СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Білім беру саласы "Шығармашылық" технологиялық карта мүсіндеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы Шығармашылық мүсіндеу технологиялық карта

Просмотр содержимого документа
«Білім беру саласы "Шығармашылық" технологиялық карта мүсіндеу»

Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Балдырған» «___» __________20 __ жыл


Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Жемістер» (алма, алмұрт)

Мақсаты: Пішінді мүсіндеудің басу, қысу, жалпақтау әдістерін пайдалана отырып, балаларды әртүрлі пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету; сенсорлық тәрбие беру.

Дамытушылық: бейнені затпен салыстыру, мүсіндегі сәйкестіктерді анықтай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: балаларды табиғатты сүюге тәрбиелеу; жемістердің пайдасын түсіндіру.

Көрнекіліктер:жемістер, жеміс муляждары, «Күз аруы» кейіпкері, бейнеролик.

Құрал- жабдықтар: ермексаз, ыдыстағы су, тақтайша.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: көрме орнын даярлау.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік!

Тәрбиеші бейнероликті қолдана отырып, балалармен күз мезгілі туралы әңгіме жүргізеді.

-Балалар, мына суретте қай мезгіл бейнеленген?

-Суретте не көріп тұрсыңдар? Күзде қандай жемістер піседі екен?

-Жемістің қандай пайдасы бар екенін білесіңдер ме?


Балалар шаттық шеңберін жасайды


-Күн суытады. Аспанда бұлт торлайды. Жылы киім киеміз.

-Күз мезгілі.

-Алма, алмұрт, жүзім.

-Денсаулыққа пайдалы, көптеген дәрумендер бар.

Ұйымдастыру-шылық ізденістік

Осы кезде есік қағылады. Есіктен «Күз аруы» кіреді, қолында жемісі толы себеті бар.

-Балалар, қараңдаршы, бізге қонақ келді. Бізге әкелген тосын сыйы бар екен.


«Күз аруының» тапсырмасы: Балаларға себеттегі жемістерді көрсетіп, қандай жеміс екенін сұрайды.

-Мынау қандай жеміс? Мынау ше?

-Тағы қандай жемісті көріп тұрсыңдар?

-Балалар енді осы жемістердің ішінен алма мен алмұртты мүсіндейік.

-Алдымен қызыл түсті ермексаздың бір бөлігін алақанымызға салып жұмсартамыз, домалақ пішінге келтіреміз.

№1 жұмыс дәптеріндегі үлгіге қараңдар. басбармақпен басу арқылы алманың пішінін келтіреміз. Сабағын ағаш бұбақшасынан жасаймыз.

Сергіту сәті:

Кәне кімнің бойы ұзын?

Паровозы ол пойыздың.

Қатар-қатар тұрайық

Пойызды біз құрайық. (2 рет)

-Енді алмұртты жасауға кірісеміз. Сары түсті ермексазды алып, алақанға салып жұмсартамыз. Сопақ пішін жасаймыз. Сопақшаның жоғарғы жағын қысу арқылы алмұрттың пішініне келтіреміз.

Басбармақпен басу арқылы сабақ ойығын оямыз. Алманың сабағын жасағандай ағаш бұтақшасын орналастырамыз.

Жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлігін алып, домалақтап жалпақтаймыз. Арнайы пышақпен жапырақ пішінін кесіп алып, сабағына орналастырамыз. «Күз аруы мен тәрбиеші балалардың жасаған жұмыстарын аралап көріп, мадақтайды.

Балалар «Күз аруымен» амандасады. Қонақтың сыйымен танысады.









-Алма, алмұрт, жүзім.





Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.






Балалар алмұртты мүсіндейді.

Рефлексиялық-түзетушілік

«Күз аруы мен тәрбиеші сабақты қорытады:

  1. Балалар жұмысынан көрме;

  2. Алма, алмұрт туралы сипаттап айту;


Жылу берген күнге рақмет,

Тіршілік берген жерге рақмет,

Өсім берген суға рақмет.

Бізге жеміс әкелген,

«Күз аруына» рақмет.

Балалар өз жұмыстарын көрмеге қояды. Алма, алмұрттың дәмі, түрі, түсі, пішіні туралы айтады.

Балалар рақмет айтады.

«Күз аруын» ортаға алып, онымен күлімсірей қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі:жеміс-жидектер табиғаттың сыйы екенін;

Игереді: пайдасын түсіне отырып, заттарды мүсіндеуді;

Меңгереді: жемістердің өзара айырмашылықтарын ажыратуды.







Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Балдырған» «___» __________20 __ жыл


Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Себет

Мақсаты:

Білімділік: себеттің қажеттілігі туралы түсінік беру, ермексащзды бірнеше бөлікке бөліп, есу тәсілі арқылы затты құрастырып, мүсіндеуге үйрету.

Дамытушылық: ұсақ қол, саусақ қимылдарын дамыту.

Тәрбиелік:жұмыс барысында тазалыққа, бір-біріне өзара көмек көрсетуге, жақсы нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:себет түрлері.

Құрал- жабдықтар: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, сулы орамал, алжапқыш, кескіш.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, көркем әдебиет.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:себет, тоқыма себет.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Есік қағылады. Тәр биеші балалардың назарын дыбыс шыққан жаққа аударады. Бөлмеге бағбан кейпіндегі қария кіреді.

-Сәлеметсміңдер ме балалар.

-Қане балалар атайға орынберейік, алыстан жол жүріп, шаршап келген болар.

Тәрбиеші:

-Иә атай бізге қандай өтінішпен келдіңіз?

Атай:

-Балалар, өздерің білетін боларсыңдар, қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде барлық жемістер мен көкністер пісіп жетіледі. Менің бақшамда өскен жемістер мен көкөністерді жинайтын себетім жоқ. Сендер өте шебер, еңбекқор балалар деп көмек сұрай келдім. Маған бірнеше себет керек болып тұр.

Тәрбиеші:

-Қане балалар атайдың өтінішін орындауға дайынбыз ба?

Жұмысты бастамас бұрын себеттің түрлерімен танысып алайық.

Себеттің суреттерін көрсету.




Балалар атаймен амандасып, үлкенге құрметтерін білдіру мақсатында атайға орындық ұсынады.





-Күз мезгілі.










-Иә дайынбыз.




Ұйымдастыру-шылық ізденістік

Тәрбиеші тазалық шараларын сақтау қажеттілігін ескертеді.

Жасайтын себеттің түсін, түрін балалардың өздеріне таңдатады.

-Ермексазды 2 бөлікке бөлеміз. Бұл себеттің астыңғы және үстіңгі жасау үшін қажет.

1-жолы. Табанын жасау.

Алақан арасына салып, домалақтаймыз және тақтайша үстінде тегістеп жалпақтаймыз.

2-жолы. Есу арқылы қабырғаын жасаймыз.

Сопақша пішінге келтіріп, бірдей 6-7 бөлікке бөліп, тақтайша үстінде ширатып созамыз.

Сергіту сәті.

Бас бармағым – атам,

Балаң үйрек – әжем,

Ортан терек – әкем,

Шылдыр шүмек – шешем,

Титтей бөбек – мен.

(Е. Өтетілеуов)

3-жолы. Құрастыру, орналастыру.

Дөңгелек пішінді ермексаздың шетін кескішпен тегістейміз, шеткі бөлігіне біртіндеп иілген ермексазды ию арқылы ұштарын біріктіріп, жабыстырып орналастырамыз.

-Балалар себеттің қандай бөлігі жетпей тұр? Тұтқасын да дәл осындай ширатылған ермексаздан жасаймыз.

Есілген ермексаздың екі шеткі бөлігін қабырға ұштарына жаьбыстырамыз, тегістейміз.

Қиналған балаларға көмектесу.

-Балалар, себетміз дайын болса, бағбан атайға сыйға тартуымызға болады.


















Балалар саусақтарын қимылдатып, өлеңді айтады.










-Тұтқасы.


Балалар бір-біріне көмектеседі.


Жасаған себеттерін атайға береді.

Рефлексиялық-түзетушілік

Бағбан атай балаларға алғысын айтады. Тәрбиеші балалардан қандай зат мүсіндегендерін сұрайды.

Бүгінгі сабақта мүсіндеп жасаған заттар туралы айтады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі:себеттің қажеттілігі, түрлері туралы мәліметтерді;

Игереді:мүсіндеу барысында түрлі тәсілдерді пайдалану;

Меңгереді: тазалық шараларын сақтауды, ауызекі сөйлеуде себет сөзін мағынасына қарай дұрыс қолдануды.


































Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы №3

«Бәйтерек» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы:«Көкөністер» (қияр, сәбіз, қызылша)

Мақсаты:

Білімділік: балаларға көкөністің пайдасы туралы түсіндіре отырып, мүсіндеуге үйрету.

Дамытушылық: қол бұлшық еттерін, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: сенсорлық тәрбие беру, еңбекқорлыққа баулу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.

Көрнекіліктер: ү/м (көкністің суреттері), муляждар.

Құрал- жабдықтар: DVD, теледидар, үнтаспа, ермексаз, сүрткіш, су, тақтайша, қатты қағаз, қалақша, қалып.

Әдіс-тәсілдер: топпен жұмыс, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу, мадақтау.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Амансыңба, Алтын Күн!

Амансың ба, Жер Ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуандым.

Балалар қол қимылдарын жасайды, бір-бірін құшақтайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Тәрбиеші арамшөп басып кеткен бақшаның суретін көрсетеді. Балалардың әр дұрыс жауабынан кейін арамшөптерді өшіріп отырады. Барлық сұраққа жауап берілген соң бақшаға қаптап көкністер (қияр, сәбіз, қызылша) шығады.

-Қандай көкністерді білесіңдер?

-Көкөністер қайда өседі?

-Көкөністің қандай пайдасы бар?

-Үйде бақша салуға көмектесесіңдер ме?

№1 үстелде сәбіздің муляжы.

№2 үстелде қиярдың муляжы.

№3 үстелде қызанақ муляжы.

Балалар қызығушылығына қарай 3 топқа бөлініп отырады. Үш топты тәрбиеші қадағалайды.


Жұмбақ:

№1. Жазда інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығынан суырып,

Әкелді әкем бір күні.

№2. Бақшада қызыл түйіршек,

Балалар оған үйірсек.

№3. Бұл топ балаларына қияр туралы жұмбаққұрау ұсынылады.

-Жақсы, енді осы көкністерді мүсіндейік.

Қызғылт сары түсті ермексазды алып, жұмсартып, тақтайша үстінде жалпақтаймыз. Қалыппен бастырып, қалақшамен мүсінді алып, қатты қағазға орналастырамыз.

Жасыл түсті ермексазды жіңішкелеп,, сопақтап, далпақтау арқылы жапырақтарды жасаймыз.


Сергіту сәті:

Көкөністер бейнеленген суреттерді балаларға үлестіріп береді.

-Жасыл түсіт ермексазды есіп жіңішкелеп, сабағы ретінде орналастырамыз. Кескішепн бедерлейміз.


Тәрбиеші үш топтың жұмысын қарап, қадағалап, мадақтайды балаларды. Әдемі жасалған көкөністер себетке орналастырады.








-Сәбіз, қияр, т.б.

-Бақшада.

-Дәрумені болады.

-Иә. –Жоқ.


Оларды шетінен атап сипаттайды.








-Сәбіз.



-Қызанақ.


-Қияр.












