СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Берекелі Алтын күз" ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.

Жүргізуші:  Қарсы алайық бәріміз,                        Жасымыз бен кәріміз.                        Қырдан кепті қыдырып,                        Алтын күз бізге нұр төгіп.  Тілегім аман болсын ел іргесі,  Алтын күз қайта келді берекесі.  Молшылықтың жаршысы бола білді,  Алтын күз -ырыс,береке,бірлік ала келді.  Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша - «Берекелі Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! 

Просмотр содержимого документа
«"Берекелі Алтын күз" ертеңгілігі»

«Берекелі, Алтын күз»

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз, 
Жасымыз бен кәріміз. 
Қырдан кепті қыдырып, 
Алтын күз бізге нұр төгіп. 
Тілегім аман болсын ел іргесі, 
Алтын күз қайта келді берекесі. 
Молшылықтың жаршысы бола білді, 
Алтын күз -ырыс,береке,бірлік ала келді. 
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша - «Берекелі Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!  Балалар бүгін бізде үлкен мереке,осы мерекемізді бастамас бұрын, әсем әннің арқасында жаз мезгілімен қош тасайық. «Ақбота» тобының тәрбиеленушісі Дүйсенбекова Еркежанның орындауында

«Гүл көбелек» әнін қабыл алыңыздар. Осы мерекеміздің шымылдығын

Нұрдаулеттің жұмбағымен бастайық.

Күн суытып,

Жаңбыр жауып.

Талдан жапырақ түседі,

Айтындаршы, балалар

Бұл қай кезде болады? (Күз)

-Дұрыс айтасындар.

-Ал күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?

-Жаңбыр жауады, күн суытады.құстар жылы жаққа ұшады, жапырақтар сарғаяды т.с.с.

Жүргізуші: Ал балалар, балалар,

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші-олай болса, қонағымызды ортаға шақырайық. Музыка ойнап, ортаға Күз ханшайымы ортаға кіреді.
Күз ханшайымы: Армысындар ма балдырғандар?! 
Күзгі бақтағы қонақтар. 
Өздеріңе әкелдім, 
Күздің сыйын көз тартар. 
Балалар: Көп рахмет сізге! 
Жүргізуші: Алтын күз, мына сыйды қонақтарға таратып берсек бола ма? 
Күз ханшайымы: Жоқ бұл сыйды қонақтар еңбек етіп, тер төгіп, жеңіп алулары қажет. Өйткені күздің сыйлары: жемістерде, көкөністерде тек адамның еңбегінің арқасында болады. Сондықтанда балалардың,ата-аналардың өнерлерін тамашалаған соң беремін.Айтпақшы, ұмытып бара жатыр екенмінғой мен жалғыз келгем жоқпын бауырларымды ерте келдім: қыркүйек, қазан, қараша.

Қыркүйек: Бір-біріне жер аспан , (Айғаным)

Мейіріммен қарасқан.

Ұстаз-шәкірт жүздескен

Қош келіпсіз күз дескен.

Қазан: Күздің қазан айында, (Нұрәли)

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр түседі.

Қараша: Күн суытып барады, (Әділхан)

Малдар қолға қарады.

Қарашы ауыл даламыз,

Қысқа дайын боламыз.

Жүргізуші: Рахмет саған Күз ханшайымы. Қабыл алдық сыйды біз. Отырыңыз қонағымыз болыңыз, төрлетіңіз.Ал, енді балалар бекер қарап тұрмайық, ән салып, би билеп өнерімізді көрсетейік.

Ән: «Жаңбыр»

Күз ханшайымы: Жапырақ та сиқырлы

Ойын ойнар сан түрлі дегендей балалар мен құр қол келгем жоқ. Сендермен ойын ойнағым кеп тұр.

Ойын: «Себетке кім бірінші жетеді?» (жемістер мен көкөністерсалынған себетке қауынның көмегімен жету).

Жүргізуші: Қуаныштың ағайын,

Қоңырауын қағайын.

Қуандырып біздерді,

Өлкемізге күз келді дегендей. Балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Нұрдаулет: Түсті талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Жаңбыр жерге секірді.

Нұрай: Қарашы, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неткен күз еді.
Таңнұр : Шоғы толан гүлдей жайнап

Жарқырайды Алтын күз.

Сайрандап күліп ойнап,

Келіп кетті қыркүйек.

Сұлтан: Қазан айы молшылық

Дәулет қорын қалаған

Заңғар көкке қол соғып

Құстар ұшып барады.
Аяна: Жер берді жемісті

Күз келді келісті

Күз — байлық береке

Алтын күз — мереке.

С.Айзере: Сап - сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.
Жүргізуші: Әсем әуен салдырған 
Сәбилер де алғыр жан 
Бал дәуреннің қызығын 
Есте қалар балдырған. 

Ән: «Осень»

Жүргізуші: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді. «Алтын күз» мерекесіне арналған балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Жігер :Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ!

Мырзағали :Біреу астық түсірді

Біреу астық ұшырды

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп.

