СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ҰОҚ "Көктем келді"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық ұайымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы  Білім беру саласы: Әлеуметтік орта  Бөлімі: Экология  Тақырыбы: «Көктем келді» (аралас сабақ)  Мақсаты:  Білімділік: Балаларға көктемгі табиғат құбылыстары мен ерекшеліктері туралы түсінік беру,жыл мезгілдері туралы білімдерін кеңейту.  Дамытушылық:Балалардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,табиғатқа деген сезімдерін қалыптастыру.  Тәрбиелік:Балаларды табиғаттағы әсемдікті бақылауға дағдыландыру артқылы эстетикалық тәрбие беру,адамгершілік қарым қатынасқа баулу.  Методикалық әдістер: Әңгімелеу,түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,ой қозғау .  Көрнекіліктер: слайд,көктем суреттері,қиылған үйшік бөлшектері,ақ қағаз,желімдер.  Қостілділік: Көктем-весна Құс-птица  Іс-әрекет кезеңдері  Тәрбиеші іс-әрекеті  Балалардың  Іс-әрекеті  Мотивациялық-қозғаушылық  Ұйымдастыру-ізденушілік  Рефлексивті-түзетушілік  Балалар бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр,қонақтармен сәлемдесейік.  Балалар шаттық шеңберін құрайып,қонақтармен сәлемдеседі.  «Шаттық шеңбер»  Сәлем деймін күнге мен,  Сәлем деймін сендерге,  Сәлем деймін апайға,  Қонақтарға,құстарға.  Ал,балалар бәріміз тақтаға назар аударайық.  Слайд көрсету: Көктем мезгілінің табиғат құбылысының дыбыстары:  аққан су,жел,құстың дыбыстарын тыңдайды.  -Балалар,бұл ненің дыбыстары?  -Аққан судың!  -Желдің!  -Құстың!  -Иә,балалар бұл табиғат құбылыстарының дыбыстары.  Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.  Қар мұз еріп,су көбейіп,  Сай-салада ағады.  Қой маңырап,төл жамырап,  Жайлау малға толады.  Демек,біздің бүгінгі ашық ұйымдастырылған іс-әрекетіміз жылдың қай мезгілі туралы болмақ?  -Көктем. (балалар тақырыпты өздері ашады)  Жаңа тақырып:  -Балалар,көктемде күн шуағын шашады,қар ериді,жерге жасыл шөптер шығады,түрлі гүлдер өседі,  ағаштар бүршік жарады,бұтақтарға жапырақтар шығады,ағаштар жасыл желекке оранады,құстар жылы жаққа ұшып келеді,құстар ұя салады және жұмыртқалайды,адамдар жеңіл киінеді. Көктем тамаша жыл мезгілі.  (бейнелер слайдтан көрсетіледі)  Тосын сәт: Қарға ұшып келеді.  -Мен-қарғамын. Осында ұшып келдім,мұнда көктем келіпті.Біз,барлық құстар сендерге,жылы жаққа ұшып келдік. Осында ұя саламыз.Балалар, сендер біз туралы қандай тақпақ білесіңдер?  -Келді көктем жағаға,  Келді сұлу шағала.  Аспандағы ақ құстар,  Ауылымды арала.  -Көктем,көктем,көктемде,  Құстар келіп жеткенде.  Қуанып бір қаламыз.  Әнмен қарсы аламыз.  -Көктем қандай көңілді,  Көктен жаңбыр төгілді.  Мөлдір аспан ашылып,  Күннің көзі көрінді.  -Қанеки,балалар бойымызды сегітіп алайық!  Сергіту сәті:  Күндей болып күлеміз,  Гүлдей болып өсеміз.  Құстар болып ұшамыз,  Көбелектей қонамыз.  Енді,балалар жылы жаққа ұшып келген құстарға ұя салып берейік.  Балалар құс ұясын жапсырады.  Қарға:  -Балалар,сендерге көп рахмет! Бұл ұяларды апарып құстарға берейін.Олар бұл ұяларға балапандарын қоныстандырсын.  (Қарға ұяларды алып кетеді)  Қорытынды:  -Балалар,қазір қай мезгіл?  -Көктем!  -Көктемде қандай өзгерістер болады?  -Қар ериді!  -Құстар келеді!  -Ағаштар бүршік жарады!  -Жерге шөп,гүл өседі!  -Адамдар жеңіл киінеді!  Қазір балалар, ойынға да кезек келді.  «Құс мекені» ойыны.  Балалар үй құстары мен дала құстары мекеніне топтастырылады.  Балалар,сендер бүгін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне өте жақсы ат салыстыңдар. Сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер,ұяны әдемі жапсырдыңдар,тақпақ айттыңдар,жұмбақ шештіңдер.Мен сендерге сондай ризамын.Сондықтан сендерге сыйға гүл беремін.  Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды,  Сау болыңыздар.  Барлығы қимыл-қозғалыспен айтады  Балалар назар аударады  Балалар зейін қойып тыңдайды  Балалар сұраққа жауап береді  Балалар жұмбақты шешеді  Балалар Жауап береді  Балалар тыңдайды  Балалар назар аударады  Балалар өздері білетін тақпақтарын айтады  Балалар қимыл-қозғалыс жасайды  Балалар жапсыру жұмысын орындайды  Балалар қуанады  Балалар сұрақтарға жауап береді  Балалар ойнайды  Балалар риза болады  Балалар барлығы айтады  Күтілетін нәтиже:  Нені білу керек: Жыл мезгілдерін ажырата білуді.  Нені игеру керек: Көктем құбылыстары туралы толық мағлұматтарды

Просмотр содержимого документа
«ҰОҚ "Көктем келді"»

