СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Етек айрығын өңдеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

3,4,5 занятия с закреплением теоритических знаний и практических навыков по обработке юбки для групп кс казахским языком обучения.

Просмотр содержимого документа
«Етек айрығын өңдеу»

Кужакова Тойдык Куанышевна

Өңдірістік оқыту шебері

Орал «Сервис» технологиялық колледжі


3 сабақтың жоспары.


Бағдарлама тақырыбы: Тік белдемшені өңдеу.


Сабақтың тақырыбы: Етек айрығын өңдеу.


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімдік : оқушылардың етек айрығын өңдеу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

  2. Дамытушылық : оқушылардың өз бетімен аспаптармен, көрнекті құралдармен жұмыс жасай білу қабілетін дамыту.

  3. Тәрбиелік : жұмысты ұқыпты, таза орындауға тәрбиелеу.


қ/с

Сабақ кезендерінің атауы

Уақыт мин.

Іс-әрекет пен мазмұнын сипаттау

Оқыту әдісі

Сабақтың жабдықталуы

I.

Ұйымдасты-

ру бөлімі.

5 мин.

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру.


қол құрал – жабдықтары.

II.

Кіріспе нұсқау.

60 мин.

Сабақтың тақырыбы:Етек айрығын өңдеу. Мақсаттары мен міндеттерін анықтау. Етек айрығын өңдеу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.Концеп-туалды картаны пайдаланып оқушыларды тексеру.

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Әңгімелеу, көрнекілік, репродуктивтік

Жартылай дайын белдемше,

үлгілер, дайын бұйымдар.

III.

Оқушылар-

дың жатты-

ғуы және ағымдық нұсқаулар.

3 сағ. 30 мин.

Оқушылардың өздік жұмыстары. Тақырыбы: «Етек айрығын өңдеу.»

Әңгімелеу, көрнекілік, репродуктивтік

Тігін машиналары, қол құрал- жабдықтары.

IV.

Қорытынды бөлім

25 мин.

Сабақты қорытындылау.

Жұмысты бағалау.

Көрнекілік, ауызша.

Жартылай дайын белдемше.






Етек айрығын өңдеу.


Етек айрығы белдемшенің ортаңғы тігісінде орналасады.Етек айрығын өңдеуді белдемшенің артқы бөлігінің оң бөлшегінен бастайды.Бөлшекті өтектеу үстеліне оң жағын жоғары қарата,белдемшенің жоғарғы қиығын оңға, етек айырығының қиығын жұмысшыға қаратып орналастырады.Ені 10-12мм аралық төсемді етек айрығының қосымшасының шетіне желімді жағын төмен қаратып салады, да аралық төсем мен етек айрығының ішкі қиықтарын сәйкестендіріп қосарлайды.Етек айрығына берілген қосымшаның ішкі қиығын 7-10мм теріс жағына қайырып, баса өтектейді.2 суретте оң жақ етек айрығының қосымшасын қатырмалау мен жатқыза өтектеу көрсетілген.

2 сурет.

Белдемшенің артқы бөлігінің сол жақ бөлшегін үстел үстіне теріс жағын жоғары, жоғарғы қиығын солға, ортаңғы қиығын жұмыс жасаушыға қаратып жатқызады.Етек айырығы еніне тең аралық төсемді желімді жағын төмен қаратып, бүктеме сызығына дейін етек айрығын қосымшасының үстіне жатқызады. Етек айырығы мен қосымшаны қиықтарын сәйкестендіріп қосарлайды да, етек айырығын шетіне бүгіп тігеді.3 суретте етек айырығының сол жақ қосымшасын қатырмалау көрсетілген.

3 сурет.

Содан соң белдемшенің артқы бөлігінің және етек айрығының қиықтарын оң жағынан торлайды, белдемшенің артқы бөлігінің бөлшектерін оң жағын ішіне қаратып, қиықтарын теңестіріп,сырып тігеді (4 сурет).





4 сурет.


Тапсырма-1

Төменде берілген суретке сәйкес бөлшек сипаттамасына бөлшек атауларын, қиықтар мен бөлшек санын түсіріңіз.



