СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Биологияны оқытудағы зерттеу сабақтары

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ғылыми зерттеу жұмыстары- бұл жаңа обьективті ғылыми білім алуға бағытталған жұмыс.

Просмотр содержимого документа
«Биологияны оқытудағы зерттеу сабақтары»

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы

ГККП «Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі»















Баяндама

тақырыбы:

«Биологияны оқытудағы зерттеу сабақтары»











Дайындаған: І санаттағы химия және биология

пәнінің оқытушысы Атабаева Г.М.










Орал -2016 ж


«… жаңа болашақ Казақстанның оқушылары жаңашыл эстафетасын жолда қалдырмақ емес, өз тарапымыздан бүгіннің өзінде оқушылардың жан- жақты дамуына барлық жағдай жасауымыз қажет.»

Н.А.Назарбаев.



Химия және биология пәндерінде ғылыми - зерттеу әдістерін қолдану оқушылардың оқу ынтасының жоғарылауының негізі.

Ғылыми -зерттеу жұмыстары – бұл жаңа объективті ғылыми білім алуға бағыттылған жұмыс.

Ғылыми – зерттеу жұмыстары – бұл негізгі мақсаты білім нәтижесі болып табылатын оқытуға бағытталған, оқушылардың зерттеушілік дағдысын дамыту үрдісі.

Ғылыми-зерттеу элементтері қолданылатын сабақтарда оқушылар оқу үрдісінің жаңа әдістерімен танысады. Зерттеу әдісінің элементтеріне қарап эксперимент жүргізу, ақпараттармен жұмыс, ақпарат тыңдау, реферат қорғау т.б. жұмыстарын орындайды.

Зерттеу біліктілігін біртіндеп оқушының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы қалыпатастырамыз . Ғылыми-зерттеу сабақтарын жеке, топтық, ұжымдық түрде өткізуге болады.

Зерттеу жұмыстарының жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері

  • проблеманың өзектілігі

  • зерттеу саласын анықтау (негізі мәселелерді белгілеу);

  • зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу шеңберін белгілеу);

  • шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін
    таңдау);

  • зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау;

  • ақпараттар жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу);

  • алынған материалдарды жинақтау, талдау

(белгілі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, материалдарды

жинақтау);

  • есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижесі бойынша хабарлама дайындау);

  • баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау,
    сұрақтарға жауап беру).

Зерттеу жұмыстары сабақтағы ақпараттарды жинаудан басталады. Жиналған ақпараттардан проблемалық жағдай туындатамыз (зерттеу жұмысын қажет ететін теориялық немесе практикалық сұрақ) және зерттеу жұмысының тақырыбын таңдаймыз.

«Берілген жағдайатты шешу үшін не істейміз?» деген сауалмен зерттеу әдісіне кірісеміз. Келесі қадам ол гипотезаны қабылдау яғни, оқушылар зерттеу жұмысын жүргізу арқылы себептен салдарға келеді. «Егер …, онда …» деп бір шешімге келеді.

Гипотезаны тексеру алынған мәлімет бойынша «Алынған мәліметтер бойынша …» деп

интерпретациялайды.


Зерттеу соңында жұмыстарды бағалап, жұмыстарды қорытындылап безендіреміз.

І Диагностикалық кезең

  • Тақырыптың маңыздылығы

  • Проблема қою

Тақырыптарды негізгі үш топқа бөлуге болады:

  • қиялға негізделген құбылыстарға бағытталған фантастикалық тақырып;

  • өзіндік бақылаулар мен эксперимент жүргізу және практикамен тығыз байланысты эмпирикалық тақырып;

  • түрлі қайнар көзден алынған деректермен, материалдармен танысу жұмыстарына бағытталған теоретикалық тақырыптар;

Ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұны

  • Материалдар жинайды және төмендегі тәртіппен жүйелейді:

  • Ойлау;

  • Өзіне өзі сұрақ қою;

  • Басқа адамнан сұрау;

  • Кітаптардан қарау;

  • Бақылау;

  • Эксперимент жүргізу;

  • Интернет жүйесін қарау;

  • Материалдар жинақтау;

  • Қорытынды жасау.

