Күні: 21.02.2015 жыл. Сыныбы: 7 сыныптар арасында
Шараның аты: «Білімпаздар» зияткерлік ойыны.
Шараның мақсаты: оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зейіндік қабілетін дамыту.
Ойынның барысы: Ойынға 3 топ қатысады.2 ойыншыдан тұрады Ойын
4 турдан тұрады.
І тур. Бәйге
ІІ тур. Эрудиттер сайысы
ІІІ тур. Таңдау табыс.
ІҮ тур Сыйлық шашу.
Шараға қажетті көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
«Білімпаздар» атты зияткерлік ойынға қош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ қазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
1.Химия пәнінің мұғалімі: Макенов Ержан Қайратұлы
2.Биология пәнінің мұғалімі: Тайтөлеуова Көркем Еркінқызы
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл- ойымен, эрудициясымен ерекшеленген білімді оқушылар. Ендеше кезек топтарда . (әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады.)
71 топ –«Архиммед ізбасарлары»тобы
72-топ «Қыран» тобы
73-топ «Жеңіс» тобы
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р- Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер сайысымызды бастайық.
Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік- сол білімді іске асыру дағдысы»,- деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Бәйге» атты І турды бастайық.
1. Тұңғыш “Әліппе”оқулығын жазған кім? – Ахмет Байтұрсынов
2. Ақпаратты ұзақ сақтауға арналған құрылғы – дискета
3. Бойымен жарық таралатын сызық –сәуле
4. Алты қырлы қарандаштың неше қыры бар?-8 қырлы
5. Суыққа ең төзімді құс?-Қаз бен Үйрек
6. Қазақстанда картоп ең бірінші қай жерге егілген?-топырақта
ІІ тур. Эрудиттер сайысы.
71-топқа арналған сұрақтар:
Санның жүзден бір бөлігі. (Процент)
ҚР Мемлекеттік туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен бе, Жер үлкен бе? (Жер)
Ақпарат сөзі қандай тілден аударылған? (латын)
Қазақстандағы ғарыш айлағы? (Байқоңыр)
«Физика» сөзінің қазақша аудармасы ( табиғат)
Компьютердің миы. (Процессор).
Информатика-ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым (иә)
Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа. (Антивирустық программа)
Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )
72-топқа арналған сұрақтар:
Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр. (4 мысық)
Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы(принтер)
Біздің галактиканың аты? (Құс жолы)
Телескопты ойлап тапқан ғалым.(Ньютон)
. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
Дисплей компьютердің экранына ақпаратты шығару құрылғысы (иә)
Сканер – ақпаратты шығару құрылғысы (жоқ)
Ең ертедегі есептеу құрылғысы (есепшот)
Ең кішкентай заряд? (электрон)
Сұйықтың ең кішкетай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)
73-топқа арналған сұрақтар:
Математика патшасы. (Арифметика)
Күнге ең жақын ғаламшар. (Меркурий)
Адам мен компьютердің қарам-қатынас тілі (интерфейс)
Жүзуді білмейтін адам көлге түсіп кетсе қалай шығады?(Суланып)
Сұйықтың ең кішкетай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)
Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон)
Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады (жоқ)
Адам ақпаратты сақтай алмайды (жоқ)
Ең кішкентай заряд? (электрон)
Жер шарындағы ең үлкен материк? (Евразия)
Енді, «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», - деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.
ІІІ тур «Таңдау – табыс» деп аталады. Әр топ ұсынылған пәндерден біреуін тағдап, берілген тапсырманы орындайды. Әр тапсырма 10 ұпаймен есептелінеді.
Математика
1.Бір оқушы қалбырдың ішіне небәрі сегіз өрмекші мен қоңызды ұстап салады. Егерде қалбырдың ішіндегі барлық аяқтарды санасаң, онда олардың небәрі 54 аяқ болады. Қалбырдың ішінде неше өрмекші және неше қоңыз болған? (Қоңыздың аяғы 6, өрмекшінің аяғы 8: 5 қоңыз, 3 өрмекші)
Қазақ тілі
1.Екі буынды екі сөздің бірінен-бірінің айырмашылығы – бірінші дыбысында.Егер бірінші дыбысы еріндік жіңішке дауыстыдан басталса, құс аты болады, егер езулік жіңішке дауыстыдан басталса, сан есім болады.Ол қандай сөздер? (үкі, екі.)
Информатика
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын.
Ең қажетті құралмын.
Білсеңдер, қане айтыңдар! (Тышқан (компьютердің енгізу құрылғысы)
Физика
Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы (Балқу)
Әр түрлі
Адам не жегенде ашуланады? (Таяқ жегенде)
Тарих
Алдарыңыздағы тарихи-мәдени ескерткіштің салынғанына 600 жылдан астам уақыт болды. Ұзындығы 60 метр, ені 45 метрден астам, биіктігі 40 метрге жуық. Онда түрлі мақсатқа пайдаланылатын 35 бөлме бар. Оның айналасына қазақтың хандары мен басқа да белгілі адамдары жерленген. Бұл қай ескерткіш және Қазақстанның қай жерінде орналасқан? (Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Түркістан қаласы)
Енді біз ең қызықты соңғы тур «Сыйлықтар аукционына» көшеміз.
Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақшар қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Әр лотта жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса – сыйлық сіздікі. Бастапқы баға – 30 эвро. Кім жоғары баға ұсынады? (100-ге дейін)
№1
Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.(кітап)
№2
Он екі парақ-
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем-ақ,
Сызылған тақталап.(дәптер)
№3
Ол – оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады. (өшіргіш)
№4
Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,
Дегенмен тұмсығынан өледі. (қалам)
№5
Күн-күн сайын жыртылдық,
Өміріміз бір жылдық.(күнтізбе)
№6
Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.(қаламсап)
№7
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш)
№8
Бірге барып сыныпқа,
Бірге үйіне қайтады.
Оның бетін кім ашса,
Әр бағаңды айтады. (күнделік)
«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зелинскийдің сөзімен «Білімпаздар»атты ойынымызды аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыз.