Мерзімі | Сынып: 8 сынып | Сабақ № | Пәні: информатика | Пән мұғалімі: Тұрсын Ұ.Т. |
Сабақтың тақырыбы: Логикалық амалдар |
Сабақтың мақсаты: | Логикалықамалдарға түсінік беру арқылы сыни ойлауға, есеп шығару арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру |
Сабақтың түрі: | Ашық сабақ |
Сабақтың әдісі: | «Серпілген сауал», «ЖИГСО», сызбанұсқа |
Сабаққа қажетті көрнекіліктер мен құралдар: | Интерактивті тақта, слайд,қима қағаздар, смайликтер,постер, маркер |
Күтілетін нәтиже: | Топтық жұмыс жасай отырып, логикалық амалдарды біледі,логикалық амалдарды пайдаланып есеп шығаруды үйренеді. Өзіндік жеке ойлау көзқарастары қалыптасады. |
Сабақтың кезеңі: | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар мен жабдықтар |
І.Ұйымдастыру (3 мин) | 1.Сәлемдесемін; 2.Оқушыларды логиканың түрлері жазылған қима қағаздармен 3- топқа бөлемін; 1-ықтималдық логика 2-математикалық логика 3- формалды логика | Оқушылар сәлемдеседі; Атауыбар қима қағаз бойынша топқа бөлінеді; Әр топ өз аттарын қорғайды | қима қағаз |
ІІ. Жаңа сабақ жоспары: |
Білу (5 мин) | «Серпілген сауал» 1.Пікірлер алгебрасы нені зерттейді? 2.Ақиқат және жалған пікірлер қандай сандарға сәйкес қойылады? 3.Қарапайым пікірлер логика алгебрасында қандай әріптермен жазылады? Интерактивті тақтадан сұрақтар беріледі. «Миға шабуыл» Қандай логикалық амалдарды білесіңдер? ВИДЕО РОЛИК көрсетіледі. Бүгінгі тақырыпты ашып амалын. | Оқушылар сұраққа жауап береді. | слайд |
Түсіну (10 мин) | Мәтінді үш топқа бөлемін. 1-топқа Коньюнкция логикалық амалы 2- топқа Дизьюкция логикалық амалы 3-теріске Шығару логикалық амалы 3 топқа бөлінген оқушыларды қайта топтарға бөлемін. Постер мен текст үстел үстінде қалуы тиіс. 2-ші рет құрылған топтарға алғашқы топ мүшелері өздеріне түскен алғашқы тақырыпты ашып беруі тиіс. | Әр топ өз топ тақырыптарына байланысты, постерге өз ойларын түсіреді | Постер |
Қолдану (5 мин) | Логикалық көбейту, бөлу, теріске шығару функцияларының ақиқат кестесі
  | Алдарына берілген кестені көбейту, бөлу, теріске шығару анықтамаларына сәйкес қорытып шығару керек. | Кесте |
Талдау (7 мин) | Есепте. Ақиқат кестесін сыз (А˅В)∧В (А∧В)∧ В̅ А̅ ∧ (А˅В) | Оқушылар топпен есепті шығарады. | Постер |
Жинақтау (5 мин) | Оқушыларға жеке өздеріне бір есеп құрастыруды және сол есепті шығаруды тапсырамын. | | |
Бағалау (6 мин) | Үш немесе оданда көп пікірлерді «және» жалғаулығы көмегімен біріктіріп ақиқаттық кестесін сыз | Оқушылар топпен ақылдасып | АКТ және постер |
Бағалау (2 мин) | Топтағы оқушыларды белсенділігіне және есепті дұрыс шығаруына, бағалау парағы арқылы бағалаймын | Топ басшысы оқушылардың бағасын санап, бағалау критерийі бойнша бағаларын айтады. Қорытынды бағаны күнделіктеріне қойғызады. | Смайликтер Бағалау парағы |
Үй тапсырмасын беру (1 мин) | 3 тақырыпты оқу және есептерін аяқтау | Күнделіктеріне жазып алады. | Тақта |
Рефлекция (1мин) | «Блум» ағашына ой-пікірлеріңді қалдырыңдар | Стикерді ағашқа жабыстырады | Стикер, «Блум» ағашы |