Биосфера – ерекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.
Биосфераның бөлімдері:
Гидросфера
Литосфера
Атмосфера
Просмотр содержимого документа
«Биосфера 7 сынып»
Биосфера
Биосфера – ерекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.
Биосфераның бөлімдері:
Гидросфера
Литосфера
Атмосфера
Ең ірі табиғат кешені-географиялық қабық немесе материктер мен мұхиттар. Табиғат зонасы-температурасы,жауын-шашыны, өсімдігі, жануары, топырағы өзара ұқсас ірі табиғат кешені. Табиғат зонасы 2 бағытта өзгереді: 1.Ендік зоналылық-табиғат зонасының ендік бағытта экватордан полюстерге қарай алмасып келуі. 2. Биіктік белдеулік-табиғат зоналарының тауларда биіктікке байланысты ауысып келуі. Биіктік белдеулерінің саны таулардың географиялық орнына және биіктігіне байланысты. Бір ендікте жатқан табиғат зонасының әр түрлі болуы мұхиттың алыс-қашықтығына жер бедеріне байланысты. Табиғат зонасы 2-ге бөлінеді: Өтпелі зона-орманды тундра, орманды дала, шөлейт, саванна. Тундра-субарктикалық белдеуде-мүк пен қына басым өскен, топырағы сазды, батпақты болып келеді. Орманды тундра-мүк пен қына қисық бұталы ағаштар өседі.
Тайга-қылқан жапырақты орман зонасы,өсімдіктер:қарағай, шырша, самырсын. Дала-шөп басқан ағашсыз жазық жерлер. Шөлейт-дала мен шөлдің арасындағы өтпелі зона. Саванна-әр жерінде жеке немесе шоқ-шоқ бұталы ағаштар өсетін биік шөп басқан табиғат зонасы. Табиғат зонасының ауысып келуі климаттық белдеулермен сәйкес келеді. Арктикалық климаттық белдеу-арктикалық шөл мәңгі мұз басқан. Субэкваторлық климаттық белдеу-саванна Тропиктік климаттық белдеу-шөл Экваторлық климаттық белдеуде мәңгі жасыл ылғалды экваторлық ормандар. Географиялық қабықтағы ырғақтылық-күн мен түннің ауысуы. Географиялық қабықтағы заңдылық тұтастығы. Ырғақтылық заңдылығы-белгілі бір құбылыстардың уақыт ішінде қайталанып отыруы. Табиғат кешенінде жүретін үрдістер жылу мен ылғалға тәуелді
Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 -дан – 50 -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.
Биосфера және адамзат
Адамзат баласы да табиғаттың өзі жаратқан көп ғажайып көріністерінің бірі. Бірақ адам баласының үстемділігі ақыл-ойының жүйріктігі оны табиғаттың басқа тірі ағзадағыдан әлдеқайда жоғары дәрежеде көтерді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күн елткен алғашқы адамдардың өзіде керекті қажетін биосферадан алып отырған. От жағуды білмегеннің өзінде адам баласы жабайы жануарлардың еті мен өсімдіктердің жапырақтарын, сабағы мен буын-бұтақтарын шикіде жеп, өсімдіктерді қорек етіп, өсіп-өне берді. Кейінірек тамақты пісіріп жеу арқылы адам басқа жабайы жануарлардың әлдеқайда жоғары сатыға көтеріле түсті. Сана-сезім, ақыл-ой ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына көтеріле берді.
Табиғат комплексінің компоненттерінің өзара байланысы
Географиялық орны
Жер бедері
Климат
Су
Топырақ
Жануарлар
Өсімдіктер
Табиғат комплексі құрлықта ғана емес, Дүниежүзілік мұхитта да бар
Ылғалды климат
Су өткізбейтін жыныстар
Беткі қабаттағы судың көптігі
Ылғал сүйетін жәндіктер
Ылғал сүйетін өсімдіктер
Шымтезектің пайда болуы
Биосфераны қорғау проблемалары. Адамзаттың саналы қоғамы қалыптаса бастаған кезден бастап – ақ адам мен табиғат арасындағы неғұрлым тиімді қарым – қатынасты қалыптастыру мәселесі қолға алынып келеді. 1948 жылы Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы құрылды. ЮНЕСКО бағдарламасы ішінде маңыздысы – биосфералық қорықтардың үлесін арттыру. Бүгінгі таңда Жер шарындағы 70-тен астам елде 300-ге жуық биосфералық қорықтар құрылған. Бүгінгі таңда Жер шарының 4 млн км 2 - ден асам жері ерекше қорғауға алынған, оларды қорықтар деп атайды. Табиғи ескерткіштеріне - ғылыми, тарихи, мәдени – эстетикалық мәні зор табиғат объектілері жатады. Алғаш бұл ұғымды неміс жаратылыс зерттеушісі А.Гумбольдт енгізген. Біздің еліміздегі табиғат ескерткіштері көптеп кездеседі. Ең әйгілілері: Шарын, Әнші құм, Жұмбақтас, Таңбалы тас т.б. Қорықтар дегеніміз – жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға алу.
Бекіту.
Биосфераға кесірін тигізетін 9 себеп бар:
- Зауыттардың қалдығы; Мұнайдың теңізге төгілуі; Бомбалардың сынағы; Көлдерге кір судың қосылып кетуі; Зауыттардың түтіні; Орманды кесу; Өзендерді басқа жаққа бұрып әкету; Табиғаттың зіл-залалары; Атом электр станцияларының радиациялары.
- Зауыттардың қалдығы;
- Мұнайдың теңізге төгілуі;
- Бомбалардың сынағы;
- Көлдерге кір судың қосылып кетуі;
- Зауыттардың түтіні;
- Орманды кесу;
- Өзендерді басқа жаққа бұрып әкету;
- Табиғаттың зіл-залалары;
- Атом электр станцияларының радиациялары.