, қандай сюжетті композиция құрастыруға болатынын сұрайды. Дөңгелек және сопақша пішіндердің көмегімен сурет салу тәсілін еске түсіру.

Жай қарындашпен сопақша денесін саламыз.

Сопақшаның бір жағына дөңгелек басын, екінші жағына үшбұрыштың құйрықтың нобайын саламыз.

Қанатын сопақша пішінде келтіреміз.

Аяғы, тұмсығы, көзін саламыз.

Құстың суретін бояймыз.

Ойын: «Дауысын сал»

Әтеш-«ку-ка-ре-ку»-дейді,

Тауық-«қыт-қыт-қыт»- дейді.

Балапан-«шиқ-шиқ-шиқ»-дейді,

Қарға- «қар-қар-қар»- дейді.

Балалардың шығармашылығын дамыту үшін, өз қалауларынша композиңия құруды тапсыруға болады. Жеке жұмыс кезінде балалардың сурет салу кезінде пропорцияны дұрыс сақтауына, қылқаламмен жұмыс жасау тәсілдеріне көңіл бөліп, қадағалау керек.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Балалардың ең жақсы, таза, ұқыпты орындалған суреттеріне назар аударып, сипаттама беру. Торғай туралы өлең жолдарымен аяқтайық:

Шыр, шыр еткен торғайды

Қорғамасаң болмайды.

Кіп-кішкентай торғайлар

Ағаштардан қорғайды





Тексерілді:

6.12.2016ж

Сурет салу

Тақырыбы: Аспандағы ұшақ.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды геометриялық пішіндермен, оның ішінде сопақша арқылы ұшақтың суретін салуды үйрету; кеңістікті, түстерді сезіне білуді, эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.

Қажетті құралдар мен материалдар:

Ұшақтардың бірнеше түрі салынған суреттері, ойыншық ұшақ үлгісі, қағаз, түрлі түсті қарындаштар.

Балаларға керекті құралдар: түрлі түсті қарындаштар, жұмыс дәптерлері.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Балаларға ұшақтар жайында жұмбақтар жасырып, өлең тақпақтар оқуына болады. Ұшақтар туралы мағлұматтар беріп,олардың адамдарға пайдасын, көлік ретінде қолданылатынын, алыс айшылық жерді жылдам уақытта аралап шығатынымыз жайлы әңгімелеу.

Балалардың өздерінен ұшаққа отырғанда алған өсерлері, қызықты сәттерін естеріне түсіріп айтуларын сұрау.

Геометриялық пішіндерді, оның ішінде сопақшаны пайдаланып ұшақтың бейнесін салу ретімен таныстырып, жұмыс жасауға балаларды жұмылдырады.

Балалар жұмыс дәптерлеріне ұшақтың суретін салады.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз.

Жұмыс барысында қиындықтарға кездескен балаларға педагог көмектеседі.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Балалардан өздерінің салған ұшақтарына жақсылап назар аударту, неге ұқсайтынын сұрау. Құсқа ұқсайтынын тапқан балаларды ерекше атап мадақтау.

Оқу іс-әрекет соңында балалардың еңбектерін қарап, бағалау.












Тексерілді:

13.12.2016ж

Сурет салу

Тақырыбы: Аквариумдағы балықтар.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға геометриялық кескіндерден бояу жағылған қағазға балықтың бейнесін салуды үйрету; мазмұнды тапсыруда композиция құра білу дағдыларын қалыптастыру; қиялын дамыту; балалардың қамқорлық сезімдерін ояту.

Қажетті құралдар мен материалдар:

Бояу жағылған арнайы қағаз, гуашь, қылқалам, су, қолорамал т.б.

Балаларға керекті құралдар: бояу жағылған арнайы қағаз, гуашь,қылқаламдар, су, қолорамалдар т.б.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Аквариумның қасына балаларды жинап алып, оларға бұл кішкентай әдемі балықтардың үйі, балықтар мекен ететін орын екенін айту.

Балалардан кімнің үйінде балықтарға арналған аквариум бар екенін, онда қандай балықтың түрлері өмір сүріп жатқанын сұрап әңгімеге тарту. Сұрақтар қою.

- Балықтар немен қоректенеді ?

Мына аквариумдағы балықтардың ішіндегі қай балық ұнайды?

Олардың түстері, дене бітімдері қандай, бір-бірінен өзгешеліктері бар ма?

Бүгінгі сурет оқу іс-әрекетімізде біз қағазды арнайы бояу арқылы аквариумды дайындап аламыз да келесіде оған балықтардың суретін саламыз.

Педагог балаларға жұмыстың орындалу ретімен таныстырады.

Балалар жұмыс дәптеріндегі суреттерге қарап отырып, аквариумды дайындайды.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Дайын болған жұмыстарды қарап шығып бағалау, талдау жүргізу.













19.12.2015ж

СУРЕТ САЛУ

Тақырыбы: Тау.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: сурет салуды дәстүрден тыс жолдармен орындауды үйрету; картон жолақшаларымен таудың бейнелерін салу. Гуашьпен жұмыс жасағанда ұқыпты, тиянақты болуға дағдыландыру; бастаған жұмысты аяғына дейін жеткізуге баулу.

Таулардың әртүрлі суреттері, гуашь, бояу, қарындаш, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: гуашь, бояулар, қарындаштар, қолорамалдар.

Оқу іс- әркетін ұйымдастыру.

Педагог балаларға таулар туралы өлең - тақпақтар оқып беріп, таудың суреттерін көрсете отырып олардың ерекшеліктерін, әдеміліктерін, биік, аласа болатындарын, таудың басында аппақ қар жататыны, етегінде жап-жасыл шөп, әртүрлі әсем гүлдер өсетінін әңгімелеп береді.

Бүгінгі салатын суретіміздің басқа сурет оқу іс-әрекеттерінен айырмашылығы дәстүрден тыс жолмен таудың суретін саламыз. Біз үнемі бояуларды қылқаламның көмегімен жағып келсек, бүгін гуашьты картон жолақшаларымен жағып сурет саламыз.

Педагог жұмысты орындау жолын көрсетіп, түсіндіріп, суретті салады.

Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмысты орындау тәсілдеріне сүйене отырып, тапсырманы орындайды.

Сергіту сәті:

Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.


Педагог тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалап, бақылайды.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекетті қорытындылай келе таза, ұқыпты, дұрыс салынған суреттер иесін бағалап, мақтау.

























20-сабақ. Тақырыбы: Жаттығу жасайық!

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға қарапайым мазмұнды Қимыл-қозғалысын бейнелеуді және кейіпкерлердің өзара әрекеттерін бере білуге үйрету; балалардың бойында бейнені қимыл-қозғалыс үстінде беруді жетілдіру; сурет салуға деген қызығушылығын арттыру.

Керекті құралдар: жаттығу жасап тұрған балалардың суреттері, қағаз, түрлі түсті қарындаштар.

Балаларға керекті құралдар: қағаздар, түрлі түсті қарындаштар.

Оңу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Педагог балаларды қатарға тұрғызып, сергіту жаттығуларын жасайды. Жаттығудың әртүрлі қимыл-қозғалыстардан тұратынын түсіндіру. Онда біздің қолдарымыз, аяқтарымыз оңға, солға, жоғары, төмен бағыттарда қозғалатынына, бүйірін таянып тұрғанды шынтақтан бүгуге, жүріп немесе жүгіріп келе жатқанына назар аударту.

Суреттегі жаттығу жасап тұрған балаларды көрсетіп әңгімелеп, енді осы суреттерді өзіміздің де сала алатынымызды көрсету мақсатында педагог қағазға суретті салады.

Балалар жұмыс дәптердегі сурет салу ретіне мұқият қарап, өздері сурет салуға кіріседі. Сурет салғанда әр баланың қимыл-қозғалысына, тұрған тұрысына көңіл бөлу керектігін қадағалау.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Балалардың еңбек нәтижесінде сәтті шыққан жұмыстарға ерекше тоқталып, оның мазмұны орындалу мәнеріне назар аударып, атап өту.


























9-сабақ. Тақырыбы: Жүлдызгүл.

Оқу іс-әрекетінің түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды негізгі түстермен таныстыру, негізгі түстерді араластыру арқылы қосымша түстерді қалай шығаруға болатынын түсіндіру,шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту.

Қажетті құралдар мен материалдар:

педагог үшін: нарғызгүлдің суреті салынған картина, бір шоқ тірі гүл, акварель бояу, қылқалам, қағаз,су, қолорамал.

