СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дидактикалық ойындар

Нажмите, чтобы узнать подробности

1-2 сыныптарға арналған дидактикалық ойындар

Просмотр содержимого документа
«Дидактикалық ойындар»

Ойындар

Ойындар

Ұшты - ұшты Мақсаты: Ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын, аңғарымпаздыққа тәрбиелейді. Ойынның мазмұны: Ойынды үй ішінде де сыртта да ойнауға болады. Ойынға қатысушыларға бастаушының сөзін қалт жібермей бағып отыру шарт. Ұшатын құс не зат айтылса, қолдарын жоғары көтереді де, ұшпайтын зат айтылса тырп етпей отырады. Қателескен бала айып тартып тақпақ айтады не ән салады. Екі рет жаңылса айып шарты, ұлғая түседі. Бастаушы Ойынды былай жүргізеді. Ұшты - ұшты сұңқар ұшты (қол көтереді) Ұшты - ұшты қарға ұшты (қол көтереді) Ұшты - ұшты арба ұшты (қол көтермейді) Ұшты - ұшты дауыл ұшты (қол көтермейді) Ұшты - ұшты ұшақ ұшты (қол көтереді) Ұшты - ұшты торғай ұшты (қол көтереді) Ұшты - ұшты жылан ұшты (қол көтермейді) Осылайша жүргізілген ойында жаңылмаған ойыншы жеңеді.  

Ұшты - ұшты

Мақсаты: Ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын, аңғарымпаздыққа тәрбиелейді.

Ойынның мазмұны: Ойынды үй ішінде де сыртта да ойнауға болады. Ойынға қатысушыларға бастаушының сөзін қалт жібермей бағып отыру шарт. Ұшатын құс не зат айтылса, қолдарын жоғары көтереді де, ұшпайтын зат айтылса тырп етпей отырады. Қателескен бала айып тартып тақпақ айтады не ән салады. Екі рет жаңылса айып шарты, ұлғая түседі. Бастаушы

Ойынды былай жүргізеді.

Ұшты - ұшты сұңқар ұшты

(қол көтереді)

Ұшты - ұшты қарға ұшты

(қол көтереді)

Ұшты - ұшты арба ұшты

(қол көтермейді)

Ұшты - ұшты дауыл ұшты

(қол көтермейді)

Ұшты - ұшты ұшақ ұшты

(қол көтереді)

Ұшты - ұшты торғай ұшты

(қол көтереді)

Ұшты - ұшты жылан ұшты

(қол көтермейді)

Осылайша жүргізілген ойында жаңылмаған ойыншы жеңеді.

 

Қуырмаш  Мақсаты:Балалардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру. Ойын шарты: Бұл ойында көбіне балаларды үлкендер ойнатады, тәрбиелік мәні күшті ойын. Балалардың қолын саусақтарының ұшынан ұстап тұрып, алақан қазан қып жалғыз саусағымен қуыра бастайды.  -Қуыр, қуыр, қуырмаш -Балапанға бидай шаш Сонан соң ойнатып тұрған балалардың бір-бірден саусақтарын бүгеді. Бас бармақ, Балан үйрек, Ортан терек Шылдыр шүмек Кішкене бөбек -Балалар ойынды қызыға ойнайды. -Балалар ойын ұнады ма? -Осы ойын арқылы не үйрендіңдер? -Не білді:Қызықты ойын санауды үйренді.

Қуырмаш

Мақсаты:Балалардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.

Ойын шарты: Бұл ойында көбіне балаларды үлкендер ойнатады, тәрбиелік мәні күшті ойын. Балалардың қолын саусақтарының ұшынан ұстап тұрып, алақан қазан қып жалғыз саусағымен қуыра бастайды. 

-Қуыр, қуыр, қуырмаш

-Балапанға бидай шаш

Сонан соң ойнатып тұрған балалардың бір-бірден саусақтарын бүгеді.

Бас бармақ,

Балан үйрек,

Ортан терек

Шылдыр шүмек

Кішкене бөбек

-Балалар ойынды қызыға ойнайды.

-Балалар ойын ұнады ма?

-Осы ойын арқылы не үйрендіңдер?

-Не білді:Қызықты ойын санауды үйренді.

