СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

CLIL әдістемесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында: «Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынды. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс екендігін атап өтті. Яғни – қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» деген салиқалы үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор екендігін айтты.

Бүгінгі таңда ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілікпен қатар, көпмәдениеттілік те жаһандық білім беру кеңістігін қалыптастырудағы басты бағыттарының бірі болып саналады. 90 жылдары Еуропада көптілді дамыту саясатының аясында CLIL әдісі әзірленген. Дегенмен, бұл әдістің тарихи ертеден басталады.

CLIL дегеніміз – Content and Language Integrated Learning - Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістемесі. Пәндерді екінші не үшінші (қазақ, орыс не ағылшын) тіл арқылы оқыту немесе пән арқылы тілді оқыту болып табылады.

Бұл әдіспен оқытудың ерекшелігі, мұнда түрлі оқыту жағдайларда сабақ және оқу мақсаттарының берілген кезеңіне тиісті тілді пайдаланып, сабақты өткізу екі тілде (отандық және шетелдік) жүзеге асырылады.