балалар үшін жұмыс дәптері, акварель бояу, қылқалам, су, Қолорамал

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Гүл туралы өлең оқып, гүлдің әдемілігі, сұлулығы, айналасына өң беріп көріктендіріп тұратыны туралы әңгіме жүргізу. Гүлдердің хош иісі бөлменің ауасын әрлендіріп, адамдарға жағымды әсер етеді. Картинадағы әсем гүлдер мен гүл шоғына балалардың назарын аудару. Балалардан нарғызгұлдің тұстерін ажыратуды сұрау. Балалардың жауабын қорытындылай келе, қызғылт, сия көк, ашық күлгін, қошқыл қызыл сияқты түстер түс реңдері деп аталатынын айту. Кейбір түстерді алу үшін негізгі түстерді араластыру арқылы шығарып алуға болатындығы тұсіндіріледі. Мысалы, негізгі түсті ақ тұспен араластырса, ашық түсті рең шығады, ал егер қара түспен араластырса, коңырт түске айналады.

«Түстер еліне саяхат» ойынын ойнату.

Мақсаты: жылы және суық түстерді естеріне тұсіру; өздеріне ұнайтын түсті таңдауға ерік беру.

Балаларды жұмыс дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретімен, суретті салу, қажетті түсті шығарып алу тәсілімен таныстыру.

Түс реңін шығарып алу үшін қажетті түстерді палитрада араластыру.

Гүлдің сабағын саламыз.

Сабақтың ұстінен ортасын сары түспен белгілейміз.

Гүл күлтелерінің орнын крест тұрінде белгілеп, таңдап алынған реңдерді пайдаланып, гүлдің суретін саламыз. Содан соң толықтырып, бояп шығамыз.

Тәрбиеші балалардың жұмысын қадағалап бақылайды. Көмек керек балаларға кеңес беріп, көмектеседі.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Жұмыс соңында балалардың суретінен шағын көрме ұйымдастырып, балалардан кімнің суреті әдемі, таза салынғаны жайында сұрау.

24.12.2015ж

СУРЕТ САЛУ

Тақырыбы: Киіз үй.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға киіз үйдің суретін салып, оны ою-өрнектермен әшекейлеп безендіруді үйрету; тұс және ырғақты сезінулерін дамыту; ой-қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Керекті құралдар: киіз үйлер жөне олардың әртүрлі суреттері, гуашь, бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: гуашь, бояулар, қарындаштар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Педагог балаларға жұмбақ жасырып, дұрыс жауабын тапқаннан кейін киіз үйді көрсетеді.

Ерте кезде қазақ халқының табиғатының ерекшеліктеріне қолайлы баспана киіз үй жайлы түсіндіреді. Күнделікті қолданатын үйлер он сегіз қанаттан, ең үлкені отыз бес керегеден тұрады. Кейбір үйлердің керегесі алты қанатты болып келеді. Киіз үйді шебер адамдар қазақ халқының ою-өрнектерімен

безендірген.

Балаларға «киіз үйді құрамыз» сергіту жаттығуын жасату.

Суретті салу жолдарын көрсете отырып, киіз үйді ою-өрнек элементтермен әшекейлеуде қалай орналастыру керектігін балаларға көрсетеді.

Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмысты орындау тәсілдеріне сүйене отырып, тапсырманы орындайды.

Педагог тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалап, бақылайды.

Дидактикалық ойын:«Үйдің есігін жабайық»

Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері.

Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекетті қорытындылай келе таза, ұқыпты, дұрыс салынған суреттер иесін бағалап, мақтау.








14.01.2016ж

СУРЕТ САЛУ

Сабақтың тақырыбы: Қоржынды безендірейік.

Сабақтың мақсаты: балаларды дайын бұйымдарға қазақтың ұлттық ою-өрнектерін салуға үйрету; бөлшектердің алмасып келуіне мән бере отырып, өрнек құрастыру; тұс реңкін сақтау; қоржынды ою-өрнектермен сәндеп безендіру.

Керекті құралдар: қоржынның суреті, дайын үлгі, ұлттық ою-өрнектер, қағаз, түрлі-түсті қарындаштар т.б.

Балаларға керекті құралдар: түрлі түсті қарындаштар, жұмыс дәптерлері.

Ұйымдастыру.

Балаларға қоржындағы үлгі суретін көрсетіп, талдау жасайды.

Мұндай қоржындар ұлттық бұйымдардың бір түріне жатады, сырты ұлттық оюлармен безендірілген. Осы жердегі ою-өрнектердің аттарын сұрап, бұрынғы алған білімдерін тиянақтау.

Оюларды заттың көлеміне, құрылымына байланысты етіп таңдауымыз керектігін түсіндіру. Ал қоржынның түсіне қарай ою-өрнектің де түстерін бұйымға ажар беретіндей етіп, өңін ашатын қаның түстермен салуларына тапсырма беру.

Балалар жұмыс дәптерлеріндегі суретті орындау реті бойынша қоржынды ою-өрнектермен безендіреді. түстерін таңдауға, оларды дұрыс орналастыруға бағыт беріп, көмектеседі. Ұқыпты жұмыс істей білулерін қадағалайды.

Сергіту сәті

Шынығамыз, жастай бiз,
Жаттығуды бастаймыз.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш
Бойымызға жинап күш.
Шынығамыз, жастай бiз,
Жаттығуды бастаймыз.

Қорытынды.

Балалардың жұмыстарын қорытындылап, талдау, бағалау.







Тексерілді:

21.01.2016ж

Сурет салу

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы қар.

Сабақтың мақсаты: «тырнау» техникасын меңгеруді, қардың суретін сала білуге үйрету; өзінің ойын қағаз бетіне түсіре білуін бекіту; бейнелерді қағаз бетіне композиция құрап орналастыруға жаттықтыру; боялған қағаздар дайындауды үйрету. Сурет салудың дәстүрден тыс түрлерін пайдалану; пейзажда көңіл күйді бере білу.

Керекті құралдар: арнайы боялып дайындалған қағаздар, алғашқы жауған қардың суреттері, ұшы үшкір таяқшалар.

Балаларға керекті құралдар: арнайы боялып дайындалған қағаздар, тіс шүқығыш таяқшалар.

Ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балаларға қар туралы жұмбақтар жасырып, жұмақтың дұрыс жауаптары табылған соң, алғашқы жауып тұрған қардың суреттерін көсетіп, әңгімелеседі.

Жұмбақ: Өзі ақ қанттай,

Ұшады мамықтай.


2.Түсіндіру: алғашқы қардың жауып тұрған суретін салу жолдарын көрсетеді.

3.Өзіндік жұмыс: Балаларға жұмыс дәптерлеріндегі сурет салудың реттілігі бойынша қардың суретін салуды тапсырады. Балалар жұмыс жасау реттілігін пайдалана отырып өздері қардың суретін салады. Өз ойларымен суреттен композиңия құрастырып, пейзажға көңіл күй береді.

Балаларға сурет салуда көмек көрсету, бағыт-бағдар беру.

Сергіту сәті

Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.


Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмысты орындау тәсілдеріне сүйене отырып, тапсырманы орындайды.


Қорытынды.

Салынған суреттерді талдау, жақсы шыққан жұмыстарды мадақтау


Тексерілді:

11.02.2016ж

Сурет салу

Тақырыбы: Әйнектегі аяз салған өрнектер.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға сурет салудың дәстүрден тыс түрімен сурет салуды үйрету; бейнелі өрнекті көре білу іскерліктерін дамыту; ою-өрнектердің үйлесімділігін сезіну; көркемдік талғамын, ой-қиялын дамыту.


Керекті құралдар: терезедегі ою-өрнектердің суреттері, гуашь, тіс пастасы, қылқалам, қолорамал т.б.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Әңгіме: балаларға қысқы терезедегі ою-орнектер жайында өлең оқып немесе жұмбақ жасырады. Мазмұнын талдап, балаларға түсіндіру. Балалар түсінгендері бойынша әңгімелейді.

Қолы жоқ,

Сурет салады.

Тісі жоқ,

Тістеп алады.

Ол не?(аяз)

2. Балаларға сергіту жаттығуын жасатып, демалдырып алып, әрі қарай бүгін сурет салудың дәстүрден тыс түрін пайдаланып терезедегі ою-өрнектерді бейнелейтіндерін айтады. Жұмысты қалай орындау керектігін үлгі ретінде көрсету, балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді. Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

3.Өзіндік жұмыс:Балалар ою-өрнектердің өздері білетін түрлерін салуға кіріседі, болмаса жұмыс дәптердегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды.

Сергііту сәті:

Ұстаз балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созады.


Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасалып, қорытындыланады. Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектері бағаланады.















25-сабақ. Тақырыбы: Қар ұлпалары.


Оқу іс-әрекетінің мақсаты: элементтерді қарама-қарсы орналастыра отырып, өздігінен айналдыра өрнектер құрастыруға үйрету; балаларға сурет салудың қыр-сырын ұғындыра отырып, шығармашылыққа, өнер әлемінің әдемілігін сезінуге баулу.