Балалар әуен ырғағымен билейді, айналады, музыка тоқтағанда балалар бірігіп, «салат» болып орналасады. Салатқа не қосылатын білетін балалар бір-бірімен бірігіп тұрады. Қалған көкөністер көрмеге қойылады.

Рефлексиялық-түзетушілік

М. Нүктенованың «Көкөкністер дауы» ертегісін айтып беру арқылы сабақты қорытындылайды.

Балалар ертегінітыңдап, көкөністер туралы ұғымдары кеңейе түседі.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:көкөністер мен жемістердің өзара айырмашылықтарын.

Игереді:заттық мүсіндеуді.

Меңгереді: көкөністердің пайдасын.


Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы №4

«Бәйтерек» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Мүсіндеу»

Тақырыбы:«Саңырауқұлақтар» (ақ, қызғылт сары саңырауқұлақ)

Мақсаты:

Білімділік: түс ерекшеліктерін ажыратып отырып бірнеше саңырауқұлақты мүсіндеу арқылы сюжетті мүсіндеуге үйрету; үңгі, жалпақтау әдістерін меңгерту.

Дамытушылық: балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: еңбекқорлыққа, ұйымщылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: серуен кезінде жасанды саңырауқұлақ алқабын бақылау.

Көрнекіліктер: әртүрлі саңырауқұлақтың суреттері, шөп өскен алқап, кірпі.

Құрал- жабдықтар: ермексаз, тақтайша.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Саусақ ойыны: «Саңырауқұлақ»

Шынашағым орманға бар!

Шылдыр шүмек, саңырауқұлақ тап!

Ортан терек, тазалап ал!

Балаң үйрек, қуыра сал!

Бас бармағым, барлығын жеп,

Өсіп қапсың толып.


-«Саңырауқұлақ» саусақ ойныын білеміз.

Балалар ойын мәтініне сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

-Енді осы саңырауқұлақтарды ермексазбен мүсіндеп көрейік. Мүсіндеу жолдарын көрсетіп, түсіндіру.

-Ақ ермексазды алақан арасына салып, сопақша пішінге келтіреміз.


Өздерің қалаған түсті ермексазды алыңдар. Оны домалақтап, бас бармақпен ортасын үңгиміз, сұқ саусақпен жалпақтап, қалпақтың пішініне келтіреміз.


Сергіту сәті:

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

(Ғ. Қайырбеков)


Ақ түсті ермексаздан бірнеше ұсақ түйіршектер жасап, қалпақтың үстіне жапсырамыз.

Кезекші бала тазалық шараларын айтады.

Балалар жұмыс жасайды.








Балалар өлең сөздеріне байланысты қимылдар көрсетеді.

2-3 рет қайталайды.


Балалар тәрбиешінің көрсетуімен саңырауқұлақты мүсіндей бастайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар, бәрің де саңырауқұлақты әдемі мүсіндедіңдер!

(Балалар назарын шөптесін алқапқа аударады.) осы әдемі саңырауқұлақтарыңды мына алқапқа орналастырыңдар. Бұл «Саңырауқұлақ алқабы» болады.


-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Балалар өздері жасаған саңырауқұлақтарын алқапқа, кірпінің үстіне орналастырады.

Сипаттап әңгімелейді.



-Ұнады.






Күтілетін нәтиже:

Біледі:саңырауқұлақ атауларын, түстерін.

Игереді:әр түрлі тәсілдерді пайдаланып мүсіндеуді.

Меңгереді: саңырауқұлақ түрлерін, пайдасын.


















Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы №5

«Бәйтерек» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Мүсіндеу»

Тақырыбы:«Күзгі жапырақ» (рельефті мүсіндеу)

Мақсаты:

Білімділік: балаларға күз туралы түсінік беру, күз айларының атауын меңгерту, мүсіндеудің жалпақтау, бедерлеу, шымшу дағдыларын қалаптастыру.

Дамытушылық: есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, арнайы құралдармен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік: еңбекке деген ынтасын арттыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ТОҚ (бейнеролик), күз табиғаты бейнеленген бүктеме, күзгі жапырақтардан гербарии.

Құрал- жабдықтар: ермексаз, тақтайша, қатты қағаз, шаблон.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын.

Сөздік жұмыс: сары күз, алтын күз.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

-Қане, балалар бір-бірімізге алақан жылуы арқылы жақсы лебіздер білдірейік.

Балаларға күз мезглінің басқа мезгілдерден қандай ерекшеліктер бар екенін айтады.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз айларын атаңдаршы?

-Күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

-Дұрыс айтасыңдар, айналаның барлығы жапырақтар, сап-сары алтынға ұқсайды екен. Сондықтан біз күзді «Атын күз», «Сары күз» деп атаймыз.

-Денсаулық тілейміз.

-Әдемі бол.

-Тәртіпті бол.

-Күз.

-Қыркүйек, қазан, қараша.

Күн суытады, жылы киімдерімізді киеміз, жиі-жиі жаңбар жауады. Құстар жылы жаққа ұшады. Ағаш жапырақтары сарғайып, жерге түседі.

Ұйымдастыру-ізденістік

-Ал қазір сол дапырақтарды мүсіндеп көреміз.

-Ермексазды аламыз, алақанымызға салып домалақтаймыз. Кейін оны жалпақтаймыз. Ермексазды қатты қағаздың үстіне қойып, шаблонның шетін кескішпен бастырып, кесеміз.

-Жапыраққа ұқсады ма?


Сергіту сәті:

Кел билейік, кел билейік,

Неге тұрсың билемей?

Кел билейік, іркілмейік,

Неге отырсың үйренбей?

Жалығуды білмейміз,

Жабығуды білмейміз,

Жауқазындай көзді тартып,

Жайраң қағып билейміз.

(М. Әлімбай)


-Енді артық ермексазды қалақшаның көмегімен қырып, алып тастаймыз.

Саусағымыздың ұшымен шымшу арқылы жапырақтардың жиегін тегістейміз. Кескіш таяқшамызбен жапырақтың үстін бедерлеп, сызықтар түсіреміз.

Міне жапырақ дайын болды.

Сары, қызыл, қызғылт түсті ермексазды балалардың өздері таңдайды.



-Иә, ұқсады.



Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар, табиғат туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?

Тәрбиеші сұрақ-жауап арқылы балаларлың ойларын тиянақтайды.

-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзде жапырақтың түсі қандай болады екен?

Балалар сары жапырақтарды бірқатарға, қызғылт жапырақтарды екінші қатарға тізіп, жұмыстарын талдайды.

-Көкті жұлма. Ағашты кеспе. Бір тал кессең, он тал ек. Жерді шұқыма.

-Төрт мезгіл.

-Күз.

-Сары.

Балалар бір-бірінің жұмыстарын салыстыра отырып талдайды.





Күтілетін нәтиже:

Біледі:күз мезгілінің басқа мезгілдерден ерекшеліктерін.

Игереді:саусақ моторикасының толық қимылдарын.

Меңгереді: өзіне және өзгенің еңбегіне баға беруді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы №6

«Бәйтерек» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Мүсіндеу»

Тақырыбы:«Тиін жаңғақ кеміреді».

Мақсаты:

Білімділік: Тиін, тиіннің тіршілігі туралы түсінік беру; тиіннің мүсінін жасай білуге, дене бөліктерін біріктіріп қосу, шымшып қысу, дөңестеу тәсілдерін үйрету; саусақ мотоикасын жақсарту.

Дамытушылық: баланың ойын, тілін, шығармашылық қабілетін, көркемдік талғамын дамыту.

Тәрбиелік:ұқыпты жұмыс істеуге, бір-біріне көмектесу, эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.

Көрнекіліктер:әуен орталығы, орман тұрғындары туралы бүктеме.

Құрал- жабдықтар: ермексаз, тақтайша, су, сүрткіш, қарағайдың бүрі, еменжаңғақ.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

-Көп рахмет. Өміріміз жақсылыққа, күлкіге толы болсын!

Балалар шаттық шеңберін қимылдармен жасайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Балаларға тиіннің суреттерін көрсетіп, ойыншық тиінмен таныстырады.

-Тиін қайда өмір сүреді?

-Немен қоректенеді?

-Қандай аң?

-Үлкен бе, кіші ме?


«Дұрыс орналастыр» ойыны.

Мақсаты: Аңдардың мекенін дұрыс таба білуге үйрету, көңіл күйін көтеру.

Барысы: бірнеше баланың қолына аңдар мен құстардың суреті беріледі. Олар оны тақтадағы мекеніне дұрыс орналастыруы керек.

-Өте жақсы балалар.

-Келесі тапсырмамыз әдемі ақтиінді мүсіндеу.

1. Ол үшін қоңыр түсті ермексазды алып, кішірек және үлкен етіп, екі бөлікке бөлеміз.

2. үлкен бөлігін алақан арасына салып,сопақша пішінге келтіріп, артқы бөлігін дөңестеу қалыпқа келтіреміз.

3. Ермексаздың кіші бөлігінен басын домалақтап жасап, созу арқылы тұмсығын шығарамыз.


Сергіту сәті:

Музыканы жылдам және орташа етіп қойып, балалар музыка ырғағы сәйкес билеу керек.


4, Ермексазды созу әдісімен аяғын, қолын жасаймыз.

5. Ермексазды жалпақтау арқылы кескішпен құйрығын бастырып, кесіп алып, денесіне жапсырамыз.

6. Көзін, мұрнын жасаймыз, орналасытармыз.


Проблемалық сұрақ қою:

-Тиінімізге не жетпей тұр?

-Енді тиінімізге жаңғақ сыйлайық.

-Тиіннің қолына жаңғақ ретінде қарағайдың бүрін, емен жаңғағын қыстырып қоямыз.



-Ақтиін орманда тіршілік етеді.

Үйі ағаш басында болады.


-Жаңғақ жейжі, жабайы аң, кішкентай.





-Ақтиін, балапан, күшіе, аю.


Балалар жұмысқа кіріседі.



Тәрбиеші көмегімен тиіннің денесін жасайды.




Балалар әуен сазымен билейді.













-Жаңғақ.

Жаңғақты жасалған тиіннің қолына қыстырып орналастырады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың жасаған тиіндеріне мадақтау жасау.

Жасаған тиіндерін көрмеге қояды.





Күтілетін нәтиже:

Біледі:тиіннің тіршілік ету ерекшеліктерін.

Игереді:әр түрлі жолмен мүсіндеудің тәсілдерін.

Меңгереді: ұқыпты, таза жұмыс жасау қабілеттерін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы №7

«Бәйтерек» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Мүсіндеу»

Тақырыбы:«Үйрек».

Мақсаты:

Білімділік: кесек ермексаздан үйрек бейнесін мүсіндеуді үйрету; мүсіндеудің шымшу есу, басу, тегістеу тәсілдеріне жаттықтыру.

Дамытушылық: көркемдік талғамдарын, қиялын, ойлау қабілеттерін, саусақ қимылдарын дамыту.

Тәрбиелік:ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:суреттер, көлде жүзген ойыншық үйректер, үлгі сурет, жасалған көлшік.

Құрал- жабдықтар: ермексаз, тақтайша, су, сүрткіш, кескіш.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Армысың, асыл күн!

Армысың көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыңа жылу қос,

Міне менің қолым!

Балалар қимыл көрсете отырып, бір-біріне жылы сезімдерін білдіреді.

Ұйымдастыру-ізденістік

Жұмбақ:

Табаны бейне алақан

Мынау қандай балапан?


Сұрақ-жауап:

-Балалар үй құстарын атаңдаршы?

