Просмотр содержимого документа
«Әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері.»
Пәні: Бейнелеу өнері
Сыныбы: 5
Сабақ № 3
Күні: 21.09
Сабақтың тақырыбы:Әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері.
Сабақтың мақсаты: Графикада қолданылатын материалдар туралы түсінік қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
Білімдік:Оқушыларға бейнелеудің графика жанры, оның материалдар туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Бейнелеу ережелерін түсіндіре отырып, көркем шығармада штрих түрлерін қолдана білу қабілеттерін дамыту, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Түрі. жаңа сабақты игеру.
Әдісі: түсіндіру, көрнекіліктермен жұмыс, үйрету.
Көрнекілігі: Слайдтар, плакаттар, суретшілер мен оқушылар шығармалары т,б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
А) Жұмыс орнын дайындау.
Ә)Оқушыларды түгендеу.
Өткен сабаққа шолу жасау.
Жаңа сабақ :
Графикалық материалдар: графит, қарандаш, сангина, стеклограф, қара бор, пастель, сепия, акварель материалдары, көмір, соус, ақ бор, тушь, рапидограф, фломастер, маркер.
Графит – минерал, ол көміртектін аллотропты модификациясы. Құрылымы қабат – қабат. Графит– минерал, көміртектің (С) Жер қыртысында ең жиі кездесетін әрі тұрақты гексагондық полиморфтық түрі. Гексогональдік сингонияда кристалданады. Табиғатта кристалы жетілген графит (грекше grapho – жазамын) сирек ұшырайды, көбінесе, қабыршақ, түйіршік, кейде домалақ агрегаттар күйінде кездеседі.
Түсі қара, сұр, қара сұр, ұстағанда май сияқты, қолға жұғады, металдай жылтыр.
Қарындаш – (түрк. «кара» - қара және «даш» - тас) - өзекше тәрізді құрал, жазу материалдан дайындалады (көмір, графит, қурғақ бояғыштардын және т.с.), жазуға, сурет салуға, сызуға арналған.
Сангина – (фран. sanguine, лат. sanguis) – сурет салуға арналған материал, каолиннен және темір тотығудан таяқша тәрізді жасалынған.
Пастель – (лат. pasta - қамыр) – көркем материалдардың тобы, графикады және кескіндемеде қолданылады. 1) сырты қапталмаған, құрғақ әрі жұмсақ түрлі-түсті қаламмен салынатын кескіндеме. Пастель ұнтақталған пигменттерге желімді зат, бор, сүт,гипс, т.б. қосындыларын араластыру арқылы жасалады;
2) Пастель тесілмен салынған сурет. Пастель қаламмен суреттерді қатырма және қожырлы қағаздарға, жақпа қабатты кенепке, пергаментке салуға болады. Пастельде кескіндеме, графика әдістері де кеңінен қолданылады.
Сергіту сәті.
Көрнекіліктермен жұмыс: Штрих түрлерін, суретшілердің шығармаларында қолданған штрих түрлерін көрсете отырып түсіндіріп, мағлұмат беру.
Шығармашылық жұмыс:
Ең алдымен қағаз бетіне композициялап табиғат көрінісін саламыз. Сурет салуда көкжиек сызығын тауып аламыз. Ағаш, тау, сүрлеу жол қағаз көлеміне есептеп орналастырып, пішіндерін шығарамыз... Штрихтау арқылы барлық композициясының шешімін табу.
(Жұмыс барысында оқушылармен жекелей жұмыс жасап, түсінік жұмыстарын жүргізіп уақытында көмек көрсетіп отыру)
Қорытындылау
Графика дегеніміз не?
Графиканың қандай түрлері бар?
Графика өнерінде қандай материалдар қолданылады?
Бағалау:
Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтап келуді тапсыру