Керекті құралдар: қар бейнеленген суреттер, гуашь, қылқалам, су құйылган ыдыс, қолорамал.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: Балаларға жұмбақ жасырып, дұрыс жауабын тапқаннан кейін қардың суретін көрсетіп, жауаптарының дұрыс, не бұрыс болғандарын айтады.

2.Түсіндіру: балаларға бүгінгі оқу іс-әрекетінде осы қарлардың суреттерін салатындарын айтып түсіндіруі.

3.Өзіндік жұмыс:Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмысты орындау тәсілдеріне сүйене отырып, тапсырманы орындайды.

Тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалап, бақылау.


Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекетті қорытындылай келе таза, ұқыпты, дұрыс салынған суреттер иесін бағалап, мақтау.

























26-сабақ. Тақырыбы: Қысқы табиғат.


Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды суреттерінде туған жердің қысқы табиғатын әсерлі етіп көрсете алуға, реңкті беруге, көріністік суреттің композиңиясын құрастыруға үйрету; ағаштарды түрлі техникамен бейнелеу дағдысын қалыптастыру; шығармашылық қабілеттерін дамытып, табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу.


Керекті құралдар: қысқы табиғат бейнеленген суреттер, гуашь, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: гуашь, су құйылған ыдыс, қыл- қаламдар, қолорамалдар.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Кіріспе әңгіме:қыс туралы өлең оқып, оның мағынасынан не түсінгендерін сұрап, балаларды әңгімеге тарту. Қысқы табиғатты суреттерден көрсете отырып, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін, табиғаттағы өзгерістерді көре білулерін, айырмашылықтарын айтқызу.

2.Түсіндіру: балаларға бүгінгі оқу іс-әрекетінде қысқы табиғат көрінісінің суретін салатындарын айтып түсіндіру.

3.Өзіндік жұмыс:Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмысты орындау тәсілдеріне сүйене отырып, тапсырманы орындайды .

Тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалау, бақылау.


Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекетті қорытындылай келе таза, ұқыпты, дұрыс салынған суреттердің иесін бағалап, мақтау.






Тексерілді:

28.01.2016 ж

Сурет салу

Тақырыбы: Аққала жасайық.

Сабақтың мақсаты:

Адамдардың қозғалыс кезіндегі бейнелерін бере білуге жәнө кейіпкерлердің өзара байланысын айнытпай салуға қол жеткізу; ұжымдық композиция құрастыруға үйрету; суреттің мазмұнын, өздеріне тән ерекшеліктерін әсерлік сезіммен қабылдай алуға тәрбиелеу; шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Керекті құралдар: аққала бейнеленген суреттер, акварель бояуы, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: акварель бояулары, су құйылған ыдыстар, қылқаламдар, қолорамалдар.


Сабақты ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балаларға жұмбақ жасырып, дұрыс жауабын тапқаннан кейін аққаланың суретін көрсетіп, әңгімеге тартады. Аққаланың неден, қашан, қалай жасалатынын сұрап, сұрақтарға жауаптар алу.

Жұмбақ: Қалпағы-шелек,

Тұмсығы- сәбіз.

Ол не?

2.Сергіту жаттығуын жасатып, демалдырып алып, әрі қарай жұмысты қалай орындау керектігін үлгі ретінде көрсету, балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді. Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындады ұсыну.

3.Өзіндік жұмыс:балалар жұмыс дәптердегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды.

Балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек көрсету.


Қорытынды.

Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасалып, қорытындыланады. Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектері бағаланады.















28-сабақ. Тақырыбы: Шырша.


Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға шыршаны әртүрлі тәсілмен бейнелеуді, суретте шыршаның өзіне тән ерекшеліктерін беру; пирамида сияқты құрылымы, бұтақтары төмен бағытталған, инелері, әртүрлі реңдері, ағаштардың түрлі жасын бере отырып, композиция құрастыру.


Керекті құралдар: қысқы табиғаттағы шыршалар бейнеленген суреттер, гуашь, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: гуашь, су құйылған ыдыс, қылқаламдар, қолорамалдар.


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Кріспе әңгіме:жұмбақ жасырып, дұрыс жауабын тапқан соң, шыр- шаның суретін көрсетіп, шырша туралы балалардың түсініктерін тиянақтау. Балалар шырша жайында өлең-тақпақтар айтуларына болады.

Жұмбақ:Қысы-жазы бір түсті.Ол не?

2.Түсіндіру: бүгінгі сурет оқу іс-әрекетінде шыршалардың суретін әртүрлі тәсілдермен бейнелейтіндерін айтып түсіндіріп, салу жолдарын көрсетеді.

3.Өзіндік жұмыс:Балаларға жұмыс дәптердегі суретті салу ретімен таныстырып, жұмыс жасауға бағыт беру. Алдымен ұстаз орындап, үлгі ретінде көрсетеді.

Жұмыс барысын түсінген балалар өздері сурет салуға кіріседі.


Оқу іс-әрекетті қорыту.

Балалар еңбектерін қарап шығып, жақсы салынған суреттерге лайықты бағасын айтып мадақтайды.








10.02.2014ж

Бейнелеу өнері

Тақырыбы: Шырша ойыншықтары.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға жаңа жыл шыршасына ойыншықтар іліп безендіруді үйрету; бейнелі қабылдауды, түстерді суреттеу белгілі бір ырғақты қажет ететіндігін, дұрыс қабылдай білу дағдысын қалыптастыру.

Керекті құралдар: жаңа жылдық шыршалар бейнеленген суреттер, акварель бояу, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: акварель бояу, су құйылған ыдыс, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әркетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балалардан өткен оқу іс-әрекетінде ненің суретін салғандарын естеріне түсірулерін сұрайды. Сол шыршаны бүгін ойыншықтар іліп, яғни ойыншықтардың суретін салып шыршаны безендіреміз.

2.Түсіндіру: жаңа жылдық шыршаның суретін көрсетіп, ондағы ойыншықтардың түрлеріне, түстеріне, әдемілігіне назар аудартады. Өздері қалаған ойыншықтармен шыршаларын безендіріп жаңа жылдық мерекеге дайындықтарын бастауды ескерту.

3. Сергіту жаттығуын жасатып, демалдырып алып, әрі қарай жұмысты қалай орындау керектігін үлгі ретінде көрсету, балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді. Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

4.Өздік жұмыс:Балалар жұмыс дәптердегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды.

Балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмектесу.

Ойын:«Гүл»

Мақсаты:Балаларға күлтелердің түстерін атату. Әр күлтеге сөз ойлату арқылы баланың ойын, есте сақтау қабілетін дамыту.

нәзік гүл

Әсем гүл



Әдемі гүл

құлпырған гүл

Керемет гүл







Шарты: Гүл күлтелерін 5 түрлі түспен бояу, әр күлтеге гүлдің қандай екендігіне 5 түрлі сөз ойлау.


Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасаып, қорытындыланады. Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектері бағаланады.





















30-сабақ. Тақырыбы: Мұңды сайқымазақ, көңілді сайқымазақ.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: қылықты да, қызықты киім киген сайқымазақтың бейнесінің суретін салуға жаттықтыру; дене бөліктерінің қатынасын дұрыс бере білуге бағыт беру; қарапайым қимыл-қозғалысты, бет пердесін бейнелей білу дағдыларын қалыптастыру.


Керекті құралдар: сайқымазақ бейнеленген суреттер, гуашь, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: гуашь, су құйылған ыдыс, қылқаламдар, қолорамалдар.


Оқу іс-әркетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балаларға сайқымазаңтар туралы жұмбақ жасырып, жауаптарын дұрыс шешкеннен соң сайқымазақтың суретін көрсетіп, сайқымазақтың түр-сипатының ерекшеліктеріне назар аударту. Сайқымазақтың киімдерін түрлі түсті бояулармен бояу: бір жеңін қызыл, екіншісін сары, шалбарын жасыл, бас киімін көк етіп бояуға болады деп бағыт беру.

2. Түсіндіру: Балаларға жұмыс дәптердегі суретті салу ретімен таныстырып, жұмыс жасауға бағыт беру. Алдымен ұстаз өзі орындап үлгі ретінде көрсетеді.

3.Өзіндік жұмыс: Жұмыс барысын түсінген балалар өздері сурет салуға кіріседі.

Балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созу.


Оқу іс-әрекетті қорыту.

Балалар еңбектерін қарап шығып, жақсы салынған суреттерге лайықты бағасын айтып, мадақтау.







