СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Биология тест сұрақтары

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Биология тест сұрақтары»

6 сыныпқа арналған тест сұрақтары

№ 1 тест.

«Өсімдік жасушасының құрылысы» бөлімі

1. Ботаника зерттейді.

А. өсімдіктерді. В.қоршаған ортаны. С.бүкіл табиғатты. Д.жануарларды.


2. Тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым.

А.экология. В.ботаника. С.биология. Д.анатомия.


3. Жасушаның цитоплазмасы.

А.ұсақ денешіктер. В.түссіз қоймалжың зат. С.тығыз зат. Д.ірі денешіктер.


4.Жасушаның бейорганикалық заты.

А.май. В. көмірсу. С.минеральді тұздар. Д.ақуыз.


5.Өсімдіктердің жасыл болуы..................байланысты.

А.хлоропластарға. В.хромопластарға. Д.лейкопластарға.С.вакуольге.


6.Хлорофилл орналасқан.

А.хромопласта. В.лейкопласта. С.хлоропласта. Д.ядрода.


7.Жасушаны алғаш көрген ғалым.

а. А.Левенгук. в.Ж.Б.Ламарк. с.К.Линней. д. Р.Гук


8.Тек өсімдік жасушасында ғана тəн денешік.

А.пластид. В. ядро. С.вакуоль Д.жасунық


9. Жасушалары жас ұдайы бөлінетін ұлпа.

А.жабын ұлпа. В.түзуші ұлпа. С. өткізгіш ұлпа..Д.қор жинаушы ұлпа.


10. Микроскопты ойлап тапқан ғалымдар.

а. Л.Пастер. в.Р.Гук. с. С.Навашин. д.Əкелі-балалы Янсендер.


11.Сүзгілі түтіктерден тұратын ұлпа.

А.өткізгіш. В.негізгі. С.тірек. В.түзуші.


12. Өсімдік сабағында ,пиязшығында,жапырағында,тамырсабақта орналасқан ұлпа.

А. Су жинаушы. В.жабын. С.негізгі. Д. қор жинаушы.


13.Ең күрделі ұлғайтқыш құрал. А. лупа. В. окуляр.С.объектив. Д. микроскоп.


14.Микроскоптың ең негізгі бөлігі. А.көру түтігі. В.штатив. С.окуляр.Д.айна.


15.Микроскоптың 2 линзасы бар бөлігінің атауы.

А.объектив. В.көру түтігі. С.окуляр.Д.лупа. 










№ 2 тест.

Жасуша жəне ұлпа

1.Жасушаның тығыз сыртында 2 қабат қабықшасы бар бөлімі.

А.цитоплазма. В.ядро. С.пластид.Д.жасуша қабықшасы.


2.Өңді құрайтын ұлпа.

А.Түзуші. В.жабын. С.негізгі.Д.тірек.


3.Түтікше пішінді ұзынша жасушасы бар ұлпа.

А.түзуші В.жабын. С. тірек. Д.өткізгіш.


4. Өсімдік «қаңқасын» құрайтын ұлпа.

А.жабын. В.өткізгіш. С.тірек. Д.негізгі.


5.Сабақтың ең ұшында болатын ұлпа.

А.жабын. В.тірек. С.өткізгіш. Д.түзуші.


6.Жасушада қор жинауға қатысатын түссіз пластид.

А.лейкопласт. В.хромопласт. С.хлоропласт.Д.вакуоль


7.Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін бөлігі.

А.ядро. В.вакуоль С.цитоплазма. Д.пластид.


8.Микроскоптың барлық бөлшектері бекінетін орын.

А.көру түтігі. В.объектив. С.штатив. Д.окуляр.


9.Гүл күлтелеріне,жемістерге түс беретін пластид.

А.хлоропласт.В.хлорофилл. С.лейкопласт.Д.хромопласт


10.Көп жылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат.

А.қыртыс. В.тоз. С.қор. Д.шайыр.


11.Жасушаның қабықшасының жұқарған жері.

А.тесік. В. саңылау. С.жасунық.Д. ойық.


12.Алмұрттың жұмсақ етіндегі қатты түйіршіктерінің ұлпасы.

А. тірек.В.жабын С.өткізгіш Д. түзуші


13.Өсімдіктерде керексіз заттарды шығаратын ұлпа.

А.жабын. В. бөліп шығарушы С.өткізгіш.Д.негізгі


14. Жасушасына су жинаушы ұлпа

А.тірек. В.жабын. С. түзуші Д.негізгі


15.Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшесіне

жеткізетін ұлпа.

А.өткізгіш. В.жабын. С.негізгі Д.түзуші








3 тест.

Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелері.

1.Ағзаның белгілі бір қызмет атқаратын бөлігі.

А.ұлпа.В.жапырақ.С.сабақ. Д. мүше.


2.Өсімдіктің жер асты мүшесі.

А.жапырақ.В.өркен. С. тамыр.Д.тамырсабақ.


3.Тамырдың түктер орналасқан бөлімі.

А.өсу бөлімі.В.сору бөлімі.С.өткізу бөлімі.Д.тамыр оймақшасы.


4.Тамырдың тамыр бөліміне кірмейтін жері.

А.жасымықша. В. өркен. С.оймақша. Д.қабықша.


5.Тамырдың жас жасушалары бөлінбейтін бөлігі.

А.сору бөлімі. В.бөліну аймағы. С.өсу бөлімі. Д.өткізу бөлімі.


6.Тамырдың қарқынды өсу мезгілі.

А.көктем. В.жаз. С. күз. Д.түн.


7.Жасуша қабықшасын түзуге қажетті элемент.

А.азот. В.фосфор. С.калий . Д. көміртек.


8.Нарғызгүлдің тамыры.

А.жемтамыр. В.тіреу тамыр .С.түйнекті тамыр.Д.кіндік тамыр.


9.Өркеннің орталық тірек бөлімі.

А.жапырақ. В.тамыр.С.буын.Д.сабақ.


10.Бүршіктің сыртындағы қабыршақтарының түсу мерзімі.

А.көктем. В.жаз.С.күз. Д.қыс.


11.Өсімдіктің бүршік,жапырақ,гүл,жеміс бекінетін бөлімі.

А.жапырақ.В.сабақ. С.бүршік. Д.өркен.


12.Құлмақтың сабағы.

А.тік сабақ. В.қысқарған.С.ұзарған Д.шырмалғыш.


13.Тыныс алуға қатысатын,пішіні төмпешікке ұқсаған сабақта болатын

жасушаның атауы.

А.сабақша . В.жапырақша. С.жасымықша. Д.оймақша.


14.Сабақтың ішкі құрылысында қабықтан кейін орналасатын қабат.

А.сүрек. В.өзек. С.тоз.Д.камбий.


15.Ауа райы қолайлы болса сабақтағы жылдық шеңбердің ені.

А.жуан. В.жіңішке. С.ұзын. Д.қысқа.







4 тест.Өсімдіктің өсімді мүшелері.

1.Сабақта су мен минералды тұздар қозғалатын қабат

А.өзек. В.қабық. С.сүрек. Д.камбий.


2.Сабақта органикалық заттар қозғалатын қабат.

А.камбий В. өзек. С. қабық Д.сүрек.


3.Тамырсабақ дегеніміз не ?

А.өркен Б. жеміс С.пиязшық.Д.түйнек.


4.Түйнекте жетілмеген жапырақтың қурап түсіп қалған ізі.

А.бүршік. В. жидек. С.көзше .Д.сояу


5.Жасушадағы артық суды буландыратын.

А.бүршік. В. сабақ С. өркен.Д. жапырақ.


6.Жай жапырақтың тақта саны

А. 1. В. 2. С.3 Д.4


7.Жапырағы қатарласа жүйкеленетін өсімдік.

А.терек. В. үйеңкі С.жүгері.Д.бидай


8. Күн энергиясының қатысуымен болатын құбылыс.

А. синтез В. фотосинтез. С. хемосинтез.Д.оргсинтез.


9.Пиязшықтың қысқарған сабағының екінші аты.

А.қолтық. В. түбіртек. С. мұртша. Д.бүртік.


10.Тікенге айналған жапырақтары бар өсімдік.

А.итмұрын. В.асбұршақ. С. сексеуіл. Д.жантақ.


