Электр құралдары. Мақсаты: Электр құралдардың шартты белгілерін қайталау. Оқушылардың зейінін дамыту. Топқа біріктіру. Оқушыларды электр құралдарының мозайкасы арқылы бірнеше топтарға біріктіруге болады. Тапсырмада оқушылардың зейіні, тапқырлығы дами түседі. Олар топтасып, берілген суреттерден электр құралдарын табады. Тапсырмаға арналған кестені алдын ала дайын қою керек. Кесте толтыра отырып, оқушылар шартты белгілерді естеріне түсіреді. ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы. Зерттеу жұмысы: Мақсаты: Денелердің үйкелудің көмегімен электрленуін анықтау. Ресурстар: Алдын ала пластмасса қабықпен жабылған құрғақ шыны ыдысты дайындау, жүн мата немесе қолғап, мойынорағыш, кішкентай қағаз шыпшалар таратып беру. Тапсырманы оқушылар жұптасып орындауларына болады. Зерттеудің жоспары: -Ыдысқа бірнеше шыршаларды салып, ыдыстың қақпағын жауып қойып матамен сүрту; -Қақпақтың электрлену себебін түсіндіру. Саралау: Ынтасы жоғары оқушыларға немесе оқушылар жұбына зерттеудің басқа қандай жолмен жүргізуге болатынын сұрауға болады. Мысалы, дымқыл ыдысты пайдаланса не болатыны жайлы зерттеу жүргізуге болады. Қорытынды: Зерттеудің соңында оқушылар қақпақтың электрлену себебін түсіндіреді. Шыршалардың оған тартылу себептерін талқылайды. Олар құтының құрғақ болуынан электрлену үрдісінің жақсы жүретіні мен дымқыл ыдыста электрленудің болмайтынын қорытындылайды. ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы. Ойлан. Тапсырманың мақсаты: Электр құралдарын пайдаланудағы қауіпсідік ережелерін құрастыру. «Т-кестесі» стратегиясы арқылы оқушылар электр құралдарын пайдаланудың ережелерін құрастырады. Тапсырманы жұппен орындауға болады. «Т-кестесі» стратегиясы | Болады! | Болмайды! | | | Оқушылардың жауаптары тыңдалып, әр жауапты талдау керек. ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы. Сен білесің бе? Оқушыларға араның электрленетіні жайлы айтып өту. Сергіту сәті. Музыка әуенімен дене жаттығуларын орындау. Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады. 61-жұмыс парағы. «Электрлік және магниттік құбылыстар», 63-б. Сөз құрастыр. Оқушылар магнитке тартылған әріптерден сөздер құрап, оны магниттің ішіне жазады. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: -Берілген әріптерден сөз құрады; -Сөздерді магниттің ішіне жазады. 62-жұмыс парағы. «Абайла, электр тогы!», 64-б. Мұны білу керек. Оқушылар электр құрылғыларын пайдаланудағы қауіпсіздік шараларын сақтау туралы білімдерін бекітеді. Әр суреттің қасына онда жіберілген қателіктерді жазады. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: -Электр қауіпсіздігін біледі; -Қауіпсідік ережелерін жазады. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы. |