Мотивациялық кезең
Ұйымдастырушы
кезең
Сергіту сәті
|
Тәрбиеші топтан құстың жұмыртқасын тауып алады.
-Ой, мында жұмыртқа жатыр!?
-Бұл жұмыртқа ненің жұмыртқасы болды екен?
Бұл үй құсының жұмыртқасына ұқсамайды, тым кішкентай. Жылы жақтан ұшып келген құстардың біреуінікі ғой.
Қарлығаштың жұмыртқасы болуы мүмкін.
Қарлығаш қандай құс?
-Дұрыс айтасыңдар, ендеше біз ұя жасап жұмыртқаны соған салып қояйық. Қарлығаш келіп тауып алады.(Өнер орталығына ермексазбен мүсіндеуге жарты баланы отырғызады)
Балалар, мына жұмыртқаны қарлығаш ұзақ уақыт өзінің денесімен жылытып отырып, одан балапан шығарады.Балапан туралы айтайықшы.
Тіл ұстарту жұмысы.
Пан-пан-пан үрпек сары балапан
Шықты жұмыртқадан
Ап-ап-ап шиқылдап
Қылтияды ұядан
Мен сендерге балапандарын жыланнан қорғап қалған қарлығаш туралы ертегі айтып берейін. (балаларды театр орталығына балаларды отырғызады, ертегіні үстел үсті театрымен драмалайды)
«Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі.
-Сендерге ертегі ұнады ма? Ертегіні жақсы тыңдаған бала менің сұрағыма оңай жауап беру керек, қане көрейік.
-Ертегіде қандай құстар болды?
-Қарлығашқа не болды?
-Көкек қарлығашқа неге көмек бермеді?
-Тағы кімнен көмек сұрады?
-Қарға не деді?
-Қарлығашқа кім көмек берді?
-Олар не істеді?
Сөздік жұмыс: Арашашы, маңғаздану,амалы таусылу.
-Көктемгі күннің көзімен бойымызды сергітіп алайық.
дидактикалық ойын:
«Не, қайтті?»
дидактикалық ойын:
«Бұл кімнің сөзі?»
Балалардың ертегіні драмалауы.
Автордың сөзін айтып балаларға көмек бер отырады.
|
Өздеріне таныс құстардың атауын атайды(көгершін, тауық, үйрек, торғай)
Қарлығаш туралы білетіндерін пысықтайды, естеріне түсіреді.
Ермексазды пайдаланып құстың ұясын жасауға отырады.
Тәрбиешінің айтқанын барлығы қайталайды.
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап бере отырып ертегі желісін естеріне сақтайды.
Сөздердің мағынасын түсінеді, өз өмірлерінде болған жайыттармен сәйкестендіріп мысал келтіреді.
Тәрбиеші бастаған кейіпкердің ертегідегі әрекетін айтып жалғастырады.
-Жылан Қарлығаштың балапандарын жейін деп жатты.
-Көкек бүркітке қонаққа барады. –Қарға үйленгелі жатыр.
- Дәуіт балапандарды құтқарды, жыланды өлтірді.
Ертегі кейіпкерлерінің айтқан сөздерін естеріне түсіреді.Кім айтқанын тауып айтады.Дауыс интонациясына мән береді. Қайталап айтады.
Бетперделер киіп ертегіні сахналайды.
|