СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Бөкей ордасы" 8 класс

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Бөкей ордасы" 8 класка арналған презентация

Просмотр содержимого документа
«"Бөкей ордасы" 8 класс»

 Бөкей хан кім?  Бөкей – Бөкей ордасының ханы. Әбілқайыр ханның немересі, Нұралының баласы. Бөкейдің туған жылы белгісіз, 1815 жылы дүниеден өткен. Айшуақ хан тұсында хан кеңесінің төрағасы болған. 1801 жылдан сұлтан, 1812 жылдан Бөкей ордасының ханы болып сайланды. Оның Жәңгір, Әділ, Меңдікерей атты ұлдары болған. 1815 жылдан хан тағын мұрагерлік жолмен Жәңгір иеленді. Бөкей ханның бейіті Еділдің оң жағасында Сейіт баба зиратында қазіргі Астрахань болысы Краснояр ауданынна қарасты жерде қалған. Бөкей ордасы қай жерде құрылды?  Бөкей ордасы Ресей императорының рұқсатымен құрылып,  1801 - 1845 жылдары Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан. Ол Ішкі Орда немесе Бөкей хандығы деп те аталды. Бұл жер бұрынғы қалмақтардың мекені, 1771 жылы қалмақтар тастап кеткеннен кейін ешкім қоныстанбаған. 1815 жылы Бөкей хан қайтыс болып мұрагері Жәңгір ер жеткенге дейін билікті туысы Шығай сұлтан басқарған. 1823 жылы таққа Жәңгір отырды. Жәңгір қайтыс болған соң Орда жері Астрахань губерниясына қараған.

  • Бөкей хан кім?

Бөкей – Бөкей ордасының ханы. Әбілқайыр ханның немересі, Нұралының баласы. Бөкейдің туған жылы белгісіз, 1815 жылы дүниеден өткен. Айшуақ хан тұсында хан кеңесінің төрағасы болған. 1801 жылдан сұлтан, 1812 жылдан Бөкей ордасының ханы болып сайланды. Оның Жәңгір, Әділ, Меңдікерей атты ұлдары болған. 1815 жылдан хан тағын мұрагерлік жолмен Жәңгір иеленді. Бөкей ханның бейіті Еділдің оң жағасында Сейіт баба зиратында қазіргі Астрахань болысы Краснояр ауданынна қарасты жерде қалған.

  • Бөкей ордасы қай жерде құрылды?

Бөкей ордасы Ресей императорының рұқсатымен құрылып,

1801 - 1845 жылдары Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан. Ол Ішкі Орда немесе Бөкей хандығы деп те аталды. Бұл жер бұрынғы қалмақтардың мекені, 1771 жылы қалмақтар тастап кеткеннен кейін ешкім қоныстанбаған. 1815 жылы Бөкей хан қайтыс болып мұрагері Жәңгір ер жеткенге дейін билікті туысы Шығай сұлтан басқарған. 1823 жылы таққа Жәңгір отырды. Жәңгір қайтыс болған соң Орда жері Астрахань губерниясына қараған.

 Жәңгір кім?  Жәңгір - шын есімі Жиһангер Бөкейұлы. 1801 жылы дүниеге келіп  1845 жылы қайтыс болған. 1815 жылы мұрагерлікпен Жәңгір хан болады, алайда ол жас болғандықтан билікті Бөкейдің інісі Шығай жүргізді. 1823 жылға дейін Жәңгір Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленді. Еуропалық білім алып, орысша тәрбиеленеді, хандықты әкімшілік жағынан басқару тәсілдерін үйренеді. Ол орыс, татар, неміс тілдерін білген. Жәңгір билік еткен кезде Бөкей ордасында Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі болды. Оған Жәңгірді кінәлі деп санап, наразылық білдірді.
  • Жәңгір кім?

Жәңгір - шын есімі Жиһангер Бөкейұлы. 1801 жылы дүниеге келіп

1845 жылы қайтыс болған. 1815 жылы мұрагерлікпен Жәңгір хан болады, алайда ол жас болғандықтан билікті Бөкейдің інісі Шығай жүргізді. 1823 жылға дейін Жәңгір Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленді. Еуропалық білім алып, орысша тәрбиеленеді, хандықты әкімшілік жағынан басқару тәсілдерін үйренеді. Ол орыс, татар, неміс тілдерін білген. Жәңгір билік еткен кезде Бөкей ордасында Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі болды. Оған Жәңгірді кінәлі деп санап, наразылық білдірді.