Ақ қоян Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, мықтылыққа баулу.  Ойын мазмұны: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып қоянды айнала жүріп тақпақ айтады.  Ақ қоян - ау, ақ  Орныңнан тұрсаңшы  Шашыңды тарасаңшы  Бетіңді жусаңшы  Әй - әй көйлек кисеңші.  Біреудің қолын үзсеңші -  Дегенде қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп өлең, бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе өзі шеңберге қосылып тұрады да үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян болады.

Ақ қоян

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, мықтылыққа баулу. Ойын мазмұны: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып қоянды айнала жүріп тақпақ айтады. Ақ қоян - ау, ақ Орныңнан тұрсаңшы Шашыңды тарасаңшы Бетіңді жусаңшы Әй - әй көйлек кисеңші. Біреудің қолын үзсеңші - Дегенде қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп өлең, бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе өзі шеңберге қосылып тұрады да үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян болады.

 Жақсы сөз – жарым ырыс Мақсаты: Баланың білетін бар жақсы сөздерін достарына айтқыздыра отырып, өзара сыйластыққа, достыққа жетелеу, әрі сөздік қорын молайту. Өзін-өзі тануға, өзінің тіл байлығын бағалауға үйрету. Баланың бойындағы ізгілікті ояту, түрткі болу.  Ойынның шарты: Қатысушыларды шеңбер бойына отырғызамыз. Жүргізуші «жақсы сөздерді» айта отырып, қолындағы допты кез-келген балаға лақтыра салады. Допты алған бала дереу бір «жақсы сөзді» айтады да келесі балаға допты лақтырады. Жақсы сөздер тізбегі осылай жалғаса береді. Ойынның шарты бойынша айтылған сөздер қайталанбауы керек. Сөз таппай қалған, немесе қайталанған сөз айтқан қатысушы ойыннан шығады. Ойынның тағы бір ізгі шарты бар: ойыннан шығып қалған баланы досы «жақсы сөз» сыйлап қайта кіргізе алады. Бірақ бір рет қана бұл мүмкіндікті пайдалана алады.

Жақсы сөз – жарым ырыс

Мақсаты: Баланың білетін бар жақсы сөздерін достарына айтқыздыра отырып, өзара сыйластыққа, достыққа жетелеу, әрі сөздік қорын молайту. Өзін-өзі тануға, өзінің тіл байлығын бағалауға үйрету. Баланың бойындағы ізгілікті ояту, түрткі болу. 

Ойынның шарты: Қатысушыларды шеңбер бойына отырғызамыз. Жүргізуші «жақсы сөздерді» айта отырып, қолындағы допты кез-келген балаға лақтыра салады. Допты алған бала дереу бір «жақсы сөзді» айтады да келесі балаға допты лақтырады. Жақсы сөздер тізбегі осылай жалғаса береді. Ойынның шарты бойынша айтылған сөздер қайталанбауы керек. Сөз таппай қалған, немесе қайталанған сөз айтқан қатысушы ойыннан шығады. Ойынның тағы бір ізгі шарты бар: ойыннан шығып қалған баланы досы «жақсы сөз» сыйлап қайта кіргізе алады. Бірақ бір рет қана бұл мүмкіндікті пайдалана алады.

МЕН КІММІН? Мақсаты: Баланың өз бойындағы қасиеттері мен қылықтарын таразылауға үйрету. Әрі ол арды жақсы, жаман деп жіктей білуге, ажыратуға үйрету. Әділ болуға, шыншылдыққа тәрбиелеу. Ойынның шарты: Әр бала параққа екі бейне салады. Біреуі: күліп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл бейненің жан-жағына тек қана өз бойындағы жақсы қасиеттерін жазады. Екінші сурет: қабағын түйіп, түнеріп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл суретке керісінше  өз бойындағы өзіне  ұнамайтын қылықтарын  жазады. Ең соңында әр бала өз  жұмысына өзі баға береді.  «Шыншыл бала» атағы беріледі.

МЕН КІММІН?

Мақсаты: Баланың өз бойындағы қасиеттері мен қылықтарын таразылауға үйрету. Әрі ол арды жақсы, жаман деп жіктей білуге, ажыратуға үйрету. Әділ болуға, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Әр бала параққа екі бейне салады. Біреуі: күліп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл бейненің жан-жағына тек қана өз бойындағы жақсы қасиеттерін жазады. Екінші сурет: қабағын түйіп, түнеріп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл суретке керісінше өз бойындағы өзіне ұнамайтын қылықтарын жазады. Ең соңында әр бала өз жұмысына өзі баға береді. «Шыншыл бала» атағы беріледі.