11. Мұртшаға айналған жапырақтары бар өсімдік.

А.кəріқыз. В.үрмебұршақ. С.жүгері. Д.қияр


12. Жетілмеген жапырақтары бар өсімдік.

А.кактус. В.сарыағаш . С.жүзгін. Д.сексеуіл


13. Тамырсабағы арқылы көбейетін өсімдік.

А.жыланқияқ. В.картоп. С.сарымсақ. Д.қызанақ


14.Пиязшықтары арқылы көбейетін өсімдік.

А.інжугүл. В.лалагүл. С. құлпынай Д.қазжуа.


15.Жас өркендері арқылы көбейетін өсімдік.

А.қарағаш. В.пияз. С.картоп. Д. орамжапырақ










5 тест.Өсімдіктердің көбею (генеративті) мүшелері.

1. Жыныс мүшелері бар,бұтақтанбайтын түрі өзгерген,қысқарған өркен.

А. жеміс. В. тұқым. С.гүл. Д.күлте.


2.Жіпше мен тозаңқаптан тұрады.

А.аталық. В.аналық. С.гүл. Д.тұқым.


3.Гүл бөлімдерінің сыртын қаптап тұрады.

А.гүл табаны. В.гүл сағағы.С. күлте. Д.тостағанша


4. Сыртқы жəне ішкі қабықшасы бар жасуша.

А.тозаңқап. В.тозаң . С.аталық жіпше. Д.аналық .


5.Аналықтың тозаңды қабылдайтын бөлігі.

А.ауызы. В.мойны. С.жатыны.Д.тозаңқап


6.Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса.

А.екі үйлі.В.қос жынысты С.бір үйлі. Д.дара жынысты


7.Белгілі ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы.

А.дұрыс гүл.В. гүлшоғыр.С.бұрыс гүл.Д. гүлтабаны


8.Күрделі масақ гүлшоғыры бар өсімдік.

А.бидай. В. жүзім.С.қайың Д.сəбіз


9.Жай шатырлы өсімдік.

А.жүгері В.пияз С.беде Д.күріш


10.Аталық жəне аналықжыныс жасушаларының қосылуы

А.жыныссыз көбею В.жынысты көбею С.тозаңдану Д.ұрықтану


11. Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым.

а. А.С Мичурин в. К.Линней . с.Г.Навашин д. Ч.Дарвин


12.Жүзім жемісінің атауы.

А.жидек. В.жидек тəрізді С.қауашақ Д.тұқымша.


13. Бұршақ жемісінің тобы.

А. бұршаққын. В. қауашақ С. бұршаққап. Д.тұқымша.


14. Күнбағыс жемісі қалай аталады ?

А.дəнек. В. шемішке С. жаңғақ. Д. тұқымша.


15. Дəнек жеміс қай өсімдікте болады ?

А.арпа В. қайың С. бақбақ. Д.үйеңкі.










6 тест.Өсімдіктің көбею мүшелері

1. Қос жарнақты тұқымда ұрықтың қорек заттары жиналатын орын.

А. тұқым қабығы В.эндосперм.С.ұрық. Д.жарнақ


2.Бидай тұқымында қорек заттары жиналатын орын.

А.жарнақ. В.эндосперм С. жемісқап.Д.сабақша.


3.Дара жарнақты өсімдікте тұқым жарнағының саны.

А.үш .В. төрт. С.бір. Д. екі.


4.Тұқымның алғашқы тамырша,алғашқы сабақша жəне бүршікшеден тұратын бөлігі. А.ұрық. В. жарнақ. С.қабық. Д.эндосперм


5.Гүлдің тостағаншадан кейін орналасқан бөлімі.

А.сағақ. В.гүлтабаны.С.аталығы. Д. күлте.


6.Аналықтың ең жуан бөлігі.

А.ауызы.В.мойыны. С.күлтесі Д.жатыны.


7.Аталықтың жіңішкерген бөлігі.

А.тозаңқап. В.жіпше. С.тозаң. Д.тозаң ұясы.


8.Аналық гүлдер бір өсімдікте,аталық гүлдер екінші өсімдікте болса қалай аталады?

А.дара жынысты В. қос жынысты.С.екі үйлі Д.бір үйлі.


