Интерактивті тақта
Interwrite Board интерактивті тақтасы
Panaboard KX-BP800 интерактивті тақтасы
SMART Technologies Inc технологиясы
Интерактивтік жабдықтарға сипаттама
«Интерактивті» сөзін ағылшын тілінен аударғанда «бірлесіп әрекет жасау» деген мағынаны білдіреді.
Білім берудегі интерактивтік технология – бұл сабақ барысында оқушының ұжымдық жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бірі толықтыратын және барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту техноглогиясы.
Интерактивті тақта – дегеніміз не?
Интерактивті тақта (ИТ) – дәрігерге немесе мұғалімге екі түрлі құралдарды, атап айтқанда, ақпарат кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіріп қолдануға негізделген құрал.
Интерактивті техноглогияның жеделдетіп дамуына байланысты тақтаның түрлері де күннен күнге оның типтері даму үстінде. Сондықтан аталған тақта түрлеріне салыстырмалы түрде сипаттама берейік.
I
nterwrite Board интерактивті тақтасы
Бұл тақта АҚШ-ның 7125 River wood Drive Columbia, MD 21046 зауытында жасақталғани. Бұл таақтада дәстүрлі сызу құралдары (сызғыш, транспортир, бұрыштама және т.б.) олар геометрия, алгебра, сызу, физика және т.б. мектеп пәндері үшін кеңінен қолдануға болады. Тақтаның беті бүлінбей және ол білім мекемелерінде үлкен сұранысқа ие.
Interwrite Workspace интерактивті тақта
Суреттер кітапханасы және шаблондармен бірге өз материалдарын толықтыруға мүмкіндік беретін қарапайым құралдары бар тақта. Оған барлық ақпараттарды сақтап, басу құрылғысына және электрондық почта арқылы ақпараттарды жіберуге болады.
Hitachi экраны және интерактивті тақта
24 функционалды батырмалардан, 27 виртуальды түстермен сурет салуға мүмкіндік беретін жаңа StarBoard FX Duocoфт-ның негізінде Интернет арқылы 50 басқа StarBoard FX бір мезетте байланысқа шығуға және қашықтықтан конференциялар өткізуге негізделген тақта болып табылады.
SMART Technologies Inc технологиясы
SMART Board интерактивті тақтасында екі түрлі технология қолданылады: Резистивтік матрицалы технология. Резистивтік матрицалы технология - бұл жұқа сілтеуші екі қабаттан тұратын тор, ауа қабаттарымен бөлінген, беті пластикпен қапталған интерактивті тақта.
DViT (Digital Version Touch) технологиясы – бұл меңзер координаттын қолданатын (маркер немесе саусақ) тақтаның бұрыштарында сандық бейне камералар орналасқан. Бұл технологияны қолданғанда меңзердің жылдамдығы артады да, функционалдық мүмкіндіктері артады.
Panaboard KX-BP800 интерактивті тақтасы
Электронды Panaboard KX-BP800 интерактивті тақтасының жиналыстар, семинарлар, телеконференциялар, презентациялар мен сұхбаттасу жүргізуге мүмкіндігі мол тақта. Мұнда тақтаның көшірмесін алуға болады. Проектор түсіретін экран, интерактивті монитор және басқа көптеген мүмкіндіктері бар. Оны компьютерге және проекторға қосқанда, Panaboard KX-BP800 тақтасы интерактивті мониторға айналады, электронды маркердің көмегімен компьютердің қосымшаларын басқаруға болады.
Интерактивтік жабдықтарға сипаттама
ACTIV board(Promethean компаниясы )
AСTIV studio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізге арналған активті қаламнан тұрады.
Интерактивтік жабдықтар
A
CTIV studio–ның көптеген құралдары бар, атап айтқанда, объектілер құратын, арнайы эффектілер енгізетін презентацияда интерактивті элементтерді қолданатын. Бұл құралдарды пайдалану үшін нақты презентацияларда құралдар панелінің көмегі қажет.
ACTIV Pen – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютермен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
Активті қалам мен пернелер арасындағы байланыстылық
Ctrl +A- мәтінді редакторлеу барысында мәтіндік алаңдағы мәтіндерді таңдау.