16.02.2015ж

Бейнелеу өнері

Тақырыбы: Ғажайып орман.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ағаштардың суретін түрлі түсті тушьты үрлеу тәсілімен және ағаштарды түрлі техникамен бейнелеу дағдысын қалыптастыру; табиғат құбылыстарына деген қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Керекті құралдар: орман бейнеленген суреттері, түрлі түсті тушь, акварель бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: тушь, акварель бояулар, қарындаштар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әркетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: жылдың төрт мезгілінде бейнеленген орманның су- реттерін көрсетеді, табиғат тамашаларын ондағы ағаштардың қар жамылған келбеттеріне назар аударту. Сиқырлы орман – деп, жыл мезгіліне қарай орманның өзгеріп отыруына байланысты аталғанын айту. Әр жыл мезгілінде көктемде жасыл түске боялса, күзде сары, қыста ақ түсті орман болатынын үғындыру. Ағаштардың түрлеріне, түстеріне көңіл бөлдіру.

Суреттерге қарап әңгіме құрастыру.

Сергіту:Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар,

Биік болып өседі. (қимыл-қозғалыс жаттығу)

2.Түсіндіру: жұмысты қалай орындау керектігін үлгі ретінде көрсету, балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді. Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

3.Өзіндік жұмыс: Балалар жұмыс дәптердегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды.

Балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созу.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасап, қорытындылау.

Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастырылып, балалардың еңбектері бағаланады.















32-сабақ. Тақырыбы: Қар жамылған үй.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: қыстыгүні қар жамылған Педагог балаларға сергіту жаттығуын жасатып, демалдырып үйдің сұлбасын бейнелеуді үйрету; балаларды өз жұмыстарын жоспарлай білуге баулу; қылқаламмен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Керекті құралдар: қар жамылған үйлердің суреттері, түрлі түсті гуашь, қылқалам, су құйылған ыдыс, қарындаш, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: гуашь, қарындаштар,су құйылған ыдыс, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1. Кіріспе әңгіме: жылдың қыс мезгілі туралы өлең-тақпақ оқып беріп балалардан өлеңнің мағынасынан түсінгендерін сұрау. Қарлы қыс, аязды күндер, су бетіне қатқан мұздар бейнеленген мазмұнды суреттерге шолу жасату. Суреттегі қар жамылған үйлерге баса назар аудартып, мұқият қарауларын ұсыну. Қар жамылған үйдің көрінісін қалай салуға болатынын, қардың түсінің қандай екенін айту.

Қағазға суреттің салу жолын көрсетіп, мүқият қарап ұғып алуларын ескерту.

2. Өзіндік жұмыс Балалар жұмыс дәптеріндегі суреттің салыну ретімен танысып, жұмысты орындайды.

Балалардың жұмыстарын қарайды, көмек керек еткен балаларға бағыт беріп көмектесу.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекет соңында балалардың жұмыстарын қарап шығып, жақсы салынған суреттерден көрме ұйымдастыру. Балаларға достарының суреттерінің ішінде кімнің суреті жақсы салынғандарын анықтау тапсырылады.

Бағалау, талдау жұмыстары.





















33-сабақ. Тақырыбы: Марстықтар.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: әсерлі негізде бейнеленген қиял- ғажайып кейіпкерін бейнелеуді үйрету; қосымша бөлшектермен толықтыру; стилизация тәсілін қолдану; балалардың шығармашылық ой-қиялын дамыту; геометриялық пішіндерді қолдана отырып, жаңа бейненің суретін сала білуге баулу, түс үйлесімін сезінуге, таңдай білуге үйрету.

Керекті құралдар: марсиандықтардың немесе өзге ғаламдықтардың суреттері, акварель бояуы, қылқалам, фломастер, су құйылған ыдыс, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: акварель бояулары, фломастерлер, су құйылған ыдыстар, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1. Кіріспе әңгіме: балаларға өзге ғаламдықтар туралы мағлұматтар беріп, суреттерден не түсінгендерін, нелерге ұқсататындықтарын сүрау, оларға ат қойып ойын ойнауды ұйымдастыру. «Марсиандар» дидактикалық ойын ойнау барысында балалардың жағымды, жағымсыз көңіл күйлерін анықтайды.

2.Түсіндіру: балаларға геометриялық пішіндер арқылы марсиан- дықтардың суретін салу жолдарын орындап, үлгі ретінде көрсету.

Балаларға жұмыс дәптердегі суретті салу ретімен таныстырып, жұмыс жасауға бағыт беру. Шығармашылықпен ой-қиялын дамытуға мүмкіндік туғызу.

3.Өзіндік жұмыс: Жұмыс барысын түсінген балалар сурет салуға кіріседі.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Балалар еңбектерін қарап шығу, жақсы салынған суреттерге лайықты бағасын айту. Балалардың өздігінен ойлап тапқан бейнелері болса ерекше атап, мадақтау.









23.02.2014ж

Бейнелеу өнері

Тақырыбы: Натюрморт.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға тұрмыстық заттардан қиын емес натюрмортты бейнелеуді үйрету; натюрморттың мазмұны мен, композициясымен таныстыру; түстерді таңдай білуге, заттың пішіні мен түстердің үйлесімділігін сезінуге, жазықтықта дұрыс орналастыра білуге үйрету; көркемдік талғамын қалыптастыру.

Керекті құралдар: бірнеше суретшілердің натюрморттары, гуашь, акварель бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: гуашь, акварель бояулар, қарындаштар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1. Кіріспе әңгіме: балалардан натюрморт дегеннің не екенін сұрау, білімдерін тиянақтау мақсатында түсінік беру. Суретшілер айналадағы заттардың әсемдігін жақсы көре біледі.

Оларға не ұнайды солардың барлығын суреттерінде бейнелейді. Суретшілер арнайы бірнеше заттарды таңдайды және оларды әдемілеп үйлесімді етіп қойып алады да, сондай әсемдікті айналасындағылар да көрсін деп оның суретін салады. Бірнеше натюрморттың суретін көрсетіп, олардың ішінен өздеріңе ұнағандарын таңдап, сол жайында әңгімелеп берулеріне жетекші сұрақтар қою арқылы көмектесу. Балаларға бұл заттардың түсінде, көлемінде және орналасуында белгілі бір реттілік барын түсіндіріп ұғындыру. Суретшінің тұрмыс заттарын немесе табиғат бөлшектерін осылайша орналастыруын натюрморт деп аталатынын бекітіп, тиянақтау. Атап айтқанды бірыңғай немесе біртектес заттардың үйлесімді орналасуы деп түсіндіру.

2. Сергіту жаттығуын жасату, демалдырып алып, әрі қарай жұмысты қалай орындау керектігін үлгі ретінде көрсету, балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді.

3. Өзіндік жұмыс: Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

Балалардың жұмыстарын қадағалау, қиналған балаларға көмек қолын созу.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасап, қорытындылау. Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастыру, балалардың еңбектерін бағалау.









Тексерілді:

3.03.2016ж

Бейнелеу өнері

Тақырыбы: Менің сүйікті ертегім («Бауырсақ»).

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды сурет салғанда ертегілер мазмұнына композиция құрастыруға; өздері ұнататын кейіпкерлерге тән сипаттарды бере білуге баулу; түрлі тәсілдермен бейнелеу дағдыларын нығайту; бейнелік елестету, қиялдауды дамыту.

Керекті құралдар: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерінің суреттері, акварель бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: акварель бояулар, қарындаштар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балаларға суреттер көрсетіп, қай ертегінің кейіпкерлері екенін сұрау. Балалардың дұрыс жауабынан соң, осы ертегінің қысқаша мазмұнын кімнің айтып беретінін сұрап, балаларға ертегі мазмұнын мұқият зейін қойып тыңдату.

2. Түсіндіру: жетектеуші сұрақтар қою арқылы балаларға ертегінің мазмұнын пысықтату. Ендеше бүгін осы сүйікті ертегіміздің кейіпкерлерін бейнелеп, суретін салыңдар деп тапсырма беру.

3. Өзіндік жұмыс: Балалар жұмыс дәптеріндегі суреттің салыну ретімен танысып, жұмысты орындайды.

Сергіту сәті:

Шынығамыз, жастай бiз,
Жаттығуды бастаймыз.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш
Бойымызға жинап күш.
Шынығамыз, жастай бiз,
Жаттығуды бастаймыз.

Сабақтың соңында берілген заттар саналып, жеңімпаз белгіленеді

Балалардың жұмыстарын қарау, көмек керек еткен балаларға бағыт беріп көмектесу.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекет соңында балалардың жұмыстарын қарап шығу, жақсы салынған суреттердің иесін ерекше атап мадақтау.

Бағалау, талдау жұмыстары.






















36-сабақ. Тақырыбы: Мен және менің анам.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: пропорцияналды қарым-қатынас негізінде мазмұнды композиция құрастыруға баулу; үлкен-кіші ұғымдарын адамдарды бейнелеу барысында дұрыс бере білуге үйрету; балаларға дене мүшелерін салуда дұрыс орналастыруға бағыт беру; сурет салуға деген құштарлықтарын ояту.

Керекті құралдар: ана мен бала бейнеленген суреттер, дайын үлгі, қағаз, түрлі-түсті қарындаштар т.б.

