Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
ІІ кіші топ «Айналайын» күні: 19.09 2017 ж тәрбиеші: Әлімханова А.Қ
Білім саласы: «Коммуникация» - Көркем әдебиет
Тақырыбы:«Менің ойыншықтарым»
Мақсаты: БМ: Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес тақпақтың интонациясын сақтап айтуға үйрету.ДМ:: Балаларды алдын ала дайындап,ойыншықтар туралы әңгіме құрастыруға баулу.. Жануарлардың төлдерінің атауымен таныстыру (құлыншақ, ботақан, күшік, лақ, марғау).ТМ: Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Просмотр содержимого документа
«Менің сүйікті ойыншықтарым Көр әд»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
ІІ кіші топ «Айналайын» күні: 19.09 2017 ж тәрбиеші: Әлімханова А.Қ
Білім саласы: «Коммуникация» - Көркем әдебиет
Тақырыбы:«Менің ойыншықтарым»
Мақсаты: БМ: Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес тақпақтың интонациясын сақтап айтуға үйрету.ДМ:: Балаларды алдын ала дайындап,ойыншықтар туралы әңгіме құрастыруға баулу.. Жануарлардың төлдерінің атауымен таныстыру (құлыншақ, ботақан, күшік, лақ, марғау).ТМ: Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Билингвалдық компонент: Ойыншықтар –игрушки,ботақан-верблюжонок,түйе-верблюд,сиыр-корова,бұзау-теленок,куыршақ-кукла,мысық-кошка.
Сөздік жұмыс: төлдер, ойыншық, ойын
Көрнекіліктер: ойыншықтар. .
Оқу қызметьінің кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың іс-әрекеті | |
Мотивациялық қозғаушы | Балалар біз бүгін ойыншықтар еліне саяхатқа шығамыз Балалар үйде сендердің қандай ойыншықтарың бар? | Саяхатқа шығатындарына қуанады Тәрбиешіге назар аударады Балалар өздерінің ойыншықтарын атайды. Қуыршақ Машина Кубиктер Лего |
|
Ұйымдастырушылық ізденіс | -Балалар, сендерде топта ең сүйікті ойыншықтарың бар ма? -Енді оны алып келіндер. -Эрик сен қандай ойыншықты алдыі? Эриктің ең сүйікті ойыншығы машина. -Сен машинамен қалай ойнайсың? -Ал Альнұр сен қандай ойыншықты алдың?
-Ол сенің сүйікті ойыншығың ба?
Балалар біздің топта тағы да қандай ойыншықтар бар? Түйенің төлі не? Ал балалар иттің төлі не? -Сендер мына ойыншықтарды қалай жақсы көресіңдер? М. Әлімбаевтің «Ойыншықтарым» өлеңін оқып, балаларға дауыс ырғағын келтіре қайталап айтқызу. Біздерде бар қуыршақ, Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды Ақыл айтсақ, бұйырсақ,
| -Иә, бар.
Машина.
-Сыңдырмай ойнаймын.
-Куыршақ.
-Иә. Куыршақты мен жақсы көремін. Мен оның шашын тараймын. Ыдыстар,пирамидалар, аю, түйе жануарлар т/б.
-Ботақан. -Күшік Сындырмаймыз, ойнаймыз, құшақтаймыз, орнына қоямыз.
тақпақтың интонациясын сақтап айтады
|
|
Рефлексивті-коррекциялау | -Балалар біз қайда саяхатқа шықтық? - Біз бүгін не туралы сөйлестік? - Ойыншықтармен сендер не істейсіңдер? Д/о: «Не жоқ» Тәрбиеші ойыншықты тығып қояды, ал балалар жоғалып кеткен затты анықтаулары керек | Ойыншықтар еліне саяхатқа шықтық -Ойыншықтар туралы сөйлестік. -Сиыр,ат,ит,мысық,қой,ешкі. -Ойнаймыз,сындырмаймыз,ойнап болғанда, орнына қоямыз. Тәрбиешіге назар аударады Ойынға белсенді қатысады | |
Күтілетін нәтиже: Ұғынады: Ойыншықтардың атауларын, тақырыпқа сәйкес тақпақтың интонациясын сақтап айтуды ұғынады
Түсінеді: Ойыншықтар түрлері туралы түсінеді
Қолданады: Екі – үш сөзбен сөйлемді құрастыруды қолдана алады