СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Білімді болсаң, ұтыс сенікі

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

внеклассный                                                                                                                                                                                        

Просмотр содержимого документа
«Білімді болсаң, ұтыс сенікі»

Бекітемін

Мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

_____________

"29" қараша 2018ж.



Тақырыбы: "Білімді болсаң, ұтыс сенікі"

Мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

Түрі: сайыс

Әдісі:топтық жұмыс, ойын

Пәнаралық байланыс: геометрия, технология


І. Кіріспе.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 8-сынып оқушыларының «Білімді болсаң, ұтыс сенікі» атты сайысын көруге қош келдіңіздер!

Әділқазы алқалары таныстырылады.

Әділқазы алқалары:

Математика пәнінің мұғалімі: Махамбетиярова Ж.Ж.

Информатика пәнінің мұғалімі: Есіркеева Ж.

Сайыстың шарттары:

1. Таныстыру.

(әр топ өздерін таныстырады)
2. «Кім жылдам?»
(қағаз қиындыларынан берілген уақыт ішінде өз сыныптарының әріптерін құрастырады)
3.Бос орынды толтыр.
(берілген есептердегі бос орындарды толтырады)
4.Ойлан, тап.
(логикалық тапсырмалар)
5. Қызықты әріптер және цифрлар
(берілген цифрлар, фигуралар және әріптерді дене мүшелерінен құрастыру)
6. «Көңілді санау»
(жылдамдықпен санау)

ІІ.Негізгі бөлім.

1) Бірінші кезеңде әр топ өздерін таныстырып өтеді.

2) "Кім жылдам?" кезеңінде әр топ қағаз қиындыларынан белгілі бір уақыт ішінде өз сыныптарының әріптерін құрастырады.

3) Келесі кезең "Бос орынды толтыр" деп аталады. Бұл сайыста әр топқа есеп шығарылу жолымен беріледі. Сол есептердегі бос орындарды толтырады. Дұрыс болған әрбір есепке 5 ұпайдан беріледі.

І топ

1) х2 - 11 х - 152 = 0

х1 = 19 х2 = -8

2) (х + 3)(х - 6) = х2 - 6х + 3х - 18 = х2 - 3х - 18

3) = 25 · 11 = 275

= 9 · 13 = 117


ІІ топ

1) х2 + 14х + 48 = 0

х1 = -6 х2 = -8

2) (х - 5)(х + 4) = х2 + 4х - 5х - 20 = х2 - х - 20

3) = 4 · 49 = 196

= 36 · 5 = 180

ІІІ топ

1) х2 + 2 х - 80 = 0

х1 = -10 х2 = 8

2) (х - 5)(х + 7) = х2 + 7х - 5х - 35 = х2 + 2x - 35

3) = 49 · 3 = 147

= 64 · 2 = 128

ІV топ

1) х2 - 8х - 84 = 0

х1 = 14 х2 = -6

2) (х - 9)(х + 2) = х2 + 2х - 9х - 18 = х2 - 7х - 18

3) = 81 · 3 = 243

= 16 · 5 = 80



4) Төртінші "Ойлан, тап" кезеңінде әр топқа логикалық тапсырмалар беріледі. Дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.



5) Келесі кезеңде әр топқа бір цифр, әріп және геометриялық фигурадан беріледі. Оқушылар дене мүшелері арқылы берілген фигураларды құрастыру қажет. Барлық топ мүшелері қатысуы тиіс.

6) Соңғы кезеңде А3 форматқа 1-40 аралығындағы сандар араласып беріледі.

1 минут уақыт ішінде бір топ мүшесі шығып өсу ретімен санап шығуы керек.

ІІІ. Қорытынды.

Қорытынды сөз әділқазы алқасына беріледі.