Ctrl +B- таңдалған мәтіннің қарай қарайтылған
Ctrl +C - таңдалған объектілерді алмастыру буферіне көшіру
Ctrl+ G- таңдалған объектілерді топтау
Ctrl+ l - тандап алынған мәтіндерді курсивке өзгертеді
Ctrl+ N - Флипчартты құру
Ctrl+ O -Мои Флипчарты бумасын ашу
Ctrl+ V - таңдалған объектілерді қою
Ctrl+ X - таңдалған объектілерді қиып алу
Ctrl+ Z - әрекеттерді болдырмау
| Негізгі құралдар панелі туралы Негізгі мәзір – активстудионың кілтті функциясына рұқсат алу үшін, сіздің панеліңіздің құралдарын, параметрлерін күйге келтіру керек Атау - Негізгі құралдар панелін аудару үшін шертіңіз де ауыстырыңыз Жұмыс үстелінде ескертулер Флипчарт – жаңа флипчарт ашу Жинау – флипчартты уақытша жинау Қаламсаптың қалындығы – қаламсаптың, белгілеуіштің немесе өшіргіш құралдың әртүрлі қалындығын таңдау үшін шертіңіз және ауыстырыңыз Түстердің палитрасы – сіздің флипчартыңыздың объектісі мен түстердің таңдауы Еркінше таңдау – объектіні таңдау үшін шертіңіз немесе аударыңыз, бірнеше объектіні таңдау үшін, объекті белгілеп, редакциялауға, ауыстыруға, шертуге болады Қаламсап – түсініктеме жазуға, флипчарт бетіне мәтін немесе сурет салуға арналған Белгілеуіш – түссіз қаламсаппен мәтінді, түсініктемені және бейнені белгілеу үшін Өшіргіш – флипчарттағы объектіні жасыру (өшіру) Мәтін – флипчарт бетіне мәтін, мәліметтер немесе ескертулер жазу үшін Өшіру – флипчарттың анықтау қасиеттерін және элементтерін өшіреді Болдырмау – флипчарт бетінде соңғы орындалған өзгерісті немесе тапсырмаларды қайтарады Қайтару – “болдырмау” батырмасын басқанша дейінгі жағдайға қайтару Перде – флипчартты бүркемелейді, сосын төрт жағынан көрсетеді – жоғарыдан, төменнен, сол жақ, оң жақ Прожектор – көрсетілген орталықты ескеруші аймақтан басқасының барлығын бүркемеле Камера – флипчарт бетіндегі фуреттерді түсіреді Масштаб – флипчарттың беттерін үлкейтіп, кішірейтіп тұрады Арнайы құралдар – панель арқылы арнайы құралдарды таңдау Байқап білу – қолмен жазылған мәтінді немесе сызылған суреттерді геометриялық түрге аударады Құю – көзделген аймақтарды түспен толтырады |
ACTIV wand
Электронды ACTIV wand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма тышқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIV wand указкасы web – бетінде жұмыс жасағанда rollovep” және “hover” функцияларын атқаруға өте қолайлы. ACTIV board – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. Оң қол сонмен бірге” сол қолмен жұмыс жасауға қолайлы құрал.
ACTIV panelpro
ACTIV panelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданылады. ACTIV panelpa арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIV panelpa (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз - ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIV panel – pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.
ACTIV slate
Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады. ACTIV slate XR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай -aқ тақтада жаза алады.
ACTIV tablet
ACTIV tablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIV studio2 немесе ACTIV primary тақтасыз (ACTIV board көмегенсіз) комьютерде дайындауға мүмкіндік беретін құрылғы.ACTIV tablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады.Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.
A
CTIVote
ACTIVote2 тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттің көмегімен ақпарат ACTIV board қабылдайды және өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIV ote2 қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIV ote2 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.
ACTIVote қолдана отырып:
«Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түрінде компьютердің жадында сақталады.Тестің нәтижесін EXCEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады.
Тероиялық материалды оқып болғаннан кейін видеосабаққа назар аударайық!!!
1. https://www.youtube.com/watch?v=htJsjJR8ufY сілтеме бойынша өтіңіз
Тапсырмаларды орындауға арналған интернет дереккөздері мен әдебиеттер:
1. http://talimger.org/publ/opyt/interaktivti_ta_tamen_zh_mys_isteu_zholdary/1-1-0-77
2. https://ppt-online.org/122580
3.http://engime.org/seminarlardi-jinafi-eem-operatori.html?page=4
4. Информатика: Учебник. -3-е перераб. Изд./Под ред. Проф. Н.В. Макаровой. Москва, 2001г-768 стр.
Сәттілік тілеймін!!!
Тапсырмалар:
1. Интерактивті тақта жайлы ассоциативті картаны толтырыңыз:
2. Тест сұрақтарына жауап беріңіз:
1. Перде құралы не үшін қолданылады?
1) Флипчарт беттерін біртіндеп ашу
2) Объектілерді ауыстыру
3) Объектілерді өшір
4) объектілерді көшіру
5) объектілерді сақтау
2.
құралы қалай аталады?
1) Қалам құралы
2) Зубило
3) Автокарандаш
4) Фломастер
5) Мәтін құралы
3.
құралы қалай аталады?
1) Қалам құралы
2) Зубило
3) Автокарандаш
4) Фломастер
5) Мәтін құралы
4.
құралы қалай аталады?
1) Тазарту құралы
2) Пуливизатор
3) Бояғыш
4) Банк құралы
5) Фломастер
5.
құралы қалай аталады?
1) Құю құралы
2) Ковыш
3) Домендік құйғыш
4) Шелек
5) Гуашь
6.
құралы қалай аталады?
1) Қасиет құралы
2) Таңба құралы
3) Озат оқушы беті
4) Тырнақша
5) Маркер құралы
7.
құралы қалай аталады?
1) Қайтару құрал
2) Үйге бар
3) Ешқайда жүретін жол жоқ
4) Айналым
5) Құжатты жою
8.
құралы қалай аталады?
1) Кітапхана Ресурсы
2) Кітап дүкені
3) Том кітапта
4) Қажетті ақпарат көздері
5) Ақпараттарды сақтау
9.
құралы қалай аталады?
1) Көрсет – перде құралы
2) Көлеңкелі бет
3) қара квадрат
4) автоматты түрде пердені ашу
5) автоматты түрде көрсету
10.
құралы қалай аталады?
1) Прожектор құралы
2) Фотошоп әрлеуші
3) Маска
4) Көлеңкелі бет
5) Кері жол
3. Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз:
1. ACTIV panelpro (Активпанель) -ның қолданылу аумағы -
2. SMART Board интерактивті тақтасында неше түрлі технология бар және атап жазыңыз-
3. «Тест дайындау шеберінде» жасалған тестті қандай файл түрінде экспорттауға болады?