9.Жазықтығында бірден артық сызық жүргізуге болмайтын гүл.

А.бұрысгүл.В.дұрысгүл. С.аталық гүл. Д.аналық гүл.


10.Қызғалдақ гүлі қандай?

А.қос жынысты гүл. В.дара жынысты гүл.С.дұрысгүл .Д.бұрысгүл.


11.Жүгерінің аналық гүлі қандай гүлшоғырға жатады?

А.жай масақ. В.собық. С.жай шатыр.Д.шоғырбас.


12.Күнбағыстың гүлшоғыры қалай аталады.

А.жай масақ. В.шашақ.С.шоғырбас. Д.себетгүл.


13.Ұрықтану тозаңданудан бұрын ба,əлде кейін бе?

А.бұрын. В.қатар.С.кейін. Д.бірге.


14.Терек тұқымы не арқылы таралады?

А.су арқылы. В.өздігінен. С.бунақденелілер. Д.жел арқылы.


15.Таңқурай тұқымы не арқылы таралады?

А. жел арқылы. В.өздігінен С.бунақденелілер Д.су арқылы.










№ 1 тест . Ағзалық тіршілік əлемі.

1.Мақтаның бактериялық ауруы.

А.гоммоз. В.сальмонеллез.С.ботулизм.Д.туберкулез.


2.Бактерия жасушасына енетін вирус.

А.цианобактерия В.бактериофаг. С.тұмау вирусы . Д. спора


3.Көзге көрінбейтін тірі ағзаларды зерттейтін ғылым.

А.цитология В.микология С.микробиология Д.макробиология


4.Бактерия спораларының атқаратын қызметі.

А.көбею В.тыныс алу. С.қоректену Д.қорғану


5.Өлі ағза денесінде тіршілік ететін бактериялар.

А.паразиттер.В.сафрофиттер.С.бактериофагтар.Д.фитонциттер.


6.Тұмау ауруын тудыратындар.

А.бактериялар.В.вирустар. С.шаң-тозаңдар.Д. құрттар.


7.Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым.

А.биология. В. ботаника. С.микология Д.бриология


8. Саңырауқұлақ жасушасында жиналатын қоректік қор затының атауы.

А.нəруыз В.көмірсулар. С.бейорганикалық заттар.Д. май қышқылдары


9.Талшығы бар спораның атауы.

А.конидий. В.зооспора. С.спорангий.Д.конидисидам.


10.Споралар түзетін орын.

А.зооспора В.конидий. С.зигота. Д.спорангий


11.Нан ашытуға пайдаланатын саңырауқұлақ.

А.ақ зең.В.аспергилл. С.ашытқы Д.пеницилл.


12.Көгілдір зең саңырауқұлағының атауы.

А.пеницилл. В. аспергилл. С.ашытқы Д.мукор.


13.Лимон қышқылы аланатын саңырауқұлақ.

А.пеницилл.В.аспергилл. С.арышқұлақ.Д.қайыңқұлақ


14.Қалпақшалы саңырауқұлақтың жемісті денесі құрамы.

А.қалпақ жəне түбіртек. В.қалпақ жəне жіпше. С.жіпшумақ.

Д.қалпақ жəне спора.


15.Саңырауқұлақтың өсімдікпен селбесуі.

А.микориза. В.биоценоз. С.бактериоз Д.симбиоз.


16.Қалпақшалы қызыл түсті улы саңырауқұлақ.

А.шыбынжұт. В.көңілкеш. С.түбіртек. Д.жалған түбіртек


17. Қалпақшалы саңырауқұлақтың топырақ ішінде көрінбей жататын бөлігі.

А.белдеулік сақина. В.түбіртек. С.түбіртек жіпшесі Д.жіпшумақ.


18.Жеуге жарамды саңырауқұлақ.

А.көңілкеш.В.жалған түбіртек. С.қайыңқұлақ. Д .шыбынжұт


19.Бидай масағын зақымдайтын паразит саңырауқұлақ.

А.қаракүйе. В.қастауыш С.діңқұлақ.Д.ақұнтақ


20.Жүгері собығында болатын паразит саңырауқұлақ.

