СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Берекелі алтын күз!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Берекелі алтын күз ертеңгілігін балалармен өткізу.Балалардың күз мезгілін таныстыру.

Просмотр содержимого документа
«"Берекелі алтын күз!"»



Кейіпкерлер: Жүргізуші, Жаз, Күз, Күнтізбе, Қар, Жаңбыр, Құс.

(Музыка сүйемелдеуімен балалар залға кіріп, орындарына жайғасады).

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
                          Жасымыз бен кәріміз.
                          Қырдан кепті қыдырып,
                          Алтын күз бізге нұр төгіп.

Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Берекелі алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ертеңгілігімізді балалардың күзге арнаған өлең жолдарымен бастайық.

Тақпактар:

Диара: Қарашы күз келді,күз келді,

Сары алтын жауыпты іздері.

Қыс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неліктен күз еді

Амирхан: Алтын сары,қызыл көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жалтырап.

Самира: Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық-ау,

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау!

Ғани: Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып-теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.

Жарайсыңдар балалар! Балалар келесі кезекті әсем әнімізге берейік. «Құлпынай» тобының орындауында «Күз тамаша!» әні.

Ән: «Күз тамаша»

Балалар ортаға мың бұралған биші қыздарымызды шақырайық.

Би: «Қолшатыр»

Жүргізуші: Келе жатыр жүгіріп, келе жатыр асығып,

Кім екен бұл балалар? (балалар: Күз)

Тезірек ол жетсін деп,

Бәріміз бірге бірігіп, қол соғайық балалар!

(балалар шапалақтайды)

(Музыка ойнайды, залға Жаз Ханшайымы кіреді билеп, гүлдермен)

Жаз: Армысыңдар балалар! Таныған боларсыңдар? Бұл мен ыстық жазбын, ең қызықты жыл мезгілдерінің бірімін.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Жаз! Сізді көргеніміз үшін өте қуаныштымыз. Бірақ біз Күзді тосып отырмыз.

Жаз: Білемін, бәрін де білемін. Біле тұра сендерді қимаймын, сондықтан кеткім келмейді. Күзді көруге келдім. Қайсымыз әдемі, әрі қызықты екенің салыстырғым ақ келді.

Жүргізуші: Сізді Жаз біз өте жақсы көреміз, әрі Күзді, ызғарлы Қысты, шуақты Көктемді де жақсы көреміз. Солай ғой балалар? (балалардың жауабы)

Жаз: Жоқ, күзде суық және көңілсіз! Сенбеймін, сенер емеспін.

Жүргізуші: Жаз ханшайымы сен онда балалардың Күз мезгіліне әзірлеген әндерін тыңдап көрші. Мүмкін ойыңды өзгертесің.

Ән: «Тамшылар»

Жаз: Балалар әндерің тамаша екен. Бірақ, мерекені менімен тойлай берсеңдерші.

Жүргізуші: Сіз тіпті Күз ханшайымды танымайсыз ғой. Кәне балалар, Жаз ханшайымға ертегіні көрсетіңдерші.

Ертегі:

Жүргізуші: Баяғы бір заманда, тіпті жер бетінде, адамдар болмаған кезде, аса қадірменді Күнтізбе өзінің кеңесшілерін жинап алып, тіл қатады.

Күнтізбе: Мен, жер бетінде тәртіп орнағанды қалаймын. Ыстық болсын деймін! (сиқырлы таяғын соғады) Тіпті суық ақша қар жер бетін жауып жатса деп армандаймын. (сиқырлы таяғын соғады)

Кеңесші қар: О, аса қадірменді Күнтізбе! Бұл мүмкін емес. Қармен бірге жер бетті қарыған ызғар келеді.

Күнтізбе: Иә, дұрыс айтасын. Ендеше қыспен дос боласын.

Жүргізуші: Қар Күнтізбеннің шығарған үкімін қоштап, риза болады.

Кеңесші Жаңбыр: О, аса қадірменді Күнтізбе! Ыстық болғанда жаңбырсыз өмір сүруге болмайды!

Күнтізбе: Дұрыс айтасын жаңбыр! Ендеше сен ыстық жазбен дос боласын.

Жүргізуші: Жаңбыр да бұл шешімге риза болады. Күнтізбе сөзін аяқтай бергенде, кішкентай құс ұшып келеді.

Құс: Ұлы әрі мәртебелі Күнтізбе! Егер жер жүзінде тек жаз бен Қыс болса, біз құрып кетеміз.

Күнтізбе: Неліктен?

Құс: Біз Қыс мезгілі мен жаз мезгіліне дайындық жасауға үлгермейміз. Қыста еш нәрсе өспейді. Ал жазда жеміс жидектер, көкөңістер, дәнді дақылдар пісіп үлгермейді.

