Ортаңғы топтағы ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Мерзімі:29.10.2014
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: «Жапсыру»
Тақырыбы: «Кірпі»
Мақсаты: Балалардың тақырып мазмұнына сай жапсыру әдістерін дұрыс орындауға баулу. Тасталған және табиғат материалдарынанкомпозиция құра білуге дағдыландыру. Қиялдау үрдісінің шарықтауына мүмкіндік беру.
Міндеті:1.Білімділік: шығармашылық пен қиялын дамыта отырып, үлгіге қарап бейне құрастыруға үйрету;
2.Дамытушылық: қол қимылдарын, ойлау қабілетін, қиялын дамыту.
3.Тәрбиелік: жұмысты ұқыпты жасауға тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: шырша жапырақтары, шемішке, кірпі суреті, алдын ала дайындалған үлгі, жіптер, ақ қағаз, желім, күз мезгіліне байланысты суреттер.
Қостілдік компонент: күз – осень – autumn, қыркүйек – сентябрь – september, қазан – октябрь – october, қараша – ноябрь – november, кірпі – ежик – hadgehog.
Сөздік жұмыс: бекет – поезд тоқтайтын жер, ін – үй.
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
| Танымды- оятушылық | Балаларды қатарға түрғызып келген қонақтармен амандасу Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық. Таза ауа жұтайық, Жүрекке жылу сыйлайық, Жиналған жылы шуақты Қонақтарға сыйлайық Есік қағылады: - Балалар, есік қағылып тұрған секілді! Естідіңдерме? Алтын Күз кіріп келеді. - Бұл кім екен? - Сәлеметсіңдерме! Бұл мен ғой Алтын Күз! - Қандай әдемісіңдер, балалар. Сендер күз мезгілі туралы не білесіңдер? | Сәлеметсіздерме! Здраствуйте! Good morning! Шеңбер қүрып түрады. - Иә, естідік. - Сәлеметсізбе, Алтын Күз! - Күзде жапырақтар сарғайып жерге түседі, аспанда бұлт көбейеді, жемістер мен көкеністер піседікүн суытады. Елдер егіндерін жинайды. құстар жылы жаққа үшып кетеді |
| Тәрбиеші: Біз ағылшын және орыс тілін де білемізғой, балалар, қане айларды айтайықшы Алтын Күз Балалар сендер неткен ақылдысыңдар. Балалар бүгін мен сендермен және Алтын Күзбен саяхатқа шыққым келеді. Мен сендерге карточкалар дайындап қойдым, оздеріңе ұнағанын таңдап, шығармашылық және ғылым бекеттеріне жол тартайық | 3 ай бар. Қыркүйек, қазан, қараша Сентябрь, октябрь, ноябрь; September, October, November. Балалар орталықтарға бөлінеді. |
| Үйымдастыру- Іздестіру | Алтын күз: - Маған бұл бекет өте ұнады! Сұрақ жауап арқылы тақырыпты ашу: - Балалар, теледидарға қараңдаршы, мына суретте сендер не көріп отырсыңдар? - Иә кірпіні, ол інінен шығып келеді екен. Ал ін дегеніміз – кірпінің үйі. - Ал сендер білесіңдер ме, кірпінің орысшасы қалай? - Дұрыс, ал ағылшыншасы hadgehog екен - Кірпі қайда өмір сүреді? - Иә орманда, оның үйін ін деп атаймыз. Сендер білесіңдерме ол немен қоректенеді? Дұрыс айтасыңдар! Бірақ, кірпінің ең сүйікті тағамы жәндіктер екен. Қазір біз өзіміз әңгіме қылған кірпіні жапсырамыз. Жұмыс реттілігі: 1.Алдымен жапырақты қағаздың ортасына жапсырып аламыз; 2.Кейін оған аяқтарын және тікендерін жапсырамыз (шемішкеден немесе шырша жапырақтарынан); 3.Тоқыма жіптерден шөп және матадан күнді жапсырамыз Маған сұрақтарың бар ма? Ендеше жапсыруымызды бастайық. Балалар сендердің саусақтарың шаршаған шығар, бір бой сергітіп алайық па? Сергіту сәті: Теледидардан ән қосылады. | Шығармашылық бекеті Сурет саламыз, жапсыру жасаймыз, мүсіндейміз. Хормен аударманы қайталайды Жемістермен, көкеністермен, саңырауқұлақтармен Алдарына ақ қағаз алады. Мұқият тыңдап естеріне сақтап алады. Жапсыруға кіріседі. Ән сөздерін қосылып айтады және қимылдарын келтіреді. |
| Рефлексиялық-түзетушілік | Біз не жапсырдық? Кірпінің орысшасы және ағылшыншасы қалай екен? Балалар бүгін сендер ерекше жақсы жұмыс жасадыңдар, жәрайсыңдар. Жапсыруларын көрмеге қою. Алтын күз: Міне керемет, Сендер өте шебер әрі тапқыр балалар екенсіңдер, менің сендерге сыйлығым бар, бұл жемістерге толы себет, мен оны сендердің тәрбиешілееріңе қалтырып кетем. Сау болыңдар, балалар! - Балалар сендердің көңіл күйлерің қалай? - Қане енде қонақтармен қоштасайық! | Кірпі жапсырдық Ежик – hedgehog. Мадақтауларға қуанады. - Рахмет! - Сау болыңыз, Алтын күз! - Жақсы - Сау болыңыздар, до свидания, good bye! |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ортақ композицияны әдемі етіп жапсыруды;
Болу керек: Кірпі туралы, тіршілігі туралы мағлұмат;
Істей білу керек: Этап бойынша үлгіге қарап бейне құрастыру.
Тақырыбы:Салат «Зебра»
Мақсаты: Балаларды көкөністермен таныстыру, олардың пайдасы туралы әңгіме жүргізу. Асхана бұйымдарын қолдана білуге үйрету. Саусақ моторикасын дамыту. Балалардың үлкендерге көмектесуге қызығушылығын арттыру.
Керекті құралдар: картоп, сәбіз, пышақ, тақтай.
Сөздік жұмыс:салат – тағамның бір түрі.
Қостілдік компонент:сәбіз – морковь , картоп – картофель.
Барысы:
Балалар қараңдаршы мына үстелде не тұр?
Көкеністер тұр
Дұрыс айтасыңдар. Бұл көкеністер қай уақытта піседі?
Күз мезгілінде
Балалар айтыңдаршы біз бұл көкеністерден не жасай аламыз?
Тамақ, салат
Иә. Біз бүгін салат жасаймыз. Салаттың аты «Зебра». Мында көкеністерден басқа не бар?
Жұмыртқа, ет.
Жарайсыңдар. Бның барлығын қазір біз бірге отырып тураймыз.
Балаларға қауіпсіздік ережесін түсіндіру:
Пышақты жан жаққа сермемейміз;
Рұқсатсыр құралдарды қолданбаймыз;
Пышақты қолданғанда саусақтарымызды байқаймыз.
Сергіту сәті: Теледидардан ән қосылады.
Балалар біз не жасадық?
Салат жасадық.
Салаттың құрамында не бар?
Көкеністер, ет, жұмыртқа.
Жарайсыңдар балалар бүгін сендер өте жақсы жұмыс істедіңдер.
Д/о:«Қай көкеністің дәмі»
Балалардың көздерін кезекпен жауып, бір көкеніс бөлігін жегізу, Бала оның қандай көкекніс екенін табуы керек.