СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Адамгершілік –асыл қасиет»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Адамгершілік –асыл қасиет» 

Мақсаты: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қарапайымдылық, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.

 Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайдтар, Абайдың қара сөздері, шарлар, жапсырма қағаз, желкенді қайық  т.б.

Просмотр содержимого документа
««Адамгершілік –асыл қасиет»»

КММ «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия»









Ашық тәрбие сағаты



Тақырыбы: «Адамгершілік –асыл қасиет»









Өткізген: Айдарханова Салтанат Базаровна

Химия пәні мұғалімі, 10 «А» сынып жетекшісі





















Қалбатау ауылы

2014-2015 оқу жылы

Сыныбы: 10 «А»

Тақырыбы: «Адамгершілік –асыл қасиет»

Мақсаты: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қарапайымдылық, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайдтар, Абайдың қара сөздері, шарлар, жапсырма қағаз, желкенді қайық т.б.

Барысы:

1.Ұйымдастыру:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар және бүгінгі сабағымыздың қонақтары! Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы – бала, оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте және әлеуметтік ортада нәрленеді. Міне, бүгінгі тәрбие сағатымызда осы тұрғыда сөз қозғалатын «Адамгершілік –асыл қасиет» деген атпен өткелі отырған сабағымызда адамгершілік тәрбиесі жайында пікірлесіп, ой бөліспекпіз.

1. Ұйымдастыру:

Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.

Шаттық шеңбері:

Адамгершіліктің белгісі - амандасудан басталады. Олай болса қазір сіздер «адамгершілік жүректерін» алып ондағы әр елдің амандасу түрлерін орындап көрсетсеңдер:

1. Гренландия

2. Жапон халқы

3. Кения

4. Қазақ хылқы.

5. Қытай

6. Тай елінің

7. Филиппин

Енді балалар адамгершілік жүректерінің түсі бойынша «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» көрсетіп жүріңдер деп сары түсті таңдағандар «Құрмет» тобындағы, алқызыл түсті таңдағандар «Ізет» тобындағы желкенді қайыққа мініп, саяхатқа шығып, «Адамгершілік» сарайына жетуіміз керек.

СЛАЙД: Сәт сапар!

СЛАЙД: Желкенді қайық.

СЛАЙД: «Ой қозғау»

Сұрақ-жауап: «Сен маған, мен саған»

«Құрмет» тобына:

1.Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты.Сен не істер едің?

2.Өзіңне үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

«Ізет» тобына:

1.Үлкен кісілермен қалай сөйлесуіміз керек?

2. Саған өзіңнің досыңның қандай қасиеттері ұнайды?

Көрініс: «Үш ана әңгімесі».

Бірінші ана (баласын мақтап): Менің балам өте ақылды,өнерлі,әнші. Математикадан нашар болғаны болғанмен болашақта керемет бір танымал кісі болатынына сенемін.

Екінші ана (Мақтанып):Менің балам әдемі,таза киінгенді ұнатады. Ақшаның да есебін жақсы біледі. Шамасы балам болашақта үлкен бизнесмен болады-ау!

Үшінші ана үндемей тұрып қалады.

Сол кезде үш ана қарияның жолдан өтуіне көмектесіп,қолтығынан демеп,сөмкесін көтерісіп келе жатқан баланы көреді. Қария балаға алғысын жаудырып кете барады. Ал бала жүгіріп барып анасына бүгінгі сабақтан «бестік» баға алғанын айтады.

Сұрақ:

-Бұл көріністен қандай адамгершілік қасиетті байқадық?

-Аналардың әрдайым өз балаларын мақтан көруі дұрыс па?

-Үшінші анадағы үнсіздікті қалай түсінесіңдер?

-Аналар туралы қандай мақал-мәтел немесе ой-пікір айтар едіңдер?

Ж. Бейбіт: Орындауында мейірбан аналарға арналған ән тыңдайық.

СЛАЙД: Желкенді қайық.

