СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру

    Оқу – тәрбие жұмысын жақсартуда оқушылардың өздігінен ізденіп,білім алуына мүмкіндік жасау үшін оқып білім алуға баулу керек.Ол үшін оқушыларға өздігінен орындайтын жұмыстарды көп білуі керек.Осыған орай жас ерекшеліктеріне және қабілетіне қарай тапсырмалар құрастырылады.Ол үшін мен сыныбымдағы 32 оқушыны  3 топқа бөлдім. Сөйтіп,тапсырмаларды қабілеттеріне қарай беріп отырдым.Әуелі жеңілден ауырға қарай бердім.Осы тапсырмалар өз әрекетін бақылап-бағалай алды.Тапсырмаларды ауыстырып кезекпен беріп отырдым.

    Сабақта өтілген тақырып бойынша да өздік жұмыс ұйымдастырдым.Әдебиеттік оқу сабағында өтілген тақырыпқа сай өздері мақал-мәтел құрастырады немесе әркім өз бетінше сол тақырыпқа сай ат қояды.

    Ал қазақ тілі сабағында көбінесе сурет беремін.Бұл әрі сөз байлығын молайтады,әрі өз бетінше мәтін құруға,сөз бен сөзді байланыстыруға көп әсерін тигізеді.

    Математика пәні бойынша есептер беремін.Өздері шартын құрып,қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастырады.Бұны мен әр оқушыға бөлек беремін.Есептері әр түрлі болғандықтан олар бір-біріне ұқсас емес есептер құрастырады.Сөйтіп,олар өз бетінше жұмыс істейді.

    Бұл өздік жұмыстардың ерекшелігі – олардың ықыласын,ойын дамытады, шығармашылық әрекетін дамытады.Ол үшін мен өзім оқушыларды жетелеп,өзіндік қадам жасауына ықпал етіп отырамын.

    Мен өздік жұмысты көбіне өткен тақырыптарды пысықтауға,қорытындылауға қиял береді, қызықтырады,ойлантады.

    Мысалы; әр топқа сөздер беремін.Олар сол сөзден түрлі сөйлем ойлайды немесе сол сөзді қатыстыра отырып,мақал-мәтел құрастырады.

    Сол құрастырылған сөйлемдердің әрбір сөзін таңдатамын.Ойындар арқылы сұхбат алып, қорытындылаймын.Барлық бала өз бетімен жұмыс істейді,әрі бәрі де бағаланады.

    Өзіндік жұмыс – өз алдына оқыту әдісі емес.Ол тек мұғалімнің ұйымдастырылуымен, оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатына негізделген.Осындай өздік жұмыстар көп болса,қоғамға жан-жақты білімді,жоғары мәдениетті,шығармашылықпен жұмыс істей алатын азаматтар көп болады.Сондықтан біз де көбірек жұмыстар беруіміз керек.Сонда ғана саналы азамат тәрбиелей аламыз.

Оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру

   Оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге баулу,олардың білімге ынтасын арттырып,өз бетінше еңбек етуге,еңбек сүйгіштікке,алған білімдерін іс-жүзінде пайдалана білуге,оқыған материалдарын  тиянақты меңгеруге жәрдемдеседі,олардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіреді.

   Сондықтан мен оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне көп көңіл бөлемін.Оқушылардың шамасына қарай өздігінен орындайтын жұмыстың көлемін шағын әрі мазмұнын қарапайым етіп ұйымдастырамын.

   Өздігінен жұмысқа үйретуді қазақ тілі сабағын оқытқанда кеңінен пайдаланып отырдым. Мысалы, «Жіктеу есімдіктері» тақырыбын өткенде былайша ұйымдастырдым. «Артық сөзді тап» ойыны арқылы жаңа сабақты бастадым.

Ойнады,күлді,жүрді,мен,сен,ол.

   Әдепкі үш сөз қимылды білдірді,ал кейінгі үш сөз артық.Олай болса «мен,сен,ол» туралы не білесіңдер? – дедім.Өздерінің білетіндерін айтты. «Сөз анасы – сәлем» деген тақырыпқа әңгіме құраңдаршы ,деп тапсырма бердім.Оқушылар өздерінің ойларын жазды,әңгімелерін оқыттым.

