СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "Біздің үй"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Сәулет өнері туралы түсінік беру.геометрия пішіндері арқылы үй жасау

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Біздің үй"»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: Біздің үй.

Мақсаты: сәулет өнері туралы түсінік беру; геометриялық пішіндерді үйлестіре отырып, үйдің бөлшектерін сюжетті жапсыруға үйрету; ойлау, есте сақтау, қағазбен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту; еңбекқорлыққа тәрбиелеу; шығармашылыққа жетелеу.

Қажетті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, қайшы, желім, үй макеті.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: құрылыс алаңына саяхат.

Сөздік жұмыс: отбасы, баспана, мұржа.

Билингвальді компонент: менің үйім - мой дом, үлкен үй - большой дом.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Психологиялық релаксация: педагог пен психолог «Біздің үй» тақырыбына музыка әуенімен психологиялық жаттығу жасатады.

Әдемі, үлкен үйдің макетін көрсете отырып педагог:

-Үй адамға не үшін керек? – сауалымен әңгіме жүргізеді.

- Дұрыс айтасыңдар. Әр адамның үйі, баспанасы болуы керек. Үйді құрылысшылар салады. Үй салу өте үлкен еңбекпен келеді. Бейнетаспадан сәулетті ғимараттарды, үйлерді көрсетіп және олардың құрылысы туралы әңгімелеп түсінік беру.

Билингвальді компонент: менің үйім - мой дом, үлкен үй - большой дом.

Балалар дөңгелене отырып, көздерін жұмып өз үйін, отбасын көз алдына елестетеді. Көздерін ашып, қандай үйде тұратындықтарын айтады.

-Отбасымызбен тұру үшін.

-Өмір сүру үшін.

-Достарымызды, туыстарымызды үйге шақыру үшін.

Балалар педагогтің әңгімесін мұқият тыңдап, бейнетаспаны қарайды.

«Менің - үйім мой дом», «большой дом - үлкен үй» сөзін балалар қайталайды.

Ұйымдастырушы-лық - ізденістік

Балалаардың назарын 4 – беттегі

сюжетті суретке аудару. Педагог кейбір бір қабатты үйлерде қыста от жағатын пеш болатынын, ал ол пештің түтіні мұржадан шығатынын айтып, түсіндіреді.

-Мына үй қандай геометриялық фигуралардан құралған?

-Бүгін біз осындай үйді геометриялық фмгуралардан құрастырып жапасырамыз.

Педагог жұмыс барысында көмек қажет болған балаларға көңіл бөледі. Қауіпсіздік ережелерін және тазалық шараларын ескертеді.

1.Үйдің геометриялық фигуралардан тұратын бөліктерін жеке жеке қиып аламыз.

Сергіту сәті. Педагогтің қалауы бойынша бір ақынның өлеңі оқылады.

-Жұмысымызды жалғастырайық.

-Балалар, үйді қандай геометриялық фигуралардан жасадық?

Балалар назарларын үлестірмелі материалдағы сюжетті суретке аударады.

-Үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы.

Балалар 6 – беттегі 2.2 тапсырма бойынша жұмыс жасайды.

Балалар өлең мазмұнына сәйкес қимыл қозғалыстар жасайды.

Жасап жатқан жұмыстарын әрі қарай жалғастырады.

-Қабырғасын төртбұрыштан, шатырын үшбұрыштан, терезесін шаршыдан жасадық.

Рефлексиялық -түзетушілік









Үйдің түтін шығатын бөлшегін қалай атайды?

Балаларға бір бірінің жұмысын талдатып, бағалату.

-Мінеки, біз де еңбекқорлығымыздың арқасында әдемі үй жасадық. Жарайсыңдар!

Тапсырма: «Үйшік» ертегісін естеріңе түсіріп келіңдер. Серуен кезінде кішкене топ бүлдіршіндеріне сахналық қойылым көрсетеміз.



-Мұржа деп атайды.


Балалар бір бірінің жұмыстарын өз білгендерінше бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: дайын үлгіні қиып, ретімен жапсырады;

Игереді: геометриялық фигураларды сәйкестендіріп қолдана білу ретін;

Меңгереді: сюжетті толықтыруда қиюдың түрлі әдіс - тәсілдерін.