Бекітемін: 2 «А» сынып
18.11.1016
Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан!
Мақсаты:
Білімділігі: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Оқушылардың ұшқыр ойын, дәлелді жауабын еркін жеткізе білуге топта бірлесе жұмыс істеуге, бірін- бірі тыңдай білуге, ойларын толықтыруға дағды қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушылардың жан – жақты ой – өрісінің кең болуына, өз елімен жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын біле отырып, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Формасы: Тәрбие сағаты.
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: рәміздер, суреттер, жалаушалар, шарлар, гүлдер, флип – чарт, түрлі – түсті маркер, мультимедия, слайдтар.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосфераны орнату.
Сергіту сәті
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлемдесіп аламыз!
Жарайсыңдар!
Психологиялық дайындық.
-Көңіл күйлерің қалай?
- Керемет! (оқушылар қолдарын көтереді)
- Дайындықтарың қалай?
- Тамаша! ( оқушылар алақандарын шапалақтайды)
- Белсенділіктерің қалай?
- Ғажап! (оқушылар қолдарын көтереді)
- Ендеше бастайық!
- О, о, о. (оқушылар басбармақтарын көрсетеді)
- Мен сендерге сәттілік тілеймін!
ІІ. Оқушыларды өз қалауымен топқа бөлу.
Әр қатарға қиылған сурет қағазды тарату. Құрастырылған суреттен әр топтың аты шығады.
1 –топ: Қазақстан 2-топ: Отан
Топтың ережесі.
1.Біреу сөйлегенде , оның сөзін бөлмейік!
2.Уақытты тиімді пайдаланайық!
3.Біз үшін әрбір пікір құнды!
4.Бір – бірімізді тыңдай білейік!
5.Көмектесе білейік!
Балалар, сендер, «Отан», «Қазақстан» сөздерін естігенде көз алдарыңа нені елестетесіңдер?
ІІІ. Постер қорғау. Өз ойларын ортаға салады.
- Балалар, Отан деген не?
-Адамның туып – өскен жері, туған - туыстары, біз тұратын атамекен.
-Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
-Біздің Отанымыз – Қазақстан.
-Ендеше, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының мерей тойына орай «25 жұлдызды сәт» аясында мектепішілік жоспарланған шара бойынша бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз «Менің Отаным – Қазақстан!» деп аталады.
Мұғалім: Біздің Отанымыз – Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жылдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанда мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
«Қазақстан» тобы:
Жансұлу: Елімнің атын айтсам – Қазақстан,
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.
Қойнауы қазынаға толы мекен,
Байлығымның атын айтсам - Қазақстан!
Орынбасар: Қазақстан – бабамнан қалған мұра,
Сенбейсің бе даламнан бар да сұра.
Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған,
Батырларым демесем болар күнә.
«Отан» тобы:
Гүлжахан: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.
Равиль: Жаным менің , кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан, Отан,
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
IV. «Кір жаятын жіп» әдісі бойынша «Білімді мыңды жығады». Шарты: сөз сауаттылығын тексеруге арналған. Әр топтағы оқушылар оқылған сөздерді жазып, кір жаятын жіпке ілуі керек. Дұрыс жазған оқушыларға смайликтер беріледі.
«Қазақстан» «Отан»
Егемендік Тәуелсіздік
Республика Конституция
Мемлекет Парламент
Қазақстан Елбасы
Топтық жұмыс
V. «Конверттегі сұрақ» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру.
«Қазақстан» тобы
1.Президент күні қашан?
2.Қазақстан мемлекеті өзінің тәуелсіздігін қашан жариялады?
3.Мемлекеттік рәміздерге не жатады?
4.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне биыл неше жыл?
«Отан» тобы
1.Қазақстан Республикасы Туының авторы кім?
2.Өзің білетін желтоқсан құрбандарын ата.
3.Еліміздің бас қаласы.
4.Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды?