Бағжан :Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Мирас: Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті Алтын күз

Кемелденсін халқымыз.

Б.Айзере : Сары ала тон жамылған

Күз атамыз секілді

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі.

Жүргізуші: Қолшатырлар көбейіп,

Келді міне алтын күз ,

Аспан жасы төгілді.

Таңқалдырар адамды

Мың құбылған бейнесі.

Би: «Бұлт пен тамшылар».

Жүргізуші: Тағы кезек тақпақтарға да келіп жетті.Ортаға Заңғар,Сырым,Ақнұр,Елжан,Тоғжанды шақырамыз.

Заңғар:Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.

Сырым :Алтын күз — мереке.

Сарғайды тоғай,
Сап - сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып

Ақнұр: Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көпегін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.

Елжан :Тоңазыпатырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.

Тоғжан: Жайдары күз,жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз

Дәнге толы ен далам

Дариядай шалқып жүр.

Жүргізуші: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.

Құрметті ата-аналар «Айгөлек» тобынан құралған оркесторладың өнерлерін тамашалаңыздар.

«Оркестор» (музыкалық аспаптармен)

Жүргізуші: Ал енді құрметті ата-аналар сіздермен де бір ойын ойнауға сәтте келіп жетті. Енді бір сәт назар сап

Мақтау менен сыйға лайық

Қол өнерін тамашалайық.

Ойын: «Кім баласын балабақша тез киіндіреді?»(газеттен ұл, қыз баланың киімдерін жасау)

Жүргізуші: Күз мерекесі өте керемет мезгіл,даланың барлығы ғажайып бақ сияқты.Сол бақта ертегідегідей құлпырып жүресін-дегендей ортаға «Ақбота» тобының тәрбиеленушісі Нурланова Дильназдың орындауында «Ертегілер» әнін қабыл алыңыздар.

-рахмет,кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.
Даулет: Келеді көшіп комбайн,
Алтын дария егінді.
Жинап маржан бидайын,
Күзіміз неткен көңілді.
Жалғас: Қарашы, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неткен күз еді.

Ақерке :Аспанды сұрғылт бұлт
Жан-жақтан жабады.
Күн бірте суытып,
Жауын көп жауады.

Елдана :Еңбек қызып қырманда

Бидай толды қырманда

Алтын таулар секілді

Сап-сары болып тұрғанда.

Елнұр :Алма пісіп, алмұрт түсіп,

Күзде бақтар жайнайды.

Құстар қайнап, қош айтысып,

Қимас үнмен сайрайды

Ангелина:Туча небо кроет

Солнце не блестит

Ветер поле воет

Дождик моросит

Күз ханшайымы: Құрметті қонақтар, балалар менің бақшамдағы жемістер мен көкөністерді жинауға көмектесесіндер ме?

-Әрине көмектесеміз.

Жүргізуші:Ән салыңдар күліңдер 
Жайнап гүлдей жүріңдер 
Күздің тойын тойлайық 
Би билейік, ойнайық. 

Би: «Жемістер мен көкөністер».

Күз ханшайымы: Керемет! Балақайлар, сендердің арқаларында бақшамдағы барлық жемістермен көкеністерді жинап алдым.

Жүргізуші: Күз тойын тойлайық, тағы да жомарт күзге ән арнайық.

Ән: «Жау-жау жаңбыр».

Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балаларымыз, ата-аналарымыз өз өнерлерін көрсетті енді сіз әкелген сыйлықтарды беруге болатын шығар.

Күз ханшайымы: әрине берем.Мен сіздердің өнерлеріңізге тәнтә болдым.Балаларыңыз шеттерінен өнерлі екен. (сыйлықты тарату себеттен) Енді рұқсат етсеңіздерменің басқа балабақшаға баратын уақытым да болды. Мен енді кетейін, сау болындар! Келесі кездескенше.

Жүргізуші: Балалар, Күз ханшайымына рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Берекелі, Алтын күз» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. 
« Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып 
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.»-деп сіздермен қоштаспақпыз.(күзгі жәрмеңке, көрме ұйымдастырған ата-аналарға алғыс айту.)



БАҒДАРЛАМА «Айгөлек» тобы


  1. Жүргізуші

  2. Еркежан «Гүл көбелек» әні

  3. Сұрақ-жауап

  4. Жүргізуші

  5. Күз ханшайымы келеді

  6. Жүргізуші

  7. Ән: «Жаңбыр»

  8. Ойын: «Себетке кім бірінші жетеді?»

  9. Тақпақтар

  10. Жүргізуші

  11. Ән: «Осень»

  12. Тақпақтар

  13. Жүргізуші

  14. Би: «Бұл пен тамшылар»

  15. Тақпақтар

  16. Жүргізуші

  17. «Оркестор» (музыкалық аспаптармен)

  18. Ойын: (ата-аналармен)

  19. Дильназ «Ертегілер» әні

  20. Тақпақтар

  21. Би: «Жемістер мен көкеністер»

  22. Ән: «Жау-жау жаңбыр»

  23. Күз ханшайымы кетеді

  24. Қорытынды




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!