СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Сиқырлы теледидар"

Категория: Музыка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Даярлық топтарына арналған 8 Наурыз мерекесінің ертеңгілік сценарий.

Сиқырлы теледидар

Балалар музыка әуенімен аналарын қолдарынан ұстап бір бірден орындарына отырғызады. Әркім бала өз орындарына тұрады даконфитиден жасалынған от шашу болады ұлдар қыздарды отырғызып өздері отырады.

Жүргізуші:  Бүгін Наурыздың сегізі

                      Сұлулықтың негізі

                      Әдемі сөз адамның

                      Анаға айтар лебізі.

                      Армысың әжелерім, аналарым

                      Мейірбан аппақ көңіл даналарым

                      Гүл көктем алғашқы мейрамымен

                      Құттықтайды Сіздерді балаларың.

Екі ұл бала екі жақтан жүгіріп шығады да  бір біріне соғылады.

Бірінші бала: Сәлем досым!

Екінші бала: Сәлем!

Екінші бала: Сен қайда асығып барасын?!

Екінші бала: Қалай, сен естімедің бе?! Сегізінші Наурыз мерекесіне орай «МАРЕКС» сауда үйінде қазір акция болып жатыр. Супертеледидар сатылады.

Бірінші бала: Супертеледидар?! Ол не қылған супертеледидар сонда?

Екінші бала: Бұл көлемді дыбысы бар, көлемді бейнесі бар теледидар.

Бірінші бала: Ендеше жүр балабақшамызға теледидарды бірге барып алайық. Сегізінші Наурызда қыздарымызды қуантайық.

Бір шеңбер жасайды дүкенге келеді. Дүкенде екі қызметкерлері тұрады.

Қызметкер: Сәлеметсіздер ме! Біздің «МАРЕКС» сауда үйімізге қош келдіңіздер! Сіз супертеледидарды алуға келеген боларсыздар?

Бірінші бала: Сәлеметсіз бе! Ия, дұрыс айтасыз, біз Сегізінші Наурыз мерекесіне орай біздің қыздарымызға және апайымызға №12 балабақшаға супертеледидар алайын деп едік.

Қызметкер: Ендеше біздің  қызметкерлеріміз сіздің балабақшаңызға супертеледидарды апарып салады.

Екінші бала: Рахмет сау болығыз!

балалар орындарына отырады.

2 жүргізуші бала ортаға шығады.

1жүргізуші: Ең қымбатты, сүйікті, мейірімді, сымбатты, жан туған аналар, ...

2жүргізуші: Біз сіздерді көктем, гүлдер мерекесімен халықаралық аналар 1жүргізуші: Мейрамымен 8 Наурыз күнімен құттықтаймыз!Сіздерге зор ден саулық, молшылық, бақыт  тілейміз.

2жүргізуші: Аналарамыз әр қашан да жүздері жайнап отырсын деп тілектенеміз. Әжелеріміз ешқашан қартаймасын.

1жүргізуші: Ардақты аналар, әжелер, біз бүгін Сіздерді біздің балабақшамызға көңіліңіз толсын деп, күнделікті жұмыстан дем алыңыз деп қонаққа шақырдық.

2жүргізуші: Жуырда ғана біздің алған кенет  сұрағымыз бойынша ең сүйікті және қолайлы демалыс ол үйде қана диванның үстінде жатып телевдидарды қосып көру.

1жүргізуші: Ал онда тұрған не бар? Сен елестеші, диванның үстінде жатып, теледидардың алдында мынандай (қолымен көрсетіп) құмыраға кәмпит салып жеп ғажап емес пе?!

2жүргізуші: Ойға шомылып кетіпсің ғой, біздің балабақшамызда бұл мүмкін емес.

1жүргізуші: Неге болмас?

Біреу есік қағады, залға қолдарына әдемі баумен байланған теледидардын қорабын ұстап «МАРЕКС» фирмасының екі қызметкерлері  кіреді.

Қызметкерлер: Сәлеметсіңдер ме! Бұл №12 балабақша ғой?

Жүргізуші (апай): Сәлеметсіз бе! Ия, бұл №12 балабақшасы.

Қызметкерлер: Біз «МАРЕКС» сауда үйінің қызметкерлеріміз. Біздің «МАРЕКС» сауда үйіміз Сіздерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап Сіздерге жаңадан шыққан супертеледидарды сыйға тартады.