Адамгершілікке жата ма?Адамгершілікке деген не? (ассосациялау)

   Енді жаттығу орындайық.Жаттығудан жіктеу есімдіктерін табу,жіктеу есімдіктері туралы айту.Әлімдікі дұрыс па? Сәлімдікі дұрыс па? Сәлім танымаса да қарт кісіге сәлем берді.Ол кісі риза болып қалды.Ал Әлім болса,мен оны танымаймын деп сәлем бермеді.Үлкендерге танымасаңдарда ілтипат көрсетіп,сәлемдесу керек.Бұл адамгершілікке жататын қасиет. Сендерге кімнің ісі ұнайды,неліктен? деп сол жаттығу арқылы өздеріне ұнаған кейіпкерге мінездеме жазғызамын,есімдікті тапқызамын.

   Келесі жаттығуды орындауда мен,сен,ол деген сөз берілген болатын.Осы жаттығуды қалай орындауға болады деп өздеріне ой тастадым.

   Өздері өз бетінше жұмыс жүргізді.Біреулері сол есімдерді қатыстырып сөйлем құраса, екінші біреулері есімдіктердің орнына  сөз қойып сөйлем құраған.Енді біреулері жіктеген.

   Осылайша әр жаттығуды орындағанда сол жаттығуға сәйкес ереже айтады,мысал келтіреді немесе талдайды.Келесі жаттығуды орындауда өлеңді мәнерлеп оқыттым.

Келеді ұшып тырналар,

Үшкілденіп тізіліп.

Қайтқан сайын жылда олар

Қараймыз біз қызығып.

   Эстетикалық талғамын арттыруда сол құстар туралы ой қозғаттым. «Кубизм» әдісі бойынша әр топтан 1 оқушыдан шығып,өздеріне түскен сұрақтар мен тапсырмаларды орындады.                                             

Тапсырма:

1.Өлеңді жай сөйлемге айналдырып жазу.

2.  3-4 қатардағы сөздерден есімдіктерді табу.

3.Зерттеңіз.Соңғы екі қатарындағы есімдіктер қандай есімдіктер?

4. «Құстар - біздің досымыз» немесе «Көктем» тақырыбының біріне эссе жазу.

Жаттығуды дәптерге жазғанда әдемі етіп жазу керектігін ескертіп отырамын.Сергіту сәтінде: ойын ұйымдастырып отырамын.

   Ортаға оқушыларды шығарып,доп лақтырып ойнатамын.Өткен тақырыбымызға байланысты сөздерді  айтқызамын.Содан соң бекіту мақсатында нені үйренгенін,нені үйренгісі келетінін сұраймын.

Инсерт әдісі бойынша:      V     ?     +

   Үйге тапсырма бергенде әрқайсысы өздерінің шығармашылық дәптерлеріне  адамгершілік тақырыбына әңгіме жазып келу тапсырылады.

   Басқа пәндерді де өткенде өз бетінше орындайтын жұмысты көбірек  беремін.Мысалы: әдебиеттік оқу пәнінде тақырыптарды өткенде сол тақырыпқа сәйкес қандай мақал айтуға болады немесе сенің ойынша қалай болғаны дұрыс?Өз ойынды қысқаша жаз деп тапсырма беріп отырамын.Ойларынан сөз жұмбақ құратамын.

   Тәрбинің қай саласында болмасын қазақ халық ауыз әдебиетінен үлгі алған,тәрбиелеген. Адамгершілік тәрбиесін оқушылардың бойларына сіңіру мақсатында,әр топқа тапсырма беремін.

1.Адамгершілікке тәрбиелейтін мақал-мәтелдер.

2.Соған сай көрініс.

3.Шешендердің ұлағатты сөздері

арқылы инабаттылығы,адамгершілігі,мейірімділігі көрсетіліп,тәрбиелік мәнін ашып отырамын.

   Мен ұлттық тәрбиені беру мақсатында сабақта және сабақтан тыс уақытында үнемі пайдаланып отырамын.

   Қазақ елінің болашағы үшін,ұлттық тәрбиені өз бетінше үйренуге бағыттауым үшін мен осылайша әр сабақта тапсырма беріп отырамын

   Өз бетінше ізденіп,өздерінің ойларын ортаға салады.

