Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Құрастыру.
Өтпелі тақырып: «Ғажайыптар әлемі»
Тақырыбы: Кітап.
Мақсаттары:
Тәрбиелік: : Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқыту: Кітапты күтіп, оны таза ұқыпты пайдалануға үйрету. Педагогикалық технологиялар: Дамыту технологиясы,сұрақ-жауап,әңгімелеу, парақты жартылай бүктеуге жаттықтыру,еңбекке баулу. Ресурстармен қамтамасыз ету: Кітаптың суреті, картон қағаз. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: 1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Тақпақ жаттау: Кітап сенің қазынан, Кітап сенің жан досың. Біліміңді асырар , Кітап сенің бақ құсың. Балалар тақпақ не туралы айтылған ?
2. Негізгі бөлімі
Жұмбақ жасыру: Қабат –қабат қаттама Ақылың болса аттама.(Кітап) --- -Дүрыс балалар кітап . -Бүгін біз сендермен кітап жасаймыз. Кітапты балалар ағаштан жасайды . Кітаптың неше бұрышы бар?Бұрыштары тізу,ұқыпты бүктелген. Кәзір біз сендермен жасаймыз. Алдымен сергуту сәт жасаймыз.
Сергіту сәт:
Ал, балалар тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып ,бір түрып , Біз демалып алайық.
Енді қарап аламыз содан кейін ,әр бала өзіне кітап жасайды .Қағаздың бүктеу әдістерін көрсету.Балалар жұмбақты шешеді: -Ағаштан жасайды, -Төрт бұрышы бар.(кітап)
3.Қорытынды:
Балаларды мақтап –мадақтау .Дидактикалық ойын:Не артық?
Просмотр содержимого документа
««Ғажайыптар әлемі» Кітап»