СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Біздің тілегіміз - достық" ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Біздің тілегіміз - достық" ертеңгілігінің сценарийі бастауыш мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.

Просмотр содержимого документа
«"Біздің тілегіміз - достық" ертеңгілігі»

Сабақтыңтақырыбы: «Біздің тілегіміз - достық»
Сабақтың мақсаты: 
1. Балаларға достың адам өміріндегі маңызы, орны туралы, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру.
2. Балаларды адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққы, тату, мейрімді болуға тәрбиелеу. Әр балаға өзінің досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін көріп өз бойына сіңір білуге және өз досын дұрыс танып білуге үйрету.
Көрнекіліктер:нақылсөздер, шарлар, мақал - мәтелдер.
Сабақтың барысы:


I. Шаттық шеңбері

Шаңырақты көтеріп,

Уықтар боп иіліп.

Киіз үйді тігейік.

Керегедей керіліп,

Шеңбер болып жүрейік.

Мейірімді достарға,

Күндей болып күлейік.


II. Сабақтың тақырыбын жариялап, мақсатын түсіндіру.
1 - жүргізуші: Құрметті, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие
сабағымыздың тақырыбы «Біздің тілегіміз - достық» деп аталады.
Бүгінгі тәрбие сабағымызда 2 топқабөлініп жұмыс жасаймыз
1 топ «Сыйластық»
2 топ «Достық»
- Балалар, барлығымыз ойланып қарайықшы «Дос», «Дос болу», «Достық» дегеніміз не? (оқушылар өз пікірлерін айтады).
2 - жүргізуші:
- Дос деген кім?
- Сыр бөлісетін адам
- Мені өте жақсытүсінетін адам
- Көмекке әрдайым дайын адам
- Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам
- Сенімді адам
1 жүргізуші: Сендердің достарың бар ма?
Ол қандай адам? Оның қасиеттері, мінезі қандай? (оқушылар өз достары туралы айтып өтеді).
III. Олай болса балалар «ДОС» күн шуағын құрастырайық.
Тақтаға «дос»күншуағын сөзін жазу
Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімдідос, кешірімді, төзімді ақылды, сабырлы, салмақты, кексақтамау, ашықтық, бүкпесіздік
2 - жүргізуші: Досдегеніміз – өмірдегі ең шыншыл, адал, қымбатжан. «Жаман ДОС көлеңке дейді» дана халқымыз. Демек, ДОС деп қиын сәтте арқа сүйей алатын, көмегін аямайтын, сырыңды басқа біреуге шашпайтын ізгілік иесін айтамыз. Қазақта: «Дұшпан күлдіріп айтар, дос жылатып айтар» деген мақал бар. Досыңның шындықты айтқанына байланысты сен мініңді, кемшілігіндітүзейсің. Сондықтан өмірде, сөзіне берік, абзал дос таңдау өте маңызды және өзің де осындай жолдас бола білуің керек.

Көрініс:Екі дос
1 - жүргізуші: Достық – адамның бір – бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес болуы. Достық өмірдің ең зор қуаныштарының бірі – сырыңды айтатын, қуаныш – қайғыңды бөлісетін адамның болуы.
Не жетеді нағыз досқа, асылға,
Қуанса да, қайғырсаң да қасында.
Қиналады, сен қиналсаң болғаны
Ұйықтамасаң – ұйықтамайды ол дағы,- деген Шекспирдің сөзі өте дұрыс.
2 - жүргізуші: Балалар сендер «достық» жайлы өлең шумақтар білесіңдер ме?
(оқушыларөлеңдерінайтады).
Олжас:
Дос дегенің байлық қой
Басқа байлық іздеме
Досың болса ойнайтын
Қарамайсың түзге де
Досыңменен ұрыспа
Досың барда еркесің.
Диас:
Бір – біріңді бағалар
Дос болыңдар балалар
Дос болсаңдар қуанар
Ата, әже, аналар
Айтуған:

Дос дегенің ұлы ұғым
Бала кезден бұны ұғын
Достарыңа әр күні
Сыйла көңіл тұнығын
Бағұстар:
Адал ДОС барлық жерде екен
Өмірде достың орны ерек екен,
Жақсы ДОС жадыратса жан дүниеңді
Жаман достар жамандық ойлайды екен.

Дәулет:

Достық әдеп,сыйласым.

Дос-өмірлік қимасың.

Дос-арыңдай қымбатты,

Достық сезім тым тәтті.

Достық-игі жақсылық,

Достық ниет-жақсы үміт.

Досттық жасап адамға,

Достаса біл аманда.
1 - жүргізуші: Балалар, бізге Айгөлек журналы арқылы хаттар жіберіпті. Осы хаттардың ішінен бір – екі хаты сендерге көмек сұрауда (хаты оқып, оқушылар жағдаятты талдайды).

