СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

: «Көрікті көктем аруы»

Категория: Музыка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«: «Көрікті көктем аруы»»

Тақырыбы:   «Көрікті көктем аруы»

«Қыз  сыны»  сайысы


1-Жүргізуші: Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата-аналар, көрікті қыздар.  Бүгін сіздер бақшамыздағы  бүлдіршін қыздарымыздың, асыға күткен «Көрікті көктем аруы» «қыз сыны» байқауына Қош келдіңіздер!

  1-Жүргізуші:             Қыз сыны, қыз өнері, қыз  әдебі,
                  Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.  

Қыз деген өмірдің қызығы ғой,
Бір-бір үйдің еркесі, ірге тасы.
Бәріде осал емес, өнерлілер Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі. –деп сайысымызға қатысатын ару қыздарымызды ортаға шақырайық.

 1-Жүргізуші: № 4 «Қошақандар» тобының аруы Досымова Диана

 2-Жүргізуші: №5 «Тұлпарлар»тобының аруы Қонысбек Әсел

1-Жүргізуші: № 9 «Күншуақ» тобының аруы Қалдыбай Іңкәр

  2-Жүргізуші: №11 «Аққулар» тобының аруы Мұрат Ақкенже

1-  Жүргізуші: Өнерпаздар өнерін салыстырып.

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әдідікті қолдайтын баға беріп.

Жіберейік әділқазыларды таныстырып. – деп бүгінгі байқауымыздың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1-Жүргізуші: Балабақшамыздың директоры: Толесинова Рахима Меңдіханқызы

2-Жүргізуші: Балабақшамыздың әдіскері: Сүлейменова Аманбибі Күзембайқызы

 1-Жүргізуші: Кәсіподақ төрайымы: Алмамедова Мадина Бақытжанқызы Сайыс 5,4,3 балдық жүйемен бағаланады. Бүгінгі сайыстың әділқазылар алқасына сабырлық пен сәттілік тілеп, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2-Жүргізуші:  Қыздарымыз бар өнерін салар анық,

Өнегелі тәлімді алған қанып.

Ал ендеше таныстырып өтейін мен,

Бөлімдерін сайыстың, бөліп жарып . Сайыс 6 бөлімнен тұрады.

І - бөлім: «Өзін таныстыру» ІІ – бөлім «Сұрақ жауап» ІІІ-бөлім «Өз өнері» IV-бөлім «Сән үлгісі» V-бөлім «Ас мәзірі» VІ –бөлім «Қол өнер»


1-Жүргізуші: Баурап  алар  бірақ ауыз сәлемі

       Қазақ  қызы - әдепті де  әдемі
       Қазақ қызы - ақылына көркі сай
        Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.-дей отырып байқауымыздың 1-бөлім  «Өзін  таныстыру»  бойынша аруларымызды өздерін  таныстыруға ортаға шақырайық . Қошеметпен қарсалыңыздар!

 1-Жүргізуші: № 4 «Қошақандар» тобының аруы Досымова Диана

1-Жүргізуші: №5 «Тұлпарлар»тобының аруы Қонысбек Әсел

1-Жүргізуші: № 9 «Күншуақ» тобының аруы Қалдыбай Іңкәр

1-Жүргізуші: №11 «Аққулар» тобының аруы Мұрат Ақкенже

2-Жүргізуші: Енді әділқазы алқасыннан таныстыру бөілінің бағаларын сұраймыз.

  1-Жүргізуші: 2 – бөлім Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,

Келді кезек оқу менен білімге.

Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,

Жүлде саған, қуана бер, күлімде,-демекші екінші бөлім «Сұрақ жауап»

  1-Жүргізуші: 1.   Еліміздің елбасы кім?

2.   Балабақшамыздың атауы  қалай аталады.

3.   Жыл мезгілдерін ата?

 2-Жүргізуші: 4.   Көктем мезгілінде неше ай бар? Атауларын ата.

5 . Еліміздің рәміздерін ата?

6. Балабақшамыздың директорының аты-жөні?

 1-Жүргізуші: 7.  Біз қай елде тұрамыз?

8.   Тудың түсі қандай?   

9.    Тәрбиешіңнің аты-жөні?

  2-Жүргізуші: 10.  Ұлттық тіліміз қандай тіл?  

11.   Көктем мезгілінде қандай мерекелер бар?

12.   Жеті атаңды ата?         

1- Жүргізуші: Әділқазылар алқасыннан қыздарымыздың бағасын сұраймыз.

 2-Жүргізуші: 3 – бөлім      Мықтысы тез назарға ілінеді.

Бәріде осал емес, көрінеді,

Бүгінгі кыз сынында қыздарымыз

Өз өнерін ортаға сап көрсетеді - келесі кезекті өнер сайысына берейік «Өз өнерін көрсету» (Қыздарымыз ортаға шығып кезектесіп өз-өнерлерін көрсетеді)

  1-Жүргізуші: № 4 «Қошақандар» тобының аруы Досымова Диананың орындайында «Жақсы көрем» әнін тамшалаңыздар.

 2-Жүргізуші: №5 «Тұлпарлар»тобының аруы Қонысбек Әселдің өнерін тамашалаңыздар «Наурыз көктем» әнімен қошеметпен қарсалыңыздар

  1-Жүргізуші: № 9 «Күншуақ» тобының аруы Қалдыбай Іңкәдің өнерін қабыл алыңыздар.

  2-Жүргізуші: №11 «Аққулар» тобының аруы Мұрат Ақкенженің орындауында «Қошақан» әні тамашалаңыздар.

1-Жүргізуші: Әділқазылар алқасыннан қыздарымыздың өнерлерін бағалап жіберіңіздер.

2- Жүргізуші: «Күншуақ» тобының ару қызы Көшенби Аяулымдің Индиский биін қабыл алыңыздар

4-бөлім    «Сән үлгісі»

Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз.

   1-Жүргізуші: № 4 «Қошақандар» тобының аруы Досымова Диана

   2-Жүргізуші: №5 «Тұлпарлар»тобының аруы Қонысбек Әсел

1-Жүргізуші: № 9 «Күншуақ» тобының аруы Қалдыбай Іңкәр

2-Жүргізуші: №11 «Аққулар» тобының аруы Мұрат Ақкенже

(Қыздар ортаға шығып өздерінің дайындап келген  сән үлгісін көрсетеді.)

2-Жүргізуші:  Әділқазылар алқасы қыздарымыздың сән үлгісінің бағасын берсеңіздер.

1-Жүргізуші: 5-бөлім Қазір ортаға сайысқа қатысушы қыздарымызды аналарымен ас мәзірін дайындауға қошеметпен ортаға шақырамыз.

2-Жүргізуші:  № 4 «Қошақандар» тобының аруы Досымова Диана және анасы

1-Жүргізуші:  №5 «Тұлпарлар»тобының аруы Қонысбек Әсел және

2-Жүргізуші:  № 9 «Күншуақ» тобының аруы Қалдыбай Іңкәр және

1-Жүргізуші:  №11 «Аққулар» тобының аруы Мұрат Ақкенже және

Ас мәзірінің бағасын сұраймыз.

2-Жүргізуші:  6-бөлім: Өнерім бар қараңыздар таң қалып.

Қағаз қайшы алып келдім дайындалып,

Қолдан келген өнерімді салып мен.

Орын алам бүгінгі осы сайыстан- деп келген қыздарымызбеп аналарын қол өнер жасауға ортаға шақырайық.

1-Жүргізуші: Әділқазылар алқасы қыздарымыздың аналарымен жасаған қол өнерлеріне баға берсеңіздер.

2- Жүргізуші: Ал,енді құрметті қонақтар, ата-аналар өздеріңіз қызықтап тамашалаған Қыз сыны байқауы аяқталды.

Әділқазы алқасын өз шешімдерін тұжырымдауға қол соғып қошеметпен шығарып салайық.

Әділқазы алқасын өз тұжырымдарын шығарғанша балабақшамыздың балаларының өнерлерін тамашалаңыздар.

Би: «Қыздар» биі


Жүргізуші: Әділқазы алқасын қол соғып қарсалайық.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»,- демекші бүгінгі байқауымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.

Осымен бүгінгі кыз сыны байқауы өз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын қош сау болыңыздар!!!