Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің коммуналдық
мемлекеттік мекемесі №47 орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Графикалық ақпаратты өңдеу.
Баспаға дайындау, шығару.»

Сынып:5 «Д»
Өткізген: пән мұғалімі Бозмбекова А.С.
Тараз қаласы
Сабақтың тақырыбы: Графикалық ақпартты өңдеу. Баспаға дайындау, шығару.
Мақсат:
Білімділік – Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін нығайту, бір жүйеге
келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру. Графикалық
редактормен жұмыс істеу кезіндегі практикалық біліктіліктері мен
дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру; Редактордың құрал –
саймандарын дұрыс пайдалана білу және командаларды орындай алу
қызметін меңгерту;
Дамытушылық – Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интелектуалдығын қалыптастырып дамыту. Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелік – Еңбекке, өзін – өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, сабаққа
қызығушылығын арттыру, дәлдікке тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: Бейнелеу өнері
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақ типі: сұрақ – жауап, ой – қозғау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі тапсырма, компьютер, сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. « Білгенге маржан»
ІІІ. « Жаңа сабақ»
ІҮ.Компьютермен жұмыс.«Жұмбақтың шешуін тауып, суретін салыңыз»
Ү. Сергіту сәті.
ҮІ. Сабақты қорытындылау. «Сәйкестендіру ойыны»
ҮІІ. Сабақты бекіту. «Ой шақыру»
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
ІХ. Бағалау. (смайликтер арқылы балл жинау)
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесіп, түгендеу, құралдарын тексеру.
ІІ. «Білгенге маржан» Үй тапсырмасын тексеру.
Техника қауіпсіздік ережесін сұрау.
«Paint» сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады. ( сурет, сурет салу)
Paint программасын қалай іске қосамыз? (Бастау-Барлық программалар-Стандарттық- Paint)
«Дұрыс» фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұу керек? ( Shift)
Қандай сайманның көмегімен мәтін енгізуге болады? (Мәтін)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Paint сурет салу программасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл программаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.
Paint программасында өзіміз сурет салуымызға, Windows - тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға, сондай-ақ сканердің көегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.
Paint графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.
Бастау-Барлық программалар-Стандарттық- Paint
Командалар орыдалғаннан кейін, экранға Paint графикалық редакторының терезесі шығады.
Көріп отырсыңдар, терезе Windows жүйесінің стандартты түрі сияқты, бірақ мұнда салынатын кескіннің түсін таңдап қана қоймай, оның фонының түсін де таңдауға болатын түстер палитрасы қосылған. Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік – сурет салу алаңы алады. Оның сол жағында таңбашалар тобы – құралдар тақтасы орналасқан. Терезенің төменгі жағында түстер палитрасы бар.
Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі – біз онымен сурет салатын түс және қосымша – бұл фон беретін түс. Программаны іскі қосқанда, ешқандай әрекет болмаса, келісім бойынша кескіннің түсі – қара, ал фонның түсі ақ болып шығады.
Палитраның сол жағында бірін-бірі жабатын екі квадрат орналасқан. Жоғарғысы сурет түсін көрсетеді. Ол таңдаған түсте тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі квадрат фон түсін көрсетеді, ол үшін таңдаған түсте тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет.
Paint редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін, тышқанның нұсқағышын қажетті құралдыңүстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.
Е
рікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.
Б
ұл белгілеу құралы деп аталады және суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
Өшіргіш, бұл суреттің белгілі бір бөлігін өшіруге арналған.
Қ
ұю құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.

Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе оның фонын суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді.

Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.

Қарындаш, бұл кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықты сызуға арналған.

Қылқалам, ерікті сызықтарды салуға арналған. Қылқаламның қажетті түрін таңдап алуға болады.

Бүріккіш пульверизатор эффектісін береді.
Ж
азу, бұл сурет ішіне мәтінді орналастырады.

Сызық, түзу сызықтар салуға арналған.
Қисық, тегістелген, қабаттасқан сызықтар салуға мүмкіндік береді.

Тіктөртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған.

Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.

Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған.

Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш, бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.
Paint программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін Файл - Сохранить как... командасын орындаңдар. Сонда экранда Сохранить как... диалогтық терезесі пайда болады, имя файла өрісінде файлға ат беріп, Сохранить батырмасын шертіңдер.
Кескіннің детальдарын дәлелдеу масштабтың көмегімен жасалады. Масштабты әртүрлі тәсілдермен өзгертуге болады.
Түр (Вид) тіркеме бетінің саймандарын; 
Жай-күй жолындағы Масштаб жүгірткішін
«Трансформация» сөзі латын тілінен түрлену, алмасу деп аударылады. Тұтас суретті немесе ерекшеленген фрагментті вертикаль және горизонталь шағылдырып орналастыруға және 90 неме 180 градусқа бұруға болады. Қырқу (Вырезать)-суреттің тек ерекшеленген бөлігін қалдыратын бұйрық. Ол өте қолайлы.
Ал енді балалар, ақпаратты басып шығаруға арналған қандай құрылғыларды білесіңдер?
Дайын суретті шығарып алмас бұрын, алдын-ала қарау терезесіне кіріп, беттің параметрлерін баптау терезесіне кіріп альбомная немесе книжная батырмаларын басып таңдаймыз. Содан кейін Басып шығару батырмасын басамыз. Басып шығару терезесі ашылады, осы жерден компьютерімізге орнатылған принтерді таңдаймыз, барлық (все) батырмасын басып, басып шығаруға жібереміз.

Алдын-ала қарау терезесі

Беттің параметрлерін баптау

Баспаға жіберу терезесі
ІҮ.Компьютермен жұмыс. Жұмбақтың шешуін тауып, суретін салыңыз, салынған суретті ерекшелеп көбейту және вертикаль шағылдырып орналастыру
1.Жаңбыр жауса нөсерлеп,
Әрі-сәрі болмаймын.
Алып жүрсең қолыңа,
Су болудан қорғаймын /қолшатыр/
2.Қақаған қыста,
Өседі тыста.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста. /шырша/
Ү. Сергіту сәті.
Жұмыс арасында оқушылармен көзге арналған жаттығулар жасалады. https://www.youtube.com/watch?v=U9QTJszXpkM
Жұмбағымызды жалғастырамыз
3.Күндіз кірер «інге»,
Жұрт қалады білмей.
Шығады тек түнде,
Болам дейді күндей /ай/
4.Көктем сайын жайқалып,
Жаңбыр суын ішемін.
Күз болғанда сарғайып,
Қурап-қурап түсемін /жапырақ/
ҮІ. « Сәйкестендіру ойыны». Сабақты қорытындылау.
Тірек сызба, интерактивті тақтадағы тапсырманы орындау. Дұрыс жұбын тауып сызу.
.
Құю құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.
Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе оның фонын суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді.
Бұл белгілеу құралы деп аталады және суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады

Өшіргіш, бұл суреттің белгілі бір бөлігін өшіруге арналған

Қылқалам, ерікті сызықтарды салуға арналған.
С
ызық, түзу сызықтар салуға арналған.

Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.
Т
іктөртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған.

Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған.

Қарындаш, бұл кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықты сызуға арналған.

Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.

Бүріккіш пульверизатор эффектісін береді.

Қисық, тегістелген, қабаттасқан сызықтар салуға мүмкіндік береді.

Жазу, бұл сурет ішіне мәтінді орналастырады.
ҮІІ. «Ой шақыру» Сабақты бекіту: Сонымен «PAINT графикалық редакторы» тақырыбы бойынша не білгенімізді, үйренгенімізді тақтаға топтастырамыз.
Суретті ерекшелеп, көшіру
Суретті
сақтауды сақтау
Сурет
салуды салу
Бояу
Суретті
жылжыту
Жаңа құжат ашу
Суретті бұру, еңкейту
Мәтінді кірістіру
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
1. Өткен тақырыпқа қайталау жасау.
2. Шығармашылық тапсырма: А 4 парағына «Қыс» тақырыбында сурет салып келу. (табиғаттың)
ІХ. Бағалау.
(смайликтер жинау бойынша бағалау)
ӨТЕ ЖАҚСЫ
ЖАҚСЫ
ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