А.қастауыш. В.діңқұлақ. С.қаракүйе. Д.ақұнтақ


21. Тасқа жабысып өсетін қына пішіні

А.жапырақ тəрізді В.бұта тəрізді С.жебе тəрізді Д.қабық тəрізді


22.Қына денесін құрайтын балдыр.

А.көк-жасыл. В.жасыл. С.қоңыр. Д.қызыл


23. Қына жақсы өсу үшін қажетті жағдай.

А.таулы жер.В.таза ауа. С.тундра Д.далалық жер.


24.Қалалардың лас ауасында қына өсе ме?

А.өспейді. В.сирек өседі С.өседі Д.тез өседі


25.Сыртқы орта тазалығын көрсететін ағза.

А.вирус. В.балдыр С.саңырауқұлақ Д.қына


26.Қынадағы фотосинтез үдерісіне қатынасатын ағза.

А.саңырауқұлақ. В.вирус. С.көк-жасыл балдыр. Д.бактерия.


27. Қыналарды зерттеушілер.

А.биологтар. В.микологтар. С.бриологтар. Д.лихенологтар.



























№ 2 тест. Балдырлар əлемі.

1.Ұлпалары болмайтын, мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігі қалай аталады?

А.таллом. В.талшық С.спора Д.зооспора.


2.Жүйенің ең кіші бірлігі.

А.туыс В.тұқымдас. С.қатар. Д.түр.


3.Балдыр жасушасындағы хлоропластардың атауы.

А.хлорофилл. В.лейкопласт. С.хроматофор. Д.хромопласт.


4.Жасыл балдырлардың біржасушалы талшықты түрі.

А.хлорелла.В.хламидомонада.С.хлорелла. Д.глеокапса.


5.Ғарышқа ұшырылған біржасушалы талшықсыз жасыл балдыр.

А.хлорелла. В.глеокапса. С.хлорококк. Д.диатомды балдыр.


6.Хроматофоры оралма тəрізді орналасқан көпжасушалы жасыл балдыр.

А.улотрикс. В.спирогира. С.кладофора. Д.ульва.


7.Қоңыр балдырлар кездесетін жерлері.

А.Арал теңізінде. В.Балқашта С.Зайсанда Д.Каспий теңізінде.


8.Ламинария су түбіне қандай бөліктері арқылы бекінеді?

А.ризоидтары В.талломдары С.жіпшелері Д.талшықтары.


9. Қағаз өндірісінде пайдаланатын жасыл балдыр.

А.ульва. В.кладофора. С.каулерпа Д.улотрикс.


10.Хроматофоры білезік тəрізді су түбіне бекініп өсетін жіп тəрізді

жасыл балдыр.

А.спирогира. В. кладофора. С. улотрикс. Д.каулерпа.


11.Балдырлардың суға бөліп шығаратын газы.

А.көмірқышқыл газы. В. иіс газы. С.азот. Д. оттегі.


12.Қоңыр балдырларда хлорофилден басқа қандай түсті пигмент бар?

А.жасыл бояу. В.хромопласт. С.хлоропласт. Д.қоңыр бояу.


13.Балдырлар жынысты көбейгенде гаметалардың қосылуынан

не пайда болады?

А.зигота. В.жіпше . С. жіпшумақ. Д.спора.


14.20-30 метр тереңдікте өсетін балдыр.

А.хламидоманада. В.улотрикс. С.спирогира Д.ламинария.


15. Балдыр жасушасына жасыл түс береді.

А.хлорофилл. В.хромотафор. С.хромопласт. Д.лейкоплас








3 тест. Жоғары сатыдағы споралы жəне тұқымды өсімдіктер.

1.Ұлпалары мен мүшелері жақсы жетілген өсімдіктер қай сатыға жатады ?

А. жоғары саты. В.төменгі саты. С. ортаңғы сатыдағы Д.бірінші сатыдағы


2. Мүктерді зерттейтін ғылым.

А. биология . В. микология С. бриология Д.лихенология


3. Мүктерде тамыр қызметін атқаратын мүше.

А.жіпшелер. В.талшықтар.С.өркендер. Д.ризоидтар.


4.Жасыл мүк қалай аталады?

А.ризоидты В.ризоидсыз С. хлорофилді Д.хлорофилі жоқ.