IY. Пікірталас. Жағдаяттан шығу.
«Достық» және «Сыйластық» топтары
Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді. Дина мен Сырым шын достар деп, айтуға бола ма? Неліктен? Олардың достықтары қалай жалғасады, деп ойлайсыңдар?
2. Құрбылары Жанарға балмұздақ берген - ді.
Жанар кетті алға тез,
Алды – артына қарамай,
«Рахмет» - деп, жалғыз сөз
Айтуға да жарамай!
Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанар мен дос бола ма?
2 - жүргізуші:
Балалар бүгін дос және достық туралы көп мәліметтер біледі екенсіздер,
Ендеше достарымызға арналған «Досымның жүрегі» деп аталатын ойын ойнайық.
Кеудеге тағылған жүрекке бір – бірінің жақсы қасиеттерін жазу. Бәрі жазып болған соң оқу.


Шапшаң ойын «Иә мен жоқ»

  • Достық біреуге жымиғаннан басталады ма?

  • Достық біреді қорғаудан бастала ма?

  • Достық біреудің бағынан алма ұрлағаннан бастала ма?

  • Достық ойыншық бөлісуден бастала ма?

  • Достық мектептен бастала ма?

  • Достық біреді итеріп, құлатқаннан бастала ма?

  • Достық біреудің машинасын жөндегеннен бастала ма?

  • Достық төбелескеннен басталда ма?

  • Достық көмектескеннен бастала ма?

  • Достық мазақтағаннан бастала ма?

  • Достық адалдықтан бастала ма?

  • Достық сыпайы болудан бастала ма?

  • Достық кешірімді болудан бастала ма?



«Піл мен маймыл» ертегісін сахналау.



Жағдаятты шешу

Екі дос көше бойымен жайбарақат әңгімелесіп келе жатыр. Оның біреуі Аблан да, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп ижүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын.

Бір үйдің жанынан өте бергенде дәу қара төбет арсылдап, тура алдарынан

шыға келді.

-Қалай ойлайсыңдар, балалар, енді не болады екен?

Абыз:

-Аблан, қаш, әне ит келіп қалды., - деп қатты қорқып, айғайлап жіберді.

Аблан жерден бір шыбық алып, иттке қарсы ұмтылды. Ашулы ит Абланның шалбарынан бірнеше рет жұлқылап та үлгерді. Үлкендер келіп, Абланды құтқарды.

Абыз Абланның жанына келіп:

  • Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашып кеткенімізде, шалбарыңды ит

жыртып тастамас еді, - деп жатыр.

  • Қалай ойлайсыңдар, Аблан қандай жауап береді?

  • Мен қашатын болсам, сен тұтылатын едің. Өйткені сен қатты жүгіре алмайсың ғой. Сені иттен қорғайын деп, әдейі қалып қойдым, деді Аблан.

  • Достар деген осындай болар, деді олардың сөзін естігүен үлкендер сүйсініп.



Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ деген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкімізді күн қылып,

Гүл өссін деп тілейік!

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.



YI. Қорытынды
- Балалар достық туралы мақал – мәтелдер білеміз бе?
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқ пен сырлас, досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды».
2 - жүргізуші: Сонымен балалар енді мен сіздерге мынадай достық ережесін ұсынғым келеді. Осы ережелерді есімізде сақтайық.
«Достық» ережесі.
• Қиын кездерде бір – біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды бар да да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.
Мұғалімсөзі: Ал ендеше балалар достық адамдар арасында ғана емес ұлттар арасында, мемлекеттер арасында да достық болады. Біз Қазақстан дүниежүзі елдерімен достық қарым – қатынас орнатудамыз.
Тәуелсіздік алғаннан бері Н. Ә. Назарбаевтың дана басшылығының арқасында бүкіл әлемге танылдық. Бұл күнге біз бірлігіміздің, достығымыздың арқасында жеттік. Біз қазір бірлігі жарасқан елміз. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, қазағым» деп тілек айтамын.
Рефлекция: - Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
Тәуелсіздік таңы арайлап атып, арамызда тек достық болсындей келе бүгінгі сабағымызды «Достық» әнімен аяқтайық.
Достық
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан. 2 рет
Ортақ бізге бір Отан
Ортақ жердің байлығы,
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы. 2 рет
Туыспыз біз бәріміз,
Біз Отанды сүйеміз,
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз. 2рет
Оқушыларды мадақтау сәті: Бүгінгі өз білімдеріңмен сабаққа белсене қатысып өз ойларыңды білдіргендеріңе алғысымды білдіре отырып, сіздерге «Достығымыз нығая берсін!» деп сөзімді аяқтаймын.























































«Достық» ережесі.


• Қиын кездерде бір – біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды бар да да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.