Жүргізуші (апай): Ол сонда не қылған супертеледидар?

Қызметкерлер: Бұл көлемді дыбысы бар, көлемді бейнесі бар теледидар. Қазір біз оны сіздерге қосып береміз (теледидарды кіргізеді).  Болды, енді тамашалауыңызға болады. Біздің дүкендереміздің ауымызға келуге және де жеңілдіктерді алуға шақырамыз. Сау болыңыздар!

1жүргізуші: Олай болса көрейік.       

Пердеде «ИРБИС» арнасының логотипі көрінеді.

2жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар! Бүгін баршамызды мейраммен құттықтаймын. Ал басты жаңалық, Павлодар қаламызға көктем келді. Енді ауа райы болжауына назар аударайық.

1жүргізуші: Көктем келді, күннің көзі жарқырап тұр. Күн жылынды, ағаш бүршіктері шыға бастады. Көктемнің алғашқы гүлін қыздар өз аналарына «Гүлдер биін» сыйға тартады.

Би: «Гүлдер»

1жүргізуші: Шаңырақ мәдениет үйінде 8 Наурыз мерекесін орай өтіп жатқан концерт өтті, сол концертте біздің арнайы тілшіміз (атын айтады) болды. Назарыңызды арнайы репортажымызға аударуыңызды ұсынамыз.

Ұл бала (тілші): Концертте №12 балабақшасының тәрбиелінушілері әжелеріне дайындап қойған тақпақтарын және Әже туралы әнін айтты.

4бала шығып тақпақ айтады.

1бала: Әжем менің ақ әжем,

              Аппақ әжем, пәк әжем,

              Басқалардай емессіз,

              Сүйкімдісіз ақ әжем.

2бала: Әже маған базардан

              Алма сатып әкелді,

              Ең үлкенін, жақсысын

              Маған таңдап әперді.

3бала:  Еркелесе «күнім» дейді,

              Ұрысқаны білінбейді,

              Маңдайымнан иіскеп мені

              «Құлыншағым», «Күнім» дейді.

4бала:  Әже деген көп шығар,

              Әжемдей менің жоқ шығар.

              Мейірімді бұл кісі –

              Қандай ғажап күлкісі.

Ақырғы бала айтады: Сіздер үшін біздің ардақты әжелеріміз, біз Сіздерге ән айтып береміз.

Ән: «Әже»

Ұл бала (тілші): Назар аударғандарыңыз үшін рахмет. Шаңырақ мәдениет үйінен (атын айтады) «ИРБИС» арнасы үшін.

Жүргізуші (апай): Балалар, басқа арналарда не бар көрейікші.

Пультті алып басып «ҚАЗАҚСТАН» телеарнасының «Айгөлек»

бағдарламасының логотиптері шығады.

2жүргізуші: Қараңыздар, «Айгөлек» бағдарламасы болып жатыр.

1жүргізуші: Армысыздар құрметті қауым. Баршамыздың сүйікті аналарымызды ардақты, әжелерімізді 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі «Айгөлек» сайысының тақырыбы халық аралық аналар мерекесіне арналады. Ал қазір сахнаға Павлодар қаласынан келген №12 балабақшасының тәрбиелінушілерін қарсы алыңыздар.

4 бала шығып қыздарға арнап тақпақ айтады

5бала: Көктем қандай көңілді,

             Көктен жаңбыр төгілді,

             Мөлдір аспан ашылып,

             Күннін көзі ашылды.

6бала: Келді көктем далаға,

               Келді сұлу шағала,

               Аспандағы ақ құстар,

               Ауылымды арала.

7бала: Көктем, көктем, көктемде,

               Күн шуағын төккенде.

               Күлім күлкім қағамыз,

               Ойнап, асыр саламыз.

8бала: Көктем келді бүгін,          

               Күнде төкті нұрын.

               Сайрап барлық құстар,

               Ән салуға құштар.

Балалар жартылай шеңберге тұрады

Ән: «Көктем»

2жүргізуші: Келесі сахнамызға №12 балабақшаның балалары аналарын қалай сүйетінін айтып береді.

Балалар кезекпен айтады:

1бала: Ана - ең жақын, әрі ыстық адам.

2бала: Ана - ең аяулы жан.

3бала: Ана, ана, ана – не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз.

4бала: Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған.

5бала: Ана деген – бәйтерегі өмірдің.