5.Шымтезек мүгінің екінші аты.

А.көкек мүгі В. жасыл мүк. С. сары мүк. Д. ақ мүк.


6. Шымтезек мүгінің жапырақ жасушаларының қанша түрі бар?

А. бір. В.екі С.үш. Д. төрт


7. Ішінде цитоплазмасы жоқ жасушалар күйі.

А. тірі . В. өлі. С. қатты . Д. жұмсақ


8. Су қоры қандай күйдегі жасушада жиналады?

А.өлі В. жұмсақ С. тірі Д. қатты


9.Плаунның споралары жетілетін бөлігі.

А.тамыры В. масағы С.жапырағы Д.өркені


10.Сабағы өте көп буын жəне буынаралықтарынан тұратын споралы өсімдік.

А.қырықбуын В. шоқпарбас плаун. С.қырықжапырақ.Д.усасыр қырықжапырағы


11.Қырықбуынның масақтары бар өркені қалай аталады?

А.жаздық өркен. В. күздік өркен. С.қыстық өркен. Д. көктемгі өркен.


12.Қырықбуынның жапырақтары болмайтын өркені қалай аталады?

А. жаздық өркен В.күздік өркен. С.қыстық өркен. Д.көктемгі өркен


13. Жапырақ тақтасы қауырсын тəрізді бірнеше қайтара тілімделген споралы

өсімдіктің атауы.

А. мыңжапырақ .В. қырықжапырақ. С.қырықбуын. Д.плаун.


14.Тұқымы бар, жемісі жоқ өсімдіктер қалай аталады?

А.ашық тұқымдылар В.жабық тұқымдылар. С.біртұқымдылар. Д.көптұқымдылар.


15.Жапырақтарын жылда түсіретін ашық тұқымды өсімдік.

А. самырсын. В.шырша. С. арша Д.балқарағай.


16.Ашық тұқымды өсімдіктердің гүлі бола ма?

А.бір гүлі болады. В.бес гүлі болады. С. гүлі болмайды Д.жүздеген гүлі болады.


17. Бұта болып өсетін ашық тұқымды өсімдік.

А.зеравшан аршасы. В. самырсын. С. кəдімгі арша. Д.кəдімгі қарағай



18.Қарағайдың ағаш сабағының атауы.

А.дің. В.сүрек. С.өзек. Д.қабық.


19.Қарағай неше үйлі өсімдік?

А. көп үйлі. В.үш үйлі .С.екі үйлі. Д.бір үйлі


20.Ашық тұқымды екі үйлі өсімдік.

А.секвоя. В.самырсын.С. туйя /бозарша/ Д.кəдімгі арша















































4 тест. Жабық тұқымды өсімдіктер.

1. Жабық тұқымды өсімдіктердің тұқымы жетілетін орын қалай аталады?

А.бүр В. өркен С.сабақ Д.жеміс


2.Жеміс дамитын мүше.

А.жапырақ. В.сабақ. С.гүл. Д.тамыр.


3.Жақын түрлер қандай топқа біріктіріледі?

А.тұқымдас. В.класс. С.қатар. Д.туыс


4.Тұқымында екі жарнағы болса қалай аталады?

А.екі жарнақты. В.қос жарнақты. С.бүтін жарнақты. Д.көп жарнақты.


5.Бидай тұқымында қанша жарнақ болады?

А.екі В.үш. С.төрт Д.бір


6.Аналықтың түп жағындағы жуан бөлігі.

А.жатын. В. ауызы С.мойыны. Д. табаны


7.Көкнəр жемісі қалай аталады?

А.жидек В.жаңғақ. С.қауашақ Д.бұршаққын.


8.Сексеуіл қай тұқымдасқа жатады?

А.астық В.ағаш С.алқа Д.алабота


9.Қызылша тамырының атауы.

А.тамыр.В.жемтамыр.С.атпатамыр.Д.өркен.


10.Қиярдың тұқымдасы. А.астық Б.алабота. С.асқабақ Д.алқа


11.Асқабақтар тұқымдасындағы нағыз жидекті өсімдік.

А.итмұрын. В.асқабақ. С.қияр. Д.қарбыз


12.Мақтаның тұқымдасы.