Үй құстары туралы (үй құстары және оларды күту, қамқор болу, әдемі екендігі т.б.) шағын әңгіме жүргізу.

Балалардың назарын көлде жүзіп жүрген ойыншық үйректерге аударады.

-Санайықшы қанша үйрек бар? Үйректің балапаны көп пе, аз ба? Енді осы балапан санын тағы да көбейтейік. Ол үшін ермексаздан үйректер мүсіндейік.


Мүсіндеу жолдары:

  1. Үлкен ермексазды ширату тәсілі арқылы үлкен және кіші екі бөлікке бөлеміз.

  2. Алақан арасына салып домалақтау әдісі арқылы ермексаздың кіші бөлігінен үйректің басн жасаймыз.

  3. Қолымызды сулап, созу арқылы сүйірлеп, тұмсығын шығарамыз.


Сергіту сәті:

Іші тола бөлменің

Оййыншығым көп менің

Босқа тізіп қоймайық

Келе ғой дос, ойнайық.

Мына тұрған арғымақ,

Мінем оған қарғып ақ,

Мына тұрған қояным,

Алдына жем қоямын.


  1. Ермексаздың үлкен бөлігін сопақша пішінге келтіріп, сүйірлеу арқылы құйрығын шығарамыз.

  2. Қолды сулап алып, жасаған мүсінімізді тегістейміз.

  3. Таяқшамен үйректің тұмсығын, қанатын сызамыз.

  4. Қызыл түсті ермексаздан аяғын жасаймыз.

Ермексазды жіңішкелей есіп, шымшып басу арқылы табанын шығарамыз, денесіне қосамыз.



-Үйрек.




-Қаз, тауық, үндік.





Балалар назарларын суреттерге аударып, сұрақтарға жауап береді.




Тәрбиешімен бірге үйректі мүсіндеуге кіріседі.









Өлең жолдарын бірге қайталап, қимылмен көрсетеді.






Үйрек жасауды жалғастырады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың жасаған үйректеріне мадақтау жасау.


Жасаған үйректерін көрмеге қояды.





Күтілетін нәтиже:

Біледі:үй құстары туралы қарапайым мәліметтерді.

Игереді:құстардың ерекшеліктерін келтіре отырып мүсіндеуді.

Меңгереді: құстарға қамқор болу керектігін.


Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Балдырған» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Қоян бауырсақты кездестірді.

Мақсаты: Ертегі әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру,ертегі кейіпкерберінің бейнесін мүсіндей білуге және кеңістікте орналастыра білуге үйрету,балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілік: ТОҚ,үнтаспа,тақтайша,ермексаз, су,кескіш,дымқыл сүрткіш


Іс –әре кеті


Педагогтың іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивация лық-қозғаушылық

«Ертегі әлеміне саяхат» Ертегілер әлеміне жету үшін не істеуіміз керек? Бәріміз кілемшеге отырамыз, көзімізді жабамыз. «Ертегілер»әні әуенімен саяхатымызды бастаймыз. Қорапшаға назар аударамыз. Қоян шығады


Балалар қойған сұрақ бағыты бойынша жауаптар береді. Балалар ертегілерт әлеміне саяхатқа шыққандай сезінуі крек.

Ұйымдастыру шылық-ізденістік

Қай ертегідегі кейіпкер еді? Қоянның дене бөліктеріне көңіл аударамыз.Дененің жасау жолдарын көрсетеміз.Кескіштің көмегімен қоянның аяғын,қолын шығарамыз. Сергілту сәті. «Ұзынқұлақ сұр қоян»өлеңінің желісімен.Қоянның құлағын,құйрығын педагогтың көмегімен жасап шығарады.


«Бауырсақ» ертегісінің кейіпкері.Балалар өлең жолдарына байланысты қимылдар жасайды. Балалар педагогтың көмегімен қоянды жасайды.

Рефлексиялық- түзетушілік

Балалардыың жұмыстарын бағалау,мадақтау,қорытындылау.

Жасаған кейікерлерін көрмеге орналастырады.




Күтілетін нәтиже:

Жасайды:мүсіндейтін ертегі кейіпкерлерін

Түсінеді:кейіпкерлердің өзіне тән ерекшеліктерін

Қолданады: ертегі кейіпкерлерінің дене бөліктерінмүсіндеуді, бейнені анық бере білуді



Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Балдырған» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Биші Айгерім

Мақсаты: ойыншықтардың әр түрін мүсіндеуге,жекежұмыстар қосып мүсіндеуге үйрету,балалардың ойлау қабілетін ,көркемдік талғамдарын арттыруға,саусақ қимылдарын дамыту.Ұқыптылыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: әртүрлі ермексаз,тақтайша,су,сүрткіш,қалақша.


Оқуіс –әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация лық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәрімізде біргеміз.

Балалар бір мезет көздерін жұмып,ұшақ сияқты қанаттарын жайып «Ойыншықтар әлеміне» барады.Керемет көп ойыншықтар.Сен машина жүргізіп көр,сен қуыршақтың дауысын есті.

-Ойыншықтарың көппе?

Енді бөпелеріңді ойыншықтар жасап қуантайық.

Балалар бір-бірінің артына тұрып,қолдарын жайып ұшақпен ұшады. Назарларын ойыншықтарға ауысады. Әртүрлі ойыншықтарды алып қарайды. Өздерінің ойыншықтары туралы айтады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Педагог мүсіндеу кезінде жеке көмек береді. Адам бейнесін мүсіндеу жолдарын өздері қарастырады. Мүсіндеу дәптеріне қарап адамның денесін мүсіндеуге кіріседі. Мүсіндеу кезінде балалар өз еріктерімен ермексаз түстерін таңдап алады. Жұмыс барысында ұқыптылықты сақтайды Бір –біріне көмектеседі.

Сергілту сәті.

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша бау.

Болсын жермен су ортақ,

Болсын кеңді,көл ортақ,

Ақпыз,қара,сарымыз,

Ағайынды бәріміз.

Педагогтың нұсқауымен үлгіге қарай отырып, қимылдағы адам бейнесін мүсіндейді. Адамның дене бөліктерінің ерекшеліктерін көрсетеді. Ол үшін адамның қолын көтеріп,бүйірін таянып,шынтақты бүгуі,жүгіруін көрсетеді.

Рефлексиялық- түзетушілік

Балалар жұмыстарына қарап баға береді. «Қуыршақ» әнімен оқу іс-әрекетін аяқиаймыз

Жасаған мүсіндерін көрсете отырып, жіберген қателерін жөндейді.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұжымда жеке жұмыс жасауды.

Игереді: ойыншықтарды мүсіндей білуді.

Меңгереді:қимылдағы бейнені мүсіндеуді.





































Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы №10

«Бәйтерек» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Білім беру бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Ит-адамның досы.

Мақсаты: адам мен жануар бейнесін мүсіндеу іскерлігін қалыптасытыру, шығармашылық қабілетін, көркемдік ойлауын арттыру.

Көрнекілік: Иттің суреті, ойыншық ит, мульт топтама.


Іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация лық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Армысың алтын күн,

Армысың көк аспан.

Армысың жан досым,

Жылуыңа жылу қос.

Міне менің қолым!

Ит туралы мултьфильмнен үзінді қойылады.

Балалар қимыл әрекет арқылы шаттық шеңберін жасайды.

Мултьфильмді тамашалайды.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Енді иттің бейнесін мүсіндеп көрейік. Денесін үлкен сопақшадан мүсіндейміз. Кіші сопақшадан басын жасаймыз. Төрт кесек ермексазды алып төрт аяғын жасаймыз.

Сергіту сәті.

Аяғын кескіш құралдың көмегімен безендіреміз.

Құйрығын бөлек кесектен жасаймыз. Күшікке әдемі үйшік жасаймыз.Ойын «Үйшік құрастыру» Ойын шарты: Әр бала екі топқа бөлініп үйшік құрайды.

Балалар үлкен кесек ермексазды алып алақандарына салып,жұмсартып дене мүшелерін келтіреді. Балаларға табиғи материялдар таратылады. Екі топқа бөлініп итке үйшік жасайды.

Рефлексиялық- түзетушілік

Педагог балалардың жасаған мүсіндерін қарап жақсы жасалған мүсіндер мадақталады.

Балалар жасаған мүсіндерін қарап,жіберген қателіктерін түзетеді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: иттің адамға дос екенін, жеті қазынаның бірі екенін.

Игереді:негізгі бөліктері туралы түсініктерді игерді.

Меңгереді:табиғи материялдарды пайдалана отырып,оны өз ойларымен әшекейлей білуді.



Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы №11

«Бәйтерек» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Мүсіндеу»

Тақырыбы:«Түйе жайылып жүр».

Мақсаты:

Білімділік: әдемі түйенің мүсінін ермексазбен жасай білу әдіс-дәсілдерін үйрету.

Дамытушылық: есу, шымшып созу, домалақтау әдістерін меңгеру ептіліктерін, түстерді дәл таңдай білу арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Тәрбиелік:үй жануарларына күтім жасауға, қамқорлық болуға тәрбиелеу, еңбекке баулу.

Көрнекіліктер:сюжеттеі сурет, DVD, үнтаспа, жұмыс дәптері.

Құрал- жабдықтар: ермексаз, тақтайша, су, сүрткіш, кескіш.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сөздік жұмыс: шұбат, өркеш.

Алдын ала жұмыс: өлең мәтінін дайындау.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Балаларға үнтаспа арқылы төлдердің дауысын тыңдату.

-Балалар, төлдердің дауысын естеріңе түсірдіңдер ме?

«Төлдерді қалай шақырады?» ойыны.

-Ешкі лағын қалай шақырады?

-Жылқы құлынын қалай шақырады?

-Түйе ботасын ше?

-Сиыр бұзауын ше?

Балалар үнтаспадан естіген төлдердің дауысын ажыратады.


-Шөре-шөре!

-Құрау-құрау!

-Көс-көс!

-Ау-хау, ау-хау!

Ұйымдастыру-ізденістік

Жұмбақ:

Үстіндеекітауы бар,

Кезікті бір жануар.

Ол не?

Үй жануарларының суреттерін көрсетіп, сұрақ қою:

-Үй жануарлары бізге қандай суындар береді?

-Түйе бізге қандай сусын беретінін білесіңдер ме?

Түйенің беретін сусыны шұбат деп аталады. Шұбаттың адамдарға пайдасы көп екен.

-Ал балалар, дәптерлеріңде не бейнеленіпті қараңдаршы. (шағын әңгіме жүргізу).

-Түйенің түсі қандай болады?


Қоңыр түсті ермексазды 4 бөлікке бөліп дайындаймыз.

  1. Түйенің денесін, мойнын жасаймыз. Ермексазы алақан арасына салып, сопақша пішінге келтіреміз, осы бөліктен мойнын, өркешін шымшып созу арқылы шығарамыз.

  2. Басы, тұмсығы, құлағы. Ермексазды шар тәрізді домалақ, осы, бас бөлігінен тұмсығын, құлағын шымшып созу арқылы шығарамыз. Ақ және қара ермексаздан кзін жасаймыз.

  3. Дайын болған бөліктерді шымшып жапсыру арқылы түйенің мүсінін толықтырамыз.


-Түйе.



Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап береді.

-Сүт, қаймақ, май.

-Шұбат.








-Қоңыр.




Түйенің мүсінін жасауға кіріседі.










Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың жасаған түйелерінемадақтау жасау.


Жасаған түйелерін көрмеге қояды.





