Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқу ерекшеліктері туралы оқушыларды ақпараттандыру
Әбі Насыр Әл-Фарибидің 1150 жылдығы, А.Құнанбаевтың 175жылдығы, Конститутция күні туралы ой қозғау.
Просмотр содержимого документа
«"Білімді ұрпақ жарқын болашақ" 9 класс»
| ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ |
| Сабақ № 1 | Мектеп: «№ 60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ |
| Күні: 02.09.2020 |
| Пәні: Тәрбие сағаты | Мұғалімнің аты-жөні: Ажибаева Гульзия |
| Сынып: 9 Д | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
| Сабақтың тақырыбы: | Білімді ұрпақ жарқын болашақ |
| Мақсаты: | Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқу ерекшеліктері туралы оқушыларды ақпараттандыру Әбі Насыр Әл-Фарибидің 1150 жылдығы, А.Құнанбаевтың 175жылдығы, Конститутция күні туралы ой қозғау. |
Сабаққа шолу
ОҚУШЫЛАРҒА ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ Жоғары сынып оқушыларының маңызды ерекшелігі – алдағы өмірлік өзін-өзі анықтауға және мамандық таңдауға байланысты олардың санасы мен сезімдерінің шиеленісуі
ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР
Таңертең үнемі бір уақытта тұру
Күн тәртібін қашықтықтан оқытылатын сабақтардың қосымша кестесін ескере отырып, ұйымдастырған жөн
Күнделікті оқу тапсырмасын орындау керек
Интернетте жұмыс істеу ережелері
Егер поштаға бейтаныс тіркеме (файл) келген жағдайда, оны іске қоспаңыз, хабарламаны жойыңыз және себетті дереу тазалаңыз
Ешуақытта ешкімге өз құпия сөзіңізді жібермеңіз
Өз құпия сөзіңізге қиын сақталатын сандар мен қаріптер жиынын пайдалануға тырысыңыз
Интернетпен жұмыс істеу кезінде өзіңіздің
жеке мәліметтеріңізді көрсетпеңіз, жасырын есімді пайдалаңыз (ник)
Ересектердің бақылауынсыз ешбір жағдайда да Интернет желісінде танысқан адамдармен жолықпаңыз
Егер желіде тіркеуден өту қажет болса, онда оны ешқандай жеке ақпарат көрсетілмейтіндей етіп жасаңыз
Интернетте орналасқан ақпараттардың бәріне бірдей сенуге болмайды
Экрандағы маңызды мәліметтермен компьютерді қараусыз қалдырмаңыз
Маңызды мәліметтерді жалпыға қолжетімді компьютерде сақтамаңыз
Гигиенаның қарапайым ережелері
Жеке гигиена қағидаларын қатаң сақтау -тісті тазалау, таңертең және кешке жуыну, таңертең және кешке, сондай-ақ тамақ ішер алдында бет пен қолды жуу;
күн тәртібін сақтау;
жұмыс орнын ұйымдастыру;
таза ауада серуендеу;
таңертеңгі дене шынықтыру және сабақтардың арасындағы үзілістер кезінде сергіту сәті кешендерін орындау;
уақытылы тамақтану
Сергіту сәті және денсаулық
Әрбір бейнесабақтан кейін үзіліс уақытында көзге арналған жаттығу кешендерін жасау:
жылдам жыпылықтату, одан кейін 5-ке дейін баяу санап, көзді жұму, 4-5 рет қайталау;
көзді қатты жұму және 3-ке дейін санау. Көзді ашу және алыстан қарау, 5-ке дейін санау;
1-ден 5-ке дейін санай отырып, созылған қолмен сұқ саусаққа қарау, одан кейін жанарды алысқа 1-ден 6-ға дейін санап ауыстыру
| Үй тапсырмасы |
| Абайдың өлеңдерін жаттау |
| Сабақтың қорытындысы |
| Нені білдіңіз? Сәтті тұстары Сәтсіз тұстары |