СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Біз осындай баламыз 1-сағат

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

 

«Өзін – өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. 

Өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру.

Ізгілікке тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Біз осындай баламыз 1-сағат»

Пәні:

Өзін-өзі тану

Сыныбы:

2

Уақыты:


Сабақтың тақырыбы:

«Біз осындай баламыз» 1 сағат

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық құзіреттілік:



«Өзін – өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

ә) коммуникативтік құзіреттілік:

Өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру.

б) проблеманы шешу құзіреттілігі:

Ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Жаңа материалды меңгерту.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:


Ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру, практикалық.

Сабақтың әдісі:

Түсіндірмелі - иллюстративті, практикалық, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс:

ана тілі, музыка

Оқыту құралдары:

Үнтаспа, сюжетті суреттер, дәптер, оқулық.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру

бөлімі

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар.

- Көңіл-күйіміз қалай?

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеріп, қажетті көрнекіліктер мен құралдарды дайындау. Оқушыларды тыныштық сәтіне ыңғайландырып отырғызу.



Тыныштық сәті

Нұрға бөлену.

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдарда болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

- Амандасады. Отырады.


- Жақсы

Сабақтағы жұмыстарға дайындалу, оқулықтар мен жұмыс дәптерін және қажетті құрал- жабдықтарды дайындайды.

Мұғаліммен бірге тыныштық сәтіне дайындалады.

Тыныштық сәті

Нұрға бөлену.

Балалар, денелерің түзу ұстап, бастарың жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады..Көздерің жұмып,еркін тыныс алады..Өздерінің тыныс алуларын бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезінеді.

Мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды.




Тыныштық сәтін өткізу кезінде денелерін бос ұстап, тыныш-тықта сезінеді, жағымды ішкі өзгерістерге жету үшін, өзіне-өзі сұрақ қоюда қиялын белсен-діреді, өзін-өзі ұстай біледі.

ІІІ. Жаңа материалға кіріспе.

Тапсырма

Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәнінен үйренген жақсы әдеттері мен қылықтарын жазғы демалыста қалай көрсете алғандарын білу мақсатында тапсырма беріледі.

Оқушыларға суреттерге қарап, «Менің жазғы демалысым» тақырыбына әңгіме құрастыру тапсырылады.

«Әңгімелесу»

Мұғалім оқушылардың өзін-өзі тану сабақтарына қызығушылықтарын арттырып,оларды танып білуге баулу мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды.

  • Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?




  • Өзіңе,өзгеге,табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?



  • Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсын?


Оқушылар берілген тапсырманы түсініп алып, сол бойынша жұмыстанады.

Балалар суреттерге қарап отырып өздерінің демалыс кездерін естеріне түсіріп, басқа қызықты істері, есте қаларлық оқиғалары туралы әңгімелеп береді.


Оқушылар мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.


-Адамдармен мәдениетті қарым-қатынас жасауға, қайырымды, мейірімді болуға, өзгелерге көмек көрсетіп, жамандық істер жасамауға үйрендік.

-Өзгелерге құрметпен қарап, табиғатты аялап, қамқорлық жасау керек. Өзгелерді құрметтесен өзгелер сені де құрметтейді.

-Өз бойымда жақсы қасиеттердің болғанын қалаймын.

Берілген тапсырманы өздерінің жазғы демалыстарын естеріңе түсіре отырып,әңгімелеп береді.

Берілген сұрақтар бойынша оқушы-лар өзін-өзі тану сабақтарынан 1- сыныпта оқып үйренгендерін естеріне түсіріп айтады.Өз бойларынан қандай жақсы қасиеттерді, неліктен көргілері келетіндері туралы өз ойларын ортаға салады.

ІІІ.Жаңа материалды түсіндіру.






























Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні туралы білімдерін дамыту мақсатында өлеңді оқып береді.

Өзіңді тану

Ө.Ақыпбеков

Жақсы болу - өзіңнен,

Жаман болу - өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзіңнен үйрен,өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын? - деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

Мен қандаймын? – деп ойла.

Өзіңді өзің қолына ал,

Өзіңсің ақыл айнасы.

Тиеді саған мәні бар,

«Өзіңді тану» пайдасы.

-«Жақсы болу - өзіңнен» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?






Дәптермен жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Кіші шеңберлердің ішіндегі әріптерден мейірім, қамқорлық, тазалық, денсаулық, рақмет, кешіріңіз деген сөздерді құрап,торкөздерге жазыңдар.


Өлеңді мән беріп тыңдап, өлеңдегі айтылар ойды түсініп,ұғынып алуға тырысады.






Өлеңді тыңдай отырып, сүйіспеншілік, отбасы, жақсылық, достық, бақыт, білім сияқты құндылықтар адам өмірінде ең маңызды рөл атқаратынын ұғынады.




-Жақсы болу әркімнің өзіне байланысты. Ешкімге зияндық ойламай, өзгелерге көмек көрсетіп, қамқорлық жасасан өзгелер сені сыйлайды. Өзгелер сені сыйлап, құрметтесе сенің жақсы адам болғанын деп ойлаймын.