Күнтізбе: Уа, кішкетай құс, дұрыс айтасын. Көктем де, күз де керек. Шуақты көктем қыста мызғыған жерді оятады. Жомарт күз жазда піскен өнімді жинап алуға мүмкіндік береді.

Жүргізуші: осылайша жылдың төрт мезгілі пайда болды: Олар: Көктем, Жаз, Күз және Қыс.

Жаз: Керемет ертегі! Жылдың төрт мезгілінсіз өмір жоқ екен! Менің Күз мезгілімен танысқым келеді!

Жүргізуші: Ендеше Күзді шақырайық!

Балалар: Кел, кел Алтын күз, қуанамыз бәріміз! (Музыка, залға Күз кіреді)

Күз: Сәлем өрен достарым, алақанды тос бәрің.

Қымбатты сый алындар, қызығына қаныңдар.

Ән салыңдар, күліңдер, жайнап гүлдей жүріндер.

Кел, күз тойын тойлайық, би билейік, ойнайық.

Жүргізуші:.Рахмет саған алтын күз, біз өзіңді сүйеміз!

Би: «Бақалар»

Күз: Қандай өнерлі балаларсыңдар, рахмет сендерге! Балалар, маған көмектесе аласыңдар ма? (балалардың жауабы) Далада картоп жиналмай қалыпты, сол картопты тез жинауымыз керек. Кәне көмекшілер, шығындар ортаға.

Ойын «Картопты жина»

Жаз: Күзде қызық болады деп, ойлаған емеспін. Міне керемет!

Жүргізуші: Күз өзінің мол астығымен бірге ән, тақпақ, биді де сыйға тартады.

(Ортаға екінші топтың балалары шығады, өз өнерлерін көрсетеді)

Ән : «Күз мезгілі тамаша»

Жаз: Күзгі мерекеде өте қызықты болады екен! Рахмет сендерге балалар, Рахмет саған Алтын күз, мен енді түсіндім, Күз мезгілі тамаша! Менің кететін уақытым келді.

Күз: Тоқта, жаз! Мына себет толы сыйлығымды қабыл ал. Ал мынау сыйлығым барша отырған сүйкімді де өнерлі де, еңбекшіл балаларға арналады.

Жаз бен балалар: Рахмет!

Күз: Көңілді ойнадық, көп ертегі тыңдадық, би билеп ән салдық!

Жүргізуші: Осымен, құрметті балалар, «Берекелі алтын күз!» атты ертенгілігіміз аяқталды. Топқа барып күздің сыйлығын дәмін көрейік.

Сау болыңдар! (деп кетеді, балалар қоштасады)

















71 «Мөлдір балабақшасының

әдіскері______­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_____­­­­­­­­Ташмаганбетова Г.Б

«____»________________2018 ж.









«Берекелі алтын күз»









Тәрбиеші:Ташметова И.С





Астана,2018 жыл

»













































АНЫҚТАМА

Күні: 11 қазан 2018жыл

Уақыты: 11.10-10.15

Тақырыбы: «Берекелі алтын күз»

Тобы: «Кұлпынай»

Өткізген: Тәрбиеші Ташметова Индира

«Берекелі алтын күз» ертеңгілігіне топтан жалпы 26 баладан 22 бала қатысты.

Ертеңгілікті тәрбиеші Ташметова Индира мен тәрбиеленуші Мурат Саян жүргізді. Ертеңгілік, күз мерекесі сабантойға қатысты болғандықтан, балалардың қолдарына жеміс пен көкөністер салынған кішкене себеттерін музыкамен залға бір-бірлеп алып кіріп, қамбаға салды. Ертеңгілік барысында балалар тақпақтар айтты. Жалпы топ болып 2 өлең орындады. Жеке балалардан құралған топ «Тамшылар» өлеңін ұсынды. Тәрбиешілер ертегі койып берді. Ертеңгілікке «Жаз, Күз, Күнтізбе, Қар, Жаңбыр, Құс» кейіпкерлері келді. Алтын куз, балалармен «Картоп жинау» ойынын ойнады.Хореограф жетекшінің басқаруымен қыздар тобы «Қолшатыр» биін биледі.Ұлдар «Бақалар» биін биледі.

Жалпы ертеңгілік орташа деңгейде өтті. Биылғы оқу жылындағы алғашқы ертеңгілік болғандықтан көбшілігі ұялып, тартынып, берілген тапсырманы орташа деңгейде алып шықты.

Анықтамаға тіркелді:

1. «Берекелі алтын күз» ертеңгілік сценарий

2. Суреттер