А.алабота. В.көкнəр. С.бұршақ Д.құлқайыргүлділер.


13.Құлқайырлар тұқымдасынан бөлмеде сəндік үшін өсірілетін түрі.

А.айдарша.В.қытай раушаны С.жалбызтікен.Д.баобаб.


14.Өрік қай тұқымдасқа жатады?

А.бұршақ.В.раушангүлділер С.құлқайыр.Д.алабота. 

15.Раушангүлділер тұқымдасының жабайы өсетін түрінің атауы.

А.алмұрт.В.шие. С.итмұрын Д.таңқурай


16.Жоңышқаның тұқымдасы

А.алабота. В.бұршақ. С.раушангүлділер. Д.құлқайырлар


17.Бұршақгүлділердегі аталықтар саны.

А.9+1 В.10+1. С.8+1 Д.7+1


18.Картоптың тұқымдасы.

А.бұршақ В.құлқайыр С.раушангүлділер. Д.алқа


19.Алқатұқымдастардың ішіндегі ең улы өсімдік.

А.меңдуана. В.кермек жалбыз. С.сəлбен. Д. шырайгүл.


20.Бақбақтың тұқымдасы.

А.ерінгүлділер.В.күрделігүлділер. С.алқа.Д.алабота


21.Құртқашаш тұқымындағы жарнақ саны қанша?

А.бір. В.екі С.үш Д.төрт


22.Арпаның тұқымдасы.

А.алқа В.құртқашаш. С.масақ. Д.астық


23.Қызғалдақ /жауқазын/ қай тұқымдасқа жатады?

А.күрделігүлділер. В.раушангүлділер. С.ерінгүлділер. Д.лалагүлдер









































5 тест. Гүлді өсімдіктер жəне саңырауқұлақтар.

1.Алқа тұқымдасының гүліндегі күлте жапырақшаларының саны-

А. 4 В.5 . С.6 Д. 8.


2.Раушангүлділер тұқымдасына жататын сəндік гүл:

А.алма. В. шырша С. байғұт. Д. раушан .


3.Ағзаның жасушаларынан ағзалық заттарды сорып қоректенетін бактериялар

А.паразиттер. В. симбиоздар. С.сапрофиттер. Д.псилофиттер.


4.Күрделігүлділер тұқымдасына жататын майлы өсімдік:

А.жүгері В.күнбағыс. С. күріш. Д. тары .


5. Жануарлар əлемін зерттейтін ғылым.

А.ботаника В. география С. анатомия. Д. зоология


6. Тұқымдары өздігінен таралатын өсімдік.

А.шытырлақ В.қамыс С. қайың Д.шоңайна


7. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатады:

А.саңырауқұлақтар,балдырлар В.балдырлар,қыналар.

С.бактериялар,қыналар Д.бактериялар,балдырлар.

8.Гермафродит дегеніміз:

А.аналық безі орналасқан дене. В.аналық жəне аталық бездері бір ағзада орналасқан

дене.С.аталық безі орналасқан дене. Д.бүршіктен дамитын дене.


9.Бір жасушалы саңырауқұлақ.

А.түлкіжем. В. дің саңырауқұлақ. С.түбіртек. Д.ашытқы саңырауқұлақ.


10.Тұқым бүршігінен түзіледі:

А.ұрық. В. эндосперм. С. тұқым. Д. жемісқап.


11. Раушангүлділерге жататын шөптесін өсімдік:

А.жоңышқа В. картоп. С.қойбүлдірген. Д. көкнəр.


12.Аспергилл саңырауқұлағы қандай саңырауқұлақ?

А.жеуге жарамды.В.жеуге жарамсыз. С. зең. Д.улы.

13.Қастауыш қандай саңырауқұлақ?

А.жеуге жарамды. В.улы. С.зең. Д. паразит


14.Ағаш сабағында өсетін паразит саңырауқұлақ

А.қастауыш саңырауқұлақ

В. тат саңырауқұлағы

С.діңқұлақ

Д.ақ ұнтақ саңырауқұлағы


15. Алқа тұқымдастарға жататын өсімдік.

А.итмұрын В.темекі С.сəбіз Д.алмұрт .