Тәуелсіз едің ұланымыз
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады
Тәрбиеші: Армысыңдар құрметті ұстаздар, балалар! Бүгінгі «Тәуелсіздікке-25 жыл» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Өз жеріме өзім ие болған күн,
Тілім таза бостандығын алған
Елтаңбам мен көк байрағым желбіреп,
Тарихыма өшпес белгі салған күн.
Бүгін еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, бірнеше ғасырға жалғасқан бостандық, тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1991 жылдың 16 желтоқсаны заңды түрде Тәуелсіздің күні болып жарияланды.
Балалар, биыл Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болады. Қай халық, қандай ұлт болмасын, өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Ендеше, балалар сендердің білімдеріңді көрейікші! Еліміз, жеріміз туралы Кәусар жұмбақ жасырады, сендер шешуін ойлана отырып табыңдар.
- Келмеді ол жайдан жай
Жеңдік барлық езгіні
Тәуелсіздік алған ай
Жылдың қай мезгілі
(қыс, желтоқсан)
- Тәуелсіздік жолында
Тапқан істің шешімін
Президенті қазақтың
Айтшы қәне есімін
(Н.Ә.Назарбаев)
- Туымыздан күн қарап,
Күлімдейді әлемде
Күн астында қандай құс
Қанат қаққан әлемде
(қыран құс)
- Көк аспанның түсі бар
Қыран ұшқан қалықтап
Ортасында күні бар
Кімнің туы біліп ал
(Қазақстанның)
Балалар, енді Тәуелсіздік туралы тақпақтарымызды айтайықшы!
Азамат: Тәуелсіздік – ардақты асыл ұғым,
Тәуелсіздік – қасиетті ұқсаң сырын.
Тәуелсіздік алған ел борышты ғой,
Тәуелсіздік жайында осы- жырым.
Аслан: Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын!
Алдымызда барлық үміт ақталсын!
Тату-тәтті бірлік болып қашан да,
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын!
Альбина: Тәуелсіз елдің ұланымыз,
Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні бұл
Елім деген ұлдардың,
Елжіреген күні бұл.
Ақниет: Алты алаштың баласы
Қауымдасқан күні-бұл.
Бір-бірімен жарасқан,
Бауырласқан күні-бұл
Тамирлан: Асқақтағын нұр елім,
Сені мәңгі сүйемін,
Айбынымды асырған,
Тәуелсіздік тірегім
Кезекті балалардың орындауында әнге берейік
Тәрбиеші: - Балалар, мемлекеттік рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.
Еліміздің туы көгілдір түсті, аспанымыздың ашық болатынын білдіреді.
Күн – тіршіліктің қуат көзі, ол жердегі барлық нәрсеге өмір сыйлап тұр.
Тудың шетіндегі оюға назар аударайық! Кәдімгі ұлттық ою, қошқар мүйіз, бұған қарап Қазақстан туы екенін әлемдегі кез келген саналы азаматтаныры сөзсіз. Тудағы қыран құс бұл биікке самғауды білдіреді. Елтаңбада қос бірдей ай мүйізді арғымақтар бейнеленген. Олар киелі шаңырақты пәле-жаладан, қауіп-қатерден қызғыштай қорғайды. Отанымызға қызмет ету идеясын білдіреді.
Шаңырақ – елтаңбаның негізі. Ол – отбасының бейнесі. Жұлдыз – билік белгісі, бағытты жарық сәуле символы.
Рәміздерге байланысты тақпақтарды тыңдайық.
Мөлдір: Рәмізім елдігімнің белгісі
Бәлу керек баладағы ең кіші
Рәміздерді әнұран, елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі
Ақмаржан: Әнұран жан ұраным
Айтар әнім сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады
Берекет: Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім ел таңбам
«Тұлпарым» биі
Асима, Әскер, Қарақаттың орындауында «Тұлпарым» биі
Балалар, осыдан 30 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы дүниені дүр сілкіндірді. Балалар, осы желтоқсан көтерілісінде тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаммеджанова сияқты аға- апаларыңдай ержүрек азамат болуларың керек. Ендеше, Тәуелсіздікке арналған шағын көрінісімізді бастайық.
Көрініс
Бүгінде біздің Тәуелсіз елімізде көп ұлт өкілдері тату-тәтті, тыныштықта, бірлікте өмір сүріп жатыр. Әрқашан осындай еліміз тыныш, аспанымыз ашық, аман болсын!
Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіз елдің ұланымыз»
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады
Тәрбиеші: Армысыңдар құрметті ұстаздар, балалар! Бүгінгі «Тәуелсіздікке-25 жыл» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Өз жеріме өзім ие болған күн,
Тілім таза бостандығын алған
Елтаңбам мен көк байрағым желбіреп,
Тарихыма өшпес белгі салған күн.
Бүгін еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, бірнеше ғасырға жалғасқан бостандық, тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1991 жылдың 16 желтоқсаны заңды түрде Тәуелсіздің күні болып жарияланды.
Балалар, биыл Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болады. Қай халық, қандай ұлт болмасын, өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Ендеше, балалар сендердің білімдеріңді көрейікші! Еліміз, жеріміз туралы Кәусар жұмбақ жасырады, сендер шешуін ойлана отырып табыңдар.
Келмеді ол жайдан жай
Жеңдік барлық езгіні
Тәуелсіздік алған ай
Жылдың қай мезгілі
(қыс, желтоқсан)
Тәуелсіздік жолында
Тапқан істің шешімін
Президенті қазақтың
Айтшы қәне есімін
(Н.Ә.Назарбаев)
Туымыздан күн қарап,
Күлімдейді әлемде
Күн астында қандай құс
Қанат қаққан әлемде
(қыран құс)
Көк аспанның түсі бар