6бала: Ана деген – қуанышты көңілдің.

7бала: Ана деген – әрбір үйдің жылуы.

8бала: Ана деген – асыл жандар болаттай.

9бала: Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.

10бала: Әлемде өзгермейтін  Әлемде өзгермейтін 3 ақ зат бар, ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі.

11бала:Ат биеден туады, алып анадан туады.

12бала:Ана – ол біздің елде ардақты адам.

13бала:Кіші де, үлкен де, оны ардақтаған.

14бала:Ана деп біздің халық текке айтпаған.

Орындарына отырады.

4 бала тақпақ шығып айтады.

9бала: Мейірімді, сымбатты,

             Қадырменді, қымбатты,

             Ең жақын жан балаға,

             Кім десеңдер ол – Ана.

10бала: Ана – біздің күніміз,

              Ана – біздің гүліміз,

              Анамыздан тарайды,

              Біздің ана тіліміз.

11бала:  Құтты болсын жан анам

              Сегізінші Наурызың!

              Қасымда бол әрқашан

              Жансың жарық жұлдызың,

              Тілейді бақыт бір саған

              Әлпештеген ұл – қызың.

12бала: Шалқып тасып әніміз,

             Жадырасын әніміз.

             Ана, сені құттықтап

             Әндетеміз бәріміз.

Ән: «Анашым»

2жүргізуші: «Айгөлек» бағдарламасынан кейін біздің арнамызда «Толағай» бағдарламасын көріңіздер, басқа арнаға кетіп қалмаңыздар.

«Толағай» бағдарламасының логотипі шығады.

1жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын «Толағай» бағдарламасына қош келдіңіздер! Бүгін біздің бағдарламамыз Аналар мен Әжелер мерекесіне арналған. Бүгін балалар 3 жарыстан өту керек.

Бірінші жарыста қыздар жарысады, олар бүгін бізге аналары жұмысқа қалай жиналатынын көрсетеді.

Екінші жарыста ұлдар қыздардың бастарына орамал тағу керек боласыңдар.

Және де үшінші сайысымыз балалар бізге өз шапшандықтарын көрсетеді. Олар бізге орамалдарды жіпке қысқышпен қысып іледі.

Балалар орындарына отырады.

2жүргізуші: Сайысымыз аяқталды, балаларға көп рахмет, енді «Кір жуу» биін тамашалаңыздар. Келесі арнамызда «Балабақша аруы» тамашалайсыздар.

Би: «Кір жуу»

Балалар орындарына отырады. «Қазақстан аруы» бағдарламасының логотипі шығады

2жүргізуші: Бүгін біз балабақшаның аруын таңдаймыз. Қыздар көйлек сайысынан, және шаш сәні сайсынан өту керек.

Қыздардың дефилесі. Әр қыз балаға лента тағылады.

1жүргізуші: Ал тағыда қандай арналар бар екен? (Пультті алып басып «БАЛАПАН» телеарнасының логотипі шығады).

Алақай! Қараңдар мына «БАЛАПАН» телеарнасы бар,  қандай мультфильмді көрсетеді екен.

Сценка ағылшынша «Шрек»

Балалар орындарына отырады.

Зал есігі қайтадан қағылады. «МАРЕКС» сауда үйнің екі қызметкері кіреді.

Қызметкер: Сәлеметсіз бе, біз «МАРЕКС» сауда үйінің қызметкерлеріміз. Сіз бізден супертеледидарды алып едіңіз, біздің сауда үйіміз сіздерге Сегізінші Наурыз мерекесіне орай сіздерге сыйлық әкелді.

Сыйлық таратады.

2жүргізуші: Осымен бүгінгі біздің супертеледидарымыздың хабарлауы аяқталды. Көріп тыңдағандарыңызға көп рахмет! Сіздерді  8 Наурыз мерекесімен тағыда құттықтаймыз.

1жүргізуші: Құтты болсын осы шақтық күніміз,

                       Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

                       Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

                       Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Жүргізуші: Қымбатты аналар, ардақты әжелеріміз, ерке сылқым қыздарымыз, Сіздерді мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге тілейтініміз әрқашанда гүлдей жайнап, жүзіңізден күлкі кетпесін. Осымен біздің 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келесі көріскенше сау болыңыздар!

Балалар топқа барады.

Просмотр содержимого документа
«"Сиқырлы теледидар"»

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!