Бөлшек атауы

Негізгі бөлшектердің

қиығының атаулары

Пішім бөлшектерінің

саны

А....









Б......









В....













Тапсырма-2


Кестені толтыр


Жұмыс түрі

1см 3-4 ине-шан-

шым

10-12мм

Орта тігісін-

де

Үлгіге байланыс-ты

1,0-1,5см

7-10

мм

Жауабы

Орта тігісінің жиілігі







1см-де 3-4 инешан-шым

Төсемаралық ені







10-12мм

Етек айрығы белдемшенің ... орналасады.







Орта тігісінде

Етек айрығының ұзындығы







Үлгіге байла-

нысты

Орта тігісінің ені







1,0-1,5см

Оң жақ артқы бөліктің қосымшасын ... қайырып өтектейді







7-10

мм

















4 сабақтың жоспары.


Бағдарлама тақырыбы: Тік белдемшені өңдеу.

Сабақтың тақырыбы: Түймелікті сыдырмамен өңдеу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімдік: оқушылардың түймелікті сыдырмамен өңделу дағдыларын қалыптастыру.

  2. Дамытушылық: оқушылардың тігін машинасымен жұмыс жасауда түймеліктің сыдырмамен өңделуі, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау қырағылықтарын дамыту.

  3. Тәрбиелік : оқушыларды техникалық операцияларды орындауда өзін-өзі бақылауға және өзара бақылауға тәрбиелеу.


қ/с

Сабақ кезендерінің атауы

Уақыт мин.

Іс-әрекет пен мазмұнын сипаттау

Оқыту әдісі

Сабақтың жабдықталуы

I.

Ұйымдастыру бөлімі.

5 мин.

Қатысушылар-

дың сабаққа қатысын тексеру. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру.


қол құрал- жабдықтары.

II.

Кіріспе нұсқау.

60 мин.

Сабақтың тақырыбы: Түймелікті сыдырмамен өңдеу. Мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

Түймелікті сыдырмамен өңделу дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Әңгімелеу, көрнекілік, репродуктивтік

Жартылай дайын белдемше,

үлгілер, дайын бұйымдар.

III.

Оқушылардың жаттығулары мен ағымдық нұсқау.

3 сағ. 30 минғ

Оқушылардың өздік жұмысы.

Түймелікті сыдырмамен өңдеу.


Әңгімелеу, көрнекілік, репродуктивтік

Тігін машиналары, жартылай дайын белдемше.

IV.

Қорытынды нұсқау.

25 мин.

Сабақты қорытындылау. Жұмысты бағалау.

Көрнекілік, ауызша.

Жартылай дайын белдемше








Түймелікті сыдырмамен өңдеу.


Түймелеудің түріне қарай белдемшедегі түймелеуді өңдеу түрі әртүрлі болуы мүмкін:түймелік сыдырма,ілгек немесе түйме.Түймелікті сыдырмамен басқаларға қарағанда бірқатар артықшылығы бар (сыртқы түрі әдемі, пайдалануға ыңғайлы, өңделуі қарапайым). Түймелікті сыдырмамен сол жақ бүйір тігісінің жоғарғы жағында, артқы жағының орта тігісінде немесе алдыңғы жағының орта тігісінде өңдейді.

Белдемше түймелуін өңдеу үшін белдемшені оң жағын ішіне қаратып,(қиықтары алдын ала торлануы қажет) қиықтарын теңестіріп, бақылау белгілерін сәйкестендіріп, технологиялық шарттарда қарастырылған кеңдіктегі тігіспен түймелеудің орнын бос қалдыра, сырып тігеді. Түймелікті сыдырманың ұзындығы 180-200мм болуы қажет.

Түймелікті сыдырманың толық жабылатын бөлігін өңдеу.

Мұндай өңдеудің ерекшелігі түймелікті сыдырмамен белдемшенің алдыңғы бөлігінің астына тоқыма таспаның (бүйір тігісі сызығын 2-4мм) оң бөлігінің бөліктерінің ығыстырыла бекітілуінде. Бүйір қиықтарының қосымшалары түймелеу бөлігінде 30-35мм өсіріледі.Түймелеу сызығы бойымен түймелеу бөлігінде бүйір тігісі біткенше қол тігісін жүргізеді.Бүйір тігістерін айыра өтектегенде, тек белдемшенің алдыңғы бөлігіндегі түймелеу қиығын, бүйір тігісі қиығының бойымен тігіс жібіне бағыттай отырып жатқыза өтектейді (5 сурет).