Күтілетін нәтиже:

Біледі:жануарларды қарап, күтуді, қамқорлықпен қарай білуді, мүсіндердің бір-бірінен айырмашылық ажыратуды.

Игереді:саусақтарымен жұмыс істей білуді, түйені мүсіндеуді.

Меңгереді: түйенің дене мүшесін, өркешін, сусынының пайдалы екенін біледі.














Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы №12

«Бәйтерек» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Мүсіндеу»

Тақырыбы:«Жүйрік ат».

Мақсаты:

Білімділік: мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін сақтай отрыпы, жүйрік атты мүсіндеу.

Дамытушылық: мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, тілін дамыту.

Тәрбиелік:бастаған істерін аяғына дейін жеткізуге, төзімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:ТОҚ, интерактивті тақта.

Құрал- жабдықтар: ермексаз, тақтайша, су, сүрткіш, кескіш.

Әдіс-тәсілдер:жұмбақ, әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, көркем әдебиет.

Сөздік жұмыс: аттың жалы, жүйрік, тұяқ.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Өлең оқу.

«Түйе, жылқы, сиыр, қой-

Төрт түлік осы біліп қой»

Аяғым тұлпар – жылқымын,

Мақтанышым жұрытымның.

Ерге қанат тұлпар – мен,

Қай түлік керек маған тең?!

Сүтім – қымыз, етім – ем,

Білесің бе сен оны?

(Қ. Қайым)

Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

-Біздің аттарымыз күні бүгінге дейін жылқының көмегін пайдаланады, сүтін ішеді, көлік ретінде пайдаланады, бәйгеге қосады. Жылқы ең жүйрік жануар, оның сүтінен қымыз дайындалады.


-Біз бүгінгі мүсіндеу сабағымызда жылқыны мүсіндейміз.



Дәптердегі суретке қарап әңгіме жүргізу.

  1. Қоңыр түсті ермексазды алып, екіге бөліп, алақанымызға салып жылқының денесін сопақша тәріздес қылып жасаймыз.

  2. Сол дене бөлігінен кескіш құрал көмегімен бөліп, шымшып созу, тегістеу арқылы аяқтарын шығарамыз.


Сергіту сәті:

Табиғатты қорғаймыз,

Шөп жұлып, ағаш қимаймыз.

Ұясын құстың бұзбаймыз.

Қайнар көзі тірліктің -

Суды да ысырап қылмаймыз.

Аулада гүлдер баспаймыз,

Көгалды таптап баспаймыз.


  1. Ермексаздың бір бөлігінен иіп, созу, дөңестеу, сылау тәсілдері арқылы ұзартып мойнын, басын шығарамыз.

  2. Бас бөлігінен шымшу арқылы жалын шығарамыз, кескішпен бедерлейміз.

  3. Ермексаздың кішкене бөлігінен екі құлағын жасаймыз, бас бөлігіне жапсырамыз.

  4. Соңынан жылқының құйрығын жасаймыз (балалардың өз ойлары, шығармашылығы бойынша).

  5. Жинақтау. Дайын болған аттың бөліктерін шымшып жапсыру арқылы бір-біріне бекітіп, аттың бейнесін шығарамыз.








Түсті (қоңыр, ақ, қара, ала) балалар өздері ермексаздың түсін таңдайды.


Балалар қолдарын белдеріне қойып, бастарын екі жаққа кезек-кезек бұрады, екінші қолдарын көтеріп, қамшыны айналдырғандай кейіп жасайды. Өлеңге жауап береді.




Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың жасаған жылқыларына мадақтау жасау.


Жасаған жылқыларын көрмеге қояды.





Күтілетін нәтиже:

Біледі:жылқының дене бөліктері атауларын біледі.

Игереді:жылқының мүсіндеу әдіс-тәсілін игереді.

Меңгереді: жылқының көлік екенін, бәйгеге қосуға болатынын біледі.








Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы №13

«Бәйтерек» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Мүсіндеу»

Тақырыбы:«Бұғы»(Дымков ойыншығы бойынша).

Мақсаты:

Білімділік: Дымков ойыншығын жасауға, сәндік мүсіндеу өнеріне үйрету.

Дамытушылық: мүсіндеу іскерліктерін, қол саусақ моторкасын дамыту.

Тәрбиелік:өнерді бағалай білуге тәрбиелеу, эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.

Көрнекіліктер:Дымков ойыншықтарынан бүктеме.

Құрал- жабдықтар: ермексаз, тақтайша, су, сүрткіш, кескіш.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын жаттығулары, қайталау.

Алдын ала жұмыс: музыка залын мүсіндеу сабағына дайындау, үйірме жетекшімен бірігіп көрме жасау, сазбалшық дайындау.

Сөздік жұмыс:бұғы, мүйіз, Дымков ойыншығы.

Пәнаралық байланыс: сурет салу.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

-Кәне, балалар шаттық шеңберін жасап, бір-бірімізге жақсы лебіздер білдірейік.

-Балалар, бүгін көрмені тамашалауға барамыз. Кәне сапқа тұрайық!

Балалар шаттық шеңберін жасайды.

-Алақай!

Ұйымдастыру-ізденістік

Жұмыс дәптеріндегі сэжетті суретті көрсетіп, осындай жануарларды көрмеден табуды сұрайды.

-Бұл Бұғы. (Ойыншық үстел үстіне қояды).

-Осындай жануарды қайдан көрдіңдер?

Әңгімелесу.

-Бұғы – жабайы жануар. Ол таулы, орманды өңірлерде тіршілік етеді. Қысы қатты аймақтарда мекендейді. Хайуанттар бағында болады. Оны адамдар шанаға жегіп, көлік ретінде пайдаланады. Бұғыны аулауға, атуға тыйым салынған.

-Дымков Ойыншығы ақ түсті болады. Дөңгелек формада әшекейленеді.

Бүгінгі мүсіндеу сабағында сендердің шеберліктеріңді арттыру мақсатында бұғыны Дымков ойыншығы түрінде мүсіндейміз.

1-жолы. Тақтадағы үлгі сурет бойынша бұғының дене бөліктеріне тоқталады.

-Сазбалшықтан сопақша етіп, дәл ортасынан иіп, дөңестеп, дене бөлігін жасаймыз, саусағымызды сулап, сылаймыз.

2-жолы. Кескіш құралдың көмегімен денесінің екіжағынан тіліп созу, қысу әдісі арқылы екі аяғын жасаймыз.

3-жолы. Дөңгелек пішінге келтіріп, созу арқылы бас бөлігінен тұмсығын шығарамыз. Мойынға басты үңгі арқылы ойық жасап бекітеміз, қалақшамен тегістейміз. Құлағын бас бөлігінен қысу шымшыу әдістері арқылы шығарамыз.


Сергіту сәті.

Ерінбей сурет салады,

Жасайды қағаз кемені.

Таудан да биік талабы,

Азамат өсіп келеді.

Көрсетіп көмек кішіге,

Үлкенге сәлем береді.

Ұқыпты барлық ісіне,

Азамат өсіп келеді.


4-жолы. Мүйізін жасау үшін сазбалшықты жалпақтап, кескішпен иректеп кесіп, мүйіз пішінін жасаймыз. Оны құлақ тұсына жапсырамыз.

5-жолы. Дайын мүсінді кептіруге береміз. Бейнелек сабағында әсем безендіріп бояймыз.

Залдағы Дымков ойыншықтарынан жасалған көрмедегі заттарды ұстап көреді.

Балалар атын бірнеше рет қайталайды.

Кей балалар мультфильмнен көргендерін айтады.


Тәрбиешінің бұғы туралы әңгіме тыңдайды.


-Денесі.

-Басы.

-Аяғы.

Құлағы, мүйізі, құйрығы.



Балалар денесін жасайды.



Бас бөлігін жасап бекітеді.




Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.








Тәрбиешінің көмегімен екі мүйізін жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың жасаған бұғыларына мадақтау жасау.


Жасаған бұғыларын көрмеге қояды.





Күтілетін нәтиже:

Біледі:бұғының жабайы жануар екенін.

Игереді:бұғыны Дымков ойыншығы тәсілімен мүсіндеудің жолдарын.

Меңгереді: бұғының тіршілік ету жағдайын.






Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Балдырған» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Шана

Мақсаты: қысқы табиға әсемдігін сезініп,шананны мүсіндей білуге үйрету.Қыс мезгілінің өзіндік ерекшелерін ескеріптүстерді сәйкес дұрыс таңдау,іскерлік дағдыларын жетілдіру.Достыққа ,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: ермексаз,тақтайша,су құйылған ыдыс,сүрткіш.

Сөздік жұмыс: шаңғы,коньки тебу.


Іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация лық-қозғаушылық

Психологиялық тренинг.Шеңберге тұрып амандасу.Жыл мезгілі туралы сұрақ беріп жауаптар алу.

-Қандай қысқы ойындар білесіңдер?

Қыс мезгілі.

Қар лақтыру,шаіғы итебу, шанамен сырға нау,қардан аққала жасау

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Кәне ,іәркім өзімізге әдемі шана мүсіндейік. –Шананы мүсіндеуге керек ермексаздың түсін өздері таңдайды.Мүсіндеу жолдары.

Шананың екі табанын жасаймыз.

Табанын ұстап тұратын тіреуіштер жасаймыз.

Шананың беткі отыратын тақтайшасы.

Дайын бөліктерді біріктіреміз.

Сергіту сәті:

Балалар көңілді ырғақпен билейді.

-Иә,дайынбаз.

Т жасаймыз.үрлі –түсті ермексазды таңдап алып жұмыс.



Педагогтың көмегімен мүсіндеу жұмысын жасады.Сергіту сәтін орындады.

Рефлексиялық- түзетушілік

Балалардың жасаған әдемі шаналарын көрмеге қояды.Дәптердегі сюжетті суретке қарап әңгіме құрап оқу іс-әрекетімізді қорыту.Серуен кезінде шанамен сырғанақ тебу.

Балалар жұмыстарын өз ара салыстырды. «Кім жылдам?»қимылды ойынын ойнады.




Күтілетін нәтиже:

Біледі:қыс қызықтарын,қысқы ойын түрлерін.

Игереді:шананың бөліктері туралы түсініктерді игерді.

Меңгереді:ермексазбен шананы мүсіндеу алу біліктілігін.






Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Балдырған» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Аққала соққан балалар

Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі және қыс айлары туралы түсініктер беру,есте сақтау қабілетін,сөйлеу тілін дамыту,еңбек үрдісі арқылы бала қиялын дамыту,жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.

Көрнекілік: тақтайша,ермек саз.


Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация лық-қозғаушылық

А.Меңжанованың «Ұқыпы бала» өлеңімен танысу.



Балалар педаготы тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалар аққаланы қалай немен жасаймыз? Жылдың қай мезгілі?

Бір жылда неше мезгіл бар?

Қыста қандай мерекені тойлаймыз?

Педагог аққаланың бейнесін бейнелеп береді

Сергіту сәті.

Таң атады арайлап,

Оянады бар аймақ.

Оянады достарым,

Мен қаламын қарайлап.

/Т.Айдаров/Аққаланы жасау үшін ермексаздарды өз еркімен таңдап алып жұмыс жасайды.


Аққаланы қардан жасаймыз.

Төрт мезгіл бар.

Жаңа жылды тойлаймыз

Қарайды.

Сергіту сәтін орындады.





Ермек сазбен жұмыс жасады.

Жеке көмек алды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Бүгін нені мүсіндедік?

Аққаланы қай кезде жасай аламыз?

Қыста ауа райы қандай болады?