Кері байланыс «Басбармақ»
«Қазақ биі» Орындайтын: Азатбекқызы Жансұлу
VI.Топтық жұмыс: «Айналмалы бекет» әдісі: Балалар, Отан, Қазақстан туралы білетінімізді ортаға салып, мақтанышпен айту бүгін біздің еншімізде. Ендеше бар білетінімізді «Айналмалы бекет» әдісі бойынша көрсетейік
Орынбасар:
Қазақстан Республикасының жері өте үлкен. Жер көлемі бойынша дүние жүзінде 9 – шы орын алады. Ал ТМД елдері бойынша 2 – ші орында.
Нұрислам:
Қазақстан мемлекетімен шекаралас елдер: Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай.
Есімжан:
Бүгінгі таңда Қазақстан осы елдердің барлығымен достық қарым – қатынаста. Қазақстан Республикасы көпұлтты мемлекет, 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады.
Жансұлу:
Қазақстан жері ұлан байтақ, пайдалы қазбаларға бай мемлекеттің бірі. Жер көлемі: 2724,9 мың шаршы шақырым. Халық саны – 16 миллионнан астам. 14 облысы бар.
Картадан көрсету.
Сызба бойынша сәйкестендіру.
Жанболат:
Қазақстан Республикасы 14 облысқа бөлінген.
1.Батыс Қазақстан облысы, орталығы – Орал қаласы.
2.Атырау облысы, орталығы – Атырау қаласы.
3.Маңғыстау облысы, орталығы – Ақтау қаласы.
Мирхат:
4.Ақтөбе облысы, орталығы – Ақтөбе қаласы.
5.Солтүстік Қазақстан облысы, орталығы – Петропавл қаласы.
6.Ақмола облысы, орталығы – Астана қаласы.
7.Қостанай облысы, орталығы – Қостанай қаласы.
Гүлжахан:
8.Павлодар облысы, орталығы – Павлодар қаласы.
9.Шығыс Қазақстан облысы, орталығы – Өскемен қаласы.
10. Қарағанды облысы, орталығы – Қарағанды қаласы.
11.Оңтүстік Қазақстан облысы, орталығы – Шымкент қаласы.
Равиль:
12.Қызылорда облысы, орталығы – Қызылорда қаласы.
13.Жамбыл облысы, орталығы - Жамбыл қаласы.
14.Алматы облысы, орталығы – Алматы қаласы.
Би «Мен осындай боламын» Орындайтын: Тусубалиева Гүлжахан
Кері байланыс «Бағдаршам»
VII.Ой жинақтау.
«Блум түймедағы» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру.
«Қазақсан» тобы:
1.Біздің президентіміз кім?
2.Елордамыз қай қала?
3.Конституция қашан қабылданды?
4.Төл теңгеміз қашан айналымға енгізілді?
5.Тәуелсіздік қашан жарияланды?
6.2015 жылда қандай атаулы мерекелер болды?
«Отан» тобы:
Отан туралы өздері білетін мақал – мәтелдер айту.
Отан оттан да ыстық.
Отансыз адам- ормансыз бұлбұл.
Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Елдің көркі елімен,
Отан көркі жерімен.
Хор: «Атамекен»
Рефлексия
Қандай әсер алдың?
Өзіңе не ұнады?
Не білдің?
Нені білгің келеді?
Қорытындылау.
-Балалар, біз бүгін «Менің Отаным – Қазақстан» туралы ойымызды бөлістік. Тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Оқушылар сіздерге рахмет! Алар асуларыңыз биік, армандарыңыз жоғары болсын. Ата- аналар сіздерге мейірімді ұл мен қыз тілеймін. Ұстаздарға шығармашылық табыс тілеймін.
Сан ғасырлық тарихы мол кешегі,
Туған жердің шежіресі деседі.
Менің елім – Қазақстан – Отаным,
Болашағы бізбен бірге өседі, - дей келе, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.