Жұмыс кезеңдсрі:

  • Жалпы танысу

  • Бөлімдер мен тарауларды оқып шығу

  • Таңдап алып оқу

  • Оқыған материалдардан жоспар құру

  • Оқығандардан көшіріп жазу

  • Осыған материалдарды баскалармен салыстыру

  • Окығандар мен жазып алғандарға сыни баға беру

  • Зерттеу объектісін таңдау;

  • Зерттеу жұмысының мақсатын қою;

  • Ғылыми гипотеза;

  • Зерттеу жұмысының әдісі мен жоспарын қою;

  • Ұсынылған тақырыптарды өз қызығушылығына қарай тандау

  • Таңдаған тақырыбын дәріс жұмысында таңдау немесе жетекшісінен кеңес алу

  • Жетекші ұсынған әдебиеттерге талдау жасау

  • Танысқан материалдар мен тақырыпқа сәйкес жоспар жасау

  • Теориялық материалдар негізінде зерттеу жұмысын бастау

  • Жұмысты рәсімдеу және үйірме отырысында қорытындылау (7-10 мин) баяндама жасау.

  • Жұмыстың зерттеу бөлігі жеке тараулардан тұруы мүмкін.

Олар:

  • -тақырып бойынша белгілі зертгеу нәтижетелеріне шолу;

  • белгіленген міндеттерді шешу әдістеріне сипаттама;

  • жұмыс нәтижесі мен оларды талдау;

  • -көрнекілік материалдары (сызбалар, графикалар, фотосуреттер,
    суреттер, т.б.)

Оқушы мен оқытушының жұмысы зерттеу-сабағының түрімен анықталады.

Оқушыда «Менің қолымнан келеді..» деген ішкі сенім және жұмысына деген қызығушылық болу керек.

Жұмыс соңында дәптерде Тақырыптың проблема. Зерттеу тақырыбы. Зерттеу мақсаты. Гипотеза. Гипотезаны дәлелдеу. Қорытынды.

Зерттеу жұмысы сабақта ақпарат жинақтаудан басталады.

Бұл мәселені (мәселе дегенімізтеориялық немесе практикалық )қою және тақырыптың таңдауы зерттеу қарастырылатын мәселелер аспектілерін айқындау.

Сосын зерттеу жұмысының мақсатын анықтау қажет, яғни аталған мәселені шешу үшін не істеу қажет? деген сұраққа жауап табу қажет.

Келесі кезең – гипотезаны алға тарту – нәтижесі анықталған зерттеуге әкелетін негізгі идеясын қалыптастыру. Мұнда оқушылар өз шешімдері арқылы ізденіп мәселенің негізгі себебін табады. Гипотезаны тексеру белгілі кезеңдер бойынша өтеді. Эксперимент нәтижесінде алынған мәліметтер оқушылар тарапынан интерпретациялайды.

Мәлімметтер бойынша қорытынды бөлімінде алынған нәтижелерін көрсету және бағалу өте маңызды. Мен сіздердің назарларыңызға биология пәнінен сабақ үлгісін назарларыңа ұсынамын. «Қолдан будандастыру» тақырыбы бойынша ақпараттық материалдар, ғылыми оқулықтармен жұмыс жасадық. Қазіргі кезде қолданылатын әдістердің жағымды және жағымсыз жақтарын салыстырып, сараладық.

«Артериялық қан қысымы және оған әсер етуші факторлар» атты тақырып бойынша төмендегідей жұмыс жоспары құрылды:

1. Кіріспе.

2. Зерттеу бөлімі.

2.1 Мәселені теориялық зерттеу.

- Артериялық қан қысымы дегеніміз не?

- Артериялық қан қысымына әсер ететін факторлар.

- Еліміздегі және жергілікті аймақтағы қан қысымы ауруларына талдау.

2.2 Мәселеге тәжірибелік зерттеу жүргізу.

3. Қорытынды.

Жұмыстың негізгі мақсаты - қазіргі таңдағы қантамырлары мен жүрек ауруларының “жасаруына” байланысты осы ауруларға әсер ететін негізгі және қосымша факторларды анықтап, зерттеу нәтижесінде алдын-алу шаралары туралы ұсыныстар жасау.