Сұрақ –жауап арқылы оқу іс –әрекетімізді қорытамыз.


-Аққаланы мүсіндедік.

-Аққала қыс мезгілінде жасалады.

-Қыста ауа райы суық болады.




Күтілетін нәтиже:

Біледі:әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктерін.

Игереді.шығармашылық жұмыстың түрлерін,түрлерді сәйкестендіруді.

Меңгереді:тазалық жұмыстарын,өзара көмектесуді.


Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Қуыршақ (Дымков ойыншығы бойынша)

Мақсаты:балаларды акварель бояуымен жұмыс істеу білуге үйрету, сәндік өнерге баулы, қол, саусақ моторикасын дамыту, эстетикалық сезімдерін дамыту.

Көрнекілік:компьютер,№1.1,2,3,слайдтар, акварель бояуы, қылқалам, қағаз.


Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиваци ялық-қозғаушылық

Педагог топта жәрмеңке ұйымдастырады.

-Жәреңке,жәрмеңке!

-Келіңдер ,әдемі ойыншық алыңдар!

Педагог кәне балалар,қандай тамаша ойыншықтар аралап көрейік.

Балалар амандамсады. Жәрмеңкені аралап көреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар мынау қандай әдемі қуыршақ?

- Қалай жасады екен?

-Біз осындай қуыршақтың суретін салып бере аламыз ба?
-Ендеше іске кірісеміз?Пдагог №1,2,3, слайдтарды көретеді. №5 салайдтан қуыршақ мүсіні неше бөліктен құрылатынын айтады.

Балаларға қуыршақтың салу жолдарын көрсетеді.Сергіту сәті.

Ойыншықтар-құрдасым.

Жұмысты жалғастырамыз.

2-жолын көрсету.

3-жолын көрсету.

4-жолын көрсету.


-Өте әдемі екен.

-Иә, жасай аламыз.



Педагогқа қарап жасайды.

Сергіту жаттығуын жасайды.

Жұмыстың жасау ретін сақтайды.

Рефлексиялық- түзетушілік

Әр халықтың өзіндік дәстүрі ,өнері бар.

Үлгі дәптерімен жұмыс жасадыңдар. Ойыншығымыз кепкенде осы суретке қарап әсемдейміз.

Жұмыстарын орналастырады. Жұмыс орынын реттейді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:Дымков ойыншығы туралы мәліметтерді.

Игереді:сурет салудың түрлі әдістерін.

Меңгереді:Дымков ойыншығын бейнелеп беруді.





Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Балдырған» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Біздің аю

Мақсаты: аюдың өзіне тән ерекшедіктерін ажырата отырып мүсіндей білуге үйрету. Үңгу,бекіту әдістерін меңгеру.Табиғатты аялауға ,сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: түрлі ойыншықтар, «Үш аю», «Бауырсақ» ертегілерінен бүктеме.

Оқу іс –әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалардың шаттық шеңбері. Бүктеме арқылы «Үш аю» ертегісінен үзінді. Балалар ертегіні соңынан өздері аяқтайды.Балаларға мойынына барабан ілген қоянның, бал толы бөшке көтерген аюдың суреттерін көрсету.

Балалар бір –біріне жылы сөздер айтады.Гүлдей әдемі бол! Ел қорғайтын азамат бол!Жалқау болма! Дос болайық!

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог балаларға резинкадан, пласымассадан,матадан әзірленген ойыншықтарды көрсетеді.Олардың денесінің үлкендігін,табандары жалпақ,домалақ құлақтарына көңіл аударады.Енді осы аю мен қоянның бейнесін мүсіндейміз. Қоңыр түсті,қоянды ақ түсті ермексаздан мүсіндейміз. Мүсіндеу жолдарын көрсетеміз. Сергіту сәті:

Аю қорбаңдайды.

Қоян секектейді.

Қасқыр қарғиды.

Аяғын,қолын шұжық жасау арқылы мүсіндейміз.

Балаларға аюдың дене құрлысының ерекшеліктерін көрсетеді.

Балалар көздерін емен жаңғақтың қалпағынан, мұрынын грек жаңғағы қабығынан жасайтынын айтады,жапсырады.

Сергілту сәтін орындайды.

Жұмыстарын таяқтайды. Бір-біріне көмектеседі.

Рефлексиялық- түзетушілік

Қ/о «Бұл қай аң?» Суреттер аңдардың атарын атап,олардың қимылдарын көрсетеді.

Мақсаты:

білімдерін бекіту,сергіту,көңіл күйлерін арттыру.

Балалар жұмыстарына өздері талдау жасайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі:.жабайы аңдарды бір-бірінен ажырата білуді.

Игереді:ермексазды дұрыс қолдануды,табиғи материялдармен жұмыс жасауды.

Меңгереді: ермексазбен жұмыс жасау іскерліктерін қалыптастыруды


Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Балдырған» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Қоян көжектерімен

Мақсаты:балаларды қоянның тыныс тіршілігімен таныстыру,қоянның үй жануарына жататаынын түсіндіріу.Ұсақ қол қиылдарын қалыптасытру,шығармашылық қабілетін, көркемдік ойлауын арттыру.

Көрнекілік: жұмыс дәптері,ермексаз,тақтайша,сулыв орамал.


Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Далада жүр шақпылап,

Керемет тым саққұлақ.

Тек есектен басқада,

Оған ұқсас жоқ құлақ.





-Қоян

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар сендер қоян туралы қандай ертегі білесіңдер?

Мен сендерге «Қоянның құлағы неге ұзын» деген ертегі айтып берейін.

Мұқият тыңдайық.


-Балалар қоянның түсі қандай болады?

-Иә,қыста ақ,жазда сұр болады.

Ақ түсті ермексазбен бірінші топ,қоңыр түсті ермексаздан екінші топ жұмыс жасасын.Енді қоянның денесін жасаймыз.Денесі басынан сәл үлкенірек сәл сопақша болады Сопақша пішінді жоғарғы жағына орналастырамыз.Көзін ,аузын тқалақша арқылы сомдауға болады

Дидактикалық ойын «Сөз ойла,тез ойла»


Балалар өздері білетін ертегілерін атайды.


-Ақ,сұр.

Тақтадағы үлгі бойынша қоянның денесі неше бөліктен тұратынын анықтайды. Басы,денесі,құлағы,аяғы,құйрығы.



Балалар бастаушынығ сөзін тез жалғастырып әкетті.

Рефлексиялық- түзетушілік

Педагог балалардың жасаған мүсіндерін қарап жақсы жасалған мүсіндер мадақталады.

Балалар жасаған мүсіндерін қарап,жіберген қателіктерін түзетеді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: қоянның екі түрі бар екенңн/дала және үй жануарларына жататынын/

Игереді: үңгу,ширату,жымдастыру тәсілдерін.

Меңгереді: тазалық шараларын.


Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Балдырған» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Мысық жіп орамымен ойнайды.

Мақсаты:саусақ ақылы жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, ермексаздың түсін ажырата білу,тазалыққа ,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: үлгі сурет,ойыншықтар,жіп,мысық.


Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Сәлем берем үлкенге,

Көшеден біз өткенде.

Ата көрсем жақын кеп,

Сәлем берем ізетпен «Ассалаумағалейкум»деп.

Балалар педагогпен бірге қайталап шығады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Аптаның қай күні?

Тосын сәт.

Есіктен мысық келіп кіреді.

Тақтада мысықтың жіппен ойнап жатқан суреті ілініп тұрады.

Мысықтың жасау жолдарын көрсетеміз.

Ермексазды жұмсартып домалатып аламыз. Денесін жасаймыз,сонан соң басын,шымшып құлағын шығарып аламыз. Шұжықтардан аяғын жасаймыз.

Сергіту сәті.

Балалар жұмыс жасайды.

Жеке көмектер көрсетіледі.

Дайын бөліктерді біріктіреміз.

Міне мысықты мүсіндеп шығардық.

Апта күнін айтады.

Мысықты қарсы алады.


Суретті әңгімелеп береді.

Мысықты мүсіндеу жолдарын тыңдайды, қарайды.

Балалар ермексазбен жұмыс жасайды.



Сергіту сәтін орындайды.


Жеке көмек алды. Бәір-біріне көмектесті.

Рефлексиялық- түзетушілік

Ойын «Мысық пен тышқан».

Ойынның көмегімен оқу іс -әрекетімізді пысықтаймыз.

Мысықпен бірге ойнайды. Жұмыстарын көрмеге қояды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:жануарлардың дене бөліктері мен геометриялық фигуралардың ұқсастығын.

Игереді:мысықтың дене мүшелері және жіп орамын жасауды.

Меңгереді:ермексазбен жұмыс жасай білу тәсілдерін.


Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Балдырған» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Торғай

Мақсаты: құстардың дене бөліктерінің көлемдерін үйлестіре білуге.Мүсіндеу арқылы қол қимыл қозғалыстарын дамыту.

Көрнекілік: Торғайдың суреттері.


Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

«Суық торғай »өлеңін оқу.

Балалар торғайға деген жанашырлық білдіреді.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

Сурет бойынша әңгіме.Суық тоғайлардың тіршілігін бейнелейтін сурет.

Торғайдың денемүшелерін атап өтеміз.

-Торғайдың қандай түрлерін білесіңдер?

-Ал,енді біз осы торғайды мүсіндейміз.Созу әдісі арқылы мүсіндейміз.Шымшу әдісі арқылы құйрығын шығарамыз.Екі аяғын таяқшамен бекітеміз.

Тұмсығын жасаймыз.

Сергіту сәті.

Жұмыстарын аяқтау.



Торғайлар туралы сұраққа жауап берді.

Басы аяғықұйрығы,қанаты болады.

Қараторғай,суықторғай шымшық.


Ермексазбен жұмыс жасады.

Сергіту сәті орындалды.

Рефлексиялық- түзетушілік

Енді мүсіндеген торғайларға жем шашамыз.Жарайсыңдар әдемі торғай мүсіндедіңдер.

Енді «Мысық пен торғай» ойынын ойнаймыз


Балалар ұсақ домалақтардан жем жасайды,жасаған торғайларды жемге апарады.





Күтілетін нәтиже:

Біледі:Табиғи заттарды үйлестіруді.

Игереді: Сазбалшықпен үсіндеу жоларын.

Меңгереді: торғайдың ерекшеліктеріне келтіре отырып мүсіндеу.





Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Балдырған» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Қуыршаққа арналған ыдыс(қасық,тәрелке,саптыаяқ)

Мақсаты: ыдыс-аяқтың бейнесін мүсіндеу іскерлігін қалыптасытру,шығармашылық қабілетін, көркемдік ойлауын арттыру.

Көрнекілік: ыдыстар.


Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация лық-қозғаушылық

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүйеміз,

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан

(Е.Өтетілеуұлы)

Балалар шаттық шеңберіне тұрып,өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

Педагог балаларға қонаққа келгенін хабарлайды.

-Балалар,ыдысты қайда қоямыз?

DWD арқылы музыка қойылады.

-Балалар,енді саптыаяқты жасайық.

Алдымен ермексазды алып ,домалақтап жұсартамыз,таптау әдісі арқылы саптыаяқтың түбін жасаймыз.Үлкен кесекті бірнеше бөлікке бөліп аламыз.Әр бөлікті жеке-жеке алып,арқан тәрізді есіп дайындаймыз.

Тамақ ішетін тәрелке,саптыаяқ,қасық дайын болады.

Балалар өздеріне таныс ыдыстарды атап айтады.

