Ересектер «Ақбота» тобындағы арналған вариативтік компонент
«Қызықты граматика»
Тәрбиеші:Кадашева Ш.А
Өтпелі тақырып: Көктем жаршысы құстар
Тақырыбы: «Сөз ойла», «Ш дыбысы мен әріпі»
Тәрбиешілік: Ұқыптылыққа,байқампаздылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Өтілген дыбыстар мен олардың әріптері туралы білімдерін пысықтау
Оқыту: Балаларды Ш дыбысымен және әріпімен таныстыру,дидактикалық ойындар арқылы жылдам әрекет етуді үйрету,ертегі тындату арқылы дұрыс қорытынды жасай білу,логикалық ойлау қабілеттерін арттыру
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Көптілділік:әріп,буква,latter
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Жылулық шеңбері
Қоныраудың сиқырлы
Естіледі сыңғыры.
Қолынды бер дейді,
Шеңберге кел дейді.
Қайталау
«Сөз ойла»дидактикалық ойыны
Мақсаты:ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиеші бір дыбысты айтады да,допты бір балаға береді.Бала сол дыбыстан басталатын сөзді тез айтып,допты қайтарып береді.Ойын осы ретпен жалғасады
2.Негізгі бөлімі:
Жаңа тақырыпқа кіріспе
Көктем мезгілі бейнеленген суретті (құмырсқа мен шегіртке жапырақпен жасырынған)көрсетіп,балаларға сұрақ қояды:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Суреттегі жапырақтарды көрсету:
-Мына жапырақтардың астына жәндіктер жасырынған сияқты.Қане,біреуін алып көрейікші.
Кішірек жапырақты алады,астынан құмырсқа көрінеді.
-Бұл қандай жәндік? «Құмырсқа»сөзін буынға бөлейік.
Неше буын бар екен?
-Сөзде неше буын болса,алдарыңдағы қорапшадан сонша бұршақ дәнін алып қойындар.
Балалардың жауаптарын тындап,тексереді.Дұрыс жауап берген балаларды мадақтайды,қате болса түзетеді.
Жаңа тақырып
-Енді құмырсқа туралы ертегі тындайық:
«Жайқалған шөптер мен қызыл-жасыл гүлдердің арасында бір кішкентай құмырсқа өмір сүріпті.Ол күні бойы тыным таппай еңбек етеді екен.Бір күні дән іздеп келе жатып,құлағына сондай жағымды,керемет әуен естіледі. «Бұл әнді айтып жатқан кім?» деп жан-жағына қарайды да,жайқалған шөптің үстінде отырған бір жәндікті көреді. Ол жәндік күн сәулесінен қорғанып,үлкен жапырақты жамылып алыпты.»
Буындар жазылған шарларды тақтаға іледі,буындардан сөз құрап оқытады.
ША-ШУ,ША-НА,АР-ША,ША-ЛА,АР-НА,ША-РА,АЛ-ША.
Дәптармен жұмыс
Дәптердегі суреттермен жұмыс жүргізеді.
Саусақ пен тыныс алу жаттығулары
Үрлеп едім шарымды,
Дәу болды да жарылды.
Оған бірақ саспадым,
Үрлеп алдым басқасын.
Кел,жазайық
Дәптердегі жазу жұмысын орындайды.
3.Қорытынды:
Сұрақ жауап арқылы сабақты бекіту.Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау-мадақтау.