Кіші шеңберлердің ішіндегі әріптерден сөздер құрап, торкөздерге жазады.


Өзін-өзі тану сабақтары арқылы өзін, басқа адамдарды және қоршаған ортаны тани алады.

Өлеңді сүйсініп тыңдап, өлеңдегі айтылған сөздерді өздеріңе кеңес ретінде қабылдап, естеріңе сақтап қалуға тырысады.

Жақсы болу әр адамның өзіне, өзгелермен қарым-қатынас жасауына байланысты екенін түсінеді.







Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.



V. Топтық ән.

























VI. Жаңа білімді бекіту.










VII. Үй тапсырма-сы.

«Біз бақытты балдырғандар»

Сөзін жазған: М.Әлімбаев

Әнін жазған: Ө.Байділдаев


Асыр салып ойнаймыз да,

Ән шырқаймыз,билейміз,

Үлкендерді сыйлаймыз да,

Тентектерді сүймейміз.

Қайырмасы:

Біз-бақытты,

Біз- бақытты,

Біз бақытты балдырған.


Тату тәтті достармыз біз,

Ынталы да талапты.

Көп білуге құштармыз біз,

Жақсы оқимыз сабақты.


Қайырмасы:

Отырғызып балғын шыбық,

Сән береміз өңірге.

Еңбекте де біз құлшынып,

Талпынамыз өнерге.

Қайырмасы:


Тапсырма

Тапсырма бойынша оқушылар суреттегі алма ағашында көрсетілген өзін-өзі танудан үйренген құндылықтар туралы түсініктерін айтып береді. Олар әдептілік, білім, қайырымдылық, достық, табиғат, Отан, денсаулық, отбасы, махаббат, бірлік сынды құндылықтар.




Әдептілік туралы әңгіме құрастырып келу.

«Біз бақытты балдырғандар»

Сөзін жазған: М.Әлімбаев

Әнін жазған: Ө.Байділдаев


Асыр салып ойнаймыз да,

Ән шырқаймыз,билейміз,

Үлкендерді сыйлаймыз да,

Тентектерді сүймейміз.

Қайырмасы:

Біз-бақытты,

Біз- бақытты,

Біз бақытты балдырған.


Тату тәтті достармыз біз,

Ынталы да талапты.

Көп білуге құштармыз біз,

Жақсы оқимыз сабақты.


Қайырмасы:

Отырғызып балғын шыбық,

Сән береміз өңірге.

Еңбекте де біз құлшынып,

Талпынамыз өнерге.

Қайырмасы:


Тапсырма бойынша оқушылар құндылықтар туралы түсініктерін айтады.

-Әдептілік дегеніміз- дөрекі сөйлемеу,рұқсат сұрау, үлкендердің сөзін бөлмеу, кешірім сұрай білу.

-Қайырымдылық дегеніміз-адамдардың бір-біріне көмектесуі.


Күнделіктеріне жазып алады.



Оқушылар хормен «Біз бақытты балдырғандар» әнін орындайды.



Әннен кейін оқушылардың көңіл-күйлері көтеріледі. Оқушылар керемет сезімге бөленеді.



Әннен кейін оқушылардың дауыс ырғақтары бірқалыпқа келеді.




Оқушылар құндылықтар туралы айтқанда сабақта үйренгендерін естеріне түсіріп, нақты мысалдар келтіре отырып айтады.


Үй тапсырмасын түсініп алады.

VIII. Қорытынды.

-Сонымен, балалар, бүгінгі сабақтан не түйдік?








Мұғалім сабақты қорытындылайды:

- Адамдар арасында келіспеушілік болған кезде реніш, өкініш, ренжіту, өрескелдік байқалады. Әдепті адам татулықты жоғалтпау үшін кінәлі жағдайда алдымен кешірім сұрай білу керек. Шынайы дос кешіре біледі, достықты, досты қадірлейді.

«Тыныштық сәті»

Ыңғайланып отырып, денемізді бос ұстайық. Көздеріңді жұмып, өздеріңді еркін сезініңдер. Бүгінгі өткен сабағымызға ойша қорытынды жасайық. Сабақтан алған әсерлеріңді бойға сіңіріңдер.

-Адам бойындағы адамгершілік құндылықтары туралы өз түсінігімізді кеңейттік.

-Адам бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді ажырата білеміз.

-Бүгінгі сабақтан әркімнің жақсы болуы өзіне байланысты екенін ұғындық.


Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын айтады. Мұғалімнің айтқан сөздерін зер салып тыңдайды.


«Тыныштық сәті»

Балалар тыныштық сәтінде көздерін жұмып, ыңғайланып отырады. Сабақтан алған әсерлерін айтып сабақты ойша қорытын-дылайды.

Оқушылар тақырыпты толықтай меңгереді.

Өз ойларын айта білуге дағды-ланады.

Өткен жаңа тақырып бойынша оқытушыға жауап беру арқылы білімін бекітеді, тақырыпты меңгереді.

Тыныщтық сәтінде оқушылардың тұла-бойлары сергіп қалады.