СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Біз Тәуелсіз Елдің Ұланымыз!

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мероприятие посвящено Дню Независимости Республики Казахстан.Данный материал для учителей, внеклассной работы в школе.

Просмотр содержимого документа
«Біз Тәуелсіз Елдің Ұланымыз!»

«Біз Тәуелсіз Елдің Ұланымыз !»

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмас қалауы

Лаула! Лаула!Желтоқсанның мүзға жаққан алауы!

Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің ,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалау!

(М. Шаханов)

Тәрбие сағаттың мақсаты:

Азаматтық пен Отанға деген сүйіспеншілік негізінде Қазақстанның өркендеуіне үлес қосу ұмтылысын қалыптастыру,Отанға деген сүйіспеншілік пен кұрмет сезімдерін нығайту,Тәуелсіз жолындағы күрес 1986 ж.,17-18 желтоқсан оқиғасымен ,жазықсыз жазаланғандармен таныстыру.

Тәрбие сағаттың барысы:

1-бөлім.Желтоқсан жыры

1.Сөз басы 6.Қанды сойқан

2.Дүрбелен. 7. Сұмдық.

3.Дерек. 8.Тергеу.

4Тосқауыл. 9.Жаза

5.Құғын-сұргін. 10.Көзсіз батырлар.


2- бөлімі.Әдеби монтаж:»Біз Тәуелсіз Елдің Ұланымыз!»


Қазақстан!Туды алтын дәуірің!

Алғандайсын жұлдыздардың жарығын!

Туған күнің құтты болсын алыбым!

Тәуелсіздік құтты болсын қымбаттым!


Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс

Тәуелсіздік-ел бақыты, ертеңі!

О! Халайық! Құтты болсын қуаныш!


Халкым менің ,саған қарап жүбанам

Тарих беті қатар-қатар бүралаң

Талай зардап қайғы мұнның соңынан

Егемендік алғаныңа қуанам!


Егеменді ел болудың белгісі-

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші

Егемендік деген сөзбен естілер

Ата-жүрттың арғысы мен бергісі!


Қазақ жері -көп шеккен қасіретті

Қазақ елі-киелі, қасиетті

Египетті билеген Бейбарыстың

Елі текті, киелі, қасиетті!


Дархан далам ,сенен,менен қуатым

Ата-бабам сақтаған жез қанатым

Салт-дәстүр,дініміз бен тіліміз

Бола бермек мәнгі менің жалауым.


Тәуелсіздік -тірлігімнің айғағы,

Татулығым, бірлігімнің айғағы

Сөгілмес еліміздің іргесі

Әлдеде бар ұландардың арманы!


Тәуелсіздік -бабалардың ұраны

Бейуақытта бойға таққан тұмары

Тәуелсіздік!Түнек жерде тұншығып

Ызғар ұрып, жаңбай қалған шырағы!


Қазақстан Тәуелсіздік аңсап келді ,

Телегей теңіз аңсаған мансап келді

Қазақтың бой тұмарын ана тілін

Ту етіп айғақ жар сап келді !


Көптен күткен көк байрақ желбіреді

Күннің көзі көктемдей елжіреді

Мұнан ыстық жалын от барма сірә

Отан әнмен жүрегім тербеледі.


Тәуелсіздік жемісін ала келді

Көрінер көк жиектен далам енді!

Кім танымас аитсаңшы, айтыңдаршы

Қазақстан Егемен байтақ елді!


Кім танымас тербелген тал бесікті

Болашаққа айқара аштық кең есікті

Барша ел ауызын ашып тамсанумен

Қандай ғажап егемен ел десіпті!


Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарлаңба, жарқыра

Тарихымда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата –баба рухына!


Естіртпейік енді елдің жылағанын

Қайта құлап ,бостандық сұрағаның

Абылайдың жолымен алға басқан

Құтты болсын нұрлы жолы Нұр атаның!


Қазақ десе қозатын делебесі

Сіз бен біздер тәуелсіз елегесі

Биік болып әрдайым шаңырағы

Кеңейе берсін әркез керегесі»



Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

«Бірлік барда тірлік бар »деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!


Қазақстан - 2030 бағытымыз

Саясатпен жақындатып алысымыз

Қазақстан елдердің алды болсын

Әрқашан алға бассын әр ісіміз!














Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!