Балалар менің қолымда қандай зат? Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі,ауа алмасуы талапқа сай,жел дауылға көп шайқалмайды. Киіз үйдің негізгі қаңқасын сүйегі деп атайды. Олар : кереге,уық,шаңырақ,сықырлауық.(жарма есігі) Шаңырақ: киіз үйдің уықтарын біріктіріп,еңсесін көтеріп,тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер . Кереге: киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы торкөзді сүйегі. Уық: кереге меншаңырақтың арасын ұстап,қосып тұратын сырық. Киіз есік: сықырлауықты жауып,шаңырақ арқылы өткізіліп байланады. Киіз есіктің сырты киіз,ортасы ши,астары жарғақ теріден жасалады. Үй жиһаздары: Абажа: тамақ пен ыдыс аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып,киізбен,былғарымен қапталған Кебеже: сүр ет,құрт,шай салып сақтау үшін ағаштан жасап,өрнектеген үй жиһазы. Әбдіре:зат сақтайтын үлкен сандық.Сырты қаңылтырмен әшекейленіп қапталады. Ағаш төсек:жату үшін пайдаланатын үй жиһазы. Асадал:тамақ пен ыдыс аяқ сақталатын кебеже. Жастықағаш : ерте кезде жастықтың астына салатын ағаш тиянақ Адалбақан: киім ілуге арналған үй жиһазы. Жүк аяқ: үйде жүк астына қоятын ағаш зат. Сандық: киім кешек,т.б.зат салуға арналған үй жиһазы. Төсеніштер: Алаша,киіз,сырмақ. Тұскиіз сәндік үшін төсектің тұсына тұтатын үй бұйымы Қоржын екі жағын тең етіп тоқыған зат салатын дорба. |