ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән - мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі.
Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой - өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз.
Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан - ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық.
М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.
Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.»Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі - ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды.
Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы
тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен
бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын
әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағыммен ырғақта дамиды.
Балалардың табиғи қажеттіліктері мен үрдістері үшін даярланған Білім беру дәстүріне деген көзқарасты елестетіңіз. Педагогтарды білім көзі ретінде емес, оқушылар сынамалар мен қателіктер арқылыпроблемалардышешетін, жаңалықтар ашатын және тәжірибелер арқылы үйренетін динамикалық, даяр орта ұйымдастырушы ретінде елестетіңіз.
Мария Монтессори осы әдістің негізін 100 жылдан астам уақыт бұрын салған. Бүгінгі әлемде, білім сағат сайын өзгеріп, деректер құм шамасындай чиптерде сақталатын заманда ақпарат емес, ой алдыңғы орынға шығады. Білім емес, әрекет маңызға ие болады. Біз ойланып әрекет жасайтын, жаңалықтар ашатын, ойлап шығаратын, құрастыратын және алдағы ғасыр алдына қоятын проблемаларды шешетін келесі ұрпақты қалайша тәрбиелей аламыз? Шынайы, іс жүзіндегі жұмысқана сұрақтың жауабы болып табылады. Білім беру білім тарату және деректерді жалаң түрде жаттатудан оқушының қолымен миын жұмыс істететін, сын тұрғысынан және креативті ойлауды өмір жолына айналдыратын оқыту түріне көшуі тиіс. Балалық шақтан бастап, жеткіншек шақ арқылы ересек өмірге дейін адамзат дамуының бәріне ортақ үрдістері бар. Егер бұл үрдістер білім беру базасын қалыптастыру үшін пайдаланылса, бізоқытубарысындатабиғатпенүйлесімдежұмысістей аламыз. Дұрыс орта қалыптасқан жағдайда үйрену,жұмыспен тапсырма орындау барысында ләззат алу адамзат табиғатына тән. Туғаннан бастап жеткіншек шағы арқылы даму деңгейлері адамзат табиғатымен үйлесімде үйрену әдісіне сценарий бола алады. «Өзін-өзіқалыптастыру» әрбір баланың міндеті екендігін түсініп, Біз өзіміздің педагогтар ретіндегі роліміздің сәулет Инженері кәсібіне ұқсастығын байқаймыз. Біз оқушылардың шығармашылығын, қиялымен дербестігін ынталандыру барысында дағдылары мен білімдерін қалыптастыратынжоспарлар,материалдар, құралдармен тәжірибелердің әрбір кезеңде әр бала үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз керек.
Педагогикада мектепке дейінгі әсіресе сәбилік жаста ерекше назар
аударатын түрі- заттық орта. Заттық орта әртүрлі: ақыл-ой, эстетикалық, елжандық,дене,адамгершілік т.б тәрбие түрлерімен қоса жеке тұлғаның
дамуына негіз болады.Соған байланысты заттық ортаны мектепке дейінгі
педагогикалық құрамның бір бөлігі деп айтуға болады.
Заттық ортаны алдымен қоршаған ортадағы болмысты қабылдаумен
түйсіккенегізделеді.Айналадағы қоршаған ортаны, заттар мен құбылыстарды көру,есту қабылдау арқылы өзіндік үрдістер:ес, қиял,
ойлау пайда болады. Бір нәрсені еске түсіру үшін алдымен оны көруіне
есту керек. Адамның ақыл-ойының дамуына қабылдау мәнді рөл атқарады
әртүрлі іс-әрекетте әрқилы тәжірибелік істердің реттеушісі болады.
Көркемдік шығармада заттық ортаның рөлі зор.Мысалы:музыкалық
шығармаларды музыкалық есту қабілетінсіз, бейнелеуді нәзік түстерді
қабылдаусыз,поэзияны жетілген тіл сенімінсіз түсіну мүмкін емес.
Психологиялық дамуда заттық үрдісінің рөлін бағалай отырып, белгілі
Бір біліммен дағдыны меңгеруде баланың жеке қабілетін ескеру өте
маңызды.Ақыл-ой және дене еңбегінің барлық түрлерінде, баланы
болашаққа қоғамдық іс-әрекетке даярлауда, оның сезімдік қабілетін
дамыту қажет ,яғни түстерді, пішіндерді, дыбыстарды дәл және дұрыс
айыра білуге үйрету, қоршаған ортадағы құбылыстардың өзіндік
қасиеттерін дұрыс қабылдау қажет. Сәбилік шақта айналадағы қоршаған ортаның үдемелі дамуы өте маңызды мәнге ие болады.Дәл осышақта
баланың психологиялық дамуының негізі қаланады.
Просмотр содержимого документа
«М. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері»
М. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері