Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. |
Сабақ мақсаттары | -жетекші сұрақтар көмегімен сызба бойынша мәтін мазмұнын болжау; -мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтау; - болымды және болымсыз етістіктерді ажырату; -мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзету |
Сабақтың басы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі және сабақтың мақсатын айқындау. «Сөз ойла,тез ойла» ойыны. (МК;Ж;Қ) Допты әр жұп бір-біріне болымсыз етістіктер айтып беріп отырады. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Жарайсындар,балалар, бүгінгі сабағымызда болымды және болымсыз етістікті қайталаймыз. | Доп |
Сабақтың ортасы 30 минут 10 минут 5 минут 1 минут 5 минут 7 минут | ІІІ. Негізгі бөлім 42. (МК; Т; Қ) Мәтіннің тақырыбы бойынша мазмұнын болжа. Сонан соң мәтінді тыңда. - Балалар, мәтін не туралы деп ойлайсыңдар? - Бейбарыс сұлтан - Бейбарыс сұлтан туралы не білесіңдер? Бейбарыс сұлтан Баяғы заманда Бейбарыс деген кішкентай бала болыпты. Жаугершілік кезінде соғысқан елдің адамдары оны ат артына мінгізіп алып кетеді. Оны құлдыққа сатып жібереді. Сөйтіп, ол бүкіл өмірін араб елінде өткізеді. Бейбарыс ерекше бала болып өседі. Өзінің мықтылығының арқасында бір күндері патша болады. Бейбарыс сұлтан атанады. Бір күні қартайған шағында ел кезіп жүріп, көзі бір түп жусанға түседі. Жұлып алып, иіскейді. Кенет көз алдына еміс-еміс болып есінде қалған туған жері елестейді. Жусанды бойтұмарының ішіне салып алады. Елін сағынған сайын жусанды иіскеп, мауқын басады. Бейбарысты кімдер алып кетті? (Жауынгершілік кезінде соғысқан елдің адамдары оны ат артына мінгізіп алып кетеді.) Ол өз өмірін қай қалада өткізді? (Ол бүкіл өмірін араб елінде өткізеді.) Бейбарыс қандай бала болды? (Бейбарыс ерекше бала болып өседі) Қалай ойлайсың, ол қандай қасиеттеріне байланысты патша болды? (Ол өзінің мықтылығының арқасында патша болды) Бейбарыстың туған жерге деген сезімін қайдан білуге болады? (Бейбарыстың туған жеріне деген сезімін жусанды жұлып алып иіскеуінен білуге болады) Бейбарыс жусанды бойтұмарының ішіне неліктен салып алды? (Бейбарыс жусанды бойтұмарының ішіне елін сағынған сайын жусанды иіскеп, мауқын басу үшін салып алды) 43. Ретін сақтап оқысаң, мақал шығады, сол мақалды жаз. Адам елінде, қоға көлінде көгерер. Сергіту сәті: Кел, балалар, тұрамыз, Алақанды соғайық, Бір отырып, бір тұрып, Бір тынығып алайық. Бас аяқпен топ-топ, Шапалақпен хоп-хоп, Бір оңға, бір солға, Өзімді- өзім айнала. 1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қой. Шыр-шыр еткен торғайды Қорғамасаң, __________(болмайды) Кіп-кішкене торғайлар Ағаштарды қорғайды Таспен атып торғайды, Ұя бұзған ___________(оңбайды) Құс өкпелеп кетеді, Бақшамызға _________(қонбайды) Топтық жұмыс. 1-топ. Ребусты шеш. 2-топ. Шашылған бөлшектерді дұрыс құрастырып, мақалды оқы. 3-топ. Геометриялық фигуралардан жасырын сөзді тап. | Оқулық 59-бет https://youtu.be/H6sDBGJ9WPU Жусан ақпарат Оқулық 60-бет Қоға ақпарат Таратпа материал |
Сабақтың соңы 5 минут | - Балалар, бүгінгі сабағымызда нені өттік. - Болымды және болымсыз етістік дегеніміз не?. - Болымды етістік- қимыл іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. - Болымсыз етістік- болымды етістікке –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Кері байланыс «Басбармақ» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс орнату. Үй тапсырмасы: Оқулық 61-беттегі 44-жаттығу. | |