5 сурет.

Белдемшенің артқы бөлігінің қиығын теріс жағына бүйір тігісі қиығы 2-4 мм қосымша жібере қайырып бүгіп көктейді де, жатқыза өтектейді (6 сурет).

6 сурет.

Белдемшенің артқы бөлігінің жатқыза өтектелген бүктемесінің астына тоқыма таспаның оң жағын түймелеу қосымшасының бүктемесі сыдырма-түймелік бөліктерімен түйістірілетіндей етіп ашық күйінде орналастырылады. Түймелеуді қосып көктеуді белдемшенің артқы бөлігінің үстіңгі қиығынан бастап, бүктемеден 2-3 мм қашықтықта 10-15мм тік инешаншыммен, негізгі матаны аздап отырғыза орындайды.

Белдемшенің артқы бөлігіне түймелеудің бір бөлігін қосып көктеп болған соң, екіншісін алдыңғы бөлікке қосып көктейді. Ол үшін сыдырма-түймелеуді жауып, белдемшенің алдыңғы бөлігі жағынан түймелеу қосымшасының бүктемесін белдемшенің артқы бөлігінің бүйір тігісінің сызығына әкеліп, жоғарғы қиықтарын теңестіріп, белдемшенің алдыңғы бөлігі бойымен қосып көктейді.

Түймелеудің екі бөлігін қосып тігуді өң жағынан белдемшенің алдыңғы бөлігінің жоғарғы қиығынан бастап , артқы бөлігінің жоғарғы қиығына дейін бірден орындап шығады.Алдыңғы бөлікте сыдырма-түймелеуді 7-10мм қашықтықта бекітеді, артқы бөлігінде қайырылған қиықтан 2 мм қашықтықта тігіс түсіреді.

Теріс жағынан сыдырма-түймелеудің тоқыма таспа бөлігін шетінен 1мм қосымша беріп,бастыра тігеді.

7 суретте белдемшедегі сыдырма-түймелеуді өңдеу көрсетілген.


7 сурет.

Тексеру жұмысы№1




Төменде берілген техникалық суреттің қатесін табыңыз.







Тапсырма №1

  1. Тік белдемшеде түймелік қай жерде орналасуы мүмкін?

  2. Бұл қандай әдіс ?

  3. Бұл қандай тігіс және белдемшені қандай матадан тіккен кезде қолданылады?

















































Тапсырма №3

  1. Түймеліктің ұзындығы қанша болуы қажет?

  2. Бұл қандай әдіс?

  3. Бұл қандай тігіс және белдемшені қандай матадан тіккен кезде қолданылады?


















Тапсырма №2

  1. Белдемшеде түймелікті сыдырмамен өңдеудің қанша әдісі бар?

  2. Бұл қандай әдіс?

  3. Бұл қандай тігіс және белдемшені қандай матадан тіккен кезде қолданылады?






2

3























5 сабақтың жоспары.


Бағдарлама тақырыбы: Тік белдемшені өңдеу.

Сабақтың тақырыбы: Тік белдемшенің жоғарғы қиығын қондырма белдікпен өңдеу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімдік: оқушылардың тігін машинасымен жұмыс жасай білу дағдыларын бекіту.

  2. Дамытушылық : оқушылардың өз бетімен аспаптар мен жабдықтарды, көрнекілік құралдарды пайдалана білу іскерлігін дамыту.

  3. Тәрбиелік : оқушыларды жұмысты ұқыпты, таза орындауға тәрбиелеу.


қ/с

Сабақ кезендерінің атауы

Уақыт мин.

Іс-әрекет пен мазмұнын сипаттау

Оқыту әдісі

Сабақтың жабдықталуы

I.

Ұйымдастыру бөлімі.

5 мин.

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру.


Қол құрал- жабдықтары, тігін құрал- жабдықтары, бұйым.

II.