Ашық ұайымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта 
Бөлімі: Экология 
Тақырыбы: «Көктем келді» (аралас сабақ) 
Мақсаты: 
Білімділік: Балаларға көктемгі табиғат құбылыстары мен ерекшеліктері туралы түсінік беру,жыл мезгілдері туралы білімдерін кеңейту. 
Дамытушылық:Балалардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,табиғатқа деген сезімдерін қалыптастыру. 
Тәрбиелік:Балаларды табиғаттағы әсемдікті бақылауға дағдыландыру артқылы эстетикалық тәрбие беру,адамгершілік қарым қатынасқа баулу. 
Методикалық әдістер: Әңгімелеу,түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,ой қозғау . 
Көрнекіліктер: слайд,көктем суреттері,қиылған үйшік бөлшектері,ақ қағаз,желімдер. 
Қостілділік: Көктем-весна Құс-птица 

Іс-әрекет кезеңдері 
Тәрбиеші іс-әрекеті 
Балалардың 
Іс-әрекеті 

Мотивациялық-қозғаушылық 

Ұйымдастыру-ізденушілік 

Рефлексивті-түзетушілік 

Балалар бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр,қонақтармен сәлемдесейік. 

Балалар шаттық шеңберін құрайып,қонақтармен сәлемдеседі. 
«Шаттық шеңбер» 
Сәлем деймін күнге мен, 
Сәлем деймін сендерге, 
Сәлем деймін апайға, 
Қонақтарға,құстарға. 
Ал,балалар бәріміз тақтаға назар аударайық. 
Слайд көрсету: Көктем мезгілінің табиғат құбылысының дыбыстары: 
аққан су,жел,құстың дыбыстарын тыңдайды. 
-Балалар,бұл ненің дыбыстары? 
-Аққан судың! 
-Желдің! 
-Құстың! 
-Иә,балалар бұл табиғат құбылыстарының дыбыстары. 
Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. 
Қар мұз еріп,су көбейіп, 
Сай-салада ағады. 
Қой маңырап,төл жамырап, 
Жайлау малға толады. 

Демек,біздің бүгінгі ашық ұйымдастырылған іс-әрекетіміз жылдың қай мезгілі туралы болмақ? 
-Көктем. (балалар тақырыпты өздері ашады) 

Жаңа тақырып: 
-Балалар,көктемде күн шуағын шашады,қар ериді,жерге жасыл шөптер шығады,түрлі гүлдер өседі, 
ағаштар бүршік жарады,бұтақтарға жапырақтар шығады,ағаштар жасыл желекке оранады,құстар жылы жаққа ұшып келеді,құстар ұя салады және жұмыртқалайды,адамдар жеңіл киінеді. Көктем тамаша жыл мезгілі. 
(бейнелер слайдтан көрсетіледі) 

Тосын сәт: Қарға ұшып келеді. 
-Мен-қарғамын. Осында ұшып келдім,мұнда көктем келіпті.Біз,барлық құстар сендерге,жылы жаққа ұшып келдік. Осында ұя саламыз.Балалар, сендер біз туралы қандай тақпақ білесіңдер? 

-Келді көктем жағаға, 
Келді сұлу шағала. 
Аспандағы ақ құстар, 
Ауылымды арала. 

-Көктем,көктем,көктемде, 
Құстар келіп жеткенде. 
Қуанып бір қаламыз. 
Әнмен қарсы аламыз. 

-Көктем қандай көңілді, 
Көктен жаңбыр төгілді. 
Мөлдір аспан ашылып, 
Күннің көзі көрінді. 

-Қанеки,балалар бойымызды сегітіп алайық! 
Сергіту сәті: 
Күндей болып күлеміз, 
Гүлдей болып өсеміз. 
Құстар болып ұшамыз, 
Көбелектей қонамыз. 

Енді,балалар жылы жаққа ұшып келген құстарға ұя салып берейік. 
Балалар құс ұясын жапсырады. 

Қарға: 
-Балалар,сендерге көп рахмет! Бұл ұяларды апарып құстарға берейін.Олар бұл ұяларға балапандарын қоныстандырсын. 
(Қарға ұяларды алып кетеді) 

Қорытынды: 
-Балалар,қазір қай мезгіл? 
-Көктем! 
-Көктемде қандай өзгерістер болады? 
-Қар ериді! 
-Құстар келеді! 
-Ағаштар бүршік жарады! 
-Жерге шөп,гүл өседі! 
-Адамдар жеңіл киінеді! 

Қазір балалар, ойынға да кезек келді. 
«Құс мекені» ойыны. 
Балалар үй құстары мен дала құстары мекеніне топтастырылады. 

Балалар,сендер бүгін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне өте жақсы ат салыстыңдар. Сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер,ұяны әдемі жапсырдыңдар,тақпақ айттыңдар,жұмбақ шештіңдер.Мен сендерге сондай ризамын.Сондықтан сендерге сыйға гүл беремін. 

Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды, 
Сау болыңыздар. 

Барлығы қимыл-қозғалыспен айтады 

Балалар назар аударады 

Балалар зейін қойып тыңдайды 
Балалар сұраққа жауап береді 

Балалар жұмбақты шешеді 

Балалар Жауап береді 

Балалар тыңдайды 

Балалар назар аударады 

Балалар өздері білетін тақпақтарын айтады 

Балалар қимыл-қозғалыс жасайды 

Балалар жапсыру жұмысын орындайды 

Балалар қуанады 

Балалар сұрақтарға жауап береді 

Балалар ойнайды 

Балалар риза болады 

Балалар барлығы айтады 

Күтілетін нәтиже: 

Нені білу керек: Жыл мезгілдерін ажырата білуді. 

Нені игеру керек: Көктем құбылыстары туралы толық мағлұматтарды.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!