Қан қысымы ауруларының пайда болуына әкелетін нақты бір факторлардың бар екендігін болжай отырып, мен бұрыннан қалыптасқан қан қысымы туралы кейбір анықтамалардың қате екендігіне зерттеулер жүргіздік.

Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында төмендегідей әдістер қолдандық:

  • Қаламыздағы денсаулық сақтау мекемелеріндегі мамандардан кеңес алу;

  • Оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулар, анықтамалармен жұмыс;

  • Электрондық сайттар мен ғаламтор мәліметтерімен танысу;

  • Колледжіміздің медбикесімен оқушылардың қан қысымын тексеру;

  • Зерттеу жұмысын жүргізу;

  • Алынған мәліметтерден қорытынды шығару;

  • Алдын алу шаралары;

Оқытушы сабақты қорытындылап, үй жұмысын түсіндіріп, сабақты бекітеді.

  1. Бақылау жұмысы негізінде әсер еткен факторлар

  2. Әсер еткен факторлар негізінде жағдаяттарды шешу.

  3. Гипотеза эмпирикалық – эксперимент.

  4. Эксперимент қорытындысын талдау.

Ғылыми- зерттеу сабақтары оқушылардың шығармашылықтарын шыңдауға, өз ойын ашық айтуға, ұжымдық ортада жұмыс жасауға, өзгені тыңдауға, жағдайаттардан шығудың дұрыс жолын таңдауға мүмкіндік береді.

Осы мақсатта жұмыс жүргізе отырып, оқушыларым колледжішілік, облыстық сайыстарға, конференцияларға қатысып өз жұмыстарын көрсетуде.














Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. 1. Головко О. Научно-практическая деятельность школьников. –

  2. Народное образование - №3, 2003 г.
    2. Волков С. Чтобы не было скучно / С. Волков // Литература: изд. дом

  3. Первое сентября. - 2006. - N 13. - С. 17-19.
    3. Закурдаева С.Ю. Формирование исследовательских умений /

  4. С.Ю.Закурдаева // Химия изд. дом Первое сентября. – 2005. №11.
    4. Глазкова К.Р. Уроки-исследования : формирование творческой,

  5. критически мыслящей личности / К. Р. Глазкова, С. А. Живодробова

  6. Химия: изд. дом Первое сентября. - 2006. - № 24. - С. 29-31.
    5. Брыкова О.В. Проектная деятельность в учебном процессе / О. В.

  7. Брыкова, Т. В. Громова. - М. : Чистые пруды, 2006. - 32 с. - (Б-чка

  8. "Первогосентября").-ISBN5-9667-0230-6.
    6. Бельфер М. Несколько слов об исследовательских работах школьников /

  9. М. Бельфер // Литература: изд. дом Первое сентября. - 2006. - N 17.
    7. Верткин И.М. Бороться и искать…: О качествах творческой

  10. личности//Нить в лабиринте /Сост. А.Б. Селюцкий. - Петрозаводск:

  11. Карелия, 1988..Гафитулин М. С. Проект «Исследователь». Методика организации исследовательской деятельности учащихся // Педагогическая техника. – 2005. – № 3;

  12. Головизнина Н. Л. Учебно-исследовательская деятельность как перспективное средство воспитания творческой личности // Дополнительное образование. – 2002. – № 8. – C. 6–10.

  13. Зачёсова Е. В. Представление результатов исследований школьников // Школьные технологии. – 2006. – № 4. – С.115–123.

  14. Центр развития исследовательской деятельности учащихся. URL: http://www.redu.ru/

























Автордың аты-жөні

Атабаева Гульбаршын Максимовна

Ұйым

Орал газ,мұнай және салалық технологиясы колледжі

Қызметі

Оқытушы

Ұйым мекен-жайы

Т.Масин көшесі 48

Қызмет телефоны

51-09-70

Жұмыс Е-mail


Үй телефоны

87759832108

Жеке Е-mail


Баяндама жасалатын секциясы


Баяндама тақырыбы

«Биологияны оқытудағы зерттеу сабақтары»

Баяндау кезінде қажетті техникалық құралдар

Компьютер,ММП

Байқаудың өту тәртібі мен жұмысты рәсімдеу ережесімен таныстым


Қатысушының қолы