  Оқушылардың тиянақты білім алуы үшін сабақ беру барысында түрлі тәсілдерді әдістерді қолдану керек.

   Мен сабаққа дайындалу кезінде түрлі методикалық басылымдарды оқып отырмын.Сабақ қызықты,тартымды өтуі үшін түрлі ойындар пайдаланамын. Сонымен қатар оларға өзіндік жұмыстар ұйымдастырдым.Мысалы:жеке сөздер ұсыну арқылы өз бетінше өлең құратамын.

Құрастырылған өлең жолдарындағы сөздер міндетті түрде тәрбиелік мәні бар болуы керек және сұрақ-жауап арқылы оқушылардың санасына жеткізіп отырамын.

   Әдебиеттік оқу сабағында үй тапсырмасын жазуда оқулықтан бермеймін.

   Мұндағы мақсатым – оқушыларды өз бетінше ізденіп,сөйлем құрап,белгілі тақырыпқа шығарма жазып,сурет бойынша әңгіме құрай білсін дегенім. Балаларды өмірге дайындау,ойын дамыту,шығармашылықпен жұмыс істей білетін азамат дайындауымыз қажет.

Оқушылардың өзіндік жұмысының ерекшелігі-олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты.

Өзіндік жұмыс оқушылардың шығармашылық әрекеті мен ықыласын дамытуда зор әсер білдіреді,білім,білік дағдыларын кеңейтуге әсерін тигізеді.Өздігінен білім алу оқушылардың ақыл-ойының дамуының жоғарғы сатысы.

Өзіндік жұмыстың ең басты қажеттілігі оқушыларды ойға жетелеуінде, ойланта отырып,өзіндік қадам жасауында.Оқушылардың өзіндік қадамы,өзіндік ойының қалыптасуы,оны шығармашылық жұмысқа жетелейді.

Өзіндік жұмыс –ең қолайлы және практикада тексерілген сабақтың тиімділігін,  сабақ үстінде оқушылардың белсенділігін арттырудың бірден-бір жолы оқу жұмысында өзіндік жұмысты тиісті ұйымдастыру болып табылады.Қазіргі сабақтарда ол ерекше нәтижеге жетіп отыр,себебі өздігінен жұмыс істеу әрекеті ғана оқушы білімді меңгеруде қол жеткен жетістікке жетеді.Сабақ үстінде оқушылар өз мүмкіндіктерінше өздігінен еңбектену қажет,ал мұғалім – оқушылардың өздігінен жұмыс істеу барысын барысын жетекшілікке алып,оны орындауға тапсырма беру қажет.Оқу барысында өзіндік жұмыс деп,мұғалімнің ұйымдастыруымен оқушылардың белсенділік әрекетін белгілі уақыт ішінде алға қойған дидактикалық мақсатты орындауға бағытталған.Білімді іздеу,оны ұғыну, бекіту,білік және дағдыны қалыптастыру және дамыту,білімді жүйелеу және талдап қорыту.

Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының маңызын толыырақ түсіну үшін ,оның атқаратын негізі мен міндеттерін атап өткен жөн.Олар: 1.Оқушылардың дербестік қасиеттерін арттыру.

2.Олардың алған білімдерінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз ету.

3.Оқушыларға қажет біліктер мен дағдыларды қамтамасыз ету.

4.Оқушылардың таным,ақыл-ой дағдыларын дамыту.

5.Оқушыларды сыныптан  және мектептен тыс дербес білім алу әзірлеу.

6.Оқушылардың оқуға ынтасын арттыру,үлермеушілерді болдырмауға әсер ету.

     Өзіндік жұмыс негізінен өткен материалдарды пысықтауға,қорытындылауға беріледі.

   Мысалы: жазу сабақтарында мынадай тапсырмаларды өз бетінше орындауға бердім:

І.  1.Сөйлемдерді жазып қойдым да,осы мәтінге ат қойыңдар.

    2.Мәтінде неше сөйлем бар?-деп тапсырма бердім.

ІІ.Сөйлемдерден мәтін құрастырып жаз.

ІІІ.Берілген тақырып бойынша мәтін құрап жаз,-деп тақырыбын жазып қоямын.

IV.Сөздерді буынға  бөліп жаз.(Сөздерді жазып қоямын)

V.Сөздерді тасымалда.

