СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Кіші сала: Мүсіндеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адамның қозғалыс фигурасын мүсіндеу дағдысын бекіту. Пішінді, қозғалыстарды айнытпай беруге қол жеткізу. 

Просмотр содержимого документа
«Білім беру саласы: «Шығармашылық» Кіші сала: Мүсіндеу»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.


20.11.2015ж.

Жасы: 5-6 Ересек «Қарлығаш» тобы

Тәрбиеші: Мендыбаева

Тақырыбы: Шана үстіндегі бала

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Кіші сала: Мүсіндеу

Мақсаты: Адамның қозғалыс фигурасын мүсіндеу дағдысын бекіту. Пішінді, қозғалыстарды айнытпай беруге қол жеткізу.

Алдын-ала жұмыс және оқу іс-әрекетіне дайындық: Адамның қозғалыс фигурасын мүсіндеу дағдысын бекіту

Сөздік жұмыс: шана, бала,мүсін.

Дидактикалық құралдар:ермексаз, тақтайша,


Іс-әрекет

кезеңі

Педагогтың басқарымдық қызметі.

Балалардың іс-әрекеті

I кезең-

мотивациялық-

қозғаушы

Ортадағы шана үстіндегі бала бейнеленген сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Бұл суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?

Шананы қай жыл мезгілінде қолданады?

Шана құмға жүреді ме?

Шананы не үшін қолданады?

Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Балалар әңгімелейді.

Суретте қыс жыл мезгілі бейнеленгенін айтады.

Шананы тек қыс мезгілінде қолданатындарын айтады.

Шананың құмға жүрмейтіндерін, шанамен сырғанақ тебетіндерін айтады.

IIкезең-проблемалық -ізденушілік

Қыс мезгіліндегі іс-әрекеттерін сұрайды. Қандай заттарды қысқы ойындарда қолданасындар? Шананы не үшін қолданасындар? т.б.

Жылдың төрт мезгілін әңгімелеу,( жаз, күз,қыс,көктем)

Қыс мезгіліне тоқталу.

Киім (пәлте, пима, қолғап бас киім т.б.) атау,киістерін әңгімелеу,

Балалардың қыс мезгіліндегі қозғалыс ойындарын қайта жаңғырту.

Тәрбиеші балаларға ермексаздан жасалған шана үстіндегі баланы көрсетеді.

Балалар біз сендермен бүгін ермексазбен шана үстіндегі баланы мүсіндейміз.

Ол үшін алдымен мен сендерге қалай мүсіндейтінімізді көрсетейін. Әдіс тәсілдерді айтады. Енді балалар қолымызды жаттықтырып ауада мүсіндеп алайық.

Сергіту сәті:

Енді балалар өз беттерінше мүсіндеңдер.



Балалар мұқият тындап,түрлі сұрақтарға жауап іздейді.

Жаңа сөздерді түсініп, еске сақтау.

шанамен сырғанақ тебетіндерін айтады

ІІІ кезең Рефлексивті-

түзетуші

Балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз не туралы?

Біз қалай мүсіндедік?

Қандай әдістерді қолдандық?

Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап бере отырып, ұйымдастырылған лқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Күтілетін нәтиже:


Ұғынады:Адамдардың қозғалысын, дене пішінін атау.

Түсінеді: «Шанадағы баланы» мүсіндеуге қызығушылықтары

Қолданады: Бейненің қосымша және сәнді бөліктерін мүсіндеуі .

























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жасы: 5-6 Ересек «Ақбота» тобы

Тақырыбы: «Мен көшедемін».

Білім беру саласы: «Денсаулық »

Кіші сала: Валелогия

Мақсаты: Жолда жүру ережесіне мағлұмат беру.Балалардың жолда жүруінің тәртіп ережелерін қалыптастыру. Алған білімдерін іс жүзінде қолдануға қызығушылығын тудыру. Жол белгілерін ескерту, білуге үйрету. Байқампаздыққа , зейінділікке тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс және оқу іс-әрекетіне дайындық: Жолда жүру ережесіне мағлұмат беру.Балалардың жолда жүруінің тәртіп ережелерін қалыптастыру.

Сөздік жұмыс: Жол белгілері, бағдаршам, көше

Дидактикалық құралдар:Жол белгілері, суреттер

Билингвальдік компоненті: жаяу адам- пешеход

тәртіп реттеуші- регулировщик

І әрекет кезеңдері

Педагогтың басқарымдық қызметі

Балалардың іс-әрекеті

І кезең- мотвациялық- қозғаушы

Балаларды шеңберге жинап «Валелогия» картасына

қарап, келген аялдама атын хабарлай отырып жұмбақ жасырады.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қолма аспанға

Жасыл көзін ашқанда

Өте бергін жасқанба

Ол не? (Бағдаршам).


Ұл – қыздар қарсы тұрып бір – бірінің аман – саулығын сұрап, бүгін қандай сұлусын! – деп көңілін көтереді. «Валеология» картасына қарап аялдамаға назар аударады.

Жұмбақ шешеді.

ІІ кезең-проблемалық-

ізденушілік

Бағдаршам қайда тұрады? (көшеде). Көлікпен немесе адам жаяу келе жатқанда өз - өзіне жауапты. Жол үстінде, көшеде жүргенде сақтану керек. Сол туралы бүгін сабақта айтылады.

Сергіту сәті.

