«Біз бақытты баламыз» іс шарасы
Мақсаты:Балалық балдырған шақтың қызықтарын балаларға
түсіндіру.Ой-өрістерін, ойлау логикаларын дамыту, сөйлеу тілдерін жаттықтыру
Тәрбиелік мақсаты: Балаларды жақсылыққа, инабаттылыққа ата-анаға
мейірімді болуға, туған жерге, айналадағы заттарға ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлармен, гүлдермен безендірілген. слайдтар
І. Ұйымдастыру Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, балалар! «Бақытты балалық шақ» атты іс шарамызға қош келдіңіздер. Психологиялық дайындық.
- Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Үлкендерді көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.
Жүргізуші: Балдаурен -балалықтың балғын күні,
Балдаурен- қуаныш пен шаттық үні.
Балдаурен бақыт кешкен балдырғаның,
Жайраңдап қырда ашылған қызыл гүлі- деп іс шарамызды бастаймыз. Видеодан ән тыңдау.
Жүргізуші: « Бала дегеніміз -болашағымыз» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір!«Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз айтқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең.
Балалар сендер өздеріңді не үшін бақытты балдырғанбыз деп ойлайсындар?
Оқушы: Біздер өзімізді бақытты балдырғанбыз деп санаймыз, өйткені біздің
сүйікті отанымыз, қасиетті ана тіліміз, ардақты да аяулы ата –анамыз бар. Осының бәрін ардақтай білуге, біздің алтын ұямектебіміз бен аяулы ұстаздарымыз үйретті. Ән. Ата ананы тыңдаймыз
Жүргізуші: Біз көңілді ұланбыз,
Би билейміз бұландап.
Бақытты елде туғанбыз.
Жаз гүліндей жайраңдап-деп кезекті биге берейік.
Жүргізуші: Ойын «Ауызша волейбол»
Ойын шарты: Сапқа тұрып допты бір-біріне берген
кезде, балдаурен балалық шақ, достық, адамгершілік қасиеттері туралы сөздер айтулары керек, мысалы:достық, бейбітшілік, шыншыл, ұстамды, әдепті, жанашыр, мейрімді, адал, бақытты, қуанышты.көңілді т.б.
Жүргізуші:Тыныштық баршамыздың ұранымыз,
Мәңгілік таусылмайтын жыр әніміз.
Арманның асқарына қанат қаққан,
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз-дей
келе бүгінгі іс шарамызды аяқтаймыз.
Балалар сіздердің балалық шағыңыздың қызықты күндері таусылмасын. Біз бүгін бүлдіршіндерімізге мықты денсаулық,оқуларына сәттілік тілеп, тіл алғыш зерделі болыңдар демекпіз.
Өте жақсы, балалар, өмірде қуанышты сәттерің көп болсын!
Қорытынды:
- Сонымен бақыт дегеніміз - ой арманның орындалуы, қуанышты сәттердің көп болуы, біздің әсем тұрағымыз, деніміздің саулығы, бейбіт өміріміз, жанұяның татулығы, береке, бірлігі. Ең бастысы балалық шағымыз екен.
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен бүгінгі Біз бақытты баламыз атты іс-шарамыз өз мәресіне де келіп жетті. Қош сау болыңыздар!
Бәрі бірге «Бақытты балалық шақ» әнін орындайды.