VI.Диалогтағы сұрақтарға жауап.

VIІ.Өз сыныбымыздағы оқушылардың атын алфавит ретімен жазу.

VІIІ.Сөйлемдегі сөздердің байланысын тап.

IX.Өз ойларыңнан ертегі құрастырып жаз.

X.Туыстарыңа хат жазыңдар-деген сияқты тапсырмалар өз бетімен орындауға беремін.Әр тақырыпты өтен сайын соған байланысты тапсырмалар беріп отырамын.тапсырмалар арқылы оқушылар өз бетінше жұмыс істейді.Өз бетінше орындаған жұмыстарын оқыту арқылы мадақтап,бағалаймын.

   Осындай мақсатпен жүргізілген өзіндік жұмыстар оқушының әртүрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындаудың ортақ тәсілдерін,өз әрекетін бақылап-бағалауы,нәтижелерді салыстыруды меңереді.

   Сапалы оқыту және өздігінен оқып,өздігінен ізденіп,білім алуға баулу арқылы ғана парасатты,білімді,жан-жақты азамат шығады.

   Білім мен іскерлігін әрі қарай дамытып отыру керек.Бұл өскелең өмірдің талабы.Қоғамымызға дамыған,өз бетімен жұмыс істей білетін азамат , тәрбиелеу-біздің негізгі міндетіміз!

Просмотр содержимого документа
«Оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру»

Ә.Молдағұлова атындағы № 173 орта мектеп

Тақырыбы: Оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру

Мұғалім: Смагулова Ляззат Егизбаевна

Қызылорда қаласы

. Оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының маңызын толыырақ түсіну үшін ,оның атқаратын негізі мен міндеттерін атап өткен жөн.Олар:
1.Оқушылардың дербестік қасиеттерін арттыру.

2.Олардың алған білімдерінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз ету.

3.Оқушыларға қажет біліктер мен дағдыларды қамтамасыз ету.

4.Оқушылардың таным,ақыл-ой дағдыларын дамыту.

5.Оқушыларды сыныптан және мектептен тыс дербес білім алу әзірлеу.

6.Оқушылардың оқуға ынтасын арттыру,үлермеушілерді болдырмауға әсер ету.

Өзіндік жұмыс негізінен өткен материалдарды пысықтауға,қорытындылауға беріледі.

Мысалы: жазу сабақтарында мынадай тапсырмаларды өз бетінше орындауға бердім:

І. 1.Сөйлемдерді жазып қойдым да,осы мәтінге ат қойыңдар.

2.Мәтінде неше сөйлем бар?-деп тапсырма бердім.

ІІ.Сөйлемдерден мәтін құрастырып жаз.

ІІІ.Берілген тақырып бойынша мәтін құрап жаз,-деп тақырыбын жазып қоямын.

IV.Сөздерді буынға бөліп жаз.(Сөздерді жазып қоямын)

V.Сөздерді тасымалда.

VI.Диалогтағы сұрақтарға жауап.

VIІ.Өз сыныбымыздағы оқушылардың атын алфавит ретімен жазу.

VІIІ.Сөйлемдегі сөздердің байланысын тап.

IX.Өз ойларыңнан ертегі құрастырып жаз.

X.Туыстарыңа хат жазыңдар-деген сияқты тапсырмалар өз бетімен орындауға беремін.Әр тақырыпты өтен сайын соған байланысты тапсырмалар беріп отырамын.тапсырмалар арқылы оқушылар өз бетінше жұмыс істейді.Өз бетінше орындаған жұмыстарын оқыту арқылы мадақтап,бағалаймын.

Осындай мақсатпен жүргізілген өзіндік жұмыстар оқушының әртүрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындаудың ортақ тәсілдерін,өз әрекетін бақылап-бағалауы,нәтижелерді салыстыруды меңереді.

Сапалы оқыту және өздігінен оқып,өздігінен ізденіп,білім алуға баулу арқылы ғана парасатты,білімді,жан-жақты азамат шығады.

Білім мен іскерлігін әрі қарай дамытып отыру керек.Бұл өскелең өмірдің талабы.Қоғамымызға дамыған,өз бетімен жұмыс істей білетін азамат , тәрбиелеу-біздің негізгі міндетіміз!

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!