Сурет бойынша көшедегі көлік түрлері көп екенін және олар бір-біріне келе жатқан адамға кедергі жасамайтынын түсіндіреді.

Балалар, көшенің екінші бетіне өтудің өзіне не көмектеседі?

-Дұрыс, бағдаршам,

Ал, егерде бағдаршам өшіп қалса не болады?

-Бұл жағдайда тәртіп реттеуші жолға шығады.

Көше және жол заңы деп «Жолда жүру ережесін» айтады.

Ойын: «Бағдаршам»

Әліппе дәптерімен жұмыс.

1.Есіңе сақта

Көшеден өткенде арнайы жерден, жасыл жаңғанда өт немесе реттеушінің белгісін күт.

2.Жол қиылысында аса абай бол.

3.Көшеден тек жаяулар өтпелері бойынша өт.

4.Көшелер мен жолдарда шанамен сырғанап ойнама.








Сурет бойыша сұрақ-жауап арқылы әңгімелеседі.


«Есіңе сақта» - жолдарын тыңдап қайталайды.







Ойынға әсерлі қатынасып «Жол белгілері» туралы білім алды

ІІІ кезең- рефлексивті- түзеуші

Қорытындылау:

1.Бағдаршамға қарауды ұмытпа.

2.Жолдан өтер кезде – алдымен сол жағыңа, содан кейін оң жаққа қарап арнайы жаяу жүру жолымен өт.

3.Көшеде бейтаныс адамдар мен сөйлеспе және ілесіп кетпе.

Мұқият тыңдаған, зейінді болған, ойынға қатысқан баланы мадақтайды. Қойылған сұрақтарға толық жауап бере отырып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылайды

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Жолда жүру ережелерін білу. Жол белгілерінен пайдалану үйрену.

Түсінеді: Көшеде жүру ережесінің маңыздылығын түсіну

Қолданады: Алған білімдерін іс жүзінде қолдану






































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жасы: 5-6 Ересек «Ақбота» тобы

Тақырыбы: Алдар Көсенің шапаны

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Кіші сала: Жапсыру .

.Мақсаты : Ертегі кейіпкері Алдар көсеге мінездеме бере отырып, оның киімдеріне назар аударту. Кейіпкердің шапанын қағаздан қиып жапсыруға машықтандыру.

Жапсыру барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу

Алдын-ала жұмыс және оқу іс-әрекетіне дайындық:

Сөздік жұмыс:

Дидактикалық құралдар:


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің басқарымдық әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті.

І кезең- мотивациялық- қозғаушы

Ертегі кейіпкерлеріне байланысты жұмбақтар жасыру. Әр кейіпкерлерге жеке-жеке мінез-құлықтарына тоқталу, өздерінің сүйікті кейіпкерлері жайлы сұрау.

-Ал балалар мынау қай ертегі кейіпкері?

-Иә, бұл Алдар көсе.

Алдар көсе туралы айтып кету.

Эмоциялық сезім жұмбақтардың шешулерін табады.

Суреттерге қарап, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Қай ертегі кейіпкері екенің атайды.

Алдар көсе туралы өз білгендерін баяндайды.

ІІ кезең-ұйымдастырушылық-ізденушілік

Сюрприздік сәт: Алдар көсе келеді. Келіп балалармен амандасып, кіреді. Қолындағы домбырасымен өлеңдетіп ән айтып береді.

Алдар Көсе туралы қандай ертегілер естіп-көргендері жайлы сұрау.

Ал балалар Алдар көсе үстіне не киген екен?

Ол өзінің шапанының сиқырлы екенін, қиын кезде көмектесетінін айтады.

Алдар көсе: « Ол балалар мен асығып тұрмын, анда мні бай күтіп тұр, тағы бірде жолығармыз деп»-қоштасып, кетеді.

Ал балалар сендер Алдар көсенің үстіндегі шапанды мұқият қарап алдыңдарма, қазір түрлі-түсті қағаздан сондай шапанды қиып жапсырамыз.

Ол үшін біз бірінші шапанды қию үшін қағазды екіге бүктейміз.

Қағазды қалай бүктейміз?

Содан қалай жапыстыру керек әдістемесін атып, түсіндіру және көрсету.

Сергіту сәті жасалады.

Содан кейін балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.



Балалар Алдар көсенің келгеніне қуанып, таң қалады.


Алдар көсенің қойған сұрақтарына жауап береді.

Алдар көсені қандай ерегілерде көргендерін айтады.

Алдар көсенің киіміне назар аударып, үстінде қандай киім екенің айтып береді.

Балалар Алдар көсенің айтқанын мұқият тыңдайды.


Балалар Алдар көсемен қоштасады.



Балалар тәрбиешінің түсіндіргенің мұқият тыңдайды, бақылайды.





Қағазды қалай дұрыс бүктеу керектігің айтып береді.



Сергіту сәтін жасайды.

Содан өз беттерінше жұмыс жасайды.

ІІІ кезең- рефлексивті- түзеуші

Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?

Алдар көсе туралы не білеміз, қандай ертегілерін білеміз?

Біз сендермен нені қиып, жапсырдық?

Тақырыбымыз қалай аталады?

Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, өз ойларын жеткізіп, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетің қорытындылайды..


Күтілетін нәтиже :

Білу: Алдар Көсе ертегі кейіпкері туралы түсінік.

Болу: Қайшымен жұмыс істей алу қабілеттері болу.

Жасай алуы: Қағазды екіге бүктеу арқылы шапанды қию.