Кіріспе нұсқау.

90 мин.

Сабақтың тақыры-бы: Тік бел-демшенің жоғарғы қиығын қондырма белдікпен өңдеу.

Мақсаттары мен міндеттерін анық-

тау.Оқушылардың өз бетімен аспаптар мен жабдықтарды,

көрнекілік құралдар-

ды пайдалана білу іскерлігін дамыту.

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Әңгімелеу, көрнекілік, репродуктивтік

Мультимедия-

лық проектор, дайын бұйымдар.

III.

Оқушылардың жаттығулары мен ағымдық нұсқау.

3 сағ.

Оқушылардың өздік жұмысы. Тік белдемшенің жоғарғы қиығын қондырма белдікпен өңдеу.

Әңгімелеу, көрнекілік, репродуктивтік.

Дайын үлгілер мен бұйымдар, тігін машиналары.

IV.

Қорытынды нұсқау.

25 мин.

Сабақты қорытындылау. Жұмысты бағалау.

Көрнекілік, ауызша.

Жартылай дайын белдемше.




Тік белдемшенің жоғарғы қиығын қондырма белдікпен өңдеу.


Белдіктің ені үлгісіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Ол белдік астымен тұтас пішілген немесе қиылып, бүктеме сызығында тігісі болуы мүмкін: бүйір тігісі деңгейіндегі тігісті немесе тігісі белдікұстағыш астында болуы мүмкін.

Белдік шеттері көбінесе бірінің үстіне бірі 30-60 мм түсіп, жарма ілмекпен,түймемен немесе металл ілгекпен, ілмекпен түймелінуі мүмкін.

Белдікті дайындау. Белдік бөлшегін өтектеу үстеліне теріс жағын жоғары қаратып жатқызады. Белдіктің теріс жағына желім жағын төмен қаратып аралық төсем салып, өтекті белдіктің үстіне қайта-қайта қойып қатырмалайды. Белдіктің әр бөлігін қатырмалау уақыты 20 секундқа дейін (8 сурет).

Т.Ж.

8 сурет.


Қатырмаланған белдікті ұзынынан теріс жағын ішіне қаратып екіге бүктейді де, өң жағынан бастыра өтектейді (9 сурет).

Ө. Б.

9 сурет.

Содан соң белдемшенің қиықтарын созып, форма және денебітімге жақсы қонымдылық беру үшін бүктемені жия өтектейді. Оны орындау кезінде белдіктің бүктемесін жұмыс жасаушыға қаратып жатқызады. Осы операцияны орындағаннан кейін белдікті аударып, екінші жағын да дәл осылай өңдейді. Ылғалдық-жылулық өңдеуді өткізген соң белдік астының төменгі қиығын өң жағынан торлау қажет(10 сурет).



10 сурет.

Белдікті белдемшемен қосу. Бүкпелердің және бүйір тігістерінің симметриялығын тексереді, белдемшенің алдыңғы және артқы бөліктерінің жоғарғы қиықтарының ортасына кертпе салады.

Белдіктің жоғарғы қиығын бөлшектердің ортасын келтіре, белдемшенің жоғарғы қиығына өң жағын ішіне қаратып бүктейді.Белдемшенің артқы жағынан берілетін бөлігі белдік шетінің қосымшасы 40мм, алдыңғы бөлігі жағынан 10мм. Белдікті белдемше бойымен ұзындығы 10-15мм, тігіс ені 9мм инешаншыммен қосып көктейді. Содан соң ені 5-7мм тігіспен белдіктің шеттерін жөрмейді, тігіс қосымшаларының бұрыштарын 3 мм дейін қосымша қалдырып кесіп, шеттерін айналдырып, қосып тігу тігісін белдік жағына жатқыза өтектейді. Бүктеме бойымен белдікті тегістеп, белдік астының төменгі қиығын белдемшеге белдіктің жоғарғы жағынаң қосып тігу тігісі бойымен көктеп тігеді, ал өң жағынан белдіктің қосып тігу тігісімен бастыра тігеді. 11 суретте белдемшенің жоғарғы қиығын белдік асты тұтас пішілген белдікпен өңдеу көрсетілген.

