-Бұл-тамақ ішетін үстел.

Үстелде біз тамақ ішеміз,сурет саламыз,сабақ оқимыз.

Ыдысты үстелдің үстіне қоямыз.

-Бұл тәрелке,біз тәрелкеге тамақ саламыз.

Біз тәрелкемен тамақ ішеміз.

-Иә дайын болады.

Балалар ойынды ойнай жүріп,қурышаққа қамқорлық жасайды.

Рефлексиялық- түзетушілік

Педагог мадақтау әдісін пайдаланып ,сабақты қортындайды.

Бәрі бірге «Қуыршақ»әнін орындайды.

Балалар қурышаққа ыдыс сыйлап,өлең айтып береді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: ыдыстың түрлерін;

Игереді:қиялдау арқылы мүсіңдеудің тәсілдерін;

Меңгереді:қамқорлық жасауды.


Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Балдырған» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Құмыра

Мақсаты: балаларға ыдыстар туралы түсінік беру,құмыраны мүсіндеу әдіс тәсілдерін түсіндіру.

Көрнекілік: құмыра ,әдемі моншақтар.


Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация лық-қозғаушылық

Тыныштандыру сәті. Әуенмен балалар слайдтан ұлттық бұйымдарды көруге барады.

Балалар слайдты көріп тамашалады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Әже қонаққа келеді.

Сыйқырлы құмыра әкеледі.

Құмыраның құрлысымен таныстырады.

Педагог ермексаздан құмыраны сомдау жолдарын көрсетеді.

Сыртынан әшекейлеу үшін түрлі түсті моншақтар жапсырамыз.

Сергіту сәті.

Бас бармағым- атам,

Балаң үйрек- әжем.

Ортан терек -әкем,

Шылдыр шүмек-шешем,

Титтей бөбек мен.

Балалар құмыраны сомдап,әшекейлейді.

Моншақтар жапсырады.

Әжейді қарса алады.

Құмыраны тамашалайды.


Педагогты тыңдайды.



Сергіту сәті орындалды.






Жұмыстарын аяқтайды. Моншақтармен әшекейлейді.


Рефлексиялық- түзетушілік

Жасаған құмыраларын әжейдің құмырасымен салыстырады.

«Түлкі мен тырна» ертегісін оқу

Жасаған құмыраларын салыстырады.

Ертегіні тыңдайды.




Күтілетін нәтиже:

Біледі:құмыраның жасау жолдарын.

Игереді:ыдысты пішініне қарай мүсіндей білуді.

Меңгереді:құмыраны тастармен әшекейлеуді.




Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Балдырған» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым

Мақсаты: балаларды сүйікті ойыншықтары туралы әңгімелеп беруге,қиялдау арқылы арқылы түрлі ойыншықтарды мүсіндеуге үйрету,ойыншықтырды мүсіндеу арқылы бала қиялын ,үсақ қол қимылдарын шығармашылық қабілетін арттыру. Ұқыптылыққа ,еңбек қолыққа өзгеге көмектесе білуге тірбиелеу.

Көрнекілік: Электронды қазақ үйі,ермексаз,тақтайша, қол орамал.

Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Б.Жақыпов «Менің ойыншықтарым» әнін тыңдайды.

Балалар қимыл әрекет арқылы шаттық шеңберін жасайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалар ,сендер ойыншықтарыңды жақсы көресіңдер ме?

-Ендеше ойыншықтар бүкеніне саяхат жасайық.

Міне ойыншытар дүкеніне де келдік. Бұл жерде не көріпп тұрсыңдар?

-Ойыншықтар ұнай ма?

-Олай болса сатушыдын өзімізге ұнаған ойыншықты сатып алайық.

Тосын сәт.Есік қағылып бөлмеге Нұрбол қуыршақ келеді.

Балалар Нұрболға ұнайтынтұшақ ойыншықтыр дүкенінде жоқ екен Енді біз ұшақты ермексаздан сомдап берейік.Педагог слайдтан ұшақтаң жасау жолдарын көрсетеді.

Ермексазды сопақшалап ұшақтың негізгі бөлігін жасаймыз.

Ермксаздың кішкене блігінен ұшақтаң қанатын жасаймыз.

Сергіту сәті: «Ойыншықтар»

-Иә.


Балалар педагогпен бірге дүкенге келеді.

-Ойыншықтарды.

-Иә.

Өздеріне ұнаған ойыншықтарды сатып алады.Олар туралы әңгімелеп,тақпақтап айтып береді.Таңдап алған ойыншықтары жұмсақ,қатты,екенін біледі.

-Біз дүкеннен өзімізге ұнаған ойыншықты сатып алдық. Сенде сатып ал.

Балалар әуенмен ұшақ жасауға кіріседі.


Рефлексиялық- түзетушілік

Міне балалар бізге қонаққа келген Нұрболдың ойыншығын да мүсіндеп бердік.Нұрбол сендермен қоштасатынын айтады.

Сау бол ,Нұрбол!

Күтілетін нәтиже:

Біледі:ұшақтың бөліктері атауларын.

Игереді: мүсіндеудің тәсілдерін қолданып, ұқыпты жұмыс жасауды.

Меңгереді:ойыншықтарды ұқыпты ұстауды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Балдырған» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: 8 наурызға арналған сыйлықты әшекейлеу

Мақсаты:балалардың қол-қимыл әрекетін жетілдіру,шығармашылық пен жұмыс істеуге үйрету.бірлесіп әрекет етуге өз жұмыстарының нәтижесін салыстырып бағалай білуге жетелеу,үлкендерді құрметтей білу дағдыларын дамыту. Ананы сыйлап,сүюге ,әсемдікті езінуге тәрбиелеу,жұмыст арын ұқыпты ,таза істеуге үйрету.

Көрнекілік: 2-3 түрлі шашақталған орамал,орамалдың әдемі суреті.


Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Электронды қазақ үйінен «Анашым» әнін тыңдап әр бала өз аналарын ойлап қиялға батады.

Өздерінің аналары туралы ойларын айтыды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар ,қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде қандай мерекелер бар?

-8 наурыз кімдердің мерекесі.

-Дұры айтасыңдап,сендерді аялап өсірген аналарыңның мерекесі де жақындап қалды,олай болса өз қолымызбен сыйлық әзірлейік.

«Ан –бақыт,ана-байлық,ана-гүл »дейді халқымыз.Орамалды жасаймыз.

1.Ермексазды төртбұрышты етіп жайып аламыз.

2.Қалақшаның көмегімен артық ермексазды алып тастаймыз.

Сергіту сәті.

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Мықты болсын іргеміз,

Бәрімізде біргеміз.

Шымшу ,тегісту тәсілдері арқылы орамалдыңекі шетіншашақтайды.

  1. Басқа түсті ерсексазды пайдаланып орамалға гұлдер жапсырады.


-Көктем.

Аналардың,қыздардың, әжелердің.


Қыздар қызыл түсті,ал ұлдар көк түсті орамал жасайды.









Балалар сергіту сәтін жасайды.



Рефлексиялық- түзетушілік

Педагог балалардың жасаған оамалдарына қарап жақсы жасалған орамалды мадақталады.Сыйлығымыз дайын Н.Айтовтың «Ан » қлеңін жаттайды.

Балалар жасаған орамалдарына қарап,жіберген қателіктерін түзетеді.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: геометриялық фигуралардың түрлерінт ажырата білуді.

Игереді:орамалды әдемі әшекейлеуді ,гүл,оюды жасауды.

Меңгереді:аналар мерекесі туралы мәліметтерді.


































Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Балдырған» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Тостаған (Наурыз мерекесіне)

Мақсаты:мүсіндеудің созу,тегістеу,сылау сияқты техникаляқ іскерлігін қалыптасытру,шығармашылық қабілетін, көркемдік ойлауын арттыру.

Көрнекілік: Әр түрлі ағаштан,шыныдан,фарфордан жасалған/ кеселер,ермексаз,тақтайша.Слайд,компьютер.

Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация лық-қозғаушылық

Тыныштандыру кезеңі. Е.Өтетілеуұлы «Балдырған баламыз»

Балалар өлеңді тыңдады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ауа райына көңіл бөледі.

Тостаған неден жасалады?

Енді осы тостағанды ермек саздан жасаймыз.Слайд «Ыдыс-аяқ»дүкені.

Балдырған өзіне ұнаған тостағанды таңдайды.

Балалар тостағанды мүсіндеп беруге уәде береді.

Балалардың жұмысы.

Керекті түсті таңдап алады.

Тостағанды мүсіндеу жолын түсіндіру.

Сергіту сәті.

Дайын тостағанды өрнекпен безендендіру.

Жұмбақ.

Кесе шыны тостаған,

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?

Балдырғанға тостағанды сыйға тарту.

Балдырғанды уатады.



Слайдты тамашалайды.

Ермексазбен жұмыс жасайды.




Сергіту сәті орындалды.







-Ыдыс -аяқ.

Рефлексиялық- түзетушілік

Ойын «Ыдыстар»

Ыдыстарды жинаймын,

Үлкендерді сыйлаймын.

Кесе,қасық-бәрін де,

Өз орынына қоямын.

Ойын ойнайды.

Өлеңді жаттайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: тостағанның ағаштан жасалатынын.

Игереді:ермексаздан тостағанды мүсіндеуді.

Меңгереді:тостағанның қымыз ,шұбат сияқты сусындарды ішетін ыдыс екенін

Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Балдырған» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Торсық

Мақсаты: Қазақтың ұлтық бұйымдары –торсықпен таны тыру,оны ермексазадан м үсіндеу әдіс тәсілдерін үйрету,мүсіндеудің созу, тегістеу,сылаусияқты техникалық әдістерін қолдануға ,түстерді қабылдай білуге,ермексазды дұрыс қолдануға үйрету.

Көрнекілік: қазақтың ұлттық ыдыстары,дайын торсық,ұлттық бұйымдар бұрышы.Слдайд,компютор.

Сөздік жұмыс: торсық шұбат құятын ыдыс. «қошқармүйіз»


Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация лық-қозғаушылық

Үнтаспадан электронды қазақ үйінен күй ойнап тұрады.Балалар ұлтық бұрышқа барып саяхат жасайды.

-Бұл торсық. Ол жылқының терісінен жасалады. Қымыз,шұбат құйылады.

Балалар тыңдады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Енді осы әдемі торсықты мүсіндейміз.

1.Ермпексазды сопақша түріне келтіреміз,шымшылап созу арқылы мойынын шығарамыз. Қысу арқылы ою-өрнек саламыз.

Сергіту сәті.

Күй сандықта ойнау,

-домбыра шерту,

-баян тарту,

-қобыз тарту.

2 жолы. Торсықтың қақпағын мүсіндеді.

3 жолы педагогтың нұсқауымен торсықты әшекейлейді.

-Балалар бүгін торсықты мүсіндерп әшекейледік.

Балалар кесісті.


Өз беттерінше жұмыс жасады.



Сергіту сәтін орындады.




Жұмысты тиянақты орындап шықты.

Рефлексиялық- түзетушілік

-Торсық-шұбат,қымыз салқындатып сақтайтын ыдыс.Жолаушылырға пайдасы өте зор.

Балалардың жұмыстары көрмеге қойылады.

Бір-бірінің жұмыста рына қарап өз ойларын білдірді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұлттық бұйымдар туралы мәліметтерді.

Игереді:торсықты мүсіндеуді,әшекейлеуді.

Меңгереді:торсықтың қымызға,шұбатқа арналған ыдыс екенін.


Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Балдырған» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Әжемнің сандығы

Мақсаты: Балаларды мүсіндеудің тегіс нәрсеге бедерлі сурет түсіре білу әдістемесімен таныстыру және үйрету.Ұсақ қол қимылдарын дамыту. Еңбекқорлыққа, үлкенді құрметтеуге халық өнерін құрметтеугетәрбиелеу.

Көрнекілік: Сандық, мульт топтама,ермексаз,тақтайша.


Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Өте мейірімді ,ақ шашты,бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды,ұйықтар алдында ертегі айтып береді.

- Ол кім?

-Балалар,бүгін біз әжеміздің үйіне қонаққа барамыз.





-Әже.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

Жұмбақ шешу.

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

Аспаннан домалап,

Көк моншақ төгілді.


Бусанды бар дала,

Терледі,керілді.

Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ желеді.


Міне балалар жұмбақты шешіп болғаншада жеттік. Балалар әжемізбен амандасып ,қарсы алайық. Әжей бұйымдары мен балаларды таныстырады.

-Мынау түскиіз, текемет, көрпе,сандық,қоржын,қамшы т.б.

-Әже осының ішінде әдемі болып көрініп тұрғаны сандық.Осы сандық қалай жасалған сол туралы айтып берсеңіз.







-Күн.




-Жаңбыр



Жел.


-Сәлеметсіз бе,әжей!


Әжей сандықтық жасалу,қолдану жолдарын айтып береді.Әжейдің немересі сандықты мүсіндеу жолдарын көрсетеді.

1.Ермексазды жұмсартып, төрт бұрышты пішінге келтіреміз . Бұрыштарды қырлаймыз.Шымшу әдісі арқылы сандықтың аяғын шығарамыз.

2. Жасыл түсті ермексазды алып жалпақтаймыз.

Сергіту сәті: «Қозылар»видеоға қарап сергіту сәтін жасайды.

3. Басу әдісін қолданып, сандықтың бетіне кесілген пішінді басамыз,орналастырамыз.

4.Ермексазды жалпақтап,кішкене шаршыларды кесеміз.

5. Ермексазды ұзыншақтап есіп,сандықтың төбесін,жанын өрнектеуге қолданамыз.


Рефлексиялық- түзетушілік

Балаларға көмектескен әжеміздің немересі ,жасалған жұмысқа баға береді.


Дайын жұмыстарын ұлттық бұрышқа орналастырады.


-Сандықты неден жасайды?


-Үйлеріңде сандық бар ма?

Балалар жасаған мүсіндерін қарап, жіберген қателіктерін түзетеді.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

-Бар.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: сандықтың ұлттық,сәндік бұйым екенін.

Игереді:сандықты ермексаздан әдемілеп мүсіндеуді.

Меңгереді:сандықты әдемі әшекейлеу әдістерін.









Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Балдырған» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Дән терген құс

Мақсаты: адам мен жануар бейнесін мүсіндеу іскерлігін қалыптасытру,шығармашылық қабілетін, көркемдік ойлауын арттыру.

Көрнекілік: бейнетаспа, суреттер.


Іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация лық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Армысың алтын күн,

Армысың көк аспан.

Армысың жан досым,

Жылуыңа жылу қос.

Міне менің қолым!

Құстар туралы мултьфильмнен үзінді қойылады.

Балалар қимыл әрекет арқылы шаттық шеңберін жасайды.


Мултьфильмді тамашалайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Енді дән терген құстардың бейнесін мүсіндеп көрейік. Денесін үлкен сопақшадан мүсіндейміз. Кіші сопақшадан басын жасаймыз. Кішкентай кесек ермексазды алып дән жасаймыз.

Сергіту сәті.

Аяғын кескіш құралдың көмегімен безендіреміз.

Құйрығын бөлек кесектен жасаймыз. Енді, құстар дән терген бейне жасаймыз.



Балалар үлкен кесек ермексазды алып алақандарына салып,жұмсартып дене мүшелерін келтіреді.


Балаларға табиғи материялдар таратылады.


Рефлексиялық- түзетушілік

Педагог балалардың жасаған мүсіндерін қарап жақсы жасалған мүсіндер мадақталады.

Балалар жасаған мүсіндерін қарап,жіберген қателіктерін түзетеді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: иттің адамға дос екенін, жеті қазынаның бірі екенін.

Игереді:негізгі бөліктері туралы түсініктерді игерді.

Меңгереді:табиғи материялдарды пайдалана отырып,оны өз ойларымен әшекейлей білуді.



Ұйымдастыру оқу іс әрекет технологиялық картасы

«Балдырған» тобы «___»__________20__жыл


Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы:Кесе

Мақсаты:

Білімділік: мүсіндеудің созу, тегістеу, сылау сияқты техникалық әдістерін қолдаеуға, түстерді қабылдай білуге, ермексазды дұрыс қолдануға үйрету.

Дамытушылық: белсенділігін, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:әртүрлі(ағаштан, шыныдан,фарфорданжасалған) кеселер, ермексаз,тақтайша.

Құрал- жабдықтар: слайд, үлкен экранды теледидар.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, қөркем әдебиет

Алдын ала жұмыс: музыка залын мүсіндеу сабағына дайындау, үйірме жетекшімен бірігіп көрме жасау, сазбалшық дайындау.

Сөздік жұмыс:бұғы, мүйіз, Дымков ойыншығы.

Пәнаралық байланыс: сурет салу.


Оқуіс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.

Қашан да, қайда да,

Достар бір-біріне,

Сенімді боламыз.


Балалар шаттық шеңберін жасайды.


Ұйымдастыру-

шылықізденістік


Есіктен Балдырған жылап кіреді.

-Ой, Балдырған, саған не болды, неге жылап түрсың?

-Мен таңғы асымды ішкелі отырып кесемді сындырып алдым.

-Болды, жылама.

Балдырған, біз саған кесе жасап береміз.




Сергіту сәті.

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз

Ренжісуді білмейміз.

-Балалар, енді біз өзіміз бір ойын ойнайық. Балаларға әртүрлі түстегі ыдыстарды көрсетемін. Балалар әр шәйнектің жанына кеселерді түстеріне қарай топтастырады. Балалар шеңберге тұрып, бәрі бірге төмендегі өлеңді қайталайды.

Ыдыстарды жинаймын,

Үлкендерді сыйлаймын.

Кесе, қасық-бәрін де,

Өз орнына қоямын.


-Балдырған, сен жылама!- деп, балалар Балдырғанның басынан сипайды.







Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.


Ойынды ойнайды.




Өлең жолдарын қайталайды.



Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың жасаған кеселерінмадақтау,мақтау.


Жасаған кеселерін көрмеге қояды.





Күтілетін нәтиже:

Біледі:кесенің күнделікті қажет бұйым екенін, түрлерін біледі;

Игереді:кесені мүсіндеуді.

Меңгереді:өрнектің түрін ермексаздан жасауды.


























Ұйымдастыру оқу іс әрекет технологиялық картасы

«Балдырған» тобы «___»__________20__жыл


Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Ғарыш кемесі

Мақсаты:

Білімділік: балаларға ғарыш, зымыран, ұшақ туралы түсінік беру.

Дамытушылық: балалардың ой-қиялын дамыту, ғарыш әлеміне қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамдарын дамыту.

Тәрбиелік: Отанын, елін, жерін сүюге, адалдыққа, батылдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:слайд, сюжетті суреттер.

Құрал- жабдықтар: ермексаз,тақтайша.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап


Оқуіс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

-Балалар, біздің тұратын жеріміз-жер планетасы деп аталады. Төбемізде әдемі аспан әлемі бар. Бұл аспан әлемі-ғарыш. Біз жер планетасында өте тату-тәтті өмір сүреміз. Мейірімді достармыз.

Балалар шаттық шеңберін жасайды.


Ұйымдастыру-

шылықізденістік


Жұмбақ жасыру:

Құстан аумайды,

Көкте зулайды. Ол не?

Сергіту сәті.

Бір шаңырақ астында,

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.


-Балалар, ермексазды есу, домалақтау арқылы зымыранның терезесін, тұмсығын жасаймыз,



-Ұшақ.




Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.



Өлең жолдарын қайталайды.



Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың мадақтап сабақты қорытады. 21 беттегі сюжетті сурет бойынша салыстыра отырып әңгімелетеді.

«Ұшты-ұшты» ойынын ойнатады.


Жасаған жұмыстары жайлы әңгімелеп береді.





Күтілетін нәтиже:

Біледі:мүсіндеудің түрлі әдістерін;

Игереді:ермексаздан зымыранның бөліктерін жасап, дұрыс орналастыруды;

Меңгереді:ғарыш әлемі туралы қарапайым түсініктерді.











































Ұйымдастыру оқу іс әрекет технологиялық картасы

«Балдырған» тобы «___»__________20__жыл


Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Суда жүзген қайық

Мақсаты:

Білімділік: суда жүретін көліктер туралы түсініктерін қалыптастыру, қайық бейнесін мүсіндей білуді үйрету.

Дамытушылық:ұсақ қол қимылдарын, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік:табиғатты сүюге, қоршаған ортаны аялауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:интерактивті тақта, үнтаспа, слайд, түрлі суреттер, қайық макеті.

Құрал- жабдықтар: ермексаз,тақтайша, су, кескіш құрал,дымқыл шүберек, сіріңке талшығы.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу.


Оқуіс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Кемпірқосақ

Жаңбыр жауып басылды,

Аспан шайдай ашылды.

Көкте қызыл-жасылды,

Кемпірқосақ асылды.

-Балалар, мен жұмбақ жасырамын.

Жүрсе ізі жоқ

Сойса қаны жоқ.

Балалар табиғат құбылыстарының ерекшеліктеріне сәйкес қимылдар жасайды.



-Қайық.

Ұйымдастыру-

шылықізденістік

-Балаларға слайд арқылы қайықтың түрлерін көрсетемін, қайық туралы түсінік беру. Қайықтың құрылысымен (қайық, діңгек, желкен) таныстырамын.

-Енді қайықты мүсіндейік

1 жолы. Кесек ермексазды алып, домалақтап, жалпақтаймыз.

2 жолы. Енді саусағымызды басып, қайық пішінін келтіреміз.

3 жолы желкенді жасау үшін бізге қандай ермексаз қажет?

-Дұрыс,көк түсті.

Сергіту сәті.

Күн ұйықтайды.

Күн оянады.

Жел соқты.

Жаңбыр жауды.

Бұлт түнерді.

Найзағай шатырлады.

Күн ашылды, жел басылды.

4 жолы көк түсті ермексаздан екі желкен жасаймыз.

5 жолы қайықтың төменгі бөлігіне сіріңкенің талшығынан діңгек орналастырып, екі жағына желкенді жапсырамыз.


Қайыққа мініп көрген балаларды әңгімеге тарту. Өз өңірлеріндегі қайық жүзетін өзен суларды атату.






Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.



Слайдтағы сурет бойынша көк түсті ермексаз керек екенін балалар айтады.





Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың жасаған жұмыстарын мадақтайды, үнтаспадан әуен тыңдату арқылы балаларды қайыққа мініп, саяхатқа шығуға шақырып, сабақты қорытады.


Әрқайсысы өздерінің жасаған қайықтарына мініп, саяхатқа шыққандай әсерде болуы керек.






Күтілетін нәтиже:

Біледі:су көліктері туралы мәліметтерді;

Игереді:қайық және оның құрылысын, жасалу жолын;

Меңгереді:қайықтың суда жүзетінін, күнделікті өмірде қажет екенін.





















