Ұйымдастыру- шылық ізденістік | -Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табыңдар. Қысы-жазы жасыл боп Терезе алдында тұрады. Шаңды өзіне жұтып ап, Ауаны да тазартады. Ол не балалар? Қонаққа қолында екі түрлі бөлме өсімдігін ұстаған гүлдер патшайымы келеді. Балалармен амандасып болғаннан кейін, өзін таныстырады да, балаларға гүлдер әлемінен сыйлық ала келгенін айтады. Қолындағы бөлме өсімдіктерін балаларға көрсетіп, қандай өсімдік екенін сұрайды. Гүлдер патшайымы: -Балалар, мына гүлдің аты – алоэ, ал мына гүл – аспидистра. Кәне, қайталаймыз. -Балалар, мен сендерге осы екі бөлме өсімдігін күтіп-баптасын, қамқор болсын деп алып келдім. Мен қайтадан гүлдер әлеміне баруым керек. Себебі: онда мені көптеген өсімдіктер күтіп отыр. Сендер өздерің осы екі бөлме өсімдігімен жақсылап танысып алыңдар. Егер де осы өсімдіктер туралы сұрақтарың болса үш рет алақандарыңды соғып «гүлдер патшайымы, дыбыс қат»десеңдер болғаны, мен өзім келмесем де, сұрақтарыңа жауап бере аламын. Қоштасып, шығып кетеді.Енді, балалар, бұл гүлдермен жақсылап танысайық (балаларға бөлме өсімдіктерін бақылап, зерттеу жүргізуді ұсыну). Алоэ өсімдігі бізге Африкадан және Мадагаскар аралынан келген екен. Табиғатта бұл өсімдікке ұқсас өсімдіктер көп кездеседі. Алоэ өсімдігінің жапырақтары сүйір, шырынды, қатты (ылғалдылықты сақтай алатын арнайы ұлпасы бар), қалың қабықты, шеттері өткір тікенді болып келеді. Негізінен құрғақ әрі құмды шөлдерде өседі. Мүмкіншілігі болғанша, күннің шуағы түсетін,жаздың күндері ашық жерде орналастырған жақсы. Қыста жарық жерде, ауа температурасы +10С деңгейінде болатын орында ұстауға болады. Жаз уақытында алоэның су сақтағыш ұлпалары ылғалдылықты көп қажет етпейді. Сондықтан, әрбір суарудан соң топыр-ақтың кебуі (құрғауы) керек. Қыста салқын жерде тұратын болса, көп суарудың қажеті жоқ. -Ал мына бөлме өсімдігі қалай аталады дедік? -Аспидистра өсімдігі туралы кім не біледі? Жаңа өздерің бақылау жасадыңдар. Енді маған осы гүл туралы айтып беріңдерші. Жарайсыңдар, балалар, бақылауды жақсы жасапсыңдар. Дегенмен де біз аспидистра өсімдігі туралы толық білмейтін сияқтымыз. Сондықтан гүлдер патшайымын шақырсақ қайтеді. Осы кезде үнтаспадан дауыс естіліп аспидистра өсімдігі туралы мағлұмат беріледі: «Үй жағдайында жиі өсірілетін аспидистраның жапырағы ұзын (50см), түсі қою жасыл, қабығы жылтыр болады» Жапырағының ұзындығына бола оны «Биік аспидистра» деп атайды. Үй жағдайында терезе алдында және үстел үстін көмкеруге қолданады. Аспидистра жарықты жақсы көреді, алакөлеңкеде де өсе береді. Қыста ауа температурасы 150с-тан төмен болмағаны дұрыс. Көктемнен күзге дейін топырағын құрғатпай, жиі суғару қажет. Қыста суғару азайтылады. Ауаның құрғақ болғанына аспидистра гүлі шыдамды келеді. Сергіту сәті Біз – кішкентай балдырған Сескенбейміз жаңбырдан. Төбемізде қолшатыр Алдымызда жол жатыр. Балаларды екі орталыққа бөлу. 1. «Таным» орталығындағы балаларға «Ғажайып гүл» ойынының шартын түсіндіремін. Ойын шарты бойынша: 1) өсімдіктің дұрыс өсуіне қажетті заттардың суретін іріктеу, 2)өсімдіктің өсу жолдарына қарай суреттерді ретімен қоюды тапсыру. 2. «Әлеуметтік» орталығындағы балаларға өсімдіктердің жапырағын сүртіп, топырағын қопсытып, суғару тапсырылады. Дәптермен жұмыс | -Гүл. Балалар білетін болса, гүлдердің аттарын айтып береді. -Алоэ, аспидистра. Балалар гүлдерді ұстап,олардың жапырағы мен т.б.бөліктеріне мән беріп қарайды. Аспидистра Аспидистра өсімдігінің жапырағы ұзын. Өздері топтасып өседі. Жапырағы жасыл Алоэның жапырағына қарағанда жұқа. Оның да тамыры бар. Ол тапырақтың астында жасырынып жатыр. Балалар қарсы еместіктерін білдіріп, қолдарын үш рет шапалақтап: «Гүлдер патшайымы, бізге аспидистра өсімдігі туралы айтып беріңіз», -дейді. Сөздерін қайталап қимылдар жасайды. «Таным» орталығындағы балалар бірінші өсімдіктің дұрыс өсуіне қажетті ауа, су, жарық, топырақтың суретін іріктейді. Екінші өсімдіктің өсу жолдарына қарай суреттерді ретімен қояды. Екінші «әлеуметтік» орталығындағы балалар бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын сүртіп, топырағын қопсытып, су құяды. Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды. |