«Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі : Сөйлеуді дамыту Өтпелі тақырып: «Алғашқы тамшылар»
Тақырыбы: «Бізге көктем келді» (сұрақ−жауап)
Мақсаты: Көктем жыл мезгіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Көктем жыл мезгіліне деген балалардың қызығушылықтарын дамыту. Тәрбиешінің сұрағына байланысты жауаптар беру (қар ериді, күн қысқарады, құстар ұшып келеді) сөздерін нақтылауын табу (күн ашық, гүлдер сәнді) сұрақ қоюға тәрбилеу. Жұмбақтардың мағынасын түсінуге, және суреттер арқылы шешімін табуға үйрету, ч, к –дыбыстарын айтуға жаттықтыру.
Просмотр содержимого документа
««Бізге көктем келді» (сұрақ−жауап)»
«Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі : Сөйлеуді дамыту Өтпелі тақырып: «Алғашқы тамшылар»
Тақырыбы: «Бізге көктем келді» (сұрақ−жауап)
Мақсаты: Көктем жыл мезгіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Көктем жыл мезгіліне деген балалардың қызығушылықтарын дамыту. Тәрбиешінің сұрағына байланысты жауаптар беру (қар ериді, күн қысқарады, құстар ұшып келеді) сөздерін нақтылауын табу (күн ашық, гүлдер сәнді) сұрақ қоюға тәрбилеу. Жұмбақтардың мағынасын түсінуге, және суреттер арқылы шешімін табуға үйрету, ч, к –дыбыстарын айтуға жаттықтыру.
Педагогикалық технологиялар: Акт суреттер мен слайдттар. Ресурстармен қамтамасыз ету: түрлі-түсті қағаздар, сурет.
Билингвалдық компонент: Қыс-зима, көктем-весна, жаз-лето, күз-осень.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы .
l. Ұйымдастыру кезеңі
Суда мұз бар, Өрік алма, Жерде қар бар. Жидек жүзім піседі.
Боран борап соғады, Қауын қарбыз,
Бұл қай мезгіл болады? (қыс) Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.(жаз)
Қар мұз еріп, су көбейіп, Жапырақты бояды,
Сай салаға толады. Атырапты бояды.
Бүршік жарып, жарық ашып, Бояп - бояп барлығын
Гүл бәйшешек басады. (Көктем) Сап - сары ғып қояды. (Күз)
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Қыста ауа райы қандай болады? Алда келе жатқан қандай жыл мезгілі?Көктемде ауа райы қандай болады? Көктемде қандай мерекелер бар?
ІІ.Негізгі бөлім. Балаларға бірнеше суреттерді көрсету арқылы сұрақтар қою. Бұл жылдың қай мезгілі? Неге олай деп ойлайсың? Көктемде өлі табиғатта қандай өзгерістер болады? Балалар,көктемде күн шуағын шашады, қар ериді, жерге жасыл шөптер шығады, түрлі гүлдер өседі, ағаштар бүршік жарады, бұтақтарға жапырақтар шығады, ағаштар жасыл желекке оранады, құстар жылы жаққа ұшып келеді,құстар ұя салады және жұмыртқалайды, адамдар жеңіл киінеді. Көктем тамаша жыл мезгілі.
Сергіту сәті
Бақшаларға гүл егіп,
Жемістерді тереміз.
Дала жасыл түске еніп,
Көктем мезгілі келіпті.
-Балалар көктем туралы өлең білесіңдер ме?
Д/о: «Қай жыл мезгілі екенін ажырат»
3.Қорытынды: Сұрақ- жауап:
1. Балалар, неше жыл мезгілі бар?
2.Көктемде ауа райы қандай болады?
3. Бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?