Ұйымдастыру оқу іс әрекет технологиялық картасы

«Балдырған» тобы «___»__________20__жыл


Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Қанат жалау ұстап келеді

Мақсаты:

Білімділік: бала бейнесін мүсіндей білуге үйрету.

Дамытушылық:шығармашылық белсенділігін арттыру, қол, саусақ икемділігін дамыту.

Тәрбиелік:жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:интерактивті тақта.

Құрал- жабдықтар: ермексаз,тақтайша, су, кескіш құрал, жұмыс дәптері, әртүрлі жалауша.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу.


Оқуіс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларды екі топқа бөліп, алдыңғы екі баланың қолына жалауша береді. Музыка ырғағымен балалар жалаушаны қолдан-қолға бере бастайды. Қай топ жалаушаны жылдам жылжытып, ойынды тез аяқтаса, сол топ жеңімпаз деп танылады.

-Балалар жалауша не үшін қажет?

Балалар ойынды 2-3 рет қайталайды.



-Мерекелерде ұстау үшін қажет.

Ұйымдастыру-

шылықізденістік

Бүгінгі сабағымызда Қанаттың жалауша ұстап келе жатқанын мүсіндейміз.

-Үлгі дәптермен жұмыс.

1 слайдтан адамның дене мүшелері және оның жасалу жолдары көрсетіледі.

2 жолы қоңыр түсті ермексазды үлкендеу етіп алып, ұзындау сопақша жасаймыз. Сәл жалпақтаймыз.

3 жолы Кескіш құрал арқылы тілік жасап, аяғын шығарамыз.


Сергіту сәті.

Бас бармағым-атам,

Балаң үйрек-әжем,

Ортан терек-әкем,

Шылдыр шүмек-шешем,

Титтей бөбек- мен.





-Қоңыр.








Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.







Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың жасаған жұмыстарын мадақтайды,көрмеге қояды. Жеңіс күніне арнап өлең оқып беремін.Өлең жолдарын түсіндіріп, сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыту.


Әрқайсысы өздерінің жасаған жалаушаларынан көрме жасауға көмектеседі. Өлеңді мұқият тыңдайды.






Күтілетін нәтиже:

Біледі:жалаушаны қашан, қай жерде қолдану керек екендігін;

Игереді:адамның дене мүшелерінің орналасу ережесін;

Меңгереді:9 мамыр –Жеңіс күні екенін.
































Ұйымдастыру оқу іс әрекет технологиялық картасы

«Балдырған» тобы «___»__________20__жыл


Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Әдемі гүл

Мақсаты:

Білімділік: түймедағы гүлін мүсіндей білуге үйрету, көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық:саусақ бұлшық еттерін, сөздік қорын, тілін дамыту.

Тәрбиелік:эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:гүлдер топтамасы тақырыбында бүктеме, алғашқы дала гүлдерінен гербарий, үнтаспа.

Құрал- жабдықтар: ермексаз,тақтайша, су, кескіш құрал, жұмыс дәптері, сулы орамал.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу.


Оқуіс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар тізерлеп отырады. Көктемгі күн Жер ананы қыздырып, табиғаттағы бір тіршілік иелері оянып, гүлдер Жер-анадан күш алып, жапырақтарын жайып,күлтелерін көтеріп, күнге қарай қол созады.

-Қандай сезімде болдыңдар?

-Көктем гүлдерін атаңдаршы?




гүл сияқты сезіндік.




Бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ, түймедақ.

Ұйымдастыру-

шылықізденістік

Бүгінгі сабағымызда түймедақ гүлін мүсіндейміз. Жұмыс дәптеріне көңіл бөлейік.

-Түймедақ гүлінің күлтелерінің түсі қандай?

1 жолы сары түсті ермексазды алақанға салып домалақтаймыз, алақанмен басып сәл жалпақтаймыз.

2 жолы күлте жасау үшін біз 7 бірдей домалақ жасап алуымыз керек.

3 жолы саусақтарымыздың көмегімен сопақша пішінге келтіріп, оны жалпақтап, екі ұшын сұқ саусақ, ортаңғы саусақ көмегімен доғалдап, күлтелерін жасаймыз.



Сергіту сәті.

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн біз көңілді баламыз

Қайырлы күн біз сүйкімді баламыз.




-Сары. Сабағы мен жапырақтары жасыл.












Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.







Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың жасаған жұмыстарын мадақтайды,көрмеге қояды. Гүлдер туралы тақпақ, жұмбақ айтуды ұсынады.

Әрқайсысы өздерінің жасаған гүлдерінен көрме жасауға көмектеседі. Тақпақ, жұмбақ айтады.






Күтілетін нәтиже:

Біледі:гүлдің адамға жақсы көңіл күй сыйлайтынын, бекерге жұлмау керектігін;

Игереді:түймедағы гүлін мүсіндеуді.

Меңгереді:гүлдің пайдасын, гүл туралы әдеби шығармаларды, әдемілігін сипаттап айта білуді.



















Ұйымдастыру оқу іс әрекет технологиялық картасы

«Балдырған» тобы «___»__________20__жыл


Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Жәндіктер (Қаңқыз)

Мақсаты:

Білімділік: қаңқыз және оның өзіне тән белгілерімен таныстыра отырып, әдемі мүсіндеуге үйрету.

Дамытушылық:ұсақ қол қимылдарын, есте сақтау қабілеттерін, тілін дамыту.

Тәрбиелік:жәндіктерге деген қамқорлық сезімдерін ояту, балаларды ұқыптылыққа, еңбекке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:тоқ, компьютер, жәндіктер туралы топтама көрсету.

Құрал- жабдықтар: табиғи материалдар, жаңғақ қабығы, ермексаз, тақтайша, сулы орамал.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу.


Оқуіс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамыз да қаламыз


Балалар шаттық шеңберін жасайды.



Ұйымдастыру-

шылықізденістік

-Балалар, біз жәндіктер туралы, олардың тыныс-тіршілігі, туралы білу үшін тақтаға назар аударайық. Жәндіктерге көбелектер, қоңыздар, шегірткелер, құмырсқалар, аралар, қаңқыздар жатады.


-Қаңқыз қайда мекендейді екен?


-Қаңқыздың дене мүшелерін атаңдар.


Сергіту сәті.

Қолымызды көтереміз, тербетеміз,бұл-ормандағы ағаштар,

Қолымызды шынтағымыздан бүгеміз, саусақтарымызды сілкілейміз-жел жапырақтарды тербейді,

Қолымызды жаймен бұлғаймыз-жазбен кездесеміз.

Балалар жәндіктер және қаңқыз туралы қызыға бақылап көреді.


-шөпте


-қанаты, басы, аяғы, мұртшасы



Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.







Рефлексиялық-түзетушілік

Балаларды таза ауаға шығарып, серуен кезінде қаңқызды бақылату арқылы сабақты қорытындылау.

Әрқайсысы өздерінің жасаған қаңқыздарын көрме жасауға көмектеседі.






Күтілетін нәтиже:

Біледі:қаңқыздың жәндікке жататындығын,

Игереді:қаңқызды табиғи материалды пайдалана отырып мүсіндеуді;

Меңгереді:қаңқыздың шөпте мекендейтінін.
































Ұйымдастыру оқу іс әрекет технологиялық картасы

«Балдырған» тобы «___»__________20__жыл


Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы:Балапандар

Мақсаты:

Білімділік: балаларға кесек ермексаздан балапан бейнесін мүсіндеуді үйрету.

Дамытушылық:қол-қимыл әрекеттерінің қозғалғыштығын, үйлесімділігін дамыту.

Тәрбиелік: балаларды ұқыптылыққа,әсемділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:слайд, суреттер, үнтаспа.

Құрал- жабдықтар: ермексаз, тақтайша, сулы орамал.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу.


Оқуіс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Армысың, шапағатты Күн-ана!

Армысың, қайырымды Аспан-ана!

Армысың, мейірімді Жер-ана!

Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!


Балалар шаттық шеңберінде бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.



Ұйымдастыру-

шылықізденістік

-Балаларға слайд бойынша құстардың суретін көрсетіп, олардың атауларын, түрлерін сұрайды.

-Балалар, құстардың жанынан не көріп тұрсыңдар?

-осы кішкентай балапандарды біз мүсіндеп жасап көрейік.

Балаларға құстардың денесін, басын, мойынының ұзындығын, аяғы мен қанатын орналастыру жолын түсіндіреді.

Сергіту сәті.

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Балалар слайдтан көрген құстардың атауларын атап, олар туралы өз білгендерін әңгімелейді.






Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.







Рефлексиялық-түзетушілік

Дид ойын: «Анасын тап» үй құстары мен олардың балапандарының бейнесі шашыраңқы түрде тасталады. Балалар әр құстың жанына өз балапандарын жинауға көмектеседі.

-балапанның түсі қандай?

-Балапанның көзінің пішіні қандай?

Әрқайсысы өздерінің жасаған жұмыстарын сипаттайды, салыстырады.

-сары

-домалақ





Күтілетін нәтиже:

Біледі:құстардың өзіне тән қасиеттерін;

Игереді:ермексаздан түрлі геометриялық пішіндерді жасауды;

Меңгереді:ермексаздан балапан жасау тәсілдерін.
































Ұйымдастыру оқу іс әрекет технологиялық картасы

«Балдырған» тобы «___»__________20__жыл


Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы:Жайлауда

Мақсаты:

Білімділік: сурет бойынша әңгімелей отырып жайлау, киіз үй туралы түсінік беру, ұлттық ою-өрнекті мүсіндей білуге үйрету.

Дамытушылық:балалардың қиялын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, ұлттық өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:жайлаудың суреті, киіз үй, жайлаудағы малдар.

Құрал- жабдықтар:түрлі-түсті ермексаз, тақтайша, сулы орамал.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу.


Оқуіс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Достарды біз қолдаймыз

Қиын шақта қорғаймыз,

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз!


Балалар шаттық шеңберінде бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.



Ұйымдастыру-

шылықізденістік

-Балалар суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Ауылда жазда малдар қайда болады?

-Малшылар тұратын үй қалай аталады?

-Таудың етегінде не өсіп тұр?

-Жайлауда тағы не өседі екен?

-Өте дұрыс, жайлауда қарағайлар, жабайы ағаштар, гүлдің сан түрлері өседі. Жайлаудың шөбі ат бойындайболады.

-Суреттен тағы не көріп тұрсыңдар?

Ендеше осы жайлаудағы киіз үйді мүсіндейік.

1 жолы алақанға салып, домалатып төбесін сопақтау етіп шығарамыз.

-енді киіз үйдің сыртына қызыл түсті ермексазбен ою жапсырайық.

Сергіту сәті.

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

-жайлауды, киіз үйді, малдарды.

-Жайлауда

Киіз үй.

-Гүлдер, шөптер.

-Қарағай,басқа да ағаштар.

-Тауды, суды.

-Киіз үйді








Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.







Рефлексиялық-түзетушілік

Дид ойын: «Киіз үй»

Ойын шарты: Ойынға 5 баладан төрт топқа бөлінеді. Әр топтың дәл ортасына орамал тасталады. Бір-бірінің қолынан ұстап, әннің әуенімен жүреді. Әуен тоқтағанда ортадағы орамалды кім бұрын алса, сол жеңімпаз.

Ойынға белсене қатысады.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: киіз үй, ою түрлерін;

Игереді: киіз үйді қалай жасауды, оны оюмен әшекейлеуді;

Меңгереді: қазақтың ою-өрнек атауларын.