СЛАЙД: «Білімділер аралы»

«Менің атым Қожа» киносынан үзінді көрсетіледі. Осы жағдайға байланысты сұрақтар:

  • Бұл эпизодта Қожаның адамгершілік қасиеттері аңғарылады ма?

  • Тек қана Қожаның бойынан жағымсыз қасиеттерді байқадыңдар ма?

  • Құрбыларыңның бойынан жағымсыз қасиеттерді байқасаңдар, оған қандай көмек көрсете алар едіңдер?

  • Қожа сияқты өз бойларыңдағы жаман қасиеттерді түзетуге тырысасыңдар ма?

  • Қандай ой түйдіңдер?


Өзіңді-өзің танысаң — істің басы.

Оқушылар өз бойларындағы жағымды және жағымсыз қасиеттеріңді берілген парақтың оң жағына жақсы , сол жағына жаман қасиеттеріңізді жазасыздар. 3 мин (Барлығы жазған қасиеттерін оқып шығады.)

  • Жаман қасиеттеріңізден арылғыларыңыз келе ме?

Ендеше жаман қасиеттеріңізді бөліп жыртып алып «менің бойымнан осы жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын» — деп айтып ұсақтап жыртып тастаймыз. «Жақсы болу - өз қолыңда» халық даналығы.

СЛАЙД: Желкенді қайық.

СЛАЙД: «Айтарым бар»

Абайдың он төртінші қара сөзі видео арқылы көрсетіледі.

(Пікір алмасу, талдау жасау.)
  • Адамгершілігі мол адам болу үшін адамға қандай қасиеттер керек екен?

(Қайрат, рахымдылық, мейірбандылық, жүрек, ерлік,батырлық, ар-ұят,намыс, ақыл т.б.)

"Жақсы мінез ­құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде — бұлар адамгершілік қасиеттер болып табылады" Әл-­Фараби

СЛАЙД: Желкенді қайық.

Слайд: «Адамгершілік» сарайына да келіп жеттік. Киіз үй- қазақтың әр отбасында адамгершілігі мол балалар тәрбиелене берсін. Ал енді ішіне кірейік. Мынау не? Мынандай суретке көңіл аударайық. Нені көріп тұрсыңдар?

Жауап: қара ноқат немесе қара ноқаты бар ақ қағаз.

Шын жауап: қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік.

- Иә, балалар, өмірдің көптеген көріністерінен, оқушылық өмірлеріңде сендер ақ түсті аңғармай, адам бойынан «қара» ноқатты көресіңдер. Былайшы айтқанда, біз әр адамның бойынан жақсы жақтарын ғана көрсек, неге оның кемшілігіне көңіл аударамыз.Жақсы оқиғалардан гөрі, дау-дамай, қылмыстар жайында рахаттана әңгімелесеміз. Немесе сұқ саусақпен басқаны көздеп көрсетуге әуеспіз, сұқ саусақты көрсеткенде, қалған үш саусақтың өзімізге қарағанын байқамаймыз ба? Егер біреу сені сөгіп жатса, «мен ризамын» деп жауап бере қой делінген пайғамбар хаддистерінде. Сондықтан, балалар, мына нақыл сөздерден өнеге алып, өмірдің, достарыңның ұстаздарыңның тек жақсы жақтарын қабылдай біліңдер.

Мына жазылған нақыл сөзге көңіл аударыңдар:

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай.

«Тілектер тоғысы»

Адамгершілік жүрегіне жақсы тілектер жазып, толтыру.

Сабағымыздың естелігін қабыл алыңыздар. (Ата-аналар мен қатысқан қонақтарға адамгершілік жүректері беріледі).

Назарларыңызға рахмет!



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Абайдың қара сөздері. Семей -2007ж

2. «Асыл мұра». «Көшпенділер» баспасы Алматы - 2013ж

3. «Қазақтар» Алматы - 1998ж

4. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» 2014 №1,2,3

5. Оқыту – тәрбиелеу технологиясы 2010.№2

6. Қосымша ғаламтор материалдары