Балаларға керекті құралдар: түрлі-түсті қарындаштар, жұмыс дәптерлері.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балаларға ана туралы өлең оқып беру.

Балалардан өздеріне ең жақын, сүйікті адамның кім екенін,
өз аналары жайында әңгімелеп берулерін сұрайды. Өз анасы тура-
лы айтқысы келген әр баланың әңгімесін тыңдау.

2. Түсіндіру:анасының қасында баласы бейнеленген суреттерді көрсетіп, үлкен-кіші ұғымдарына назар аударта отырып, суреттегі пропорционалды қарым-қатынас негізін ұғындыру. Суретті салғанда
әсіресе неге көңіл бөлетіндерін түсіндіру. Үлгі ретінде жұмыстың орындалу ретін салып көрсету.

Балаларға жұмыс дәптердегі суретті салу ретімен танысты-
рып, жұмыс жасауға бағыт беру. Шығармашылықпен ой-қиялын
дамытуға мүмкіндік туғызу.

3. Өзіндік жұмыс: жұмыс барысын түсінген балалар сурет салуға кіріседі.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Балалар еңбектерін қарап шығып, жақсы салынған
суреттерге лайықты бағасын айту. Балалардың өздігінен ойлап
тапқан бейнелері болса ерекше атап, мадақтау.




















37-сабақ. Тақырыбы: Ойыншық түйе.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: натураға қарап ойыншық жануар-
лардың бейнесін салуға үйрету; ойыншықтарды әдемілеу үшін
өрнектер құрастыру дағдыларын нығайту; түстер үйлесімділігін
қалыптастыру.

Керекті құралдар: ойыншықтар және ботаның бей-
неленген суреті, дайын үлгі, қағаз, түрлі-түсті қарындаштар .

Балаларға керекті құралдар: түрлі-түсті қарындаштар,
жұмыс дәптерлері.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балаларға бота туралы жұмбақ жасыру, жұмбақ-
тың шешуі дұрыс табылғаннан кейін, бота туралы өлең-тақпақтар
айтуларын сұрау. Түйе жануары Қазақстанның қай аймақта-
рында көптеп кездесетінін сұрап, түсініктерін тиянақтау.

2.Сергіту: балаларға сергіту жаттығуын жасату, демалдырып
алып, әрі қарай жұмысты қалай орындау керектігін үлгі ретінде көрсету, балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді.

3. Өзіндік жұмыс: Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

Балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созу.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасап, қорытындылау.

Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастыру, балалардың еңбектерін бағалау.






















38-сабақ. Тақырыбы: Тасқа сурет саламыз.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: табиғи заттардың пішінін пайдалану арқылы көркем бейнелер құрастыруға баулу, сәндік бейнелеу өнеріне деген танымдық қызығушылықты дамыту, шығармашылық талпыныс ахуалын қалыптастыру, дәстүрден тыс сурет салу тәсілін меңгерту.

Керекті құралдар: үлгі суреттер, әртүрлі пішіндегі тастар, гуашь, акварель бояулар, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: әртүрлі тастар, гуашь, акварель бояулар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балаларға табиғи заттарды пайдалану арқылы, дәстүрден тыс сурет салу тәсілін қолданып көркем бейнелер құрас тыруға болатынын түсіндіру.

Алдын ала серуен кезінде ауладан әртүрлі көлемдегі, әртүрлі пішінді тастарды жинап алып, бейнелеу оқу іс-әрекетінде қолдану үшін, дайындап қойған тастарды көрсету. Балалардың зейіндерін тастардың пішіндерінің өзгешеліктеріне, айырмашылықтарына аудару.

2. Түсіндіру: үлгі ретінде тасты гуашьқа малып алып, қағаздың бетіне қойып, одан шыққан сұлбаны неге ұқсағанын сұрау арқылы көркем, сәндік бейнелердің пайда болатынына көздерін жеткізу. Әртүрлі түсті гуашьты пайдаланса, түс үйлесімділігіне қарай бейнелерде әдемі, көрнекті болатынын аңғарту.

3. Өзіндік жұмыс: Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

Балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созу.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасап, қорытындылау.

Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастыру, балалардың еңбектерін бағалау.







9.03.2014ж

Бейнелеу өнері

Тақырыбы: Анамның портреті.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: портрет жайында түсініктерін қалыптастыру; өнердің түрлерін қарау арқылы көркемдік талғамын дамыту; өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Керекті құралдар: әйел адамның бірнеше портреттері, гуашь, акварель бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: гуашь, акварель бояулар, қарындаштар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балалардың біреуінің бет әлпетіне сипаттама беріп , кімді сипаттағанын сұрау. Балалар өз достарын сипаттау бойынша таниды.

Осылайша бір-бірін сипаттау негізінде басқа адамның суреті яғни портреті шығатынын түсіндіру. Суретшілер майлы бояумен салынған суреттерінде адам бейнесін жиі суреттейді. Әртүрлі портреттерді қарастыру. Суретші адам бейнесін салғанда, оның сезімдерін және көңіл күйін жазғанына балалардың назарын аудару. Әртүрлі болып салынған портреттерге талдау жасау.

2. Түсіндіру: балаларға анамыздың портретін бүгін жай қарындашпен салатынымызды, келесі оқу іс-әрекетінде майлы бояулармен аяқтайтынымызды айтып ескерту.

Үлгі ретінде портретті жай қарындашпен салу реттігін көрсету.

3. Өзіндік жұмыс: Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

Балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созу.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасап, қорытындылау.

Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастыру, балалардың еңбектерін бағалау.

















9.03.2014ж

Бейнелеу өнері

Тақырыбы: Анамның портреті.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға өздерінің анасының портретін салуға деген қызығушылықтарын туғызу; сурет салу барысында бет әлпеттің суретін дұрыс орналастыра білуге баулу; әйел адамның портретін салғанда сыртқы келбетімен қоса мінез-құлық ерекшеліктерін, адамның сол сәттегі көңіл күйін беруге дағдыландыру; қылқаламмен сурет салуда оның ұшымен және барлық қылын бастыра пайдалану әдіс-тәсілдерін бекіту.

Керекті құралдар: әйел адамның бірнеше портреттері, гуашь, акварель бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.

Балаларга керекті құралдар: гуашь, акварель бояулар, қарындаштар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру.


1.Кіріспе әңгіме: Балалар, бүгін сендер өмірдегі ең қымбат және сүйікті адамның, яғни анамыздың суретін саласыңдар.

Портрет салуда ең маңыздысы адамның көзін, мұрнын, аузын дұрыс орналастыра білуде.

Адамның басының пішіні қандай? Суреттегі бет әлпетті қолмен ұстап көрсетіп, түсіндіру.

2. Түсіндіру: Адамның көздері маңдайдан төмен, беттің ортасында орналасқан.

Қағазға жуан фломастермен беттің көлемін салу және көздердің арасындағы қашықтық бір көзден үлкен болмауын түсіндіре отырып, беттің ортасына көздерін орналастыру. Көздің ішінде түсті дөңгелек пен кішкентай қарашығы бар. Көздің үстіне қасты сызып бейнелейміз. Мұрынының ұшын қысқа сызықшамен салып немесе танауын бейнелеуге болады. Мұрнының ұшымен беттің төменгі жағының ортасында ерін орналасқан. Жоғарғы еріннің формасы төменгі еріннен өзгеше. Жоғары ерінде екі толқын, ал төменгі ерінде бір толқын бар. Еріннен томен иек. Басын, мойнын, иықтарын суреттеңдер. Мойын беттен жіңішке екенін, иықтар бастан жалпақ болатынын ұмытпаңдар, көздің, шаштың түсін, шаштың сәнін, көйлектің үстіңгі жағын аналарыңдікіндей етіп салуға тырысыңдар. Аналарыңды тағы бір көз алдарыңа елестетіп, оның портретін салуды бастаңдар.

3. Өзіндік жұмыс: Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

Балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созу.

4. Сергіту сәті:

Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасап, қорытындылау. Жақсы орындалған портреттерден көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектерін бағалау.







41-сабақ. Тақырыбы: Менің сүйікті ыдысым.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға өзінің сүйікті ыдысының суретін салып оның сыртына өзінің атының бас әріпін жөргемдеп жалғастыра әдемілеп жазуды үйрету; еңбек нәтижесіне жетуде баланың шығармашылық қабілетін, ой-қиялын дамыту.

Керекті құралдар: ойыншық ыдыстар және ыдыстардың бейнеленген суреттері, дайын үлгі, қағаз, түрлі-түсті қарындаштар т.б.

Балаларға керекті құралдар: түрлі-түсті қарындаштар, жұмыс дәптерлері.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балаларға ыдыстар туралы жұмбақ жасыру, жұмбақтың шешуі дұрыс табылғаннан кейін, ыдыстардың суреттерін көрсетіп олардың сыртындағы өрнектердің ерекшеліктеріне назар аударту. Ыдыстарға өрнектерді салғанда әріптерді жөргемдеп жалғастыра әдемілеп жазуға болатынын көрсету.

