Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе
Өткізу күні / Дата проведения: 13.02.2020ж
Тәрбиеші / Воспитатель :Садвокасова В.А.
Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация
Пән / Предмет: Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Бізді қоршаған орта»
Тақырыбы / Тема: «Ақ боран» өлең Ақұштап Бактыкереева
Мақсаттары / Цели
1. Тәрбиелік- воспитательная: Ақындық шығармашылыққа қызығушылығын тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Өлеңді берілген суреттеуді қара сөзбен әңгімелеп бере білуге дағдыландыру.
3. Оқыту – обучающая : өлеңді бірнеше рет қайталау. Балаларды поэзия тілін түсінуге уйрету.
Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: ойын технологиясы, деңсаулық технологиясы, ИКТ
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : қыс мезгілінің суреттері.
Көптілділік : боран-метель- snowstorm, ақ –белый- white, қыс-зима- winter,
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
(Ғажайып сәт)
Қонаққа Қыс ханшайымы келеді. Онын қолында Ақұштап Бактыкерееваның кітапбы болады. Қыс ханшаймы қыс мезгіліне байланысты өлең оқып берулерін өтінеді балалар келіседі.
2.Негізгі бөлім
Біз бүгін Ақұштап Бактыкерееваның «Ақ боран» деген өленімен танысамыз.мұқият тындаймыз.
Алдымнан шықшы, ақ боран,
Шабытың болар сақтаған.
Менің де жаным мазасыз,
Бұрқанбай тыныш таппаған,
Алдымнан шықшы, ақ боран!
Сенің де келер көктемің,
Менің де бар ғой өткенім.
Даланы сүйген бозторғай
Осымен өлең жолдарындарындағы қыс мезгіліне тоқталып өтейікші.
Боранның ысқырып соққан үнін интер. тақта арқылы оқушыларға тыңдату.
Ой қозғау.
Ауызша сұрақтар:
1. Қандай дыбыс естідіңдер?
2. Ненің дыбысы деп ойлайсың?
3. Қай мезгіл елестеді? Бұл үскірік соққан боранның дыбысы. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ақ боран».
Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Кәне ай аттарын атап беріңдерші?
-Қазір қай айы?
-Иә,қыс мезгілінің соңғы айы-ақпан айы.
-Бір аптада неше күн бар?
-Бүгін аптаның нешінші күні?
-Өте жақсы.
Сурет бойынша әңгіме.
-Осы суреттен көріп тұрған балаларға ат қояйықшы.
-Шанасы бар бала кім?
-Аққала жасап жатқандар?
-Шанамен сырғанап жүргендер?
Балаларды сурет бойынша тақтаға шығарып әңгіме құратып айтқызу.
-Өте жақсы,балалар.
-Балалар сендер қыста далада ойнайтын қандай ойындарды білесіңдер?
-Ал,бұдан да басқа қыста-шаңғы,коньки,хоккей ойындары бар екен.
Біздің жақта бұл ойындар көп ойнала бермейді,сондықтан біз бұл ойындарды біле бермейміз.
-Міне,мынау құралды- «шаңғы» деп атаймыз.Шаңғыны аяғымызға киіп алып,қолымызға екі таяқшасын ұстап,биіктен төмен қарай сырғанаймыз,жоғарыдан төменге тез түсеміз.
-Мына құралды-«коньки» деп атаймыз.Бұл конькимен мұз үстінде ойнаймыз.
-Мына таяқша «хоккей» таяғы деп аталады.Хоккей ойыны да мұзда ойналады.Аяғымызға коньки киіп хоккей таяғын қолымызға ұстап,мұз үстінде сырғанап жүріп ойнаймыз.
-Кәне,бәріміз бұл ойындардың атын қайталап жіберейік.
-Жақсы,балалар.
-Балалар,сендер далада ойнағанда қолдарыңа жылы қолғап,мойнымызға бөкебай,басымызға бөрік,үстімізге тон,аяғымызға етік киіуіміз керек.
-Мұның бәрі қай мезгілде болады?
-Дұрыс айтасыңдар,міне қазір қыстың соңғы айы –ақпан айы.
Бұл мезгілді,яғни қыстың соңғы айын «Сықырлауық» қыс деп атайды.
Өйткені,ақпан айында құбылмалы сәттері көп бірде боран,бірде аяз болып тұрады.
Көп тілділік: боран-метель- snowstorm, ақ –белый- white, қыс-зима- winter,
Сергіту сәті:
Боран соғады оң жақтан,
Боран соғады сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
Жеке жұмыс:
Самрат біз қандай өленмен таныстық?
Алуа бізқай жыл мезгіліне тоқталдық?
3.Қорытынды
-Бүгін сабақта не істедік?
-Қыста ойналатын қандай ойын түрлерін
білесіңдер?
-Өте тамаша,бүгін сендер жақсы жауап бердіңдер.
Жарайсыңдар балалар!