Екінші кіші «Құлыншақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізі күні:.23.01.19ж
Тәрбиеші:Оразова Г.Т
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: «Қызықты қыс мезгілі»
Тақырыбы: "Қызықты қыс мезгілі"
Мақсаты:
Тәрбиелік:Балаларды сурет бойынша әңгіме құрастыруға баулу.
Дамытушылық: Сурет арқылы балалардың ой қабылетін дамыту.
Оқыту: Балалардың қыс мезгілі туралы түсініктерін нығайту.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең:
-Аяз жылдың қай мезгілінде болады?
-Аяз қандай болады?
-Аязды күні ойнауға бола ма?
-Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?
Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (АЯЗ)
2.Негізгі бөлімі:
-Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс келді. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз, денемізді шыңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанақ ойнап, аққала жасаймыз.
-Бүгін, бізге аққала қонаққа келіпті.
Ауыл алды ақшақар,
Ақша қарда балалар.
Соғып жатыр аққала,
Жалқауы жоқ жұмысқа.
Аққаламен қосылып, 1-2 жалпы дамыту жаттығуын орындату.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен бірге ойнайын деп келдім. Дала өте суық екен. Біз тоңып барамыз, денемізді қыздырып жаттығу жасайық.
Қыздырайық денені,
Кел, балалар, кел бері.
Қыздырайық денені,
Орнымызда тұрып-ақ.
Жүгірейік бір уақ бір, екі, үш, (орындарында тұрып жүгіреді).
Бір, екі, үш!
Екпіндей түс,
Аяқты алға созайық. (аяқтарын алға кезек-кезек көтереді).
Тік көтеріп қозғайық!
Аққаланың келесі тапсырмасы: «Қысқы ойындар» тақырыбына сурет бойынша әңгіме не ертегі құрастыру. Аққала дорбасынан төмендегідей тірек сөздерді шығарады. Тәрбиеші сөздерді балаларға оқып, осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер, әңгіме құрастыру керектігін айтады. Тірек сөздер: ақ қоян, мәнерлеп сырғанау, сұр қасқыр, шаңғы, хоккей, шайба, таяқ, шанасымен жүйткиді.
Тірек сұрақтар: Ақ қоян, сұр қасқыр, түлкі және кірпі қандай ойындар ойнады?
Ақ қоян не істеді? Хоккей ойнау үшін қандай құралдар қажет?
Кірпі сыртқа не алып шықты?
Д/О: «Кім жылдам» ойынының шарты: тәрбиеші тақтаға шананың, шаңғының, коньки, аққала, т.б. суреттерін іледі. Балалар суреттегі заттардың атын айтады, содан соң сол сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.
Балалар қысқы ойындар туралы сабақ барысында алған білімдерін ортаға салады.
3.Қорытынды: Балалар қандай тақырыппен таныстық?
Сендерге қыс ұнайма?
Қыста қандай мереке бар?
Балаларды мадақтау