Балаларға өздерінің сүйікті ыдыстарын аттарының бас әріптерімен безендіруді тапсыру.

2. Түсіндіру: Жұмысты қалай орындау керектігін үлгі ретінде көрсету, балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді.

3. Өзіндік жұмыс: Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

Балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созу.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасап, қорытындылау. Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектерін бағалау.






















42-сабақ. Тақырыбы: Қардың еруі.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: табиғат аясындағы болып жатқан өзгерістерді бейнелеу іс-әрекетінде бере білуге үйрету; балалардың байқағыштығын дамыту; көркемдік талғамдарын қалыптастыру; туған жердің табиғатына деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Керекті құралдар: табиғат бейнеленген сурет, акварель бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: акварель бояулар, қарындаштар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетті ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: Қазір жылдың қай мезгілі екенін сұрау, балалардан табиғаттағы өзгерістер мен ерекшеліктер жайында әңгімелеп берулерін сұрау. Күн жылып, қар ери бастағанын, көктем мезгілінің келіп қалғанын түсіндіріп, суреттен еріп жатқан қардың бейнесін көрсету, бүгінгі бейнелеу іс-әрекетінде еріп жатқан қардың суретін салатынымызды үғындыру.

3. Өзіндік жұмыс: үлгі ретінде суретті салу жолдарын көрсетіп, балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

Балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созу.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасап, қорытындылау. Жақсы салынған суреттерден көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектерін бағалау.




















Тексерілді:

14.04.2016ж

Тақырыбы:. Алғашқы гүлдер

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: шындыққа үйлесімді етіп орналастыруға, композициялық дағдыларын дамыту; бақылап көру арқылы сурет салу; гүлдер мен жапырақтардың өздеріне тән белгілерін, олардың пішінін, түсін, көлемін беруге үйрету; балалардың шығармашылығы мен қиялдарын дамыту.

Керекті құралдар: көктемнің алғашқы гүлдері салынған сурет, акварель бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: акварель бояулар, қарындаштар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: үнтаспадан гүлдер туралы әдемі әуен қойып тыңдату. Өлең сөздерін мұқият тыңдату, түсінгендерін сұрау. Гүлдердің әсемдігі, сұлулығы туралы балаларға айтқызу. Көктемнің алғашқы дала гүлдерінің суретін көрсетіп, балалардан олардың аттарын сұрау. Әдемі, сұлу гүлдердің иістері де хош иісті болып келетінін айтып түсіндіру. Осы алғашқы көктем гүлдерін бүгін біз өзіміз де суретке салатынымызды айтып үғындыру.

2. Түсіндіру: суреттің салу реттілігін түсіндіріп, үлгі сурет салу.

3. Өзіндік жұмыс: балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

Дидактикалық ойын: «Күн мен түн»

Балалар жұмысын бақылап, дұрыс жұмыс жасауларына көмектеседі.

Оқу іс-әрекет соңында балалардан салған суреттерін бір-біріне көрсетіп, талдауларын және достарының еңбектерін бағалау, жақсы салынған суреттерді үлгі етіп тақтаға өздерінің ілулерін сұрау.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Барлық балаларға мадақтау сөздерін айтып қуанту.



















6.04.2015ж

Тақырыбы: Түскиіз.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға түскиізді ұлттық ою-өрнектермен сәндеп безендіруді үйрету; қазақтың ою-өрнектері жөніндегі білімдерін бекіту; түс және ырғақты сезіндіру; балалардың эстетикалық талғамы мен шығармашылығын дамыту.

Керекті құралдар: қазақтың ұлттық тұтынатын бұйымдары және бейнеленген суреттері, дайын үлгі, қағаз, түрлі-түсті қарындаштар т.б.

Балаларға керекті құралдар: түрлі-түсті қарындаштар, жұмыс дәптерлері.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балалармен бірге ұлттық тұтынатын бұйымдарды қа рап олардың ерекшелігіне, ою-өрнегі, түр-түсіне назар аудару.

Киіз үйдің ішіндегі барлық тұтынатын бұйымдар: текемет, сырмақ, түскиіз, әдемі кілемдер үйге көрік беріп тұрады. Текеметтің бояуының түстері әр алуан: көк, сары, қызыл т.б. Ал сырмақтың түсі ақ және қара.

Түскиіз - қызыл және қара матадан жасалып әртүрлі ою-өрнектермен көмкерілген. Кілемдердің түсі де әртүрлі өрнектермен безендірілген. Түкті кілемдерден басқа түксіз алашалар болады. Олардың өрнектері жолақта ретімен орналасқан, оның кілемнен айырмашылығының өзі ою-өрнектерінің ерекше орналасуында.

2. Түсіндіру: Қылқаламмен жұмыс жасағанда әртүрлі технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану:

Ұшымен сүйкей жағу, қылқаламды қатты басу арқылы жалпақ, жуан етіп сызу, көлденең жағу сияқты тәсілдерді пайдалану.

3. Өзіндік жұмыс: Балалар жұмыс дәптерлерін алып, берілген жұмыстың салыну ретімен танысып, өздерінің қалауы бойынша суретті толықтырып салады.

Сергіту сәті

Балалардың жұмыстарын қарап, бақылау, көмектесу.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Салған суреттерден жақсы салынғандарын таңдап алып, тақтаға іліп, үлгі етіп көрсетіп, мақтау, қорытындылау.
















17.03.2014ж

Беінелеу өнері

Тақырыбы: Наурыз.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды мазмұнды композиция қарастыруда мазмұнын өз қалаулары бойынша таңдауларына ерік беріп, композицияны дұрыс құрастыруға үйрету; суретте табиғаттың келбетін, көктемге тән белгілерді, көңіл күй сезімдерін беру дағдысын нығайту; туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Педагогқа керекті құралдар: көктем суреттері, гуашь, акварель бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.

Керекті құралдар: гуашь, акварель бояулар, қарындаштар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетті ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: көктем мезгілі туралы жұмбақ жасыру. Балалар жұмбақтың шешуін дұрыс тапқаннан кейін, көктем суреттерін көрсетіп жетектеуші сұрақтар қою арқылы балаларды әңгімеге тарту.

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Көктем.

  • Көктемнің басқа жыл мезгілдерінен қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

  • Көктем туралы қандай өлең-тақпақтар білесіңдер, кім айтып береді?

2. Түсіндіру: Балаларға бүгінгі бейнелеу оқу іс-әрекетімізде көктем мезгілінің суретін салатынымызды айтып жеткізу. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін дұрыс беру үшін үлгі суретті салып түсіндіру.

3. Өзіндік жұмыс: Балалар жұмыс дәптерлерін алып, берілген жұмыстың салыну ретімен танысып, оздерінің қалауы бойынша суретті толықтырып салады.

Балалардың жұмыстарын қарап, бақылау, көмектесу.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Салған суреттерден жақсы салынғандарын таңдап алып, тақтаға іліп, үлгі етіп көрсетіп, мақтау, қорытындылау.














16.03.2014ж

Бейнелеу өнері

Тақырыбы: Наурыз.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды мазмұнды композиция құрастыруда мазмұнын өз қалаулары бойынша таңдауларына ерік беріп, композицияны дұрыс құрастыруға үйрету; суретте табиғаттың келбетін, көктемге тән белгілерді, көңіл күй сезімдерін беру дағдысын нығайту; туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Керекті құралдар: көктем суреттері, гуашь, акварель бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: гуашь, акварель бояулар, қарындаштар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетті ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме:Наурыз дәстүрім деп,

Адамдар ән салады.

Наурыз тойын еліміз,

Қуана қарсы алады.

Балаларға өлеңнің мазмұнын түсіндіріп, Наурыз - жыл басы мерекесі екенін, басқа мерекелерден айырмашылығы ұлттық нақыштарымен ерекшеленетінін айту.

Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлейтін мереке екенін ұғындыру.

Балалар «Наурыз» мерекесі бейнеленген суретке қарап әңгіме құрайды.

2. Түсіндіру: Осы суреттегі «Наурыз» мерекесін бүгінгі бейнелеу оқу іс-әрекетімізге арқау етіп алып, сурет саламыз.

Наурыз мерекесінің ерекшеліктерін дұрыс беру үшін үлгі суретті салып түсіндіру.

3. Өзіндік жұмыс: Балалар жұмыс дәптерлерін алып, берілген жұмыстың салыну ретімен танысып, өздерінің қалауы бойынша суретті толықтырып, мазмнды композиция құрастырып салады. Алтыбақан тепкен балалар, үлттық киімдегі ән салып тұрған қыздар мен балалар, салт-дәстүр үрдістерін орындап жатқан аналар т.б.

