Міне, Көкшетаудың Бурабай атты әсем де, сұлу демалыс орнына келдік (Бурабай көрінісі, слайд 2). Бұл жердің табиғатының сұлулығын ақын С.Сейфуллин жырға қосып, Оқжетпес шыңдарының биіктігін де айтып кеткен екен. Осы демалыс орнында біз де жатып, дем алып, білімімізді шыңдайық. Ол үшін мына сөйлемдердің ішінен (флипчарт 1) біріккен сөзден құралған деген жер-су және адам аттарын табыңдар. (Әр топ берілген сөйлемдерден жер-су және адаматтарын табады. 8 сөйлемдегі біріккен сөздерді әр топ 2 сөйлемнен оқып, тауып айтады. Дұрыс жауапқа текше беріледі. 1.Жолаушылар Қараойға ел орынға отыра жетті.2.Пойыз Сарыөзек станциясына тоқтады.3.Ешкіөлмес тауының етегіндебәйге жарысы болып жатыр.4.Жұмәділ күйді нақышына келтіре орындады.5.Айдос Жылқайдарұлы «Әудемжер»әнін орындады.6.Әбдахмет Шиліөзек ауылынан Алматыға келді.7.Балалар әсем демалыс орны Алмаарасанға келді.8.Ауылда алғаш болған Серәліге бұл жердің жұлдыздары жерге жақын,әрі өте әдемі болып көрінді.) -Жақсы, балалар. Енді тақтадағы сызбаға назар аударайық. Мұнда жаңа өздерің тапқан біріккен сөзден жасалған жер-су және адам аттары жазылған.(флипчарт 2) Қараой Сарыөзек Ешкіөлмес / \ / \ / \ Қара ой сары өзек ешкі өлмес Жұмәділ Жылқайдар Әбдахмет / \ / \ / \ Жұма әділ жылқы айдар Әбді Ахмет Шиліөзек Алмаарасан Серәлі / \ / \ / \ Шилі өзек Алма арасан сері әлі Осы кестедегі қою қарамен жазылған әріптерге назар аударайық. Екі дауысты дыбыс қатар келген. Енді жер-су аттарында қатар келген екі дауысты дыбыс пен адам аттарында қатар келген екі дауысты дыбыстарды салыстырып көрейік те, қорытып ереже шығаруға тырысайық.: Ереже: Біріккен сөзден жасалған жер-су аттарында қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады, ал адам аттарында қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылады. Қазір дәптерлерімізді ашып, сөйлемдерді жазып, сөз таптарына, сөйлем мүшелеріне талдайық (4 сөйлем жазып, талдау). Өте жақсы. Енді осы Көкшетаудан Батыс Қазақстандағы Ақтау қаласын көруге барайық.(Ақтау қаласының көрінісі, слайд 3) Ақтауға келдік. Бұл өңір мұнайымен аты шыққан қала. Енді осы мұнай туралы оқып білейікші. (Мұнай туралы мәтін беріледі) Осы мәтінді оқи отырып, мына сұрақтарға жауап іздейік. (Кесте беріледі). Мұнайдың пайдасы, зияны қандай? | Пайдасы | Зияны | Біріккен сөздер | | | | | Және үшінші графаға осы мәтінде кездескен біріккен сөздерді теріп жаз. (7 минут уақыт беріледі. Болған соң талдап, текшелер үлестіру) Келесі саяхатымыз Аматы қаласында болмақ.(Алматы қаласының көрінісі, слайд 4) Ол үшін де ұшаққа мініп келдік. Мұнда біз зообаққа бардық.(Құстар,аңдар. Слайд 5) Зообақтан көптеген жануарлар, құстар, аңдар көрдік. Осы көрген жануарлар, құстар, аңдар атауларында да біріккен сөздер кездеседі екен. Тапсырма. Біріккен сөзден құралған жануарлар, құстар, аңдар аттарын ата. (Әр топ кезекпен атайды. Сөз қайталанбау керек. Бір сөзге бір текше.) Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Дәптермен жұмыс 1,2,3-жаттығулар топтарда орындалады. 4-жаттығу жеке жұмыс |