Мектеп алды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе
Өткізу күні / Дата проведения: 27.02.2020
Тәрбиеші / Воспитатель :Смағұл П.А
Білім беру саласы / Образовательная область: Таным
Пән / Предмет: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Тірі және өлі табиғат»
Тақырыбы / Тема: «Табиғат бұрышындағы табиғат (өсімдіктер)»
Мақсаттары / Цели
1. Тәрбиелік- воспитательная: Еңбек сүйгіштікке, мұқият болуға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: өсімдіктің бұтағын дұрыс отырғызу, әдісін үйрету және бұтақтан өсімдікті өздерінін өсіру ынтасын арттыру.
3. Оқыту – обучающая : өсімдіктерді өсіру жолдары жөнінен балаларға білім беру Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: ойын технологиясы, деңсаулық технологиясы, Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : слайд, табиғаттың суретері
Көптілділік : Табиғат-природа-nature , Жауын-осадки-rainfall
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
(Ғажайып сәт)
1.Жұмбақ жасыру
Қызыл күлше тау асады,
Ыстық нұрын шашады.
Ол не? (Күн)
Таңғажайып сәт: Біреу есік қаққандай болды ма? Кім болды екен?
-Ендеше есікті ашып көрейік.
Топқа Дымбілмес келеді.
-Сәлеметсіздер ма? Мен Дымбілмеспін, сендердің ұоқ - не қатысуға болама?
-Мен сендерге мына гүлдерді алып келдім, бұл жай гүл емес, сиқырлы гүл, ішінде бірнеше маған қойылған сұрақтар бар мен сол сұрақтардың жауабын қанша ойлансамда таба алмай келемін, маған көмектесіңдерші балалар?
-Жарайды Дымбілмес қош келдің сенде мына біздің балалардың қасына отырып бізге қонақ бол!
-Біздің балалар өз білгендерін аянбай ортаға салады сенде осы балалардан сабақ ал.
-Алдымен балалар мен сендерге табиғат әлеміне байланысты жұмбақтар жасырайын. Осы жұмбақтардың жауабы біздің ұоқ - ге байланысты.
2.Негізгі бөлім
Жұмбақ жасыру .
1. Бір зат бар дүниеде құшағы кең
Ұшқан құс, жүйріген оқ бәріне тең
Адамзат, жан жануар соның арқасында
Мәңгілік өсіп өнеген.
2. Таңмен көзін ашады
Әлем нұрын шашады
-Балалар адамдар күннің жарығы және жылуынсыз өмір сүре алама?
-Ал жануарлар мен өсімдіктер ше?
-Әрине жоқ жер бетіндегі барлық тіршілік иелеріне сәуле, жарық, жылу өте қажет балалар.
-Ал ауасыз тіршілік етуге болама?
-Жарайсыңдар балалар
Жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар.
- Біздер бүгін осы бізге өмір сыйлаған , қоршаған орта табиғат туралы сыр шертеміз.
-Алдымен мен сендерге Н.Жанаев атамыздың "Табиғат анамыз" деген өлең жолдарын оқып берейін.
Табиғат ол анамыз
Табиғатқа баламыз
Құшағында ойнаймыз
Шаттық әнге саламыз
Жазда аралап тауында
Барамыз біз бауында
Өзеніне шомылып
Жүгіреміз жауында.
Көптілділік: Табиғат-природа-nature , Жауын-осадки-rainfall
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп кішкентай ағаштар
Біп биік болып өседі.
Көптілділік :
Табиғат екіге бөлінеді
-Өлі табиғат және тірі табиғат. Өлі табиғатқа не жатады?
-Тірі табиғатқа не жатады?
-Балалар қоректенбейтін , тыныс алмайтын, ештеңені сезбейтін, өспейтін нәрселерді біздер өлі табиғатқа жатқызамыз.
-Балалар бізге Дымбілмес екі жасанды гүл әкеліпті оның өтініші бойынша 1-ші гүлінде сан түрлі сұрақтар бар екен, ал екінші гүлін жасанды гүлін сендерден оны топырақ салынған ыдысқа отырғызуды сұрайды.
-Ия дұрыс балалар бұл жасанды гүл ешқашан өспейді. Тірі бөлме өсімдігіне қараңдаршы қалай жайқалып бой көтеріп келе жатыр.
Жеке жұмыс:
Нұрасыл бүгін бізге кім келді?
Ясмина табиғат нешеге бөлінеді екен?
Алан тірі табиғатқа нелер жатады?
3.Қорытынды
Бұл гүлдергеде күтім керек, оған су құю, түбін қопсыту, оғанда жарық, сәуле , ауа керек.
Егерде сендердіде ата-аналарың күтіп баптамаса, сендерге жақсы киім кигізбесе, жақсы тамақ бермесе сендерде бұлай үлкен болып өспес едіңдер.
Бұл гүлдердіде күту керек, оларды ескерту керек екен балалар.
-Ал балалар біздер мына бөлме өсімдігін топырақ салып ыдысқа отырғызып Дымбілмеске сыйға тартайық,
-Сау болыңдар, балалар!
Өте ақылды балалар екенсіңдер
-Осы гүлдің күннен күнге жайқалып өсіп келе жатқанын және оған қандай күтім керек екенін білсін. Енді балалар кішкене бір бойымызды жазып, сергітіп алайық
Жарайсыңдар балалар!