СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Берекелі күз келді

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға күз мезгілімен таныстыру.Ертеңгілік іс-шара.

Просмотр содержимого документа
«Берекелі күз келді»

«Берекелі күз»



1 Жүргізуші: Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Күзгі тойды жұп жазбай.

Келіңіздер қарсы алайық!

1 Құрметті ата-аналар,қонақтар бүгінгі біздің «Берекелі күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер, «Сұңқар» тобының балаларын қарсы алыңыздар.

Қайтқан кұсты көрдіңбе,

Қаптай ұшқан әуелеп.

Күткен күзім келдің бе,

Сыңсып бағың мәуелеп.

2 БАЛАЛАР орындауында тақпақтар

АРАЙЛЫМ : Шоғы толған гүлдей жайнап,

Жарқырайды алтын күз.

Сайраңдап күліп ойнап,

Келіп кетті қыркүйек.

БАҚЫТЖАН: Қазан айы молшылық,

Дәулет қорын қалаған.

Заңғар көкке қол соғып,

Құстар ұшып барады.

АЙАРУ: Біреу астық түсірді.

Біреу астық ұшырды.

Жатқан мезгіл күз екен.

Алдым соны түсініп.

БЕКБОЛАТ: Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті Алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

ЖАНАРУ:Сары ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді.

Қойны толы дәмді нан,

Тәттісік көп не түрлі.

БЕКЖАН: Алтын сары,қызыл,көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақтар күлімдеп,

Көз тартады жалтырап.

АРЛАН: Жер берді жемісті,

Күз келді келісті.

Күз - байлық береке,

Алтын күз - мереке.

АЛИ: Еңбек қызу қырларда,

Бидай толды қырларға.

Алтын таулар секілді,

Сап-сары болып тұрғандай.

ЖАНАР: Құстар қатты қыс болды,

Сұр бұлт жапты аспанды.

Жапырақ түсті гүл солды,

Қараша ызғары басталды.

3 Ән « БЕРЕКЕЛІ КҮЗ »

4 Әннің дыбысы Құстар туралы. Балалар бұл не дыбыс? (құстардың үні) Біреу жылап тұрған сияқты, өйткені күн суытып,құстар жылы жаққа ұшып баражатыр. Құстар тоңды.

ЖҮРГІЗУШІ: Балалар күз мезгілінде қандай өзгерістерді байқайсыңдар?

БАЛАЛАР: Күн суытады,құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жапырақтар жерге түседі. Ауа райы бұзылып, жа.быр жауады.

ЖҮРГІЗУШІ: Балалар біз көңілімізді түсірмейік, Күз мезгілі бізге тамаша , бізге молшылық, береке әкеледі. Балалар сендерге жұмбақ жасырайын.

Әкеміз ала баспақ асырады,Күз келсе соямын деп асығады.

Баспағын бойын шөпке жасырады, Еті қызыл, терісі жасыл әлі. (қарбыз)

5. « Қарбыз биі» Ұлдардың орындауында.

6. Көк майса көрікті,

Алқаптағы көп егін,

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.

7. САҢЫРАУҚҰЛАҚ кіреді.

8. ӘУЕН.

9. « ЖАҢБЫР » ӘНІ

10. БАҒБАНШЫ кіреді. СЕН кімсің, қацдан келдің?

11. ЖЕМІСТЕР МЕН КӨК ӨНІСТЕР тақпақтар.

12. Ойын Жемістер мен көкөністер туралы

13. Желдің дыбысы.

14. КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ кіреді.

15. Жүргізуші : Қош келдің берекелі КҮЗ ханшайымы. Біздің балаладың өнерін тамашалаңыз . Күзде жаңбыр жауады,ойнатпайды біздерді, қолымызда қолшатырмен ойнауға барамыз. ҚЫЗДАРДЫҢ орындауында ҚОЛШАТЫР БИІ.

16. АТА –АНАЛАР МЕН ОЙЫН.

Көркейткен ауланы,

Көріңдер алманы.

Тіліңді уйірер,

Шырынды, бал дәмі.

Демекші алмалардың сыртында әріптер жасырынған, сол әріптерге байланысты бас әріптен тұраТын сөздер арқылы балаңызды қалай еркелетесіз? 2 сол әріптерге сәйкес күзге арналған тілектерің.

17. СӘН КӨРСЕТІЛІМІ. Сұңқар тобының 2017ж күзгі топтамасы. Қарсы алыңыздар.

18. СӨЗ кезегі

19. БИ.