11 сурет


«Тік белдемшенің жоғарғы қиығын қондырма белдікпен өңдеу»

тақырыбына технологиялық карта


Бөлінбейтін операция

Орындалуы, техникалық шарттары

Жұмыс түрі

Сурет

1

Бөлшектерді талдау.

Бөлшектерді, негізгі жіп бағытын тексеру.

Қ


2

Белдікті қосарлау

Белдіктің орта сызығын белгілеп, бір жартысына желімдік материалды жапсыру.

Ө


3

Белдікке орта сызығын белгілеу

Белдіктің ортасын тауып, сызық жүргізу.

Қ


4

Белдікке ылғалдық- жылулық өңдеу жұмыстарын жүргізу.

Белдікті орта сызығы бойымен қайырып, теріс жақтарын беттестіріп, тұйық жақтарын жиып өтектейміз.

Астыңғы жағын соза өтектеу

Белдікке дөңес форма беру.

Ө




5

Белдіктің ішкі қиықтарын торлау.

Белдіктің ішкі қиықтарын арнайы машинамен торлау.

АМ

6

Белдікті белдемшенің жоғарғы қиығына қосып көктеу.

Белдікті белдемшемен беттестіріп, қиықтарын теңестіріп, белдемше жағынан көктеу жұмыстарын жүргізу.Алдыңғы бойы жағынан белдік 1 см, артқы бой жағынан 3.5 см шығып тұруы керек,көктеу тігісінің ені 0.7см.

Қ

7

Белдікті белдемшенің жоғарғы қиығына қосып тігу.

Белдікті белдемшеге қосқан кезде тігісті белдік жағынан жүргізеді, тігістің ені 0.7-0.9см

М


8

Тігіс әдібін белдік жағына қайырып өтектеу.

Тігіс әдібін ылғалдап, белдік жағына қайырып өтектейді.

Ө

9

Белдіктің шеттерін тігу.

Белдіктің қиықтарын теңестіріп, беттестіріп, алдыңғы бой жағынан түймелікке берілетін қосымшаны 3 см белгілеп, жөрмеп тігу 0.5-0.7см

М

10

Тігіс әдібін қысқартып қию.

Ішкі жағынан қалың болмас үшін, тігіс енін 0.3-0.4 см, бұрыштарын 0.2см жеткізбей қысқартып қиямыз.

Қ


11

Белдікті өң жағына айналдыру.

Белдікті өң жағына айналдырып, бұрыштарын дұрыстау.

Қ


12

Белдіктің ішкі қиығын, белдікке қосып тігу.

Белдіктің ішкі қиығын белдікті қосқан тігісті жауып, үстінен тігу.

Қ

13

Белдікті ылғалдап өтектеу.

Белдікті ылғалдап, шүберек арқылы өтектеу.

Ө


14

Белдікті бастырып тігу.

Белдікті қосқан тігістен 0.1-0.2 қашықтықта белдіктің үстінен бастыру тігісін жүргізу.

М

15

Көктеу жіптерін алу.




16

Белдікке дайын болған соң ылғалдық-жылулық жұмыстарын жүргізу.

Дайын белдікті ылғалдап, шүберек арқылы өтектеу.

Ө














Тапсырма -1

  1. Белдікке қандай ылғалдық -жылулық өңдеу жұмыстарын жүргізеді?

  2. Белдікті белдемшеге қосқан кезде қай бөлшек жағынан көктеу жұмыстарын жүргізеді?

  3. Бұл қандай тігіс?







Тапсырма -2

  1. Белдікте негізгі жіп бағыты қалай өтеді?

  2. Белдікті белдемшемен қосқан кезде машина тігісін қай бөлшек жағынан жүргізеді?

  3. Бұл қандай тігіс?














Тапсырма – 3


Тігін машинасында жұмысты аяқтау ретін санмен көрсетіңіз:


Табан астына мата кесіндісін салып, табанды түсіріп қою.


Ине мен жіптарқышты жоғарғы шеткі күйге көтеру.


Жіптің ұшын 10-15см қалдырып, артығын қию.


Табанды көтеріп, сол қолмен бұйымды шетке шығару.


Машинаны өшіру.