  • 1. тапсырма . Ішкі орданыњ құрылу себебі.
  • Ел басына түскен ауыр қасіретке он ойланып, жүз толғанып жүрген Бөкейге Астрахань казактарының бастығы полковник П.С.Попов елеулі ықпал жасаған. Ол Ресей қамқорлығына өтуге кеңес берді. Көзі ашық, көкірегі ояу Бөкей П.С.Поповтың бұл кеңесін халқын ауыртпалықтан алып шығудың, Жайықтың Самар жақ бетін иемденудің бірден - бір жолы деп түсінді. Бұл жерде оның жүрегі халқым деп соққанына шүбә келтіруге болмайды. Өйткені бұл кезде Бөкейдің Кіші Орданың кең жазығына сыймайтындай мыңғырған малы да болмаған. Бұл жөнінде Орынбор шегаралық комиссия кеңесшісі
  • А.О. Кузнецовтің Орынбор әскери губернаторы П.К. Эссенге: " Бір отбасындағы Бөкей мен Шығай Нұралиевтердің 1801 жылы Жайықтың бергі бетіне өткенде 5 түйесі, 30 - дай қойы, 17-ге жетер - жетпес жылқысы болған,"-деп жазған.
  • Сөйтіп, Бөкей халқыныњ мүддесі үшін 1801 жылы ақпан айында Грузия және Астрахань губернияларының Бас бастығы генерал - лейтенант
  • К.Ф. Кноринге өтініш жазды.
  • Ал патша үкіметінің мақсаты бодандыққа өткендердің малы да, жаны да Ресей " қамқорлығында " болады деген ұғымды түсіндіру оңай деп санады. Оның үстіне Астрахань, Орал қалмақтары мен казактарына қазақтардың шабуылынан құтыламыз, әрі Кіші Орданы бөлшектеудің, ондағы билеуші сұлтандардың арасына іріткі салудың сәті түседі деп білді.(уақытша Кеңес мұрағаты №8 іс)
 2. тапсырма.  Бөкей халқына қандай қамқорлық жасады?  Бөкей өмірден өткенше халқына қамқорлық жасаудан жаңылған жоқ. Оған дәлел Орал әскери кеңесінен бастап Орынбор генерал - губернаторына, патшаның тікелей өзіне 1803, 1806, 1807, 1808 жылдары Ішкі Орда қазақтарына тұрақты жер бөліп беру жөнінде бірнеше рет мәселе қойған. Нәтижесінде Ресей отрлаушыларымен алысып жүріп Кіші Ордадан
  • 2. тапсырма. Бөкей халқына қандай қамқорлық жасады?

Бөкей өмірден өткенше халқына қамқорлық жасаудан жаңылған жоқ. Оған дәлел Орал әскери кеңесінен бастап Орынбор генерал - губернаторына, патшаның тікелей өзіне 1803, 1806, 1807, 1808 жылдары Ішкі Орда қазақтарына тұрақты жер бөліп беру жөнінде бірнеше рет мәселе қойған. Нәтижесінде Ресей отрлаушыларымен алысып жүріп Кіші Ордадан " жүдеу, аздаған малмен көшіп барған қазақтарды " ақтылы қойы, мыңғырған түйесі, жылқысы бар ел қатарына жеткізген. Елінің еңсесін көтерген. Халқымен бірге көшпелі өмір сүрді. Ол Астрахань генерал - губернаторының қабылдауына барғанда үстіне киіп баратын киімі де болмағаны оның байлыққа қызықпағанын дәлелдесе керек. Ол ханмын деп халқынан ерекшеленбеді. Халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Казактардың өрескел қиянаттарынан қорғады.(уақытша Кеңес мұрағаты №1 іс )

  • 3. тапсырма . Жәңгір хан еліне қандай қамқорлық жасады?

Тарихи құжаттар Жәңгір ханды отарлаушылар саясатымен халқын қорғаушы, еліне мәдениет пен білім, мұсылман нұрын себуші хан ретінде көрсетеді.

Әр нәрсенің әділдігіне тоқталсақ, патша үкіметі Жәңгірге, оның балаларына да орысша білім, тәрбие беріп көп үміт артты. Қазақ даласын отарлауда жан - жақты білімді, ақылды Жәңгір сияқты тұлғаны қолға ұстаудың қаншалықты пайдалы екендігін патша да, генерал - губернаторлар да жақсы білді. Сол үшін де Жәңгірді үнемі дүниеден, биліктен, шен - шекпеннен, атақ - абыройдан кенде қылған жоқ. Хан тағына отырғызу салтанатында

48 дүркін зеңбіректен оқ атып Орал даласын дүр сілкіндірген. Жәңгірге

20 сәйгүлік тарту етіп, бірнеше ордендермен марапаттап, қазақтың тұңғыш генералы дәрежесіне көтерді. Бұлардың барлығы отарлау саясатының мүддесі үшін істелген айла екендігі белгілі. Ішкі Орданың басқару жүйесін отарлаушылар өз мүддесіне сәйкес хан кеңесшісі етіп Ресей Сыртқы істер министрінің өкілі Г.С.Карелинді тағайындады. Ол Ішкі Орданың тыныс-тіршілігін күн сайын Орынбор шегаралық комиссиясына хабарлап отырды. Ішкі Орда қазатқары бірте-бірте шағыл құмға қуылды. Жайылымға, қыстауға қолайсыз жерге ығыстырылды.Бұл жағдайларға наразылық білдіріп Жәңгір Астрахань генерал - губернаторы А.С.Осиповке: " Киргизам остались обнаженные степи, пески, солонцы..."- деп хабарлап - казактардың жөнсіздіктеріне тыйым салуды талап етті. ( Астрахань ОММ. 10 қор. 7 тізімдеме 224 іс )