Оқу мақсатымен танысу, бағалау критерийлерін талқылау Тыңдалым алды тапсырмалары: Оқушылар осы сұрақтар төңірегінде пікір алмасып, ой қозғайды. Оқушылар жұпқа бөлінеді. Бейнероликпен танысады. https://www.youtube.com/watch?v=RuNvptwZIIo Тапсырма №1 ЖЖ (жұптық жұмыс) Тыңдалған мәтінді негізге ала отырып, БЛУМ жүйесі негізінде сұрақтар құрастыру Сауалдары негізінде сұрақтар әзірлейді. Көршілес отырған жұптар әзірлеген сұрақтарымен алмасып, жауап береді. Жауаптарын тексеріп, өзара бағалайды, салыстырады, талқылайды. Бағалау: жұптар өзара бір-бірі тексеріп бағалайды. 80%-дық үлестің орындалуы. Келесі кезең. Оқушылар 5 топқа топтасады. (бірге жұмыс жасаған жұптар бір топ болуына болады) Қазақ, орыс, уйғыр, татар, неміс, кәріс, өзбек, қырғыз, шешен сияқты ұлт атаулары тақтада көрсетіледі. Олар топпен келісіп, ұлт атауларын таңдап алады. Тапсырма №2 Өздері таңдап алған ұлт өкілдері атынан «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында ой-толғауларымен, мақтаныш сезімдерімен бөліседі. Дауыс ырғағына, интонацияға, сөз мәнеріне ерекше көңіл аударулары қажет. Бағалау: Дескрипторлар негізінде топтар сағат тілімен бір-бірін бағалайды. Мұғалім сөйлеушілерге де, бағалаушыларға да кері байланыс беріп отырады. |