Балалардың жұмыстарын қарап, бақылау, көмектесу.

Ойын: «Ұшты-ұшты».

Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады

-Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын

көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:
- Ұшты, ұшты – тарғақ ұшты! (ұшады).
- Ұшты, ұшты – жарғақ ұшты! (ұшпайды)
- Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады).
- Ұшты, ұшты – тырма ұшты(ұшпайды)


Оқу іс-әрекетті қорыту.

Салған суреттерден жақсы салынғандарын таңдап алып, тақтаға іліп, үлгі етіп көрсетіп, мақтау, қорытындылау.













47-сабақ. Тақырыбы: Үй жануалары.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: акварельді бояуды пайдалана отырып, төрт түлік малдың бейнелерін салуды үйрету; үй жануарларын натураға қарап бейнелеу; композицияны дұрыс құрастыра білу; губкамен бояу техникасы арқылы бейнелеу; суреттің фонын құрастыру.

Керекті құралдар: үй жануарларының суреттері, акварель бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: акварель бояулар, қарындаштар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетті ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме:балалардың үй жануарлары туралы алған білімдерін тереңдету үшін суреттер көрсету арқылы аттарын сұрау. Үй жануарларының төлдерін ажыратып айтуға, олардың қалай дыбыстайтынын меңгерту. Үй жануарларын күтуге, қамқор болуға баулу, ересек адамдардың еңбегін құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында жетектеуші сұрақтар қою арқылы балаларды әңгімеге тарту. Төрт түлік малдар туралы өлең-тақпақтар айтқызу.

2. Түсіндіру: балаларға бүгінгі бейнелеу оқу іс-әрекетімізде төрт түлік малдың суретін салатынымызды айту. Малдардың дене құрылысының ерекшеліктерін дұрыс беру үшін үлгі суретті салып түсіндіру.

3. Өзіндік жұмыс: Балалар жұмыс дәптерлерін алып, берілген жұмыстың салыну ретімен танысып, өздерінің қалауы бойынша суретті салады.

Балалардың жұмыстарын қарап, бақылау, көмектесу.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Салған суреттерден жақсы салынғандарын таңдап алып, тақтаға іліп, үлгі етіп көрсетіп, мақтау, қорытындылау.






























Тексерілді:

28.04.2016ж

Сурет салу

Тақырыбы: Көбелектің суретін саламыз.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: монотипті пайдалана отырып, пішіндерді симметриялы орналастыру негізінде сурет салуға үйрету; сәндік қолданбалы өнермен таныстыруды жалғастыру; эстетикалық талғамдарын дамыту.

Керекті құралдар: көбелектердің суреттері, гуашь, акварель бояу, қылқалам, су, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: гуашь, акварель бояулар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетті ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме:балаларға жұмбақ жасырып, оның дұрыс жауабы табылғаннан кейін көбелектердің суреттерін көрсетіп, дидактикалық ойын ойнауды ұсыну. Ойын барысында жинақталған мәліметтерге сәйкес көбелектердің түр-түсін, құрылысының ерекшеліктерін, қанаттарының орналасу реттілігін анықтау.

Балаларға көбелектің суретін салу жолдарын түсіндіріп, көрсету.

2.Сергіту сәтінде «көбелектер» әнін қимыл қозғалыстарымен қоса орындату.

3. Өзіндік жұмыс: Балалар көбелектің суретін салуда өздеріне таныс әдіс-тәсілдерді қолданады және әртүрлі қанық түстерді пайдалану арқылы көңіл-күйлерін көтеру.

Сергіту сәті

Балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созу.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасап, қорытындылау. Жақсы орындалған көбелектерден көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектерін бағалау.























49-сабақ. Тақырыбы: Ғарыш кемесі.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: геометриялық пішіндерді домалақ пен сопақшаларды пайдалану арқылы ғарыш кемесінің суретін салуды үйрету; балалардың аспан әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру; қиялдау сезімдерін дамыту.

Керекті құралдар: ғарыштың және ғарыш кемесінің суреттері, гуашь, акварель бояу, қылқалам, су, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: гуашь, акварель бояулар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетті ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балаларға теледидардан Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағы туралы үзінді фильм көрсетіп, космос әлемі жайында балалардың ой қорытындылауына жағдай жасау. Осындай ұшу айлағынан аспан әлемін зерттеу мақсатында ғарышкерлер әуе кемелерімен ұшады. Бүгін біз бейнелеу оқу іс-әрекетінде ғарыш кемесінің суретін саламыз.

2. Түсіндіру: үлгі ретінде алдын ала дайындаған ғарыш кемесінің суретін тақтаға ілу. Суретті салу реттілігіне балалардың назарларын аударып, суретті салып көрсету.

3. Өзіндік жұмыс: Балалар жұмыс дәптерлерін алып, берілген жұмыстың салыну ретімен танысып, өздерінің қалауы бойынша суретті толықтырып салады.

Балалардың жұмыстарын қарап, бақылау, көмектесу.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Салған суреттерден жақсы салынғандарын таңдап алып, тақтаға іліп, үлгі етіп көрсетіп, мақтау, қорытындылау.























50-сабақ. Тақырыбы: Хайуанаттар бағы.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды мазмұнды композиция құрастыруда мазмұнын өз қалаулары бойынша таңдауларына ерік беріп, композицияны дұрыс құрастыруға үйрету; сурет салу барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану; шығармашылық ой-қиялдарын дамыту.

Керекті құралдар: хайуанаттар бағындағы жабайы аңдардың суреттері, гуашь, акварель бояу, қылқалам, су, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: гуашь, акварель бояулар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетті ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: «Жабайы аңдар» дидактикалық ойынын ойнату. Мақсаты: балалардың жабайы аңдар туралы білетін білімдерін пысықтау.

Балаларға хайуанаттар бағындағы жабайы аңдардың суреттерін көрсетіп, жетектеуші сұрақтар қою арқылы балаларды әңгімеге тарту. Өздерінің қашан хайуанаттар бағына барғандарын, онда қандай аңдарды көргендерін айтқызу.

2. Түсіндіру: суретті салу реттілігіне балалардың назарларын ау- дарып, суретті салып көрсету.

3. Өзіндік жұмыс: Суреттің салу реттігімен таныстырып, қылқаламмен, бояумен дұрыс жұмыс істеулерін қадағалау.

Балаларға суретті салғанда өз қиялдарымен ойлана отырып композиция құрастыру керектігін айту.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Жақсы салынған суреттерден шағын көрме ұйымдастырып, бағалау, мадақтау.























51-сабақ. Тақырыбы: Әкеммен ағаш отырғызамыз.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: пропорцияналды қарым-қатынас негізінде мазмұнды композиция құрастыруға баулу; үлкен-кіші ұғымдарын адамдарды бейнелеу барысында дұрыс бере білуге үйрету; балаларға дене мүшелерін салуда дұрыс орналастыруға бағыт беру; сурет салуға деген құштарлықтарын ояту.

Керекті құралдар: бау-бақшада еңбек етіп жүрген адамдар бейнеленген суреттер, дайын үлгі, қағаз, түрлі түсті қарындаштар т.б.

Балаларға керекті құралдар: түрлі түсті қарындаштар, жұмыс дәптерлері.

Оқу іс-әрекетті ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балаларға көктем мезгілінде ауламызға, бау-бақшаларға, қалада да, далада да ағаш отырғызу науқаны жүретінін айтады.

Ағаш отырғызудың табиғатымызға, жеріміз бен елімізге пай- дасының мол екенін айтып ұғындыру. Балаларды еңбекке баули отырып, туған жеріміздің табиғатын қорғауға, күтіп баптауға, үлкендер еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

2.Сергіту.балаларға сергіту жаттығуын жасатып, демалдырып алып, әрі қарай жұмысты қалай орындау керектігін үлгі ретінде көрсету, балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді.

3. Өзіндік жұмыс: Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

Балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созу.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасап, қорытындылау. Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектерін бағалау.






















52-сабақ. Тақырыбы: Гүл шоғы.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерімен, қиялдарын дамыту; қылқаламмен сурет салу әдісін үйрету, түстерді араластыруды жетілдіру; көз мөлшерін дамыту; түстерді сезіне білуге, эстетикалық сезімін қалыптастыру.

Керекті құралдар: әдемі гүл шоқтары, гүл шоғының суреттері, акварель бояу, қылқалам, су, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: акварель бояулар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетті ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балаларға үнтаспадан гүлдер туралы әуезді ән тыңдату. Әннің мағынасын түсіне отырып гүлдердің әдемілігін,

сұлулығын, хош иісті болатынын сезіндіру. Көктемде дала гүлдерін жинап, әдемі гүл шоқтарын аналарымызға мерекеге тарту ретінде ұсынуға болатынын айтып, ұғындыру.

