СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Білім жүйесіндегі бағыты туралы " тақырыбындағы мақала

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«"Білім жүйесіндегі бағыты туралы " тақырыбындағы мақала»

Білім жүйесінің жаңа бағыты туралы



Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл- ұлт бірлігінің негізгі факторы.

Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты қазақстан халқына Жолдауында болашақта қазақ тілі кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналатынын айтып, тілдің қоғам өміріндегі маңызына тоқталды.

Білім реформалары жаңартылып, жаңа саяси бағыт алуда. Осы жазда көптеген мұғалімдер қауымы тер төгіп, тест тапсырып, біліктілігін арттыруда. Осы мақсатпен бізді Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі орналасқан Педагогикалық шеберлігін арттыру орталығының директоры және куратор Сарбасов Нұрлан Сағындықұлы мен қазақ тілі тобының тренері Рахметова Айгүл Олжаханқызы қарсы алды.

Айгүл Олжахановна бір адамдай , отыз адамның көңілін аулап, жүрекке жол таба білді. Ұсынылған оқу бағдарламамен бірге мұғалімдердің өзара бөліскен тәжірибелері, шеберліктері, көзқарастары да маңызды .Ортамызда білім беру әдіскерлері, Үш деңгейлі курсын аяқтаған мұғалімдер , мектеп директорлары да болды . Олар пән мұғалімнің ауыртпалық жүгі қандай екенін көріп , әдістемелік көмегін көрсетеді деп сенемін.

Біліктілікті арттыру курстын аясында қазақ тілі сабағына әзірленетін оқу жоспары, оқуды ұйымдастырудың реті мен тәртібі туралы, бірлескен оқу, әдістердің түрлері, критериалды бағалау моделін қолдануын .Үштілді білім беру саясатын іске асыруын қарастырдық. «Кіріктірілген қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін меңгертудің әдіс -тәсілдері дегендей.Осы бағдарламаны меңгеру барысында және тест тапсыру алдында барлығы қобалжыды. Бұл әрине адам баласына тән психологиялық құбылыс. Бірақ, осы бағдарламаны оқушыларға игерту, ата- аналарға жеткізіп, көмек көрсете білу - мұғалімнің шеберлігіне байланысты деп ойлаймын.

Асаинова Г.Ш

Береговой ЖББНМ

Қазақ тілі мұғалімі