2. Түсіндіру: балаларға гүлдің суретін салу жолдарын түсіндіріп, көрсету.

3. Өзіндік жұмыс: Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмысты орындау тәсілдеріне сүйене отырып, тапсырманы орындайды.

Тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалап, бақылау.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекетті қорытындылай келе таза, ұқыпты, дұрыс салынған суреттер иесін бағалап, мақтау. Қорытындылау.











Тексерілді:

12.05.2016ж

Сурет салу

Тақырыбы: Дастарқан.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: сурет салуда ұлттық ою-өрнектермен дастарқанды сәндеп безендіруді үйрету; балалардың қазақтың ұлттық ою-өрнектер туралы танымдарын жинақтау; тұрмыстық заттардың көлеміне қарай ою-өрнектерді орналастыруды үйрету.

Керекті құралдар: қазақтың ұлттық тұтынатын бұйымдары және бейнеленген суреттері, дайын үлгі, қағаз, түрлі-түсті қарындаштар т.б.

Балаларға керекті құралдар: түрлі-түсті қарындаштар, жұмыс дәптерлері.

Оқу іс-әрекетті ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балалармен үнтаспадан «Дастарқан» әнін тыңдау. Сазды әуеннің мағынасын түсіндіріп, дастарқанның маңызы туралы айтып, білімдерін тереңдете түсу.

Балалармен бірге ұлттық тұтынатын бұйымдарды қарап, олардың ерекшелігіне, ою-өрнегі, түр-түсіне назар аудару. Дастарқанның түсіне, өрнектерінің орналасу реттілігін түсіндіріп, суретін салуға тапсырма беру.

2.Сергіту: балаларға сергіту жаттығуын жасатып, демалдырып алып, әрі қарай жұмысты қалай орындау керектігін үлгі ретінде көрсету, балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді.

3. Өзіндік жұмыс: Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

4. «Ұқсас сөздер» ойыны

Мақсаты: синонимдерді анықтау дағдыларын дамыту.

Барысы: психолог ойын ережесімен таныстырады. «Балалар бұл ойында мен атаған сөзге, ұқсас сөз айтуларың керек». Мысалы: психолог «үлкен» сөзін ұсынады, балалар: «ірі, дәу, зәулім».

Мейірімді - жанашыр, жылыжүрек, жақсы.

Аласа - кішкентай, биік емес және т.б.

Балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созу.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Жұмбақ жасыру:

Алға жайып түз-дәмін,
Келтіреді үй сәнін.
Ол халқымның ақ жаны,
Жақсы дәстүр маржаны.
Кең пейіл де арайлы,
Осы жерден тарайды.

(Дастарқан)

Балалар жұмбақтың шешуін тапқан соң өздері өрнектеп безендірген дастарқанның мән-маңызы туралы айта отырып, оқу іс-әрекетті қорытындылау.








54-сабақ. Тақырыбы: Ұлттық киім киген қуыршақтар.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ерлер мен әйелдердің ұлттық
киім үлгісіндегі суреттерін салуды үйрету;«ұлттық киім» тура-
лы түсініктерін қалыптастыру; сәндік қолданбалы өнермен та-
ныстыруды жалғастыру; балалардың эстетикалық талғамдарын
дамыту.

Педагогқа керекті құралдар: қазақтың ұлттық киімдері және
бейнеленген суреттері, дайын үлгі, қағаз, түрлі түсті қарындаш-
тар т.б.

Балаларға керекті құралдар: түрлі түсті қарындаштар, жұ-
мыс дәптерлері.

Оқу іс-әрекетті ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме:балаларға басқа да халықтар сияқты қазақ халқының өзіне тән ұлттық киімдері бар екенін айтып, балалардан ұлттық киімдердің аттарын сұрау. Олар: камзол, сәукеле, шапан, желетке, тақия, мәсі т.б.

Ұлттық киімдерді әртүрлі мақсатта пайдаланатынына назар
аудару.

Мысалы: ерекше айтулы той болғанда, үйлену тойларында,
ұлттық мерекелер атап өтілетін кездерде ұлттық киімдер киіледі.

Киімдерді жыл мезгіліне және адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты тігеді. Оларды ұлттық ою-өрнектермен әшекейлейді.

Бүгінгі бейнелейтініміз ұлттық киім үлгісіндегі қуыршақтар.
2. Түсіндіру: үлгі ретінде жұмыстың орындалу реттілігімен танысты-
рып, көрсету.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекет соңында дайын болған жұмыстарды үстел үс-
тіне қойып, балалармен бірге қарау. Балалардың еңбек нә-
тижесінде сәтті шыққан ұлттық киімдерге ерекше тоқталып, оның
мазмұнына, орындалу мәнеріне назар аударып, атап өту.








Тексерілді:

Сурет салу

21.04.2016ж

Тақырыбы: Бақтар гүлдегенде.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: табиғаттың келбетін, көктемге
тән белгілерді беру дағдысын нығайту; түс және эстетикалық
қабылдау сезімін дамыту; табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: көктем келбеті бейнеленген суреттер, гуашь қылқалам, қолорамал, су құйылған ыдыс.

Балаларға керекті құралдар: гуашь, су құйылған ыдыс, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетті ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балаларды туған жердің әсемдігіне назар аударту.
Туған ел, туған жер туралы суретшілердің салған туындыларын
көрсету арқылы әңгіме, өлең-тақпақтар айту.

2. Түсіндіру: Бүгінгі бейнелеу оқу іс-әрекетімізде шабындықтар мен бақтардың гүлдеген бейнесін салып үйренеміз. Үлгі ретінде
жұмыстардың орындалу реттігімен таныстыру. Суретті салып
көрсету.

3. Өзіндік жұмыс: Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау реттілігіне қарап, жұмыстарын орындауға кіріседі.

Тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалап, ба-
қылау.

Сергіту сәті

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекетті қорытындылай келе таза, ұқыпты, дұрыс салынған суреттер иесін бағалап, мақтау. Қорытындылау.




















56-сабақ. Тақырыбы: Менің достарым.

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: нақты адамның сыртқы келбетін мінез-құлық ерекшеліктерімен қоса, көңіл күйін портретте бейнелеп салуға үйрету; балалардың портреттік кескіндеме туралы түсініктерін қалыптастыру; адамның бет әлпетіне тән ерекшеліктерін беруді еске түсіру.

Керекті құралдар: адамның бет әлпеттері салынған портреттер, гуашь, қылқалам, су, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: гуашь, су құйылған ыдыс, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетті ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балаларға дидактикалық ойын ойнауды ұсынуға болады. «Менің жүзімнен не байқадың?» Балалар бір-бірінің жүзіне қарап көңіл күйлерін, мінез-құлық ерекшеліктерін аңғарады. Балаларды жетекші сұрақтар қою арқылы ойынды жандандыра түсуге, тереңдете мағыналы етуге болады. Енді осы ойын барысында досыңның бет әлпетінен байқаған мінез-құлық ерекшеліктерді, көңіл күйін суретке салуға болатынын айту.

2. Түсіндіру: үлгі ретінде жұмыстардың орындалу реттігімен та- ныстыру. Суретті салып көрсету.

3. Өзіндік жұмыс: Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау реттілігіне қарап, жұмыстарын орындауға кіріседі.

Балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созу.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасап, қорытындылау. Жақсы орындалған портреттерден көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектерін бағалау.





















57-сабақ. Тақырыбы: Қош келдің, жаз!

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды түрлі бейнелеу матери- алдарын қолдана отырып, жаз мезгілін бейнелеуге; композицияны әдемі, дұрыс құрастыруға үйрету; шығармашылық қиялдау қабілеттерін дамыту.

Керекті құралдар: жаз мезгіліндегі әдемі гүлдердің суреттері, гуашь, қылқалам, су, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: гуашь, су құйылған ыдыс, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетті ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балалардан жыл мезгілін сұрап, көктемнен кейін жадырап жаз келетінін, жаздың көктемнен айырмашылығы қандай болатынын әңгімелету. Жаз мезгілін сипаттату, суретке қарап жаздың жайқала өсетін шөптері мен әдемі гүлдеріне назар аударту. Жаз мезгілі туралы өлең-тақпақтар оқып беру. Бүгінгі бейнелеу оқу іс-әрекетімізде жадыраған жаздың келбетін бейнелейтінімізді айтып, түсіндіру.

2. Түсіндіру: Үлгі ретінде жұмыстардың орындалу реттігімен таныстыру.

3. Өзіндік жұмыс: Балалардың жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау реттілігіне қарап, жұмыстарын орындауға кіріседі.

Тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалап, бақылау.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекетті қорытындылай келе таза, ұқыпты, дұрыс салынған суреттер иесін бағалап, мақтау. Қорытындылау.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!